Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалы блім диплом .rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.47 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

  1. Жобаланатын өндірістің қуаттылығын негіздеу

  2. Жұмысшылар санын есептеу

  3. Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу

  4. Өнімнің өзіндіқ құнын есептеу

  5. Жобаланатын технологияның экономикалық тиімділігін негіздеу

  6. Өндіріс шығындарының қондырғылардың өндірістік қуаттылығын пайдалану дәрежесіне байланысын зерттеу

Қорытынды, негізі техника-экономикалық көрсеткіштер

Қолданған ақпарат қайнаркөздері

Кіріспе

Экономика – қоғам өмірінің аса маңызды саласы. Экономика қоғамдық әрекеттің басқа салалары – саясат, мәдениет, құқық, т. б. салыстырғанда өзінің заңдары бойынша жұмыс істеп дамиды.

Экономика тек кәсіби экономистер күш жұмсайтын сала емес – оның өмір сүруіне бүкіл қоғам мүшелеренің қатысы бар. Басқа сөзбен айтқанда, әр адам экономист болуға міндетті.

Экономиканың басты қызметі - адамдардың материалдық сұраныстарын қанағаттандыра алатын игіліктер шығару. Мұндай игіліктер жасау үшін адамдар қолдарында бар мүмкіндіктердің бәрін пайдаланады. Сол кезде олар бірігіп әрекет жасай бастайды.

«Экономика» өзінің материалдық негізін қалайтын «өндірістен» дамиды.

Кез келген өндірістің қайнаркөздері – қоғамда бар ресурстар. Өндірістің кез келген түрінде табиғи, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс.

Өндіріс – адам өзінің сұраныстарын қанағаттандыратын әрекет жасау тәсілі.

Қазіргі замандағы адамның сұраныстары көбінесе химия өнеркәсібінің өнімдеріне байланысты. Кез келген химия өндірісі экономикалық есептерге негізделеді.

Берілген курстық жобада органикалық емес заттар технологиясы (ТНВ) және «Невинномысск Азот» ААҚ деректерін пайдлаана отырып әлсіз азот қышқылы өндірісінің экономикалық есептері қарастырылады.

1. Жобаланатын өндірістің қуаттылығын негіздеу

Өндірістің қуаттылығы – бір жыл ішінде шығарылатын өнімнің максималды мөлшері. Жобаланып отырған технологияда негізгі жетекші қондырғылар бойынша анықталады. Берілген жағдайда курстық жобалау тапсырмасына сәйкес өндірістің қуаттылығы жобаланатын қондырғылар негізінде есептеледі.

Өндірістің қондырғылар бойынша жылдық қуаттылығын төменгі формула бойынша табуға болады:

Мг = g*n*Tэф (1.1)

мұнда g – аппараттың сағаттық өнімдліігі;

n – өндіріс технологиясындағы бір типтес аппараттар саны;

ТЭФ – бір жыл ішіндегі қондырғылар жұмысының сағаттық тиімділік қоры.

Қондырғылар жұмысының тиімділік қоры үізілісі бар немесе үздіксіз жұмыс істеумен, бір тәулік ішіндегі ауысымдар санымен, жұмыс ауысымыныңұзақтығымен сипатталатын цехтің немесе учаскенің жұмыс режиміне байланысты. Қондырғыларды орнату кезінде көп бос тұрып қалып, шикізат шығындары жоғары болатын өндіріс орындарында үздіксіз өндіріс процесі қолданылады. Химия өнеркәсібінде көбінесе 8 сағаттан болатын үшөлшемдік жұмыс режимі немесе 60 сағаттан болатын төртөлшемдік жұмыс режимі қабылданған өндірістің үздіксіз процесі қолданылады. В соответствии с действующим производством на ОАО «Невинномысск Азот» ААҚ жұмыс істеп жатқан өндіріс үздіксіз үшөлшемді режимі бойынша жүргізіледі.

Өндірістің үздіксіз процесіндегі қондырғылар жұмысының тиімді қорын төменгі жолмен анықтауға болады:

ТЭФ = ТК – ТТО – ТППР (1.2)

Где ТК – уақыттың күнтізбелік қоры, 8760 сағ (365 күн *24 сағ.)

Тт.о. – міндетті түрде болатын технологиялық тоқтаулар, химия өнеркәсібінде жылына 120 сағ. деп қабылданады.

ТППР – қондырғылардың бір жыл ішінде жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарына тоқтап тұратын уақыты.

Қондырғылардың бір жыл ішінде жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарына тоқтап тұратын уақытын есептеу үшін бір жыл ішіндегі жөндеу циклындағы жөндеу жұмыстарының санын анықтау қажет. Ол үшін «Химия өнеркәсібі кәсіпорындарындағы қондырғылардың бір жыл ішінде технологиялық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүйесі» анықтамасынан нормативтік деректерді жазып алу керек.

1 – кесте. Нормативтік деректер

Қондырғының аталуы

Жөндеу жұмыстарының мерзімі, сағ

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда тоқтап тұратын уақыты, сағ

ағымдағы

күрделі

ағымдағы

күрделі

Контактілі аппарат

4320

34560

96

710

Жөндеу циклындағы жөндеу жұмыстарының саны

Lк = RЦ / ТК = 34560 / 34560 = 1 (1.3)

Lм = RЦ / ТМ – LК = 34560 / 4320 – 1 = 7 (1.4)

Мұнда: LК , Lм - жөндеу циклындағы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының саны.

RЦ – жөндеу циклының ұзақтығы, сағ.

ТКМ – ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының қайталану мерзімі, сағ.

Жөндеу циклындағы қондырғылардың тоқтап тұратын уақыты.

ПРК = LК * ПК = 1* 710 = 710 сағ (1.5)

ПРТ = LМ * ПТ = 7 * 96 = 672 сағ (1.6)

Мұнда: ПРК ,ПРТ – бір циклдағы қондырғылардың жөндеу жұмыстарына тоқтап тұратын уақыты, час.

ПКТ – бір жөндеу кезіндегі нормативтік тоқтап тұру уақыты, сағ.

Жөндеу циклының жылмен есептегендегі ұзақтығы.

ДГ = RЦ / ТН = 34560 / 8640 = 4 жыл.

Мұнда: ТН – қондырғының бір жыл ішіндегі жұмысының номиналды қоры.

Қондырғының бір жыл ішіндегі тоқтап тұру уақыты, сағ.

ГПРК = ПРК / ДГ = 710 / 4 = 177 сағ (1.7)

ГПРТ = ПРТ / ДГ = 672 / 4 = 168 сағ (1.8)

ГПРК, ГПРТ – қондырғылардың бір жыл ішінде жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарына тоқтап тұратын уақыты.

Қондырғылардың бір жыл ішінде жөндеу жұмыстарына тоқтап тұратын сомалық уақыты.

ТППР = ГПРК + ГПРТ = 177 + 168 = 345 сағ (1.9)

2 –кесте. Қондырғының жұмыс уақытының балансы

Көрсеткіштер

Уақыт, сағ

1. уақыттың күнтізбелік қоры

2. технологиялық тоқтаулар

3. жөндеу кезінде тоқтап тұру уақыты Соның ішінде

- ағымдағы жөндеу жұмыстары

- күрделі жөндеу жұмыстары

8760

120

345

177

168

4. уақыттың тиімді қоры

8295

ТЭФ = ТК – ТТО – ТППР = 8760 – 120 – 345 = 8295 сағ.

Қондырғыны уақыт бойында пайдалану коэффициенті.

К = ТЭФ / ТК = 8295 / 8760 = 0,964 (1.10)

Жылдық қуаттылық тең болады:

МГПР = 2 * 11,45 * 8295 ~ 190 000 т/жыл