- •Дипломный проект
- •Задание
- •Студент _______________________________________________________
- •Тема проекта_______________________________________________________
- •Тапсырма
- •Сурет 2 – қою/ерекшелеу функциясы бар мультиплексор сұлбасы
- •4 Сурет stm-1 және vc-4 циклының құрылымы
- •1.8 Регенерация бөлімінің ұзындығын есептеу
- •7 Сурет – сботж рб есептеу сұлбасы
- •8 Сурет – Байланысты ұйымдастыру сұлбасы
- •2.2 Оптикалық талшықтың екінщілік параметрлерін есептеу
- •2.3 От жалғағыштарының сөнуін есептеу
- •Сурет 9 – от радиалды ығысуы
- •Сурет10 – от бұрыштық қиысуы
- •Сурет 11 – от осьтік қиысуы
- •2.4. Энергетикалық потенциалды бөлудің есептеуі
- •3.1 Желінің жұмысшы станциясы
- •12 Сурет – lct терминалының программалық (бағдарламалық) жабдықталу құрылымы
- •Сетевой элемент sma-16
- •14 Сурет –тм қолдан отырып іске асырылған «точка-точка» топологиясы
- •15 Сурет - тм и tdm іске асырылған «жүйелік сызықты тізбек» топология
- •17 Сурет – «сақина» топологиясы
- •18 Сурет- 2 Мбит/с сигналының stm-1 қайта қалыптасу сұлбасы.
- •Желі синхронизациясы
- •19 Сурет- синхронизацияның сызықты порт бойынша ұйымдасуы
- •3.4 Синхорнды ағындарды қорғаудың функционалды әдістері
- •3.5Қызмет байланысын ұйымдастыру
- •22 Сурет - soh және poh байттары мен олардың қолданылу мүмкіндіктері
- •22 Суретте сипатталған sma-16модулінің әсері көрсетілген.
- •5 Электрмен қоректендіру жүйесін жасау және есептеу
- •Электрмен қоректендіру жүйесі осмы талаптарға жауап беруі үшін олар келесі принциптерге негізделулері тиіс:
- •26 Сурет – Сенімділік көрсеткіштерін есептеу үшін орналастыру сұлбасы
- •Кесте 9.8 –эксплуатациялық шығындар есебі
3.4 Синхорнды ағындарды қорғаудың функционалды әдістері
Заманаби сандық біріншілік желіге сенімділік параметрлеріне аса жоғары талаптар қойылады. Осыған байланысты заманаби біріншілік желілер каналдардың бірінде бұзылу болған жағдайда оперативті ауысуды атқаратын резервті трактілер мен коммутаторларды қолдану арқылы құрылады. Бұл жағдайда беріліс жүйесінің құрамына мультиплексорлы секцияны (Multiplex Section Protection - MSP) резервирлеу тізбектері қосылады. Жоғарыда көрсетілгендей, SDH желісінде қателіктер мен байланыс параметрлерінің тұрақты мониторингі іске асырылады. Беріліс сапасының айтарлықтай нашарлауы сипат берсе мультиплексорлы жүйеде резервті мультиплексорлы секцияға оперативті қайта қосылу (APS) жүзеге асырылады. Бұл қайта қосылу коммутаторлармен орындалады. Резервирлеу типі бойынша 1+1 және 1:n архитектуралы APS коммутаторларын ажыратады. СЦИ желілерді жобалау кезінде олардың сенімділігі мен сақталғыштықтарын қамтамасыз ету маңызды болып табылады. SDH технологиясы ТОК қолданумен шартталған функционирлеудің жоғары сенімділігі мүмкін болатын жүйені ұйымдастыруды ғана емес, сонымен қатар желінің жұмысқа қабілеттілігін сақтау және қайта қалпына келтіру мүмкін болатын желіні құруға мүмкіндік береді. Оған қоса, бақылау мен басқарудың енгізілген құралдары қателіктерді табуды тездетіп, резервті сыйымдылыққа қосып жібереді. Сондықтан да SDH желілеріне кейде «өздігінен қайта қалпына келетін» терминін қолданады.
Келесі сұлбаларға келетін синхронды желілердің жұмысқа қабілеттіліктерін тез қайта қалпына келтірудің әртүрлі әдістері бар:
– 1+1 және 1:1 сұлбалары бойынша бөлімшелерді резервирлеу;
– 1+1 және 1:1сұлбасы бойынша резервирленген өздігіненқайта қалпына келетін сақиналы желілердің ұйымдасуы;
– 1:1 және N:1 сұлбасы бойынша терминалды құрал-жабдықтың резервирленуі;
– жұмысқа қабілетсіз түйіндерді аралау жолымен желінің жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру;
оперативті қайта қосу жүйесін қолдану.
Резервті қайта қосылулады басқару үшін секциялық атаудың К1 және К2 байттары қолданылады. К1 байтында резервті қайта қосылу сұранысы берілсе, К2 байтында 1:n архитектуралы APS қолданылатын көпір параметрлері жайлы ақпарат беріледі.
Архитектурасының әртүрлі нұсқалары резервирлеудің әртүрлі сұлбаларында қолданылады. SDH желісінің сақиналық топологиясымен байланысты болатын екі сұлба ең кең таралымға ие болған - "ыстық резервирлеу" сұлбасы (сур.21а) мен бөлінген жүктеме сұлбасы (сур.21b). Бірінші жағдайда, трафик тікелей және резервті бағытта беріледі. Зақымдану нәтижесінде реконфигурация жүріп, резервті канал құрылады. Бөлінген жүктеме сұлбасында графиктің жартысы тікелей, ал жартысы- кері бағытта беріледі. Бұл жағдайда бұзылушылық орын алған жағдайда ресурстар деңгейінде қайта қосылу жүзегет асырылады.
сурет – SDH желілеріндегі резервирлеу
3.5Қызмет байланысын ұйымдастыру
STM-n циклінің SOH және POH атаулары әртүрлі қызметтік каналдарды қалыптастыруға қажеттті жетерліктей сыйымдылыққа ие. Атаудың жалпы көлемі 90 (89+1) байт құрайды.
Әрбір байтты қолдану 64 кбит/с. каналын құруға эквивалентті. Барлық көрсетілген байттар 3 типке бөлінеді (21 сурет).
