- •Түркістан 2014
- •2. Жұмыс оќу жоспарынан к¤шірме
- •3.Курстың құрылымы
- •4. Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •5. Обсөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6. Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптары
- •8. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарменқамтамасыздандыру картасы
- •01.09.2014Ж. 4 студент.
- •9. Бақылау түрлері:
- •10. Аралық бақылау сұрақтары:
- •12. Емтихан сұрақтары
- •13 Студенттің білімін бағалау ережесі
- •14 Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •15. Лекция тезистері
- •3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Орынбеков М.С. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» Алматы. Ғылым, 1996
2. Материалы по истории политического строя Казахстана. Алма-Ата, 1960
3. Арғын М.Г. «Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы» Қазақ халқындағы билік етуі жайында. Саясат журналы. 1996.
4. Адамбаев Б. Шешендік өнер. Алматы, 1969
5. Киселев Я.С. Этика адвоката. Л. 1974
6. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986
4. Бақылау сұрақтары:
1. Құқықтық сананың қалыптасу жолдары мен даму сатылары
2. Құқықтық сананы қалыптастырудағы заңгерлердің қызметі
3. Мораль ұғымы және құқықтық тәрбие
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Мораль функциялары және заңгерлердің психикалық ерекшелігі
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Моральдық нормалардың түсінігі және белгілері
2. Заңгерлердің психикалық ерекшелік сипаты
3. Құқыққорғау қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптері
7. Әдебиеттер тізімі
1. Шешендік шиырлары. Алматы. «Қайнар 1993
2. Цицерон М. Три трактата об ораторском искусстве. М.1972
3. Адамбаев Б.Шешендік сөздер. Алматы, 1992.
4. Избранные жизнеописания. Москва., 1987
7- семинар. Тақырыбы: Мораль функциялары және заңгерлердің психикалық ерекшелігі
Жоспары:
1. Моральдық нормалардың түсінігі және белгілері
2. Заңгерлердің психикалық ерекшелік сипаты
3. Құқыққорғау қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптері
2. Қысқаша мәліметтер: Заңгерлердің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың психикалық ерекшелігі – ретінде мемлекеттік тілді қастерлей отырып, кәсіби сөйлеу мәдениетін жетілдіруде шешендік сөздерді шебер қолдана білу болып табылады. «Ана тілің арың бұл - ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей ана тілі яғни мемлекеттік тіл заман талабына сай қоғамның барлық қызметкерлеріне қызметтік міндеттер мен іс-құжаттарды жүргізуге және орындау үшін ортақ құрал. Сөйлесу арқылы адам баласының ішкі дүниесін, мінез-құлқын, адамгершілігін, парасаттылығы мен біліктілігін пайымдауға болады. Ақыл, парасаттың көзі – терең ойда. Қазақ қоғамында билік айтып даулы мәселелерді шешіп төрелік көрсеткен билердің шешен атануы – мемлекеттік тілдің яғни қазақ тілінің ондағы сөз қорының байлығы мен терең мағыналығын ашып, бұқара халықтың санасына жеткізе білуінде. Терең ойлап, билік айтар заңгерлердің қызметі үшін шешендік мемлекеттік тіл қатынасы - өткеннен өнеге, келер ұрпаққа ұлағат болып қала бермек.
Логикалық жүйемен саналы түрде терең ойлау, дәстүрлі қалыппен салихалы сөйлей білу заң факультеті студенттерінің шешендік тіл мәдениетін қалыптастырады. Тіл байлығы мен оның қадір-қасиетінің заңгер мамандарына табысты қызмет етуі – олардың шешендік тіл мәдениетін толыққанды меңгерген жағдайда ғана айқындалады. Шешендік тіл – ділмар ата-бабаларымыздың сөз сарасы, тіл маржаны, ақыл-ой дәриясы, бізге мұра етіп қалдырған кір шалмас ғұмырлы өсиеті.
Халық алдында мемлекеттік тілде еркін де ашық, кішіпейіл көңілмен сұхбаттасу, заңды кеңес беру, мемлекеттің мүддесін, азамттардың құқықтарын қорғауға шығарылған заңның мағынасы мен қызметін елге шешендік тіл қабілеті арқылы жете түсіндіру заңгер мамандардың білімі мен біліктілігін көрсетеді. Ең бастысы осы тәсілдерді игерген, қызметтік қолданыста пайдаланған заңгерлері төмендегідей үш бірдей мақсатты орындаған болып есептеледі:
- біріншіден, халықты дәлелді айғақтармен сендіру;
- екіншіден, уәжге тұру және ой тапқырлығымен халықты өзіне бағындыру;
- үшіншіден, шынайы әділ шешімімен халықтың қолдауына ие болу.
Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоретигі Марк Туллий Цицерон шешендік өнер туралы «Ақын болып туады, шешен болып шығады» («поэтами рождаются, ораторами делаются»). Ұлы шешен ақындыққа талантты болыа туу керек екенін, ал шешендікке көп оқып, көп ізденіп, көп сөйлеп жаттығып, күш – қуат жұмсаудың қажеттігін айтқан.
Сот психологиясы бойынша теориялық және практикалық материалдарға талдау жүргізу, кәсіби қызметін жүзеге асыру барысындағы шешен сөйлеу әрекетіне тікелей бақылау жасау, тергеушілермен әңгімелесу, мамандардан сауалнама алу арқылы құқық қоргау органдарының кәсіби әрекеттеріне сараптамалық баға береді. Г.П.Савченко заң мамандарына шет тілін үйрету әдістемесі, ең алдымен, кәсіби әрекет пен кәсіби қарым-қатынас бірлігіне сүйенуі тиіс деген тұжырым жасайды және тілдік материалды іріктеуде қатысымдық мақсатқа сәйкестілік ұстанымын басты шарт деп таниды. Т.Н.Шишкинаның «Английский язык для юристов» атты оқу құралы да тілді игеру деңгейі әртүрлі заң мамандарына арналған бес тараудан тұратын оқулықтың бірінші тарауында жалпы құқық мәселесі талқыланып, Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінің құқық жүйесіне шолу жасалады, екінші тарауда Ұлыбританияның, үшінші тарауда АҚШ-тың мемлекеттік және құқықтық жүйесі жеке-жеке қарастырылып, төртінші тарауда АҚШ мемлекетінің алқалы сот жүйесі (система суда присяжных) талданады, бесінші тарауда қылмыстық құқық мәселелері бойынша заң мамандарына арналған әр түрлі жаттығулар мен пікірталас және ролдік ойындарға шолу жасалған.
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Шешендік шиырлары. Алматы. «Қайнар 1993
2. Цицерон М. Три трактата об ораторском искусстве. М.1972
3. Адамбаев Б.Шешендік сөздер. Алматы, 1992.
4. Избранные жизнеописания. Москва., 1987
4. Бақылау сұрақтары:
1. Заңгерлердің психикалық ерекшелігі туралы грек, римдік ғұламалардың ойлары
2. Шешен сөйлеу мәдениетінің даму жолддары мен сатылары
3. Тергеуші, Прокурор, Сот органдары қызметкерлерінің психикалық ұқсастығы өзіндік ерекшелігі
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Мораль ізгілікті қызметті анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Мораль құрылысының негізгі элементтері
2. Моралдың әлеуметтік сипаты мен ізгіліктік мәні
3. Мораль және құқық, олардың өзара байланысы және айырмашылықтары
7. Әдебиеттер тізімі
1. Артыкбаев Ж. Материалы к истории правящего дома казахов. Алматы, 2001
2. Өсеров Н. Қазақтың үкім-кесімдері. Алматы, 1994
3. Амандықов Х. «Жеті жарғы», 1991
4. Өзбекұлы С. «Қазақ билерінің көзқарастарындағы әділетті басқару және әділсот
мәселелері» 1998
8-семинар. Тақырыбы: Мораль ізгілікті қызметті анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде
Жоспары:
1. Мораль құрылысының негізгі элементтері
2. Моралдың әлеуметтік сипаты мен ізгіліктік мәні
3. Мораль және құқық, олардың өзара байланысы және айырмашылықтары
2. Қысқаша мәліметтер: Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой — бұл өз борышын жан-тәнімен орындаудаудың жоғары әлеуметтік құндылығын (қажеттігін және маңыздылығын) құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі — бұл құқыққорғау органдары қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің қуаты бірден-бір қозғағыш күші болып табылады.
Абырой категориясы қадір-қасиет категориясымен тығыз байланыста. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша сәйкес келеді, бірақ оларды нысандары бойынша ажыратуға болады. Абыройды бағалау — бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал қадір-қасиетті бағалау - бұл, ең алдымен, тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Әрине, қадір-қасиетті бағалау қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік бағалау ерекше рольді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезегінде, тұлғаның, қоғам алдындағы жетістіктерін сезінуіне негізделеді. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі — абыройдың адамдары. Бұл қасиет олардың қызметтік борышты орындауында көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де кайраттылықты, ұстамдылықты, өз ісіне жан-тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Әрине, олар өз қызметінің маңыздылығы, борышты орындаумен байланысты тұрақты қауіп туралы ешкімге жария салып айтпайды. Олар ез міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де оларға риза.
Құқыққорғау органдары қызметкерінің абыройын ол өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің абыройынан бөліп қарастыруға болмайды. Сол себепті де, ол өзінің қызметтес серіктерін ұятқа қалдырарлықтай әрекеттер жасамауға тырысады. Ұжымның абыройы — жеке қызметкердің де абыройы. Абыройды сүю кұқыққорғау органдары қызметкеріне тән қасиет. Дұрыс түсінілген абырой жалпы іске кедергі жасамайды, керісінше, оны орындауға қосымша күштер береді. Ал абыройға табыну жағымсыз сезімдермен ұштасса, онда ол мансапқорлыққа айналады. Мұндай жағдайда адам өзінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін кез-келген құралдар мен жолдарды пайдалануға дайын болады.
Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни, құқыққорғау органдары қызметкерінің осы жүйеде кызмет ететіндігін сезінудің моральдық қанағаттанған сезімін тудырады. Соңғы жылдары құқыққоргау органдарының беделі қоғамдық көзқарас алдында біршама темендегенімен, құқыққорғау органдары жүйесін халық қажетті деп түсінеді және жалпы алғанда оған оң баға берілуде. Қызметкердің борышы — құқыққорғау органдарының беделін қоғамдық көзқарас алдында тұрақты түрде көтеріп отыру және бұл органдардың ең жақсы дәстүрлерін қайта жаңғырту. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы оның жақсы дәстүрлерге деген қатынасынан да көрініс табады. Дәстүрлерді ұмыту немесе оларды аяққа таптау қызметтік ортада қатаң сөгіс табатыны сөзсіз. Дәстүрлер — бұл тек тарих емес, сонымен қатар, коғамдык тәртіпті қорғаушы жас буынды тәрбиелеудің қуатты құралы.
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Артыкбаев Ж. Материалы к истории правящего дома казахов. Алматы, 2001
2. Өсеров Н. Қазақтың үкім-кесімдері. Алматы, 1994
3. Амандықов Х. «Жеті жарғы», 1991
4. Өзбекұлы С. «Қазақ билерінің көзқарастарындағы әділетті басқару және әділсот
мәселелері» 1998
4. Бақылау сұрақтары:
1. Мораль мен абырой категориясының ерекшелігі
2. Моралдың әлеуметтік сипаты мен сана категориясы
3. Адамгершілік ізгіліктік категориясы
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Дәстүрлі құқықтық мәдениеттің ізгілікті мәні және мақсаты
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Дәстүрлі мәдениеттегі ізгіліктілік факторлар
2. Заңгер қызметіндегі моралдық факторлардың ерекшелігі
3. Заңгерлердің құқықтық-моралдық ізгіліктері және әдет-ғұрып қағидаларының сипаты
7. Әдебиеттер тізімі
1. Орынбеков М.С. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» Алматы. Ғылым, 1996
2. Амандықов Х. «Жеті жарғы», 1991
3. Өзбекұлы С. «Қазақ билерінің көзқарастарындағы әділетті басқару және әділсот
мәселелері» 1998
4. Цицерон М. Три трактата об ораторском искусстве. М,1972
5. Адамбаев Б.Шешендік сөздер. Алматы, 1992.
