
- •Мазмұны
- •2. Химия өнеркәсібінің наны немесе Теңіз күкірті сан тарапқа жол тартуда
- •3 Коллоидты химияның оптикалық қасиеттері……………………………...28
- •6 Қосымшалар
- •1 Химия өнеркәсібі
- •1.1 Минералдық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі.
- •1.2 Хром қоспалары өндірісі.
- •2. Химия өнеркәсібінің наны немесе Теңіз күкірті сан тарапқа жол тартуда
- •2.1 Күкірт неге керек?
- •2.2 Химия ғылымының корифейі
- •2.3 Мұнай-химия - шикізат шырмауынан шығу жолы
- •3 Коллоидты химияның оптикалық қасиеттері
- •3.1 Азот және фосфор тыңайтқыштарының өндірісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.2 Хром қоспалары өндірісі.
Химия өнеркәсібінің жаңа өндірістері:
каустикалық сода, тұзды қышқыл және калцийлендірілген сода импортын алмастыратын отандық химиялық өндірістер құру;
жаңа буынның шикізаттық негізін пайдалана отырып, ішкі рыноктың толығуын қамтамасыз ету үшін тұрмыстық химияның гигиеналық қауіпсіз түр түрлілігін жасау;
республиканың шикізат базасына негізделген шағын тоннажды химия өнімдерін (сорбенттер, катализаторлар, абсорбенттер, адсорбенттер, поимерлік материалдарға қосымшалар, айрықша таза заттар, ингебиторлар, комплектондар т.б. ) құрып, дамыту;
өнеркәсіптік жарылыс заттарының өндірісі үшін шикізаттың арзан көзін алу мақсатында ескірген оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі бағдарлама енгізу;
өсімдіктерді қорғаудың жаңа экологиялық қауіпсіз химиялық құралдарын жасап, дамыту
ҚР Индустрия және сауда министрлігі химия өнеркәсібі кәсіпорындарын тұтынушыларды сақтап қалу үшін өз өнімінің бағасын мейлінше арзандатуға шақырады
ҚР Индустрия және сауда министрлігі ағымдағы жылы құны 3,9 трлн теңге тұратын 51 жобаны жүзеге асыруға кірісуді жоспарлауда
Павлодар облысының әкімі орталық мемлекеттік органдарды өңірлердегі индустриялық-инновациялық бағдарламаға қатысты мәселелерді жедел шешуге шақырады
Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты мен қоғамдық көлікте қатынау тарифтерінің көтерілу заңдылығын арнайы комиссия анықтау үстінде
Қазақмыс ПЛС дамыту жобалары үшін 2,7 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыруға қол жеткізгендігін хабарлайды
2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6%-ды құрады
Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі химия өнеркәсібі кәсіпорындарын тұтынушыларды сақтап қалу үшін өз өнімінің бағасын мейлінше арзандатуға және шығындарды азайтуға шақырады. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде өнеркәсіп комитетінің төрағасы Мұрат Дәрібаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі [3].
2. Химия өнеркәсібінің наны немесе Теңіз күкірті сан тарапқа жол тартуда
Теңіз күкіртін пайдалану көлемінің ұлғаюы өндіріс рыногының кеңеюіне және жаңа жабдықтарды орнатуға бөлінген көлемді қаражаттың арқасы екендігі даусыз.
Қазақстанның мұнайлы Солтүстік Каспий өңірінде шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, бірқатар перспективалы, кең ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Мұнай өндірісінің артуымен қатар күкірт те қордаланып, жиналуда. Бұл өңірдегі мұнайдың ерекшелігі ілеспе газдағы күкіртті сутегінің молдығында болып отыр. Шикі мұнайды тауарлы күйге келтіру үшін оны тазалайды, нәтижесінде бағалы коммерциялық өнім – элементарлы күкірт алынады. Ал мұндай күкірт шын мәнінде табиғаттың байлығы болып саналады.
Қазақстан мұнайынан алынатын элементарлы күкірт өндірістік орындар үшін аса бағалы шикізат болып табылады. Алайда, осынау бағалы химиялық заттың басым бөлігінің мұнай өндірісі нысандарына таяу маңдағы қоймаларда қордаланып жатқандығы жасырын емес. “Теңізшевройл” кәсіпорны қордаланған күкіртті пайдаға асыру бағытындағы жұмысты жандандырғанға дейін оның экономикалық тиімділігі көрінбеді.
ТШО өз қызметінің алғашқы жылдарында рынокқа сатумен айналысқан жоқ. Күкіртті түйіршектеу және оны экспортқа шығару жобалары, тіпті кесек күкіртті нарыққа шығару бұрынғы Кеңес Одағының химия өнеркәсібінің ыдырауына байланысты мүмкін болмай қалды. Алайда күкіртті қоймада ұстауды (Теңіз күкірті арнайы жабықталған алаңда, “күкірт картасы” деп аталатын әдіспен қатты үлкен блок түрінде сақталады) бұлайша жалғастырудың да шегі болатыны белгілі. Күкіртті блок түрінде сақтау Канада, Мексика, Нидерланды, Польша және Америка сияқты елдерде тәжірибеге енген бірден бір әдіс болатын.
Кесек күкірттің блок түрінде орасан көп мөлшерде жинақталып қалуы (бүгінде “күкірт картасында” 8 миллион тоннадан астам өнім бар) мамандардың үрейін туғызып, қоғамдық пікірді де үдете түсті. Қазақстан Республикасы Үкіметі ТШО-ның алдына жинақталған өнімді жою міндетін қойды. Сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде күкірт қауіпсіз, коммерциялық өнім деп бағаланса да, оның бұлайша сақталуы жергілікті тұрғындар мен экологиялық үкіметтік емес ұйымдарды да жиі мазалайтын болды.
Күкірт төңірегіндегі осындай әңгімелердің, оны “өндіріс қалдығы” санатына жатқызу сияқты қате пікірлердің өрістеуіне байланысты ТШО жан-жақты зерттеу жүргізе отырып, мынадай пікірге келді: тіпті теңіз күкірті рынокты толтырған жағдайда да (әлемдік деңгейде элементарлы күкіртті шығаратын бірден бір ел Канада екендігі белгілі, бұл елде қоймаларда жинақталған шикізат қоры ондаған миллион тонна шамасында) әлемдегі ең таза, бәсекеге әбден лайық өнім болып қалады, оның тазалығы – 9,999 [4].
ТШО мүдделі тұтынушылардың талаптарын зерттей отырып, күні бүгін 100 миллионнан астам АҚШ долларын күкіртті түйіршектеу мен қабыршақтауға арналған қондырғы құрылысына бөліп отыр. Өнімнің бірінші түрі, яғни түйіршектелген түрі сұранысқа ие Жерорта теңізі елдері рыногына, ал екінші түрі Қытай Халық Республикасына жөнелтілуде. Кәсіпорынның бұл бағыттағы күш-жігері толықтай өз жемісін берді де. Қазірдің өзінде жылдық өнім көлемі 1 миллион тоннадан асып (2005 жылдың қорытындысы бойынша, 1 млн. 300 мың тоннадан астам өнім өткізілді), кәсіпорын айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
Бүгінде кәсіпорын күкірттің барлық түрін: темір жол цистерналары арқылы жеткізілетін сұйық, пластик қаптарға салынған түйіршектелген, қабыршақталған және кесек (уатылған) күкірттерді қауіпті күкірт шаңына жол бермейтін технологияға негізделген арнаулы темір жол вагондары арқылы жөнелтетін болды. 1990 жылдардың ортасында ТШО-ның қауіпсіздік техникасы жөніндегі мамандарының талабы бойынша, кесек күкірттерді ашық темір жол вагондарымен тасымалдауға қатаң тыйым салынды. Уатылған күкірттерді вагондарға тиеу тек 2002 жылы жүкті көпіршік тектес жабындымен жабу сияқты тасымалдаудың қауіпсіз түрі ұсынылған кезде ғана қолға алынды.
ТШО-ның күкіртті түйіршектеу бағытындағы қазіргі өндірістік қуаты (800 мың тоннадан астам) кәсіпорынның жылдық тауарлы өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Екінші буын зауыты үшін 2007 жылы ол пайдалануға берілген кезде ТШО-ның қуаты жылына 24-25 миллионға жетіп, түйіршектеудің жаңа қондырғылары іске қосылатын болады. Кәсіпорынның маркетинг және тасымалдау бөлімінің болжамы бойынша, күкіртті өңдеу және тұтыну рыногындағы қазіргідей оңды ахуал сақталатын болса, 15-20 жыл ішінде Теңіздегі элементарлы күкірттің қоймадағы қоры (мұнай өндіру көлемінің өсуін ескере отырып) жойылуы мүмкін.
Күкірт – бағалы шикізат. Орыстың ғұлама ғалымы, атақты химик Дмитрий Менделеев күкіртті “химия өнеркәсібінің нанына” теңеді. Сондықтан да ТШО элементарлы күкірттің рыноктағы орнының болашағына үлкен үмітпен әрі сеніммен қарайды. Өнімнің бұл түрінің негізгі тұтынушылары қатарында Қытайдан (сұраныс жөнінде алда) басқа, Тунис, Израиль, Марокко және Жерорта теңізінің басқа да мемлекеттері, сондай-ақ сұйық және кесек күкіртке ынта білдіріп отырған Ресей Федерациясы мен Қазақстанның кейбір аймақтары бар. Көрші Ресей Федерациясында химия өнеркәсібінің қайта жандануына және Қазақстанда химия, минералдық тыңайтқыштар өндірісінің қолға алынуына байланысты болашақта элементарлы күкіртке деген сұраныс көбеймесе, азаймайтыны сөзсіз [5].