Билет №3
Дәлелді медицина негіздері
Қадам 1. Алынған мәліметтерді талдау жоғарыда көрсетілген мамандардың зерттелген жанұялар контингентіне қажет бақылау жасамайтыны туралы айтуға боладыБақыланатын әйелдердің жиынтығынан МГК зерттеуіне тек 8,6% әйел ғана жіберілді. Жолдаманың 55,6% балалар емханасымен, 33,3%-әйелдер кеңесімен және 11,1%-басқа мекемелермен берілген.
Алынған мәліметтерді талдау ДТА бар баланың туылуы жанұяның демографиялық жағдайына әжептәуір әсерін тигізеді, оның құрамының азаюына және отбасыішілік қатынастардың нашарлауына алып келеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау
Қадам 2. Тұрғындардың санитарлық сауаттылық деңгейін көтеру, оларды антенатальді диагностика жетістіктерімен таныстыру, қауіп тобындағы әйелдерді МГК зерттеуіне өз мезгілінде жіберу. Қазіргі таңда ДТА бар балалары бар отбасыларына ерекше көңіл бөлу мәселесі алғ қойылады, олардың өміріне тек акушер-гинекологтар мен педиатрлардың ғана емес сонымен қатар генетиктер, психологтар және сексопатологтардығ да араласуын талап етеді. Жанұяны жоспарлау бағдарламасын жүзеге асыру қажет.
Билет №4
Дәлелді медицина негіздері
Қадам 1. Жауаптарды талдау кәсіби факторлардың маңыздылығы бойынша келесідей орналасатынын көрсетті ( 100 сұралғандарға); жұмыстың бірнеше түрін бір мезгілде орындау 48,7, зейінге күш түсу -44,7, уақыт жеткіліксіздігінен мәжбүрлі темпте жұмыс істеу- 39,5, ақпаратты жылдам және нақты қабылдауды меңгеру 38,8, эмоциональдық күштеме - 37,5, жұмыстың ритмсіздігі- 34,2, жаңа жағдайларға тез бейімделу 32,9, визуальді есте сақтауды меңгеру 28,9, ұзақ уақытқа есте сақтаудың қажеттілігі - 26,3, жаңғырықтар бар жерде жұмыс істеу -22,4, ақпаратқа жылдам және нақты жауап беру- 20,4.
Қоғамдық денсаулық сақтау
Қадам 2. Дәрігерлерді сауықтыру бойынша алдын алу және емдеу шараларын жетілдіру.
Билет №5
Дәлелді медицина негіздері
Қадам 1. Облыстық экология және санитарлық*эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтерін талдау топырақтағы цинктің орташа концентрациясы рұқсат етілгеннен 1,8 есе көп, ал қорғасын 7,9 есе көп болғанын көрсетеді. Бұл қааның оңтүстік-батыс аймағында орналасқан қорғасын зауытының жұмысының нәтижесі. Алынған мәліметтерден қаланың тұрғын аймақтарының «таза» және «ластанған» аймақтарға бөлеміз. Шымкент қаласының 6 дан14 жасқа дейінгі 1195 аласының физикалық дамуы зерттелді. Оның 605 ұл және 590 қыз. 810 балалар «таза», ал 385 балалар «ластанған» аймақта тұрады.
Қоғамдық денсаулық сақтау
Қадам 2. Стандартталған көрсеткіштермен салыстыра отырып балалардың физикалық дамуын үнемі бақылау. Балаларлың физикалық дамуын реттейтін витаминдік жиынтықтар тағайындау.
Билет №6
Дәлелді медицина негіздері
Қадам 1. Ауыр өнеркәсіптері бар қалалар ішінде Кентау қаласы тұрғындарының жалпы өлім деңгейі салыстырмалы төмен деп саналады. Өлімнің дамуының негізгі себебі тыныс мүшелерінің аурулары, ол атмосфералық ауаның ауыр металдармен зақымдалуына байланысты.
Қоғамдық денсаулық сақтау
Қадам 2.
Тыныс және қанайналым мүшелерінің ауруларымен науқастардыі диспансеризациясын күшейту. Мезгілінде госпитализациямен, сапалы еммен және мамандар кеңесімен ( пульмонолог және кардиолог) қамтамасыз ету.
