- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
- •Оқке технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау
- •3. Студенттерге мәлімет:
- •4. Емтихан қабылдаушыларға мәлімет:
- •Компетенциялар:
- •Сатылы өту кезеңдерінің
- •«Клиникалық медицинаға кіріспе» және «Кәсіптік аурулар» пәндері бойынша оқке технологиясын тәжірибелік дағдылармен машықтандыруды аттестациялау бойынша тапсырмалар тізімі
- •«Клиникалық медицинаға кіріспе» және «Кәсіптік аурулар» пәндері бойынша емтихан құрамындағы оқке үшін жабдықтардың, құралдардың және құжаттардың тізімі
- •1 Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •2 Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •Кезең Машықтық дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс - әрекетін балдық бағалау критерилері
- •Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •Кезең Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •Емтихан парағы
- •Студенттің қорытынды аттестациялық парағы «Клиникалық медицинаға кіріспе» және « Кәсіптік аурулар»пәндері бойынша емтиханның -------кезеңі (оқке)
- •Оқке нәтижесін бағалау критерилері
- •«Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні бойынша оқке әр кезеңінің балдары
- •Оқке бойынша анкета
- •Құрметті студент !
- •Оқке бойынша анкета
- •Құрметті әріптес !
Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
Терапия бакалавриат кафедрасы
Оқке технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау
Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән : Модуль - Клиникалық медицинаға кіріспе, Кәсіптік аурулар
Курс : 3
Шымкент 2015ж.
«ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау» «ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды және білімді аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқауды өңдеу инструкциясы» және «Клиникалық медицинаға кіріспе», «Кәсіптік аурулар»пәні бойынша Типтік бағдарлама /Астана 24 .04. 2008 / негізіне сүйіне отырып " ОҚКЕ технологиясын тәжірибелік дағдылармен машықтандыруды аттестациялау бойынша әдістемелік нұсқаулар "өңделді.
Кафедра мәжiлiсiнде талқыланған
№________хаттамасы 20____ж.
Әдістемелік Кеңес мәжiлiсiнде бекітілген
№_______хаттамасы ________20__ж.
2. КІРІСПЕ
Қазіргі заман талабы денсаулық сақтау ұйымдарына ең алдымен менеджмент және маркетинг тәжірибелік денсаулық сақтау болып табылады. Болашақ мамандар тәжірибелік клиникалық іспен шұғылданбайды, бірақ тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді клиникалық медицина негіздері білімінсіз ұйымдастырып және басқара алмайды. Сондықтан аталған кәсіпте мамандарды дайындау барысында науқастарды зерттеу жалпы қағидалардың негіздік білімін алуы керек (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация), көп таралған ішкі мүшелердің аурулары кезіндегі зертханалық- аспаптық зерттеулер.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәнін студенттерге оқыту, жоғарыда аталған білімді алуға және оны болашақта тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдастыруына, науқастың медициналық мәселелерін шешуде көмектеседі.
3. Студенттерге мәлімет:
• Емтихан алдында барлық студенттерге нөмірі көрсетілген бейджи, шифры бар қорытынды аттестациялық парағы беріледі.
• Студент шифр нөмірін білуі қажет.
• Емтихан басталуы ысқырықтан кейін басталады.
• Тапсырманың орындалу жағдайына байланыссыз студенттердің келесі кезеңге өтуі ысқырықтан кейін басталады.
• Студент емтихан қабылдаушыға сұрақ қоюға құқы жоқ.
4. Емтихан қабылдаушыларға мәлімет:
• Әр емтихан қабылдаушыға емтихан біткенше жауап беретін кезең бекітіледі,
• Емтихан қабылдаушы бағалау парағына студенттің бейдж нөмірін енгізіп, студенттің тапсырма орындауын адал, мұқият қадағалауы керек.(қ.9)
• Емтихан қабылдаушы студенттің тапсырма орындауын бағалау парағында көрсетілген әрбір қадамды машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері бойынша бағалап, студенттің тапсырма орындау барысында балдарын қойып отыруы қажет.(қ.8)
• Емтихан қабылдаушы қорытынды балды есептеп «Қорытынды аттестациялық параққа» (қ.10) енгізіп, қол таңбасын қойып студент қолына тапсырады.
• Емтихан қабылдаушының студентпен сөйлесіп, оған сұрақтар қоюға құқы жоқ.
• Емтихан қабылдаушы өз станциясынан өткен барлық студенттің бағалау парағындағы балын есептеп, бағасын қойып, бағалау парағын хатшыға тапсыруы қажет.
• Әр студент бойынша емтиханның қорытынды бағасын шығарғанда емтихан қабылдаушы қатысуы қажет.
