- •Түркістан 2014
- •2. Жұмыс оќу жоспарынан к¤шірме
- •3.Курстың құрылымы
- •4. Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •5. Обсөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6. Студенттің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптары
- •8. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарменқамтамасыздандыру картасы
- •01.09.2014Ж. 4 студент.
- •9. Бақылау түрлері:
- •10. Аралық бақылау сұрақтары:
- •12. Емтихан сұрақтары
- •13 Студенттің білімін бағалау ережесі
- •14 Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •15. Лекция тезистері
- •3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
14 Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
Кафедра тарапынан:
Ақылы негізде оқитын студенттер оқу төлемақысын мерзімінен кешіктірмей төлеуі тиіс;
Студенттердің кезекті ғылыми конференциясына қатысып, баяндама жасау;
Университет, факультетаралық (спорт, өнер, ғылым саласында); олимпиадалар мен жарыстарға қатысу;
Факультеттің қоғамдық іс-шараларына атсалысып, белсенділік таныту;
Курстық жұмыстарды жазу, қорғау және бітіруші курс студенттері диплом жұмыстарының тақырыбы мен ғылыми жетекшілерін таңдауы, дипломдық жұмыстарының талапқа сай жазылуы шарт;
Өндірістік іс-тәжірибеден өту және ол туралы есеп беруге міндетті.
Оқытушы тарапынан:
Сабаққа пән оқытушысынан кейін кешігіп кірмеу;
Сабақ үстінде басқа іспен айналыспау, ұялы телефонды пайдаланбау;
Үй тапсырмасына және СӨЖ тапсырмаларына дайын болу;
Оқытушымен қарым-қатынаста субординация сақтауы тиіс;
Себепті жағдайлар орын алмаған жағдайда (сырқаттану т.б.) сабақтан қалмау;
Орынсыз сабақтан сұранбау.
15. Лекция тезистері
1-лекция. Тақырыбы: Этика ұғымы және оның заты
Жоспары:
Этика ұғымының шығу тарихы
Этиканың даму кезеңдері және бағыттары
Қазіргі этика туралы теориялар
Лекция мақсаты: Студенттерге жалпы этика ұғымы туралы теоретикалық білім беру, сонымен бірге мінез-ќ±лыќ ‰лгілері арќылы студенттерді єлемдік жєне отандыќ мєдениеттіњ інжу маржандарымен таныстыру және болашақ заңгерлік қызметте құқықтық этика туралы ќабілеттерін арттыруѓа єсер ететін ќ±ндылыќтар, кµзќарастар, м‰дделер мен талѓам қалыптастыру және этикалық ізгілікті ұстануға баулу.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Этика-грек тілініњ “єдет-ѓ±рып” деген сµзінен шыќќан. Этика моральды зерттеу нысанасы етіп алатын философиялыќ пєн. Латын тіліндегі “морал” сµзі этимологиялыќ т±рѓыдан “этика” терминіне сєйкес келеді. Оны кµне грек философы Аристотель адамгершілік, ар іліміне атау ретінде енгізген болатын. Ќандай да бір басы біріккен ќоѓамныњ µзіндік этикалыќ м±раттары мен ќ±ндылыќтары болады. Ол сол ќоѓамныњ этикалыќ санасыныњ ењ биік кµрінісі ретінде сол ќоѓам м‰шесінен к‰тілетін, талап етілетін, ќажет деп табылатын µзіндік нормаларѓа ие. Ендеше этиканыњ пєні ретінде кењ маѓынасында адам, ќоѓам, дєлірек айтсаќ, адамдардыњ ж‰ріс-т±рысын, мінез-ќ±лќын реттеуші нормалар, сенімдер, м±раттар, ќ±ндылыќтар, єлеуметтік ќатынас т‰рлері жєне т.с.с табылады. Басќаша айтсаќ, кµнеден бастап этика “практикалыќ философия” сапасында “µмір туралы таза теориялыќ білімнен” бµлек адамныњ µмірлік жолындаѓы адамгершілік мєселелерін шешетін. ¤зініњ даму барысында мораль, этикалыќ нормалар тµмендегідей ќызметтер атќарады: реттеушілік, ќ±ндылыќты императивтік, комуникативтік, тєрбиелік, танымдыќ жєне т.б.
Этика басќа да єлеуметтік-гуманитарлыќ пєндермен байланысты: психология, социология, биоэтика, ќ±ќыќтану, µнертану, саясаттану, дінтану жєне т.б. Этика жоѓарыда аталѓан ѓылымдардыњ да, философияныњ да тєсілдері мен єдістеріне негізделеді. Ќоѓамныњ дамуы жєне адамдар іс-єрекетініњ єлеуметтік реттеу механизмніњ к‰рделенуі т‰рлі байланыстаѓы ѓылыми салалардыњ д‰ниеге келуін м‰мкін етті. Аксиология, биоэтика, этикалыќ пен эстетикалыќ байланысы, этика мен этикет араќатынасы. Осылардан барып этика-эстетика курсыныњ маќсаты мен міндеттері ретінде адамныњ µзін-µзі тануына жєне шыѓармашылыќ м‰мкіншілігін ж‰зеге асыруына ыќпал ететін талѓам, м‰дде, кµзќарас, ќаѓида, сенім, ќ±ндылыќтар ќалыптастыру, адамгершілік, саяси-ќ±ќыѓы мєдениет дамуыныњ наќты м‰мкіншіліктерін аныќтау; µркениет жєне жаћандану жаѓдайындаѓы ќазіргі мєдениеттіњ адами µлшемін т‰сіну деп ќарауѓа болады. Философиялыќ пєн-этика µзініњ тарихи дамуында процес т‰рінде кµрініс табады. Ол бірнеше этаптардан т±рады. Сондыќтан ќазіргі этикалыќ білімді классикалыќ м±раѓа ж‰гінбей т‰сіне алмаймыз. Лекцияныњ маќсаты-µнер мен адамгершілік, мінез-ќ±лыќ ‰лгілері арќылы студенттерді єлемдік жєне отандыќ мєдениеттіњ інжу маржандарымен таныстыру. Эстетикалыќ ќ±ралдармен адамныњ µзін-µзі тануына жєне шыѓармашылыќ ќабілеттерін арттыруѓа єсер ететін ќ±ндылыќтар, кµзќарастар, м‰дделер мен талѓам ќалыптастыру.
Кµне д‰ние мен ќазіргі заманныњ адамгершілік ілімін жан-жаќты терењ зерттеу ‰шін осы негізгі мєселелер, ±ѓымдар мен категориялар, тєсілдер мен т±ѓырнамалар ќарастырылѓан баѓдарлама кµмек етеді. Барлық ғылым түрлеріндегі сияақты этикада да бірқатар катигориялар бар. Катигориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен біріге отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. «Категория» сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады.
Этика катигориялары-моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика катигориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді. Олар -рухани, идеалды тәртіптің құрлымдары, болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы.
Сонымен қатар, моральдық құбылыстардың көрініс табуы тек теориялық деңгейде ғана жүзеге асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, арман-тілектер және т.б. түрде қарапайым сананың деңгейінде де көрініс табады. Жоғарыда аталған екі деңгейде де, көрініс тапқан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені белгілі, сонымен қатар жеке тұлғаның борыш туралы көзқарасы да бар.
Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір "қызметтік" функцияларын атқаратынын да атап өткен жөн. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары — моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б. дамуының, қозғалысының нысаны.
Басқа ғылымдардың категорияларына тэн белгілерді, ка-сиеттерді иеленгенімен,этикалық категориялардың өзіне ғана тэн бірқатар ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілі мол адам және т.б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік күрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сиякты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қогамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Этикалық
категориялар саны жағынан өте көп,
сондықтан ғылыми
жэне тәжірибелік мақсаттарда оларды
топтарға бөлу орын алған. Кейбір ғалымдар
оларды құрылымдық және субстанционалдық
(мәндік) деп екіге бөледі. Басқа бір
ғалымдар мұндай
бөлудің негізі ретінде басқа қағиданы
ұсынады: белгілі бір
категорияны функционалды ретінде
қарастырып отырып, топтауды
осы категорияның негізінде жүзеге
асырады. Мысалы, Эпикур этиканың барлық
категорияларын бақыт катего-риясына
бағындырған. Аристотель ең маңызды деп
игілік категориясын санаса, Кант борыш
категориясына ерекше мән берген.
Алайда, қазіргі кезде де осы мәселеге
қатысты нақты бір
көзқарас жоқ. Отандық этикада барлық
категориялардың жиынтығын
көп жағдайда моральдың құрылымының
негізінде бөледі. Бұл құрылымның негізгі
элементтері ретінде кейбір ғалымдар
моральдық тәжірибені, моральдық сананы
және адамгершілік
өзіндік сананы таниды. Алайда, кеңірек
таралғаны
болып, басқа бір ғалымдардың моральдың
құрамында моральдық
сана, адамгершілік қарым-катынастар
және адамгершілік
қызмет бар екендігін макұлдайтын бағыты
саналады. Жоғарыда аталаған екі бағыттың
арасында ерекше атап өтетіндей
айырмашылыктар жоқ, себебі, екінші
бағыттағы моральдық сананың
құрамына бірінші бағытта аталған
адамгершілік өзіндік сана кіріп кетеді,
ал адамгершілік қарым-қатынастар мен
адамгершілік қызмет адамгершілік тәэң
арасында ерекше атап өтетін-лікті ұстану
Этиканың категориялары бір-бірімен тығыз байланыстылықта болғаны соншалық, олар бір-бірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, сужүректілік және т.б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.
Бірінші топ категориялары — сана категориялары деп те атауға болады, себебі, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т.б. категориялар жүйесінде орталық орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, себебі, мұндай жағдайда олар өздерінің негіздерінен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. Қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Керісінше, олар немқұрайдылыққа әкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекеттерді көрсетіп, оларға белсенді түрде әсер етсе, онда олардың маңызы да артатыны сөзсіз.
Екінші топ категориялары — бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиелініс, моральдық бедел және т.б. Өзінің функционалдық рөлі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектілердің өзара қарым-қатынастарының көрінісі болып табылады. Бұл қатынасгардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, қастық, серіктестік, сенім, сыйластық, екіжүзділік және т.б. моральдық бағалаулармен сипатталады.
Үшінші топ категориялары — бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т.б. адамгершілік сана категориялары көрініс табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін және мәнін қарастырудың теориялық қана емес, жалпы әдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кәсіби-этикалық категорияларды талдау мүмкін емес, себебі, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады. Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондықтан да, біз олардың ішіндегі ең маңыздыларына ғана тоқталамыз, себебі, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың алатын орны ерекше.
Бақылау сұрақтары:
1. Этика ұғымы туралы ұлы ғұламалардың ой-пікірлері
2. Этиканың қалыптасу және даму деңгейлері
3. Этикалық ізгіліктің құқыққорғау қызметкерлеріне қатыстылығы
Қажетті әдебиеттер:
1. Кроноткин П.А. Этика. М., 1991
2. Жарикбаев К.Б. Этика и психология Алматы, 1997
3. Иванов В.Г. Исгория этики средних веков. Л., 1984.
4. ГусейновА.а. Этика аристотеля. М., 1984.
5. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. Алматы, 2003
2-лекция. Тақырыбы: Құқық этикасының пәні
Жоспары:
1. Құқықтық этика түсінігі
2. Құқықтық этиканың қалыптасуы
3. Құқықтық этиканы сақтау тәртібі мен маңыздылығы
Лекция мақсаты: Жалпы этика ұғымы туралы теоретикалық білім берумен қатар қоғамдағы құқықтық сананың қалыптасып, құқықтық мемлекет құрудағы құқық этикасының рөлін айшықтап, заңгерлердің қызмет ету аясында оның маңыздылығын түсіндіру.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып-білуге деген ұтылыс күннен-күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек адам. Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық және жергілікті құқық қалыптасады.
Құқықфилософиясына жүгіну — қазіргі заманда адам өміріндегі құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты және әлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мәні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні тандайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мән беретін (объектоцентристік) және субъектіге зор мән беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін тандайды. Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағьптарды жоққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы субъектінің мүдделері. Мысал ретінде, сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның рөлін атауға болады, себебі адвокат әрқашан сотталушының мүддесін білдіреді.
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тәуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүріс-тұрыс еркіндігі "берілетін" немесе "берілмейтін" объект ретінде түсіндіріледі.
Құқық этикасының пәніне анықтама берместен бұрын, этиканың пәні мен құқықтың пәнінің анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар.
Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты әртүрлі болады.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғи-тарихи үрдістің (процесстің) нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақыл-парасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан алшақтатады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарама-қайшылықсыз бақытты көтере алмайды және т.б.
Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сәйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды әдістермен танып-білу мүмкін емес. Адам — микрокосм, оның әлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның өзін-өзі дамытуының "соқыр тәуекелі", ал объективтік шындық — адамның ішкі күш-қайратының дамуының көрініс табуының нәтижесі.
Құқықтың пәніне жүгінуде, құқық туралы әдебиетте оны түсінудің кем дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада тусіндіру және тар мағынада түсіндіру. Кең мағынада құқық әдет-ғұрыпты (әдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позитивтік құқықты, тірі құқықты және т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.
А. А. Гусейнов моральдың ерекшеліктерін былай анықтаған:
а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынастардың нысанын білдіреді;
ә) моральдық заң әрекеттің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға жол бермейді, яғни, моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру -— бұл біртұтас үрдіс;
б)мораль—адамның ерікті түрде өз мойнына алған ауыр жүгі. Мораль — адамның өзін-өзі бәске тігуі мен сипатталатын ойын. Сократ у ішуге мәжбұр болған. Иса пайғамбар керіп шегеленген. Джордано Бруно отқа жандырылған. Ганди өлтірілген. Міне, бұл ойынның ұтыстары осындай.
Заңдар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, морал қайшы, қайырымсыз болуы мүмкін. Неге? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мораль мен құқықтың өзара әсерін талдауға тырсып көрелік. Яғни, алдымен, құқықтың адамгершілік құндылықтар мен моральдық нормалар туралы көзқараста қадай көрініс табатынын, содан кейін, моральдың құқыққа қалай әсер ететінін қарастырайық.
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының безгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Моральдан бұрын адамдық "Меннің" қалыптасуынын сатылары орын алады:
а) Табыну сатысы адамның "Біз" феноменінен көрініс табатын алеммен біртұтастығын, оның әлем мен басқа адамдардан ажырамайтындығын, адамның дүниетанымның басқалармен бір тұтас тығын білдіреді;
ә) Мәдениет сатысы адам қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алуан түрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды ірікілуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сапасы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.
б) Социум сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың әлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеуметтендіріледі де, әлеуметтік және құқықтық нормаларға айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді.
Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы әсер мен жеке мінез-құлық арасындағы ішкі шиелініс қайнар шегіне жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс табады.
Осылай, қазіргі кездегі түсініктегі құқық салыстырмалы түрде кеш, өркениеттің пайда болуы жағдайында пайда болған (Римде). Ол күрделенген сыртқы әлеуметтік өзара әсерлесулердің жүйесінде адам тұлғаға айналған кезде пайда болады. Осы кезде адамның жекелеген адамдық бастамасы көлеңкеге, яғни, интимдік, достық қарым-қатынастар, жеке шығармашылық әлеміне ауысады, ал бұл жағдайда адамгершілік норма, құндылықтың қажеттігі туындайды. Заңды социологизм асқан дәлдікпен элеуметтік психологияның, антропологияның, адам биологиясының жаңалықтарынан, техникалық өнертабыстардан не алуға болатынын "ескере" отырып, құқықтың, заңның барлық салаға талғаусыз әсер ететіндігін көрсетеді.
Құқық жүріс-тұрыстардың сыртқы жағына, ал этика олардың ішкі жағына мән береді. Олардың өзара күресіне қарамастан, құқықтық норма өзінің моральдық, адамгершілік мазмұнының арқасында ғана өмір сүреді. Осы жағдай арқылы көптеген "бос" заңдардың әмірде кездесуі түсіндіріледі. Сондықтан да, құқық моральдық климатты, адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін мүдделі. Себебі, олар құқықты қоректендіріп отырады.
Құқықтық және адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірден-бір жолы — құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзін-өзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. Құқықтық этика қалыптасуы мен даму сатылары
2. Құқықтық этикет
3. Заңгер қызметіндегі құқықтық этикалықізгілік нормалары
Қажетті әдебиеттер:
1. Зеленкова И.Л. Основы этики. М. 1998.
2. Римская И.Н. Этика права: от истоков этики и права к мирозрению. М., 1998
3. Сапарин о.Е. Психология профессионализма сотрудников правоохранительных
органов. Кусганай, 1996.
4. Кокорев Л.Д. Котов Д.ГІ. Этика уголовного процесса. Воронеж, 1993.
5. Кобликов А.С. Юридическая этика. М., 1999.
3-лекция. Тақырыбы: Заңгерлердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі
Жоспары:
1. Заңгерлердің кәсіби этикасының түсінігі, оның заты
2. Заңгерлердің кәсіби этикасының міндеттері
3. Заңгерлердің кәсіби этикасындағы зерттеу әдістері
Лекция мақсаты: Қоғамдағы барлық сала қызметкерлеріне тән этикалық ізгіліктердің мәні мен қажеттілігін соның ішінде заңгерлерге тән этикалық ізгіліктің өзіндік ерекшеліктері н және артықшылықтарын айқындау мен дәріптеу.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Қоғамның ырғақты дамуы үшін көптеген мамандық иелері керек. Агроном да, дәрігер де, инженер де, экономист те аса маңызды міндеттерді атқарады. Дегенмен, демократиялық құқықтық мемлекетте заңгерлердің алар орны айрықша. Адам баласы қашан да әділеттілікке ұмтылған. Әділдік жолында жанын пида қылғандар да аз емес. Ал әділеттілікті орнатуға бірден-бір жауапты мамандық иесі заңгерлер. Сондықтан білікті де сауатты, озық ойлы, құқықтық санасы мен сөйлеу мәдениеті жете қалыптасқан заңгерлерді демократиялық құқықтық мемлекеттің негізін қалаушы деп қарастыруға болады. Қай мемлекеттің болмасын оның экономикалық өсу, сауда-саттық, өмір сүру заңдылықтары сол елдің құқықтық жүйесімен реттелетініне мән берсек, құқықтық жүйені іске асырудағы заңгерлердің елеулі еңбегін ерекше бағалаған жөн. Қазіргі қоғамда мемлекеттер арасындағы дау-дамайлар бейбіт те, дипломатиялық келісімді жолмен шешілгендіктен заңгерлерге қойылатын талап – олардың дипломатиялық қабілеттілігі, құқықтық мәдениеті және сөйлеу шеберлігі.
Анадан ешкім заңгер болып тумайды. Заңгерді заңгер қылып қалыптастыратын - оқу, білім, жоғары оқу орны. Жалаң заңды білу де жеткіліксіз. Бұл мамандық иесіне сөйлеу мәдениетін игермейінше, адам психологиясы мен мінез-құлқын білмейінше, өмірдің әр саласынан хабардар ой-өрісін қалыптастырмайынша, нәтижелі еңбек ету, нағыз әділеттілік үшін күресу қиынға соғады. Ал осы және басқа қасиеттер жоғары оқу орнындарында шыңдалмақ. Кеше де, бүгін де, ертең де солай бола бермек.
Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің демократиялық құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанғанына сәйкес кәсіби заңгерлерге деген сұраныс арта түсті. Бұл ең алдымен республикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуіне орай туындағанын да түсінуге тиіспіз. Заңгерлік білім сапасын арттыру үшін не істеу керек?. Бұл орайда Әділет министрлігі оқу бағдарламасын бүгінгі күннің ғана емес, халықаралық талаптарға сәйкес жетілдірумен бірге, жоғары оқу орындарын оңтайландырып, лицензиялау мен аттестациялаудың нормативтік талаптарын арттыру, оқытушы-профессорлар құрамының кем дегенде 50 пайызын ғылыми атағы бар жоғары білікті мамандардан іріктеу қажет деп санайды. Әңгіме, әрине заңгер-ғалымдар туралы болып отырғандықтан оны да заңгерлік мамандықтан бөле-жара қарай алмаймыз, яғни болашақта білімді заңгерлер даярлау үшін алдымен білікті заңгер-маман әрі ғалым оқытушылар құрамын жасақтауымыз қажет деген сұрақ тағы да алдымызды орайды.
Жалпы, еліміздің кез-келген жас мамандарының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін М.Дулатовтың айтып өткен пікірін басшылыққа алу керек деп білеміз. Ол өзінің пікірін былай білдіреді: «жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аудару керек».
Жүсіпбек Аймауытов ана тілінің мәні жөнінде: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге тілдерді түсіну мүмкін емес. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазынасы – халық тілі» -деген.
Кез-келген адамның өз тілін жете түсінбей өзге елдің тілін игеріп, қарым-қатынас жасауы да мүмкін емес.
Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп көтереді. Себебі, қай мемлекеттің болмасын мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен теңдесіз тарихи құндылықтарын дәріптейді. Осы баға жетпес ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан сан-ғасырлық құндылықтар мемлекеттік тілдің негізін құрап, содан нәр алады. Қай мемлекет болмасын өзінің сөйлеу мәдениетін тек ана тілінде ғана қалыптастыра алады. Туған ана тілінен нәр алған сөйлеу мәдениетінің өзегі тереңде.
Заң мамандарын ағылшын тілінде, орыс тілінде кәсіби сөйлеуге бағытталған ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері кездеседі. Заң мамандарын қазақ тілінде яғни мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету мәселесі зерттелгенмен, еліміздің қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, барлық іс-құжаттардың мәтінін мемлекеттік тілге аудару мен мемлекеттік тілде іс-жүргізу саясатына орай заң мамандарын қазақ тілінде оның ішінде қазақы тілдің қаймағын құрайтын асыл қазына шешендік тіл арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі зерттелмеген. Сондықтан құқықты мемлекетімізде болашақ заң мамандарының қазақша шешендік сөз арқылы біліктілігін арттыру мен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында аянбай қызмет атқаруы қазіргі таңда мемлекет алдындағы атқарылуы тиіс ауқымды істердің бірі болып табылады.
Бұл мақсатқа жетудің бір бағыты – қазақ билерінің тағылымын бүгінгі таңдағы дәстүрлі кұқықтық болмыстың қайта жаңғырту үрдістерімен салыстыра зерттеуде деп ойлаймыз. Қазақ билерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шешендік сөздері мен әділ шешімдерін заң факультеті студенттеріне насихаттау және билердің қызметін құқыққорғау органдары қызметшілерінің қызметімен байланыстыру арқылы олардың мәдени біліктілігін жетілдіруді жөн көрдік. Заңгерлердіңң сөйлеу мәдениетін тереңнен іздеп, халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы өткен күннің ұмытылмас үнін бүгінгі әуенмен салыстыра тербелтудің мүмкіндіктерін бағалауға тырыстық. Елімізде қылмыстың жан-жақты белең алуы, қылмыспен күрестегі "алдын алу шараларының" (профилактика) жүмыстарының төмендеуі, бүгінгі таңдағы қылмыстық әрекеттерді тұсаулауда салмақты тарихи орны бар. Сондықтан өткен ата-баба жолын рухани мұраларын тарихи-құқықтық, психо-педагогикалық тұрғыда бағалап, күштеп үзілген сабақтастықты қайта жалғаудың негізділігін жаңа қоғам қажетсінуде. Бұл қажеттілік бүгінгі еліміздің алдына қойып отырған мақсат-міндеттерімен орайласады. Себебі, бүгін еліміз егеменді, тәуелсіз құқықтық мемлекет. Тәуелсіздіктің тұғыры биік болуы үшін тарихтың өткен жолдарындағы белестердің әр қырын, ұлылықтың тауына айналдыруға ұмтылған тұлғалардың өмір жолын, елі үшін еткен еңбегін қазақтың мемлекеттілігін дамытудағы реформаторлық ой-әрекеттерінің астарына бойлап, оны қысаңдықтан ада, жаңа леппен бойымызға сіңіру арқылы қаншама ғасырлар бойы елдікті, тұтастықты ту еткен бабалар арманын орындауға тиіспіз.
Тәуелсіз құқықтық мемлекетімізді болашақта Азияның барысына айналдыру үшін мемлекеттік қызметтің барлық саладағы қызметшілері аянбай жаңа заман талабына сай тыңғылықты қызмет атқаруға тиіс. Сондықтан да Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, дамып көркеюіне заңгер мамандардың өз үлестерін қосарда, қазақ елінің тарихында із қалдырған тарихи тұлғалардың өмір жолынан сабақ алу, бүгінгі күні құқықтық санамызды серпілтіп, рухани құндылықтарымызды жаңа заман талабына сай жаңғырту арқылы септігін тигізеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Этика ұғымы мен заңгер этикасының өзара сабақтастығы
2. Заңгер этикасының басқа пәндермен байланысы және өзіндік ерекшелігі
3. Кәсіби этиканың құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қатынасы.
Қажетті әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. Алматы, 2003
2. Жарикбаев К.Б. Этика и психология Алматы, 1997
3. Орынбеков М.С. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» Алматы. Ғылым, 1996
4-лекция. Тақырыбы: Құқыққорғау қызметкерлерінің кәсіптік қызметінің категориялары
Жоспары:
Кәсіби борыш, әділдік категориясы
Кәсіби ар-намыс категориясы
Заңгер мамандығының ерекшеліктері және оның өнегелілік маңызы
Лекция мақсаты: Құқыққорғау қызметкерлерінің кәсіптік қызметіндегі ізгілік қағидаларын, заңгерлердің қоғамдағы ықпалы мен қадір-қасиетін сондай-ақ біліктілігі мен іскерлік қарым-қабілетіне қойылатын талаптарды нақтылау.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Заңгерлердің кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың маңызды бір ерекшелігі борыш категориясы. Борыш категориясы — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сөйлеу мәдениетінде маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да. Тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекетіміздегі заңгер мамандарының кәсіби қызметіндегі борышы – азаматтарға заңды түсіндіру, азаматтардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ету, халықтың құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал жасау сияқты жауапты факторларды өз міндетіне алады.
Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант айтқандай, борыш — адамды өзінен өзін жоғары етіп қоятын ұлылық. А.Блок та оған қосылғандай: "Борышыңды ұмытпа, ол — бұл әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ" деген. Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери және құқыққорғау қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күш ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда. Сол себепті де, мансапқорлық мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесіп жатады. Мұндай борыш шынайы ма, жалған ба — оны анықтау өте қиын. Мұндай жағдайларды әрбір азаматтың, әрбір қызметшінің ішкі дүниетанымы мен сезімі рөл ойнайды. Білікті де сауатты заңгер мамандар бұл категорияны теріс жағынан пайдалануға жол бермейді.
Құқыққорғау органдарының қызметкерінің кәсіби борышы қоғамдық борыштың құрамдас бөлігі бола тұра, өзінің объективтік және субъективтік көрінісі бойынша адамгершілік сипатқа ие. Борыштың объективтік мазмұнының моральдық құндылығы оның ең жоғарғы және әділ міндетті шешуге бағытталуымен тығыз байланысты. Бұл міндет — тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қоргау, өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту. Алайда, әскери борыштың шынайы мүмкіндіктері субъективтік адамгершілік қатынаспен толықтырылғанда ғана айқын көрінеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерді өзінің жеке міндеттеріндей қабылдап, сезінгенде ғана, өз қызметіне бар жан-тәнімен берілгенде ғана борыш категориясы толыққанды іске асады. Біз қазір құқықтық мемлекетіміздегі қоғамдық міндеттерді өз жеке міндеттеріміздей қабылдап, өз қызметімізге жан-тәнімен беріліп еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек еткенде ғана жас мемлекетімізді бәсекеге барынша қабілетті елдердің арасынан көре аламыз. Бұл қазіргі тәуелсіз, егемен еліміздің алдыңғы қатарлы мақсаттарының бірі.
Заңгер мамандарының борышы — тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік-құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет. Мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі заң талаптары заңгерлерге қызметтік борыш жүктесе, азамттардың адамгершілік ішкі сезімдері олардың тілектерін қалыптастырады.
Негізінен заң мамандарындағы тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе. Борыш пен тілектің объективтік талаптарының сәйкес келуін түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың ойынша, міндетті нәрсе мен қалаулы нәрсенің арасында ешқандай қарама-кайшылықтар жоқ. Алайда, кез-келген адам эмпирикалык жол аркылы басқаша қорытындыға келе алады. Әрине, қоғамдық міндеттілікті өзіндік талап ретінде түсіну міндеттілік пен қалаушылықтың арасын біршама қысқартады. Мұндай жақындастыққа күмән жоқ, бірақ, ол ешқашан абсолюттік сипатқа ие бола алмайды және міндеттілік пен қалаушылықтың арасындағы белгілі бір қарама-кайшылықтарды жоя алмайды. Сонымен қатар, борыш пен тілекті бірін-бірі жоққа шығаратын талпыныс, оларды мәңгілік қарама-қайшылық ретінде қарастыратын көзқарас та дұрыс емес. Акиқат осы екі көзқарастың ортасында деген дұрыс болар. Борыш пен тілек — бірін-бірі жоймайтын қарама-қайшылықтар. Олар бір-біріне жақындасуы немесе бір-бірінен алшақтауы мүмкін, бірақ іс жүзінде бірін-бірі ешқашан жоймайды. Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жәйт – ақыр аяғында борыш белгілі бір тілекке жетуге негіз болып табылады, ал тілекті дұрыс түсіну борышты нәтижелі орындауға алып келеді. Борыш сезімі жоғары дамыған тұлға әрқашан өзінің субъективтік талаптары мен құштарлықтарынан жоғары тұра алады және өзін борыштың талаптарына бағындыра алады. Осылай, міндеттілік белгілі бір дәрежеде тілекке айналып, сыртқы талпыныстан тұлғаның ішкі талпынысына ауысады. Борыш пен тұлғаның талпыныстары, құштарлықтары арасындағы, борыш пен өзін-өзі сақтап қалу сезімінің арасындағы қарама-қайшылықтар тапсырылған істің жүзеге аспай қалуымен қатар құқыққорғау органдары қызметкері үшін өте ауыр салдарға, тіпті, өлімге де алып келуі мүмкін. Қызметтік борышты орындауға, тапсырылған істің әділдігіне бір сәт болса да күмәндану тұлғаның өмірін мүлдем басқа бағытқа бұрып жіберуі мүмкін.
Құқықтық мемлекетіміздің құқықтық жүйесінде де азаматтардың құқықтық санасы мен заңгерлердің құқықтық мәдениетінің қалыптасуына олардың ішкі түйсік қабілеттері де елеулі әсер етеді. Олардың ішкі түйсік қабілеттерін қызмет барысындағы жауаптылық пен адамгершілік қарым-қатынас сипатына қарап талдауға болады.
Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға катынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптарын адамгершілік одан әрі нақтыландыра түседі. Тұлғаның қабылдаған моральдық нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Тұлғаның даму үдерісінде оған моральдың бағалаушылық және нормативтік жақтары әсер етеді. Моральдың бағалаушылық жағы жақсылық пен әділдікке негізделсе, нормативтік жағы борышқа бағытталған. Борыш — бұл құқықтық нормалардың барлық жиынтығын заңгер мамандардың іс жүзіндегі әрекетімен байланыстыратын өзек. Бұл өзекке біртұтас болып негізгі мен туынды, бағалаушылық пен нормативтік, жетістіктер мен арман-тілектер жинақталған. Мұнда теория тәжірибеге, жақсылық пен әділдік идеялары мықты материалдық күшке, моральдық қағидалар мен нормалар шынайы әрекеттерге айналады. Борыш арқылы моральдың белсенді табиғаты тікелей көрініс табады. Ол идеялар мен мақсаттарға нақты сипат берумен қатар, оларға жетуге итереді, талап етеді. Сол себепті де, қоғамдық борышты қолданыстағы құқықтық сана деп атауға болады. Ол, ең алдымен, адамның адамгершілігіне сипаттама бере алады, себебі, адамның әрекеттері арқылы оның адамгершілік касиеттері мен кемшіліктеріне баға беруге болады.
Заңгер мамандардың жүріс-тұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді:
- қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және коғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын онын қоғамдық қолдауға мүдделілігі;
- объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс-тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы;
- өз әрекеттерінің «еркіндігінің» нәтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни, әрбір жекелеген кызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар шегінде өзінің моральдық тандауына жауап беру міндеті.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік борышының объективтік және субъективтік жақтары болады.
Объективтік жақ мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін корғау, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кажеттігімен анықталады.
Субъективтік жақ мемлекеттің құқыққорғау органдарының алдына қойған төмендегідей нақты міндеттерімен анықталады: құқықтық тәртіпті нығайту, мемлекет пен қоғамның кауіпсіздігін, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді орындаудағы қызметкерлердің саналылығы және жауапкершілігі, әрбір қызметкердің борыш талаптарын, жалпы істегі өз орны мен ролін түсінудегі, өзінің борышқа деген ішкі сезімін анықтаудағы, өзіне-өзі жоғары талаптар қоя білудегі қабілеті мен дайындығы.
Құкыққоргау органдарының кейбір мақсат-міндеттері ерікті және мақсатқа жетелеуші қызметке айналады, себебі, оларды қызметкерлер әділ әрі ақиқатты ретінде қабылдайды. Ішкі қозғаушы себеп құқыққорғау органдарының әрбір қызметкерінің адамгершілік борышының мәніне тұлғаның адамгершілік күштерінің қайнар көзі ретінде еніп кетеді.
Бақылау сұрақтары:
Кәсіби этика мен борыш категориясының айырмашылығы
Адамгершілік категориясы және қызметтік міндет
3. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өзіне-өзі жоғары талаптар қоя білудегі
қабілеті мен дайындығы.
Қажетті әдебиеттер:
1. Кроноткин П.А. Этика. М., 1991
2. Абишев К. Қазақтың би шешендері. Алматы, «Жазушы» 1993
3. Артыкбаев Ж. Материалы к истории правящего дома казахов. Алматы, 2001
5-лекция. Тақырыбы: Этикалық адамгершілік категориялар
Жоспары:
1. Этикалық категориялардың түсінігі
2. Этикалық адамгершілік категориялардың ерекшелігі
3. Этикалық категориялардың функциялары
Лекция мақсаты: Заңгер қызметкерлердің өз қызметін атқару барысындағы аса жауапкершілігі мен қызметтік міндеттерді тәжірибелі маманданудың негізінде іскерлік танытып, асыра орындау іс-әрекеттерін баяндайды.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Құқыққорғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардағы адамгершілік қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалармен әлдеқайда жан-жақты реттелген. Сол себепті де, борыш — тілек емес, ол, ең алдымен, мемлекет пен коғамның талабы және бұл талаптың орындалуы міндетті сипатқа ие. Борыштың адамгершілік мазмұны заң күшіне ие құқықтық талаптармен бекітіледі. Борыштың адамгершілік сезімі арқылы көптеген жоғары қасиеттер ашылады. Олар: саналы ынта, қайрат, абырой, рухани мәдениет, қоғамдық міндеттерге деген белсенді қатынас.
Кәсіби борышты тікелей көрсететін және бекітетін қатынастардың барлығы адамгершілік және құқықтық беделге ие. Моральдық нормаларды бұзу көп жағдайларда заң нормаларын бұзуды да білдіреді. Антта, жарғыларда, нұсқауларда көрініс табатын заңды рәсімделген борыш талаптарында моральдық бағалау мен құқықтық норма бірдей орын алған. Кәсіби борыш саласында моральдық күші жоқ занды талаптар болмайтыны секілді құқықтық белсенділігі жоқ адамгершілік нормалары да болмайды.
Алайда, құқыққорғау органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілерде қоғамдық талаптардың бұл екі түрінің өзара әсері әлдеқайда тығыз, әрі тереңірек. Құқықтық және адамгершілік нормалар ұйымдастырушылық, нақтылық пен тәртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Кәсіби борыш белсенді күшке ие, ол қызметкерлердің істері мен ойларын жұмысты нақты және мерзімінде орындауға, барлық күшін қойылған мақсаттарға жетуге бағытталатын ұмтылыспен толықтырады.
Кәсіби борышта кұқықтық және адамгершілік талаптарды нақты бөліп қарастыруға болмайды. Борыштың құқықтык жағының ерекше қасиеті болып катысты болса да, жоғарғы бақылаудың болуы, әкімшілік санкцияны қолдану мүмкіндігі және ережелерді орындамаудағы жазалаудың орын алуы табылады. Ал моральдық нормалар ішкі сенімнің, ар-намыстың негізінде және қоғамдық көзқарас күшінің әсер етуімен жүзеге асырылады. Осы жерде борыштың екі жағы біртұтас сипатқа ие болады. Яғни, кәсіби борыш құқықтық және адамгершілік жақтардың біртұтастығын білдіреді, себебі, моральдық талаптар мемлекет еркімен сәйкес келеді. Құкықтық санкция мен моральдық итермелегіш қүш құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің санасы мен еркіне әсер етуде түрліше сипатқа ие. Құқық жедел түрде әсер етеді, ал ішкі сеніммен, моральдық итермелегіш күшпен жүзеге асырылған әрекеттер негізділікке, тұрақтылыкқа ие, алайда, моральдык тұрғыдан дайындығы бар қызметкер өз әрекеттерін адамгершілік қағидаларға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Құқықтық санкция бірден әсер етеді және жекелеген қызметкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеуді қолданумен сипатталады. Адамгершілік талаптар адамның әрекеттерінің барлық түрлеріне таралады. Олар қызметкерлердің қатынастарындағы өзгерістерді бағалау мен көрініс табу жағынан белсенді сипатқа ие.
Адамгершілік борыштың маңызды құрамдас бөлігі болып өзіндік тәртіп табылады. Егер жеке сеніммен, ар-намыспен сәйкес келмесе, құқықтык әсер ету күші де, ұжымның әсері де жедел-қызметтік іс-әрекеттерде қызметкердің моральдык нормаларды сақтап, өз мінезінің беріктігін керсетуінің кепілі бола алмайды. Ең алдымен, адамның борышқа деген адамгершілік қатынасының жоғарғы дәрежесі қажет, борышты орындау ар-ожданның талабына сәйкес болуы тиіс және кәсіби борыштың басты көрінісі ретіндегі тәртіп өзіндік тәртіпке айналуы тиіс. Себебі, өзіндік тәртіп дегеніміз кәсіби борыштың талаптарын орындау қажеттігін түсіну, өз әрекеттерін кәсіби борыш талаптарына келістіруге дайындық, ішкі мүдделілік. Анттың, жарғылардың, өз басшыларының талаптарын орындаудағы ішкі дайындық, оны қажеттік ретінде түсіну - жауапкершіліктің ең жоғарғы көрсеткіші, кәсіби борышты мәжбүрлеу арқылы емес, өз ар-ожданына қарай, ерікті орындау дайындығы. Борыш пен жеке моральдық сезімдер арасында, борыш пен ар-ождан арасында оңтайлы қатынастарды орнықтыру борыштың талабы ретіндегі қоғамдық тәртіптің өзіндік тәртіп деңгейіне көтерілуіне алып келеді. Борыш адамгершілік қажеттікке айналады. Сол себепті де, өзіндік тәртіп дегеніміз борыш пен ар-ожданның жақындасуы негізінде жүзеге асырылатын, жоғары адамгершілік сипатқа ие мінез-құлық қалпы.
Алайда, кәсіби борыштың қоғамдық қажеттігін түсіну, сезіну — өзіндік тәртіптің бір жағы ғана. Оның екінші жағы болып алдына қойылған міндеттерді орындау шегіндегі жүріс-тұрысты таңдау бостандығы, ерік бостандығы болып табылады. Орындаушылык қасиет ынтамен, өз дербес шешімі үшін жауапкершілікті мойнына алуға дайындықпен толықтырылғанда ғана қызмет үшін маңызды сипатты иеленеді. Ынтаның болмауы орындаушылықтың адамгершілік құндылығын жоғалтады, ал орындаушылықсыз ынта — тәуекел ретінде көрсетуге тырысатын кемшілік. Саналы тәуекел жалпы мүдделерден, борышқа деген адалдықтан туындайды.
Ерекше атап өтетін бір мәселе, құқыққорғау қызметінде адамгершілік қатынастарды қалыптастырудың тәжірибедегі міндеті кызметкерлер қызметінің моральдық талаптары мәселесін шешуді қажет етеді. Кәсіби борышты орындауды моральдық бағалау талабын анықтау қызметкер мен ұжымның жүріс-тұрысының себептерін зерттеуді талап етеді. Кәсіби борыштың адамгершілік өлшемі болып сөздер емес, мемлекет пен қоғамға, қызметкерлердің бір-біріне деген қатынасынан туындайтын істер табылады. Қызметкерлердің жоғары моральдық-патриоттық және кәсіби қасиеттері көп жағдайда олардың кәсіби және қоғамдық қызметке белсенді араласуы кезінде қалыптасатыны белгілі.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби борышын орындаудың адамгершілік талабы түсінігіне оның тәжірибелік нәтижелерімен қатар жүріс-тұрыс себептері де кіреді. Жекелеген түрде қызметтің объективтік салдары (оның нәтижелері) да, субъективтік себептер (жүріс-тұрыс себебі) де кәсіби борышты орындаудың адамгершілік құндылығы туралы жауап бере алмайды. Оны жүзеге асыру үшін қызметкердің алдына қойылған міндетін орындаудағы жауапкершілігінің деңгейін, тұлғаның мәселелерді шешу мүмкіндігін және өз әрекеттерінің салдарын есепке алу деңгейін анықтаудың маңызы зор.
Бақылау сұрақтары:
1. Этикалық категориялардың түрлері мен өзара байланысы
2. Этикалық адамгершілік категориялардың қолданылу тәсілі
3. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби борышы
Қажетті әдебиеттер:
1. Өзбекұлы С. «Қазақ билерінің көзқарастарындағы әділетті басқару және әділсот
мәселелері» 1998
2. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986
3. Абишев К. Қазақтың би шешендері. Алматы, «Жазушы» 1993
4. Амандықов Х. «Жеті жарғы», 1991
6-лекция. Тақырыбы: Мораль және құқықтық сана
Жоспары:
1.. Моральдың пайда болуы және қызметі
2. Құқықтық мораль және құқықтық сана
3. Моральдың құқықпен, этикамен өзара байланысы
Лекция мақсаты: Құқықтық тәрбие беру арқылы құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған заңгер мамандарын қалыптастыру болып табылады.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Азаматтардың құқықтық санасы мен тәртібін құқықтық тәрбие беру арқылы қалыптастыра отырып, заңгер мамандар өзінің қоғамдық борышын, заң нормаларын орындау және заңдылық қағидалар мен құқықтық тәртіпті қорғау міндеттерін ұғынатын саналы азаматтарды тәрбиелеу арқылы құқықтың негізгі қызметін жүзеге асырады. Сонымен жеке тұлғаға сапалы құқықтық тәрбие берудің негізгі дәлелі деп - заңгер мамандардың жоғары деңгейде дамыған құқықтық санасы мен мәдениетін айтамыз.
Құқықтық тәрбие беру арқылы құқықтық мәдениетті бойына сіңірген заңгерлердің ең жоғары деңгейі профессионал – заңгерлер деп аталады. Бұл топқа жататын мамандар: құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын азаматтар (тергеуші, сот, прокурор) және заңгерлік кеңес беру немесе жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалар. Олардың көпшілігінің құқықтық сана – сезімі, білімі мен біліктілігі және құқыққабілеттілік тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады. Сондықтан олар нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға өте зор үлес қосады, қателікке, кемшілікке жол бермейді. Бұл бағытта әсіресе маман заңгерлердің рөлі өте жоғары дәрежеде болады. Олар құқықтың шығу, қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, дамытып отырады. Нормативтік құқықтық актілердің сапалы болып шығуына, орындалуына маңызды үлес қосады. Профессионал заңгерлер құқықтық сана-сезімдері мен құқықтық біліктілігін ұштастыра отырып, құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
Құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан заңгер мамандар дегеніміз – заң мен құқық күшін сезінетін, мемлекеттік аппарат жүйесін, қызметтері мен өкілеттіктерін ұғынатын, құқық бұзушылықтың түрлерін, заңды жауапкершілік шараларын білетін, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндеттерін орындайтын құқықтық мемлекеттің жаңа заман талабына сай бәсекеге барынша қабілетті білікті азаматы.
Құқықтық санасы қалыптасқан құқықтық мәдениеттің негізгі шарттары:
- біріншіден – халықтың рухани және құқықтық сана-сезімін дамыту;
- екіншіден – мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту;
- үшіншіден – заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату;
- төртіншіден - мәдениеттің жетістіктерін қорғау;
- бесіншіден – құқықтық мемлекет қалыптастыру болып табылады.
Құқықтық санасы қалыптасып, құқықтық мәдениеті дамыған құқықтық мемлекеттегі мемлекеттік биліктің бағыттары:
- біріншіден – қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму процесін күшейту;
- екіншіден – мемлекеттік құзырлы органдар қызметкерлерінің мәдени сапасын жақсартып, білімі мен біліктілігін және тәжірибесін көтеру;
- үшіншіден – демократияны барынша дамыту болып табылады.
Демек, құқықтық мемелекет құру үшін біз алдымен халықтың құқықтық санасын және заңгерлердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Ал, құқықтық мәдениет сөйлеу мәдениетінен бастау алады. Сондықтан біз тәуелсіз мемлекетіміздегі заңгерлердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы демократиялық құқықтық мемлекет құра аламыз.
Заңгерлердің сөйлеу мәдениетін жетілдіру барысында сөйлеу әрекетіне талдау жасай білуі – шешендік тәсілді меңгерудің бір жолы болып табылады. Жиналыс, конференцияларда, лекцияларда сөйлеген немес радио, теледидардан тыңдаған шешендердің сөзінің мазмұнына ғана көңіл аударып қана қоймай, материалдарды беру тәртібіне, тілдік шеберліктеріне, шешендік әдістеріне де көңіл бөлген жөн. Шешеннің сөйлеуінде не ұнайды, не ұнамайды, қандай әрекеттері, қандай тәсілдері, қай сөздері сәттілікке жеткізді, қайсысы сәтсіздікке ұшыратты деген сауалдарға талдау жасаған дұрыс. Әсіресе шешеннің халық алдындағы құқықтық қарым – қатынасына, өзін-өзі ұстауына назар аудару керек. Мысалы: грек шешені Демосфенді шешендік өнермен айналысуға жетелеген Каллистрат шешеннің Ороптың қылмыстық ісі бойынша сотта сөйлеген сөзі еді. Каллистрат істе жеңіп шығып, халық оны зор сүйіспеншілікпен қаумалап үйіне дейін шығарып салады. Қылмыстық ісі бойынша сотта Каллистраттың Оропты ақтап шыққан шешен сөзінің күшіне таң қалған Демосфен балалық ойынының бәрін тастап, сөйлеу өнеріне өзін өзі жаттықтырған. Шешендердің сөзін көп тыңдады, естіген сөздерін жүйесін бұзбай қайта айтып шығатын болған. Кейде өзіне ұнамаған тұстарын өзгертіп, өзінің сөйлеу қабілеті шегінде баяндаған. Өзі тыңдаған шешендердің сәтті қолданған сөздерін жазып алып, кейін өз сөзінде пайдаланған. Сәтсіздікке ұшыраған шешендердің сөздеріне талдау жасап, себебін анықтап отырған. Осылайша шешендердің сөйлеу әрекетіне талдау жасай отырып, көне грек мемлекетінің шешеніне айналған.
Қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарын танып-білу, жинастыру, сұрыптау және соған сай ескеріп-пайдалану патшалық Ресей өкіметі үшін ең басты нысанаға-қыр өлкесін отарлау саясатына бағынды, осы саясат аумағында және «режимінде» іске асты. Ресей империясының мүддесін қүқықгық тұрғыдан қамтамасыз ету, демек, Ресей заңдарының да дала өлкесіндегі үстемдігін жүзеге асыру-бүл бағыттағы атқарылар істің негізгі арналарының бірі бодды. Дегенмен, отарлау саясатын нақгы іске асыру барысында бүл мақсатқа бірден қол жеткізе қою мүмкін еместігі көзге көріне бастады. Ресей өкіметінің зандарын қазақ даласына тарату, олардың талап-тілегін, қағида-жарғыларын ел ішіне сіңіру өрекеті көшпелі қоғам тарапынан үлкен қарсылыққа үшырады. Метрополияның қүқықгық жүйесінің әсерін, қызмет аясын кеңейту шаралары жергілікті түрғындардың «кері итеру» , «қабылдамау», « мойындамау» реакциясына тап болды.
Қазақ әдет-ғүрып құқығы нормаларын Ресей өкіметі өз мүддесі көлемінде пайдалануға тырысты, оның ішкі потенциалын, қүндылығын өз көкжиегі көлемімен шектеді. Осы түрғыдан өдет-ғүрып күқығы жүйесін нақгылап үстап, осы «биіктіктен» түншықгырып бақгы, соған сай ішкі қыр-сырын білуге, қүпиясын ашуға тырысты. Әдет-ғүрып қүқығы нормаларын бірте-бірте ығыстырып, босаған аумақгы өз зандарымен толықгырып, ал әдет нормаларын қызмет істейтін өмір салаларында белгілі бір шектеулер қойып, бақылауға алып, барынша өз әмірін жүргізуге талпынды.
Керекті жерінде өз заңдарын әдеттік заңдармен қатар, «бәсекелестіре» кабылдады. Бірақ қазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрыптық заңдардың маңызы мен қазақ халқының құқықтық санасы өзгерген жоқ.
Патша өкіметі әдет-ғұрып құқығы нормаларын елді мемлекеттік мүдде тұрғысынан басқару мақсатында пайдаланды. Яғни, әдет-ғұрып құқығы нормаларының ішкі потенциалын осы мақсатта игеріп, қолдануға тырысты.
Мінеки, сондықган олар әдет-ғұрып қүқығы нормаларына аса бір сақгықпен, талғампаздықпен қарады. Олардың тек мемлекет мүддесіне, өкімет саясатына қарсы келмейді, кедергі жасамайды дегендерін ғана қолдап, солардың ғана сақгалуына, өмір сүруіне жағдай жасауға тырысты. Ал, империя мүддесіне қайшы келер өдет заңдарын, шамасы келгенше шектеуге, оларды өз зандарымен айырбастап алмастыруға, ал реті келсе күш қолданып еріксіз түрде басып жаншуға дейін барды.
Ресей өкіметінің қазақ әдет-ғүрып қүқығы нормаларын жинап, жүйелеп, кұрастырудағы мақсаты мыналар еді: бірішшден, көшпелілердің әдеттік заңдарын танып-білу, сол арқылы сахара тұрғындарының құқықгық өміріне үңілу; екіншіден, әдет заңдарын Ресей заңдарымен салыстыра қарап, олардың империя мүддесіне, саясатына және нормаларына қарсы келетіңдерін шектеп-жою, алшақ жататындарын жұмсарту, үйлестіру; үшіншіден, дала халқының бүкіл құқықгық өмірі патша әкімшілігінің көз аддында және толық бақылауында әрі басқаруында болуын қамтамасыз ету, оның көзден таса қалар жөне бақылаудан шығып кетер бірде-бір бөлігінің болмауына жағдай жасау; дөртіншіден. қолайлы жағдай туып, реті келген сәттерде, не аса бір қажеттілік орнаған мезгілде қазақгардың қүқықгық өмірін бөлшектей, ал сәті түссе түгелдей реформалау еді. Сөйтіп дала жұртының кұқықгық өмірін Ресей империясының құқықгық жүйесінің толық бағынышты бір бөлшегіне, құрамдас бөлігіне айналдыру еді. Патшалық үкіметтің саясаты толығымен орындалды ма? Жоқ, қазақ дәстүрлі қоғамында аслт-дәстүр ережелері мен әдет-ғұрып-қағидалары өз күшін жоймады. Халық жадында саналы түрде сақталды. Қазақ билері құқықтық жүйені жаңғырта отырып, әдет-ғұрып қағидаларына сүйене отырып, қазақ халқының құқықтық мәдениетін қалыптастыра білді.Осындай құқықтық мәдениетті заман талабына, қоғамның тілек-мақсатына орай үйлестіре отырып, бүгінгі таңда тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекет құрудамыз.
Бақылау сұрақтары:
1.. Құқықтық сананың қалыптасу жолдары мен даму сатылары
2. Құқықтық сананы қалыптастырудағы заңгерлердің қызметі
3. Мораль ұғымы және құқықтық тәрбие
Қажетті әдебиеттер:
1. Орынбеков М.С. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» Алматы. Ғылым, 1996
2. Материалы по истории политического строя Казахстана. Алма-Ата, 1960
3. Арғын М.Г. «Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы» Қазақ халқындағы билік етуі жайында. Саясат журналы. 1996.
4. Адамбаев Б. Шешендік өнер. Алматы, 1969
5. Киселев Я.С. Этика адвоката. Л. 1974
6. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986
7-лекция. Тақырыбы: Мораль функциялары және заңгерлердің психикалық ерекшелігі
Жоспары:
1. Моральдық нормалардың түсінігі және белгілері
2. Заңгерлердің психикалық ерекшелік сипаты
3. Құқыққорғау қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптері
Лекция мақсаты: Студенттерге өздері таңдаған заңгерлік мамандықтың басқа мамандықтарға қарағанда анағұрлым басымдықтарын және заңгер мамандарының психикалық мән-жайларын жете түсіндіру.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Қазіргі қоғамда отбасында ата-аналар бала тәрбиесіне үлгі етіп, шешендік асыл сөздерден мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартып, ойын нақыл сөздермен оятып, мектепте шешендіктің (ораторство) мәнін жан-жақты ұғындыратын алуан түрлі әдеби жұмыстарды: пікірталас, пікірсайыс, ой тереңдігіне көз жүгірту, сахналық қойылымдар ұйымдастыру қажет.
Шешендік тіл қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік, өнер және мәдени салалардың бәрінде қолданылады. Әсіресе заңгерлердің кәсіби қызметінде шешендік тілдің (ораторлық) орны ерекше. Құқық – қоғамдық дамудың нәтижесі, ол қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда болса, құқықтық тіл – ең алдымен, өзіндік терминологиясы бар заң тілі, әр түрлі нормативтік актілер тілі. Заңның тілдік құралдарын заңгер кәсіби қызметтерін орындағанда, әр түрлі қаулыларды және айыптау қорытындыларын, жауап алу хаттамаларын, келісім шартты құрастырғанда, сот үкімдері мен шешімдерін шығарғанда қолданады. Ал шешендік тіл – Оратор заңгер сот отырысында заңның тілдік құралдарын шешен сөйлеу мәнерімен еркін жариялап, сотқа қатысушы тараптардың санасына заң терминдері мен құқық нормаларын тыңғылықты түсіндіруі арқылы ерекшеленеді.
Заңгерлердің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың психикалық ерекшелігі – ретінде мемлекеттік тілді қастерлей отырып, кәсіби сөйлеу мәдениетін жетілдіруде шешендік сөздерді шебер қолдана білу болып табылады. «Ана тілің арың бұл - ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей ана тілі яғни мемлекеттік тіл заман талабына сай қоғамның барлық қызметкерлеріне қызметтік міндеттер мен іс-құжаттарды жүргізуге және орындау үшін ортақ құрал. Сөйлесу арқылы адам баласының ішкі дүниесін, мінез-құлқын, адамгершілігін, парасаттылығы мен біліктілігін пайымдауға болады. Ақыл, парасаттың көзі – терең ойда. Қазақ қоғамында билік айтып даулы мәселелерді шешіп төрелік көрсеткен билердің шешен атануы – мемлекеттік тілдің яғни қазақ тілінің ондағы сөз қорының байлығы мен терең мағыналығын ашып, бұқара халықтың санасына жеткізе білуінде. Терең ойлап, билік айтар заңгерлердің қызметі үшін шешендік мемлекеттік тіл қатынасы - өткеннен өнеге, келер ұрпаққа ұлағат болып қала бермек.
Логикалық жүйемен саналы түрде терең ойлау, дәстүрлі қалыппен салихалы сөйлей білу заң факультеті студенттерінің шешендік тіл мәдениетін қалыптастырады. Тіл байлығы мен оның қадір-қасиетінің заңгер мамандарына табысты қызмет етуі – олардың шешендік тіл мәдениетін толыққанды меңгерген жағдайда ғана айқындалады. Шешендік тіл – ділмар ата-бабаларымыздың сөз сарасы, тіл маржаны, ақыл-ой дәриясы, бізге мұра етіп қалдырған кір шалмас ғұмырлы өсиеті.
Халық алдында мемлекеттік тілде еркін де ашық, кішіпейіл көңілмен сұхбаттасу, заңды кеңес беру, мемлекеттің мүддесін, азамттардың құқықтарын қорғауға шығарылған заңның мағынасы мен қызметін елге шешендік тіл қабілеті арқылы жете түсіндіру заңгер мамандардың білімі мен біліктілігін көрсетеді. Ең бастысы осы тәсілдерді игерген, қызметтік қолданыста пайдаланған заңгерлері төмендегідей үш бірдей мақсатты орындаған болып есептеледі:
- біріншіден, халықты дәлелді айғақтармен сендіру;
- екіншіден, уәжге тұру және ой тапқырлығымен халықты өзіне бағындыру;
- үшіншіден, шынайы әділ шешімімен халықтың қолдауына ие болу.
Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоретигі Марк Туллий Цицерон шешендік өнер туралы «Ақын болып туады, шешен болып шығады» («поэтами рождаются, ораторами делаются»). Ұлы шешен ақындыққа талантты болыа туу керек екенін, ал шешендікке көп оқып, көп ізденіп, көп сөйлеп жаттығып, күш – қуат жұмсаудың қажеттігін айтқан.
А.Ф.Конидің пікірінше, шешендік пен көпшілік алдында сөйлей алушылық – екі түрлі нәрсе. Шешендік, қызыл тілге жүйріктік адамның табиғатынан бар талант болса, көпшілікке сөйлей алушылық күнделікті сөйлеу тәжірибесінен, үздіксіз сөйлеп жаттығудан пайда болады. Шешендік өнердің тарихына үңілсек, көне грек шешені Демосфен шешен дәрежесіне зор күш-қайрат жұмсадың арқасында замандастарының арасында табысқа жеткен.
Ертедегі грек тарихшысы Плутархтың пайымдауынша көне Римнің қайталанбайтын өзгеше білімдар жан – жақты әбден төселген майталман шешені Цицерон. Тағы бір әңгімесінде Плутарх Цицеронның баға жетпес шешендік қасиетін былай келтіреді: бір күні Афинаның шешені Аполлоний римдіктердің тілін білмегендіктен, Цицероннан грек тілінде сөйлеуді өтінеді. Цицерон Аполлоний сөзімдегі кемшіліктерді айтып жөндер деген оймен келіседі. Цицерон сөзін аяқтағанда, елдің бәрі оған таң қалып, мадақтайды. Тек Аполлоний ғана ешнәрсе айтпайды, үнсіз отырып, ойланып қалады. Ақырында Цицеронның жабырқау тартқанын көріп Аполлоний өз ойын айтады: «Цицерон, сенің өнеріңе қатты сүйсінемін, мадақтаймын, бірақ Греция үшін менің жаным қатты күйзеліп ауырады, біздің артықшылығымыз және соңғы мақтанышымыз болдып есептелетін – білімдарлық пен шешендік - сенің кінәңнан римдіктерге көшіп жатыр».
«Шешендер туралы» деген еңбегінде көне Римнің әйгілі данышпаны Цицерон шешеннің үш түрі бар екенін айтады: Олар:
1. айтылмақ ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқынқандылықпен» ұсынатын шешен;
2. тыңдаушының сезіміне әсер етуді мақсат етіп, белгілі бір ассоциациялар тудыратын көркемдеуіш – бейнелеуіш элементтерді көбірек пайдаланатын қызуқанды шешен;
3. сөз сөйлеу ретіне қарай жоғарыдағы екі стильдің де элементтерін шебер қолданатын шешен.
Сот психологиясы бойынша теориялық және практикалық материалдарға талдау жүргізу, кәсіби қызметін жүзеге асыру барысындағы шешен сөйлеу әрекетіне тікелей бақылау жасау, тергеушілермен әңгімелесу, мамандардан сауалнама алу арқылы құқық қоргау органдарының кәсіби әрекеттеріне сараптамалық баға береді. Г.П.Савченко заң мамандарына шет тілін үйрету әдістемесі, ең алдымен, кәсіби әрекет пен кәсіби қарым-қатынас бірлігіне сүйенуі тиіс деген тұжырым жасайды және тілдік материалды іріктеуде қатысымдық мақсатқа сәйкестілік ұстанымын басты шарт деп таниды. Т.Н.Шишкинаның «Английский язык для юристов» атты оқу құралы да тілді игеру деңгейі әртүрлі заң мамандарына арналған бес тараудан тұратын оқулықтың бірінші тарауында жалпы құқық мәселесі талқыланып, Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінің құқық жүйесіне шолу жасалады, екінші тарауда Ұлыбританияның, үшінші тарауда АҚШ-тың мемлекеттік және құқықтық жүйесі жеке-жеке қарастырылып, төртінші тарауда АҚШ мемлекетінің алқалы сот жүйесі (система суда присяжных) талданады, бесінші тарауда қылмыстық құқық мәселелері бойынша заң мамандарына арналған әр түрлі жаттығулар мен пікірталас және ролдік ойындарға шолу жасалған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың жоғары оқу орындарында заң мамандығы студенттерін ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде кәсіби сөйлеуге үйретуге арналған оқулықтар мен оқу құралдары болашақ заңгерлердің сөздік қорын, тіл байлығын дамытып, мамандығына қатысты арнайы терминдерді дұрыс түсініп қолдану мен пайдалана білу заң терминдерін толық меңгеріп, кәсіби қарым-қатынас барысында қолдана білу сияқты ортақ мақсаттарға негізделген.
Заң факультеті студенттерінің ағылшын, орыс басқа да шет тілдерінде заң терминдерін меңгеруі ол маманның біліктілігін көрсетеді. Ал қазақ тілінде заң терминдерін мағынасын дұрыс талдап қолдана отырып, кәсіби шешендік тіл арқылы мемлекеттік тілде іс-жүргізу қазіргі заман талабы.
Қандай ел болмасын оның өркениетке жету жолында, оның мемлекеттік тілі, сөйлеу мәдениеті, әдет-ғұрпы ерекше мәнге ие. Заң мамандары шешендік сөзді орынды қолдану арқылы өздерінің ораторлық сауатын арттырады. Ораторлық қасиет заңгер мамандардың кәсіби біліктілігінің кепілі.
Көрнекті ақын жазушы Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде шешендік сөзді төмендегіше:
бірінші- шешендер халықты аузына қаратып, нандырып мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлеген сөздерін саясат шешен сөзі;
екінші – шешендер сотта айыпкерді ақтау немесе қаралау мақсатпен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздерін билік шешен сөзі;
үшінші – біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошаметтеп, сөйлеген сөзін қошемет шешен сөзі;
төртінші – білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегенін білгір шешен сөзі;
бесінші – дін жайынан сөйлеген ғұламалар мен молдалар сөзін уағыз - деп шешендік тілді қолданыс қызметіне байланысты, бес түрге бөліп, маңыздылығына жеке-жеке талдау жасаған.
Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі екінші топ, соттағы билік шешен сөзі – заңгер мамандар үшін ықпалы мен маңызы зор. Сотта айыпкердің тағдырын шешуде қорғаушы адвокаттың рөлі өте жоғары. Соттағы билік шешен сөзін қазіргі адвокаттар (қорғаушы) атқарады. Сотта адвокат айыпкердің жазасын қылмыс құрамын жеңілдететін мән-жайларға сүйене отырып, едәуір жеңілдетуге, немесе керісінше, қорғаушы жәбірленушінің құқығын қорғау барысында қылмыс құрамын ауырлататын мән-жайларға, заңды айғақтарға сүйене отырып, айыпкердің жазасын ауырлатуға ықпалды. Сотта адвокат айыпкердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескергенде Қазақстан Республикасының заңдарына, басқа да құқықтық нормативтік актілерге сүйенері белгілі. Адвокат сөзі сот билігіне әсер етуде – біріншіден заңды айғақтармен дәлелдеуімен; екіншіден өзінің сөзге шешендік қасиетін іске асыра отырып, кәсіби шешен сөйлеу біліктілігімен маңызды рөл атқарады.
Бақылау сұрақтары:
1. Заңгерлердің психикалық ерекшелігі туралы грек, римдік ғұламалардың ойлары
2. Шешен сөйлеу мәдениетінің даму жолддары мен сатылары
3. Тергеуші, Прокурор, Сот органдары қызметкерлерінің психикалық ұқсастығы өзіндік ерекшелігі
Қажетті әдебиеттер:
1. Шешендік шиырлары. Алматы. «Қайнар 1993
2. Цицерон М. Три трактата об ораторском искусстве. М.1972
3. Адамбаев Б.Шешендік сөздер. Алматы, 1992.
4. Избранные жизнеописания. Москва., 1987
8-лекция. Тақырыбы: Мораль ізгілікті қызметті анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде
Жоспары:
Мораль құрылысының негізгі элементтері
Моралдың әлеуметтік сипаты мен ізгіліктік мәні
Мораль және құқық, олардың өзара байланысы және айырмашылықтары
Лекция мақсаты: Студенттерге мораль мен құқықтың өзара байланысын және олардың заңгер психологиясынан алар орнын нақтылау.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Кәсіби қызметтің моральдық талабы қызметкерлердің адамгершілік күш-қайратын барынша дамытуға бағытталады және кәсіби борыштың субъективтік жағын тереңдетуге негізделеді.
Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой — бұл өз борышын жан-тәнімен орындаудаудың жоғары әлеуметтік құндылығын (қажеттігін және маңыздылығын) құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі — бұл құқыққорғау органдары қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің қуаты бірден-бір қозғағыш күші болып табылады.
Абырой категориясы қадір-қасиет категориясымен тығыз байланыста. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша сәйкес келеді, бірақ оларды нысандары бойынша ажыратуға болады. Абыройды бағалау — бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал қадір-қасиетті бағалау - бұл, ең алдымен, тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Әрине, қадір-қасиетті бағалау қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік бағалау ерекше рольді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезегінде, тұлғаның, қоғам алдындағы жетістіктерін сезінуіне негізделеді. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі — абыройдың адамдары. Бұл қасиет олардың қызметтік борышты орындауында көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де кайраттылықты, ұстамдылықты, өз ісіне жан-тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Әрине, олар өз қызметінің маңыздылығы, борышты орындаумен байланысты тұрақты қауіп туралы ешкімге жария салып айтпайды. Олар ез міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де оларға риза.
Құқыққорғау органдары қызметкерінің абыройын ол өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің абыройынан бөліп қарастыруға болмайды. Сол себепті де, ол өзінің қызметтес серіктерін ұятқа қалдырарлықтай әрекеттер жасамауға тырысады. Ұжымның абыройы — жеке қызметкердің де абыройы. Абыройды сүю кұқыққорғау органдары қызметкеріне тән қасиет. Дұрыс түсінілген абырой жалпы іске кедергі жасамайды, керісінше, оны орындауға қосымша күштер береді. Ал абыройға табыну жағымсыз сезімдермен ұштасса, онда ол мансапқорлыққа айналады. Мұндай жағдайда адам өзінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін кез-келген құралдар мен жолдарды пайдалануға дайын болады.
Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни, құқыққорғау органдары қызметкерінің осы жүйеде кызмет ететіндігін сезінудің моральдық қанағаттанған сезімін тудырады. Соңғы жылдары құқыққоргау органдарының беделі қоғамдық көзқарас алдында біршама темендегенімен, құқыққорғау органдары жүйесін халық қажетті деп түсінеді және жалпы алғанда оған оң баға берілуде. Қызметкердің борышы — құқыққорғау органдарының беделін қоғамдық көзқарас алдында тұрақты түрде көтеріп отыру және бұл органдардың ең жақсы дәстүрлерін қайта жаңғырту. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы оның жақсы дәстүрлерге деген қатынасынан да көрініс табады. Дәстүрлерді ұмыту немесе оларды аяққа таптау қызметтік ортада қатаң сөгіс табатыны сөзсіз. Дәстүрлер — бұл тек тарих емес, сонымен қатар, коғамдык тәртіпті қорғаушы жас буынды тәрбиелеудің қуатты құралы.
Сонымен қатар, дәстүрлерге сүйену олардың дамуын, алға карай қозғалысын білдіретінін ескеріп кеткен жөн. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы олардан болашаққа деген ұмтылысты, өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін жаңа әдіс-тәсілдерді және қазіргі заман техникасын меңгеруді талап етеді. Ол үшін басқа елдердің құқыққорғау органдарының жетістіктері мен жұмыс тәжірибесімен танысудың маңызы зор. Бұл біздің заңгер мамандарымыздың абыройы мен қадір-қасиетін нығайтып, жоғарылата түседі, заңгерлердің кәсіби борышын тиімді орындауға көмектеседі.
Абырой категориясының тағы да бір құрамдас бөлігі — өз сөзінде тұру. Сөзінде тұратын адам! Бұл — адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде абырой түсінігімен теңестіріп жатады. Сөз бердің бе — сезіңде тұр, уәде бердің бе — орында. Әйтпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады және өтірікші, бос сөздің адамы деген атқа қаласың. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройын құртатын басты кемшілік — айтқан сөзінде тұрмау. Ақыр аяғында мұндай қызметкер беделінен айырылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, абырой категориясы құқыққорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік мәдениетінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Абыройды қадірлеу, бағалау — бұл борыш әрі күнделікті міндет. Абыройдың мазмұны белгілі бір дәрежеде адамның жалпы мәдениетінің деңгейіне, оның рухани және физикалық дамуына, мемлекет туралы ойлай және кәсіби сөйлей білу қабілетіне тәуелді.
Неміс саяхатшысы Иван Шильтберген өзінің "Ұлы Татария туралы" деген мақаласында Сібір даласын жайлаған: татар, башқүрт, қазақ, қалмақтардың тіршілігін сөз ете келе, қазақтардың киіз үйде жерге отырып тамақ ішетінін, көшіп-қонуға, ыстық-суыққа көнбістігін, хан сайлау, оған арғымақ ат, алтын қылыш сыйлау рәсімдерін баяндайды. "Қазақтардың (қырғыздардың) ұлы татария даласында бүкіл түз халықтарының ішіндегі ең ержүрек ел екенін айрықша айту қажет" – дейді.
Ал, Н.Емельянов өз еңбегінде, қазақтардың балаларды кішкентайынан инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелейтініне сүйсінген ғалым: қазақ өз баласына "Егер қарттарды сыйласаң, құдай сені сыйлайды" деген нақылды тиіттейінен миына құйып өсіреді. Егер, үйге ақсақал кіріп келсе, барлық жас түрегеліп, бас иеді және әзіл-қалжың кілт тыйылады",— деп жазады. Ғалым "осы халықта қарттар — үлкен ұстаз" - деп, дұрыс қорытынды жасайды.
Осы пікір өткен ғасырдың екінші жартысынада қазақ даласында болып, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең зерттеп, өзінің "Из Сибири" атты еңбегін жазған неміс оқымыстысы, академик В.В.Радловтың (1837-1918) еңбегінен де байқалады: "..менің, - деп жазды ол, - қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-дәстүрлерімен танысқанымда көзім жеткен ақиқат: бұлардың өзіндік ерекше мәдениеті бар халық екеңдігі. Олардың өмірге көзқарасы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, бір сөзбен айтқанда, бар өмірі мен еңбегі малмен тікелей байланысты болғандықтан, жыл-бойы көшіп-қонуға негізделген..." - деп, қазақ мәдениетіне аса жоғары баға берген.
Демек, демократиялық тәуелсіз құқықтық мемлекетіміздегі заңгерлер өздерінің қызметтік борышын дұрыс атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген заңгерлер еш уақытта сыбайлас жемқорлыққа бара қоймайды.
Сонымен қазіргі таңда қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай әрекет жасалу қажет? Бізге дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстары орын алған ба? Болашақта сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу үшін қандай нақты құқықтық іс – шараларды жүзеге асыру қажет? Осы көтеріліп отырған жалпыұлттық мәселелер төңірегінде ғылыми – зерттеулер жүргізудеміз.
Қазақ қоғамында біздің заманымызға дейін де мемлекеттік маңызы бар істерде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алғандығы тарихтан белгілі. Қазақ халқының «Ру болмай, бұру болмайды» деген нақылы сыбайлас жемқорлыққа берілген азаматтардың теріс іс-әрекетінің дәлелі. Қазақ халқы өз заманында «Шариғат» баптары және шариғат баптарына негізделген «Жеті Жарғы» заңдар жинағының тиісті баптары бойынша әділ қазылар (билер) шешімі негізінде сыбайлас жемқорлық қылмысына қатаң жазалар тағайындаған. Дегенмен, көпке топырақ шашуға болмайды. «Өткенге кесек лақтырсаң, келешек саған тас атады» деген халық даналығын ұмытпаған жөн. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», «Ар тазалығы, жан тазалығы» деген нақылдар қызмет бабында ар – намысты, адамгершілік пен мемлекеттік мүддені жоғары бағалайтын кәсіби қызметкерлердің жарқын бейнесі. Ал, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген халық даналығынан сол кездегі билердің, қазылардың қылмыстық істерге жаза тағайындауда әділ шешім шығара білгендігін, керісінше әділ шешім шығармаған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың көкесі билер мен қазылардың ісінен табылатындығын меңзегенін көре аламыз. Осы орайда «Би басына күн туса, билігі кетер басынан» деп билерге де өз кезегінде тиісті жазаның тағайындалатынын ескерте кеткен. Әділ шешім шығарып, ханға да қараға да бас имей, өз ұстанымынан айнымайтын билерді «қара қылды қақ жарған» деп дәріптеген дана халқымыз.
«Билер Кеңесі» Тәукенің билік құрған тұсында өзінің бойына заң шығару, кеңесшілік қызметті, ерекше маңызды істер бойынша сот әділдігін жүзеге асырған ерекше кұзыретті орган болды. Бұл сол кезеңдегі көшпелі шаруашылық жүргізу қажеттілігінен туған үрдіс еді. Ол сол дәуірдің талап тілектеріне толық жауап берген демократиялық әмбебап ұйым болған. Сондықтан, қазіргі демократиялық қоғамның құқықтық жүйесін құруда заңгерлердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін дәстүрлі құқықтық мәдениеттен алар рухани мұраларымыз мол.
Бақылау сұрақтары:
1. Мораль мен абырой категориясының ерекшелігі
2. Моралдың әлеуметтік сипаты мен сана категориясы
3. Адамгершілік ізгіліктік категориясы
Қажетті әдебиеттер:
1. Артыкбаев Ж. Материалы к истории правящего дома казахов. Алматы, 2001
2. Өсеров Н. Қазақтың үкім-кесімдері. Алматы, 1994
3. Амандықов Х. «Жеті жарғы», 1991
4. Өзбекұлы С. «Қазақ билерінің көзқарастарындағы әділетті басқару және әділсот
мәселелері» 1998
1- семинар. Тақырыбы: Этика ұғымы және оның заты
Жоспары:
1. Этика ұғымының шығу тарихы
2. Этиканың даму кезеңдері және бағыттары
3. Қазіргі этика туралы теориялар
2. Қысқаша мәліметтер: Этика-грек тілініњ “єдет-ѓ±рып” деген сµзінен шыќќан. Этика моральды зерттеу нысанасы етіп алатын философиялыќ пєн. Латын тіліндегі “морал” сµзі этимологиялыќ т±рѓыдан “этика” терминіне сєйкес келеді. Оны кµне грек философы Аристотель адамгершілік, ар іліміне атау ретінде енгізген болатын. Ќандай да бір басы біріккен ќоѓамныњ µзіндік этикалыќ м±раттары мен ќ±ндылыќтары болады. Ол сол ќоѓамныњ этикалыќ санасыныњ ењ биік кµрінісі ретінде сол ќоѓам м‰шесінен к‰тілетін, талап етілетін, ќажет деп табылатын µзіндік нормаларѓа ие. Ендеше этиканыњ пєні ретінде кењ маѓынасында адам, ќоѓам, дєлірек айтсаќ, адамдардыњ ж‰ріс-т±рысын, мінез-ќ±лќын реттеуші нормалар, сенімдер, м±раттар, ќ±ндылыќтар, єлеуметтік ќатынас т‰рлері жєне т.с.с табылады. Басќаша айтсаќ, кµнеден бастап этика “практикалыќ философия” сапасында “µмір туралы таза теориялыќ білімнен” бµлек адамныњ µмірлік жолындаѓы адамгершілік мєселелерін шешетін. ¤зініњ даму барысында мораль, этикалыќ нормалар тµмендегідей ќызметтер атќарады: реттеушілік, ќ±ндылыќты императивтік, комуникативтік, тєрбиелік, танымдыќ жєне т.б.
Басқа ғылымдардың категорияларына тэн белгілерді, ка-сиеттерді иеленгенімен,этикалық категориялардың өзіне ғана тэн бірқатар ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілі мол адам және т.б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік күрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сиякты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қогамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Бірінші топ категориялары — сана категориялары деп те атауға болады, себебі, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т.б. категориялар жүйесінде орталық орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, себебі, мұндай жағдайда олар өздерінің негіздерінен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. Қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Керісінше, олар немқұрайдылыққа әкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекеттерді көрсетіп, оларға белсенді түрде әсер етсе, онда олардың маңызы да артатыны сөзсіз.
Екінші топ категориялары — бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиелініс, моральдық бедел және т.б. Өзінің функционалдық рөлі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектілердің өзара қарым-қатынастарының көрінісі болып табылады. Бұл қатынасгардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, қастық, серіктестік, сенім, сыйластық, екіжүзділік және т.б. моральдық бағалаулармен сипатталады.
Үшінші топ категориялары — бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т.б. адамгершілік сана категориялары көрініс табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Кроноткин П.А. Этика. М., 1991
2. Жарикбаев К.Б. Этика и психология Алматы, 1997
3. Иванов В.Г. Исгория этики средних веков. Л., 1984.
4. ГусейновА. Этика аристотеля. М., 1984.
5. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. Алматы, 2003
4. Бақылау сұрақтары:
1. Этика ұғымы туралы ұлы ғұламалардың ой-пікірлері
2. Этиканың қалыптасу және даму деңгейлері
3. Этикалық ізгіліктің құқыққорғау қызметкерлеріне қатыстылығы
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Құқық этикасының пәні
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Құқықтық этика түсінігі
2. Құқықтық этиканың қалыптасуы
3. Құқықтық этиканы сақтау тәртібі мен маңыздылығы
7. Әдебиеттер тізімі
1. Зеленкова И.Л. Основы этики. М. 1998.
2. Римская И.Н. Этика права: от истоков этики и права к мирозрению. М., 1998
3. Сапарин о.Е. Психология профессионализма сотрудников правоохранительных
органов. Кусганай, 1996.
4. Кокорев Л.Д. Котов Д.ГІ. Этика уголовного процесса. Воронеж, 1993.
5. Кобликов А.С. Юридическая этика. М., 1999.
2- семинар. Тақырыбы: Құқық этикасының пәні
Жоспары:
1. Құқықтық этика түсінігі
2. Құқықтық этиканың қалыптасуы
3. Құқықтық этиканы сақтау тәртібі мен маңыздылығы
2. Қысқаша мәліметтер: Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып-білуге деген ұтылыс күннен-күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек адам. Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық және жергілікті құқық қалыптасады.
Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманда адам өміріндегі құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты және әлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мәні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мән беретін (объектоцентристік) және субъектіге зор мән беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін тандайды. Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағьптарды жоққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы субъектінің мүдделері. Мысал ретінде, сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның рөлін атауға болады, себебі адвокат әрқашан сотталушының мүддесін білдіреді.
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тәуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүріс-тұрыс еркіндігі "берілетін" немесе "берілмейтін" объект ретінде түсіндіріледі.
Құқық этикасының пәніне анықтама берместен бұрын, этиканың пәні мен құқықтың пәнінің анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар.
Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты әртүрлі болады.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғи-тарихи үрдістің (процесстің) нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақыл-парасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан алшақтатады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарама-қайшылықсыз бақытты көтере алмайды және т.б.
Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сәйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды әдістермен танып-білу мүмкін емес. Адам — микрокосм, оның әлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның өзін-өзі дамытуының "соқыр тәуекелі", ал объективтік шындық — адамның ішкі күш-қайратының дамуының көрініс табуының нәтижесі.
Құқық жүріс-тұрыстардың сыртқы жағына, ал этика олардың ішкі жағына мән береді. Олардың өзара күресіне қарамастан, құқықтық норма өзінің моральдық, адамгершілік мазмұнының арқасында ғана өмір сүреді. Осы жағдай арқылы көптеген "бос" заңдардың әмірде кездесуі түсіндіріледі. Сондықтан да, құқық моральдық климатты, адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін мүдделі. Себебі, олар құқықты қоректендіріп отырады.
Құқықтық және адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірден-бір жолы — құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзін-өзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Зеленкова И.Л. Основы этики. М. 1998.
2. Римская И.Н. Этика права: от истоков этики и права к мирозрению. М., 1998
3. Сапарин о.Е. Психология профессионализма сотрудников правоохранительных
органов. Кусганай, 1996.
4. Кокорев Л.Д. Котов Д.ГІ. Этика уголовного процесса. Воронеж, 1993.
5. Кобликов А.С. Юридическая этика. М., 1999.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Құқықтық этика қалыптасуы мен даму сатылары
2. Құқықтық этикет
3. Заңгер қызметіндегі құқықтық этикалықізгілік нормалары
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Заңгерлердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Заңгерлердің кәсіби этикасының түсінігі, оның заты
2. Заңгерлердің кәсіби этикасының міндеттері
3. Заңгерлердің кәсіби этикасындағы зерттеу әдістері
7. Әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. Алматы, 2003
2. Жарикбаев К.Б. Этика и психология Алматы, 1997
3. Орынбеков М.С. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» Алматы. Ғылым, 1996
3- семинар. Тақырыбы: Заңгерлердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі
Жоспары:
1. Заңгерлердің кәсіби этикасының түсінігі, оның заты
2. Заңгерлердің кәсіби этикасының міндеттері
3. Заңгерлердің кәсіби этикасындағы зерттеу әдістері
2. Қысқаша мәліметтер: Қай мемлекеттің болмасын оның экономикалық өсу, сауда-саттық, өмір сүру заңдылықтары сол елдің құқықтық жүйесімен реттелетініне мән берсек, құқықтық жүйені іске асырудағы заңгерлердің елеулі еңбегін ерекше бағалаған жөн. Қазіргі қоғамда мемлекеттер арасындағы дау-дамайлар бейбіт те, дипломатиялық келісімді жолмен шешілгендіктен заңгерлерге қойылатын талап – олардың дипломатиялық қабілеттілігі, құқықтық мәдениеті және сөйлеу шеберлігі.
Жалпы, еліміздің кез-келген жас мамандарының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін М.Дулатовтың айтып өткен пікірін басшылыққа алу керек деп білеміз. Ол өзінің пікірін былай білдіреді: «жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аудару керек».
Жүсіпбек Аймауытов ана тілінің мәні жөнінде: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге тілдерді түсіну мүмкін емес. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазынасы – халық тілі» -деген.
Кез-келген адамның өз тілін жете түсінбей өзге елдің тілін игеріп, қарым-қатынас жасауы да мүмкін емес.
Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп көтереді. Себебі, қай мемлекеттің болмасын мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен теңдесіз тарихи құндылықтарын дәріптейді. Осы баға жетпес ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан сан-ғасырлық құндылықтар мемлекеттік тілдің негізін құрап, содан нәр алады. Қай мемлекет болмасын өзінің сөйлеу мәдениетін тек ана тілінде ғана қалыптастыра алады. Туған ана тілінен нәр алған сөйлеу мәдениетінің өзегі тереңде.
Тәуелсіз құқықтық мемлекетімізді болашақта Азияның барысына айналдыру үшін мемлекеттік қызметтің барлық саладағы қызметшілері аянбай жаңа заман талабына сай тыңғылықты қызмет атқаруға тиіс. Сондықтан да Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, дамып көркеюіне заңгер мамандардың өз үлестерін қосарда, қазақ елінің тарихында із қалдырған тарихи тұлғалардың өмір жолынан сабақ алу, бүгінгі күні құқықтық санамызды серпілтіп, рухани құндылықтарымызды жаңа заман талабына сай жаңғырту арқылы септігін тигізеді.
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. Алматы, 2003
2. Жарикбаев К.Б. Этика и психология Алматы, 1997
3. Орынбеков М.С. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» Алматы. Ғылым, 1996
4. Бақылау сұрақтары:
1. Этика ұғымы мен заңгер этикасының өзара сабақтастығы
2. Заңгер этикасының басқа пәндермен байланысы және өзіндік ерекшелігі
3. Кәсіби этиканың құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қатынасы.
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Құқыққорғау қызметкерлерінің кәсіптік қызметінің категориялары
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Кәсіби борыш, әділдік категориясы
2. Кәсіби ар-намыс категориясы
3. Заңгер мамандығының ерекшеліктері және оның өнегелілік маңызы
7. Әдебиеттер тізімі:
1. Кроноткин П.А. Этика. М., 1991
2. Абишев К. Қазақтың би шешендері. Алматы, «Жазушы» 1993
3. Артыкбаев Ж. Материалы к истории правящего дома казахов. Алматы, 2001
4- семинар. Тақырыбы: Құқыққорғау қызметкерлерінің кәсіптік қызметінің категориялары
Жоспары:
1. Кәсіби борыш, әділдік категориясы
2. Кәсіби ар-намыс категориясы
3. Заңгер мамандығының ерекшеліктері және оның өнегелілік маңызы
2. Қысқаша мәліметтер: Заңгерлердің кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың маңызды бір ерекшелігі борыш категориясы. Борыш категориясы — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сөйлеу мәдениетінде маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да. Тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекетіміздегі заңгер мамандарының кәсіби қызметіндегі борышы – азаматтарға заңды түсіндіру, азаматтардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ету, халықтың құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал жасау сияқты жауапты факторларды өз міндетіне алады.
Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант айтқандай, борыш — адамды өзінен өзін жоғары етіп қоятын ұлылық. А.Блок та оған қосылғандай: "Борышыңды ұмытпа, ол — бұл әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ" деген. Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери және құқыққорғау қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күш ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда. Сол себепті де, мансапқорлық мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесіп жатады. Мұндай борыш шынайы ма, жалған ба — оны анықтау өте қиын. Мұндай жағдайларды әрбір азаматтың, әрбір қызметшінің ішкі дүниетанымы мен сезімі рөл ойнайды. Білікті де сауатты заңгер мамандар бұл категорияны теріс жағынан пайдалануға жол бермейді.
Заңгер мамандарының борышы — тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік-құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет. Мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі заң талаптары заңгерлерге қызметтік борыш жүктесе, азамттардың адамгершілік ішкі сезімдері олардың тілектерін қалыптастырады.
Құқықтық мемлекетіміздің құқықтық жүйесінде де азаматтардың құқықтық санасы мен заңгерлердің құқықтық мәдениетінің қалыптасуына олардың ішкі түйсік қабілеттері де елеулі әсер етеді. Олардың ішкі түйсік қабілеттерін қызмет барысындағы жауаптылық пен адамгершілік қарым-қатынас сипатына қарап талдауға болады.
Заңгер мамандардың жүріс-тұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді:
- қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және коғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын онын қоғамдық қолдауға мүдделілігі;
- объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс-тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы;
- өз әрекеттерінің «еркіндігінің» нәтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни, әрбір жекелеген кызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар шегінде өзінің моральдық тандауына жауап беру міндеті.
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Кроноткин П.А. Этика. М., 1991
2. Абишев К. Қазақтың би шешендері. Алматы, «Жазушы» 1993
3. Артыкбаев Ж. Материалы к истории правящего дома казахов. Алматы, 2001
4. Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіби этика мен борыш категориясының айырмашылығы
2. Адамгершілік категориясы және қызметтік міндет
3. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өзіне-өзі жоғары талаптар қоя білудегі
қабілеті мен дайындығы.
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Этикалық адамгершілік категориялар
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Этикалық категориялардың түсінігі
2. Этикалық адамгершілік категориялардың ерекшелігі
3. Этикалық категориялардың функциялары
7. Әдебиеттер тізімі
1. Өзбекұлы С. «Қазақ билерінің көзқарастарындағы әділетті басқару және әділсот
мәселелері» 1998
2. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986
3. Абишев К. Қазақтың би шешендері. Алматы, «Жазушы» 1993
4. Амандықов Х. «Жеті жарғы», 1991
5-семинар. Тақырыбы: Этикалық адамгершілік категориялар
Жоспары:
1. Этикалық категориялардың түсінігі
2. Этикалық адамгершілік категориялардың ерекшелігі
3. Этикалық категориялардың функциялары
2. Қысқаша мәліметтер: Құқыққорғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардағы адамгершілік қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалармен әлдеқайда жан-жақты реттелген. Сол себепті де, борыш — тілек емес, ол, ең алдымен, мемлекет пен коғамның талабы және бұл талаптың орындалуы міндетті сипатқа ие. Борыштың адамгершілік мазмұны заң күшіне ие құқықтық талаптармен бекітіледі. Борыштың адамгершілік сезімі арқылы көптеген жоғары қасиеттер ашылады. Олар: саналы ынта, қайрат, абырой, рухани мәдениет, қоғамдық міндеттерге деген белсенді қатынас.
Кәсіби борышты тікелей көрсететін және бекітетін қатынастардың барлығы адамгершілік және құқықтық беделге ие. Моральдық нормаларды бұзу көп жағдайларда заң нормаларын бұзуды да білдіреді. Антта, жарғыларда, нұсқауларда көрініс табатын заңды рәсімделген борыш талаптарында моральдық бағалау мен құқықтық норма бірдей орын алған. Кәсіби борыш саласында моральдық күші жоқ занды талаптар болмайтыны секілді құқықтық белсенділігі жоқ адамгершілік нормалары да болмайды.
Адамгершілік борыштың маңызды құрамдас бөлігі болып өзіндік тәртіп табылады. Егер жеке сеніммен, ар-намыспен сәйкес келмесе, құқықтык әсер ету күші де, ұжымның әсері де жедел-қызметтік іс-әрекеттерде қызметкердің моральдык нормаларды сақтап, өз мінезінің беріктігін керсетуінің кепілі бола алмайды. Ең алдымен, адамның борышқа деген адамгершілік қатынасының жоғарғы дәрежесі қажет, борышты орындау ар-ожданның талабына сәйкес болуы тиіс және кәсіби борыштың басты көрінісі ретіндегі тәртіп өзіндік тәртіпке айналуы тиіс. Себебі, өзіндік тәртіп дегеніміз кәсіби борыштың талаптарын орындау қажеттігін түсіну, өз әрекеттерін кәсіби борыш талаптарына келістіруге дайындық, ішкі мүдделілік. Анттың, жарғылардың, өз басшыларының талаптарын орындаудағы ішкі дайындық, оны қажеттік ретінде түсіну - жауапкершіліктің ең жоғарғы көрсеткіші, кәсіби борышты мәжбүрлеу арқылы емес, өз ар-ожданына қарай, ерікті орындау дайындығы. Борыш пен жеке моральдық сезімдер арасында, борыш пен ар-ождан арасында оңтайлы қатынастарды орнықтыру борыштың талабы ретіндегі қоғамдық тәртіптің өзіндік тәртіп деңгейіне көтерілуіне алып келеді. Борыш адамгершілік қажеттікке айналады. Сол себепті де, өзіндік тәртіп дегеніміз борыш пен ар-ожданның жақындасуы негізінде жүзеге асырылатын, жоғары адамгершілік сипатқа ие мінез-құлық қалпы.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби борышын орындаудың адамгершілік талабы түсінігіне оның тәжірибелік нәтижелерімен қатар жүріс-тұрыс себептері де кіреді. Жекелеген түрде қызметтің объективтік салдары (оның нәтижелері) да, субъективтік себептер (жүріс-тұрыс себебі) де кәсіби борышты орындаудың адамгершілік құндылығы туралы жауап бере алмайды. Оны жүзеге асыру үшін қызметкердің алдына қойылған міндетін орындаудағы жауапкершілігінің деңгейін, тұлғаның мәселелерді шешу мүмкіндігін және өз әрекеттерінің салдарын есепке алу деңгейін анықтаудың маңызы зор.
3. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Өзбекұлы С. «Қазақ билерінің көзқарастарындағы әділетті басқару және әділсот
мәселелері» 1998
2. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986
3. Абишев К. Қазақтың би шешендері. Алматы, «Жазушы» 1993
4. Амандықов Х. «Жеті жарғы», 1991
4. Бақылау сұрақтары:
1. Этикалық категориялардың түрлері мен өзара байланысы
2. Этикалық адамгершілік категориялардың қолданылу тәсілі
3. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби борышы
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Семинар сабағында лекция дәптерін тексеру (әр сұраққа мүмкіндігінше қысқаша, нақты жауаптер жазылуы тиіс)
2. Тест тапсырмасымен жұмыс. (тест тапсырмаларын беру арқылы студенттердің білім деңгейіне анализ жасау)
3. Студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын қорғауы. (ауызша қорғау, талапқа сай жазылуы тиіс)
6. Үй тапсырмасы:
1. Келесі семинар тақырыбы: Мораль және құқықтық сана
2. Келесі семинар сабағының жоспары:
1. Моральдың пайда болуы және қызметі
2. Құқықтық мораль және құқықтық сана
3. Моральдың құқықпен, этикамен өзара байланысы
7. Әдебиеттер тізімі
1. Орынбеков М.С. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» Алматы. Ғылым, 1996
2. Материалы по истории политического строя Казахстана. Алма-Ата, 1960
3. Арғын М.Г. «Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы» Қазақ халқындағы билік етуі жайында. Саясат журналы. 1996.
4. Адамбаев Б. Шешендік өнер. Алматы, 1969
5. Киселев Я.С. Этика адвоката. Л. 1974
6. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986
6-семинар. Тақырыбы: Мораль және құқықтық сана
Жоспары:
1. Моральдың пайда болуы және қызметі
2. Құқықтық мораль және құқықтық сана
3. Моральдың құқықпен, этикамен өзара байланысы
2. Қысқаша мәліметтер: Құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан заңгер мамандар дегеніміз – заң мен құқық күшін сезінетін, мемлекеттік аппарат жүйесін, қызметтері мен өкілеттіктерін ұғынатын, құқық бұзушылықтың түрлерін, заңды жауапкершілік шараларын білетін, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндеттерін орындайтын құқықтық мемлекеттің жаңа заман талабына сай бәсекеге барынша қабілетті білікті азаматы.
Құқықтық санасы қалыптасқан құқықтық мәдениеттің негізгі шарттары:
- біріншіден – халықтың рухани және құқықтық сана-сезімін дамыту;
- екіншіден – мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту;
- үшіншіден – заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату;
- төртіншіден - мәдениеттің жетістіктерін қорғау;
- бесіншіден – құқықтық мемлекет қалыптастыру болып табылады.
Құқықтық санасы қалыптасып, құқықтық мәдениеті дамыған құқықтық мемлекеттегі мемлекеттік биліктің бағыттары:
- біріншіден – қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму процесін күшейту;
- екіншіден – мемлекеттік құзырлы органдар қызметкерлерінің мәдени сапасын жақсартып, білімі мен біліктілігін және тәжірибесін көтеру;
- үшіншіден – демократияны барынша дамыту болып табылады.
Демек, құқықтық мемелекет құру үшін біз алдымен халықтың құқықтық санасын және заңгерлердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Ал, құқықтық мәдениет сөйлеу мәдениетінен бастау алады. Сондықтан біз тәуелсіз мемлекетіміздегі заңгерлердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы демократиялық құқықтық мемлекет құра аламыз.
Заңгерлердің сөйлеу мәдениетін жетілдіру барысында сөйлеу әрекетіне талдау жасай білуі – шешендік тәсілді меңгерудің бір жолы болып табылады. Жиналыс, конференцияларда, лекцияларда сөйлеген немес радио, теледидардан тыңдаған шешендердің сөзінің мазмұнына ғана көңіл аударып қана қоймай, материалдарды беру тәртібіне, тілдік шеберліктеріне, шешендік әдістеріне де көңіл бөлген жөн. Шешеннің сөйлеуінде не ұнайды, не ұнамайды, қандай әрекеттері, қандай тәсілдері, қай сөздері сәттілікке жеткізді, қайсысы сәтсіздікке ұшыратты деген сауалдарға талдау жасаған дұрыс. Әсіресе шешеннің халық алдындағы құқықтық қарым – қатынасына, өзін-өзі ұстауына назар аудару керек.