Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туб-з ЧЛО каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.96 Кб
Скачать

Диагностика.

Бет және бассүек туберкулезі негізінен өкпе туберкулезінен кейін пайда болған екіншілік ауру болып саналады, тек сирек жағдайцларда жеке ауру ретінде кездеседі.

Рентгенологиялық диагностика диагностиканың маңызды түрі болып табылады. Туберкулез кезінде сүйек тіні деструкцияланады, және контурлары кедір бұдырланады.

Жыланкөзді туберкуледің түрінде іріңді МТБ ға зерттеу маңызды . Цилю-Нельсен бойынша бактериологиялық зерттеу , люминисцентті микроскопия , ірің бөліністері қоректік ортаға себу жасауға болады. Кейбір жағдайларда қорытынды диагнозды операциялық кірісулер кезінде қояды, себебі ол диагностикалық және ем ретінде болып, басқа да аурулармен ( остеомиелит, қатерлі ісік және тб) дифференциальды диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

Туберкулезды периодонтит диагностикасын жыланкөз бөліндісінен немесе тісті алып тастағаннан кеінгі гранулемадан гранулеманы гистологиялық зерттеуде анықтайды.

Туберкулез диагнозы верифицирленген болады егер :

-Специфическалық казеозды детрит айналасында айқын иммунды қабыну, эпителиоидты клеткалардың және Пирогов-Лангханс клеткаларының жинақталуы анықталса;

-Цитологиялық зерттеу кезінде тіс маңайындағы гранулемада , гранулема гомогенатын сепкенде МБТ анықталса;

Сілекей бездерінің туберкулезы.

Сілекей бездерінің туберкулезы- сирек кездесетін туберкулезтүрі. Ол басқа ағзаларда спецификалық көріністер болмаған жағдайда болады.

Патогенез және патоморфология. Негізінен құлақ маңы бездері , сирек тіласты бездері зақымдалады. Бұл үрдіске терең құлақмаңы бездері де қосылуы мүмкін. Зақымдалу жиі жағдайларда біржақтылы болады, бірақ тотальды, жайылған казеозды ошақтар болады. Сонымен қатар без орнында суық абсцессте ораласуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Науқастар жұтыну кезінде ауырсынуға және ауыз қуысының кебуіне шағымданады. Біртіндеп ісік және қабыну ошақтары пайда болады, ауырсыуныз, кейде жыланкоз пайда болып, сұр түсті иіссіз бөлініспен.

Рентгенологиялық суреті. Контрастты сиалографияға көрсеткіш болып табылады: жағымсыз сезім, сілекей бездерінің орналасу орныныда ауырсыну, төменгі жақтың жұмсақ тіндерінің ісінуі және тығыздалуы, жақасты және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жыланкөздер, субфебрильды температура. Контрастты зат ретінде йодтың органикалық қосылыстарының майлы ерітіндісін қолданады. Контрастты сиалография кезінде сілекей өзектерін сілекейден босату үшін лимон жеуін сұрайды. Затты енгізер кезінде науқасты басын шалқайтып жатқызады, және барлық асептикалақ және антисептикалық есһрежелер сақталу керек. Инені өзекшеге енгізгеннен кейін 0,5 мм 1,0 ерітіндіні төмен қысыммен енгіземіз, рентгенге түсіреміз.

Құлақ маңы безін тура және бүйір проекциясында, ал жақасты және тіласты бездерді аксиальды проекцияда зерттейді. Алынған сиалограммаларды алдын ала жасалған суреттермен салыстырады.

Туберкулезды сиалоденит белгілеріне без орналасқан орындарында әр түрлі қуыстар, кедір бұдарлы бездер атрофиясы жатады. Кейбір науқастарда сілекей бездерінің казеозды зақымдалуы жыланкөздің пайда болуымен сипатталады.

Диагностика.Рентгенологиялық зерттеуде сілекей өзектерінің кедір – бұдыр болуы, қыустар көлемдерінің өзгеруі қабынудың туберкулезды этиология екендігін тек жанама түрде дәлелдейді. Соңғы қорытынды диагнозды қою үшін міндетті түрде бактериологиялық зерттеу нәтижесінде ғана қоюға болады. Зерттеу заттары болып биопсия, зақымдалған бездер жағындысы (пародэктомия) болуы мүмкін. МБТ анықталуы немесе казеозды некроздың анықталуы туберкулез диагнозын нақтылайды.

Жақ – бет туберкулез емі.

Ауыз қуысы және жақ- бет туберкулезы екіншілік қабыну болғандықтан , оның емі комплексті түрде , және арнайы емдеу мекемелерінде жүргізіледі.

Қазіргі кездегі терапевтикалық әдістерге жатады:

  • бүкіл ағзаға әсер ететін жалпы іс әрекет: гигиено- диеталық режим, туберкулезге қарсы химиотерапия, қосымша аурулардың және асқынулардың емі, иммунокорректорды қолдану, дәрумендерді және де басқа патогенетикалық заттарды қолдану.

- Жақ бет аймағында спецификалық процесстің ликвидациясы үшін жергілікті инвазивті және инвазивті емес шараларды қолдану. Жақ бет туберкулезының химиотераписы категорияға байланысты. (бұйрық бойынша МЗ РФ № 109 21 наурыз 2003 ж.)Ол категория аурудың ағамына, ұзақтығына ауырлығына және дәріге төзімділігіне байланысты.

Туберкулезды жергілікті шырышты қабаттарды емдеуге ауыз қуысының ауыз қуысын гигиенасын сақтау жатады. Жергілікті терапия үшін еритін туберкулезге қарсы препараттарды ( изониазид және рифомпецин) аппликация және шаю үшін қолданады.

Изониазид (10% ерітінді, 5,0 мл) тәуліктік доза 5 мг/кг; рифамицин (рифогал) (ампулы 125 мг 1,0 мл) — тәуліктік доза 125 мг.

Жергілікті ем 10-20 тәулік жалғасады, және дозаларын біртіндеп азайтады. Сонымен қатар қосымша антисептикалық және ауырсынуды басатын преператтар қолданады.

Сүйек пен буындардың жергілікті емі.

Процесстың бастапқы кезеңдерінде емді консервативті түрде жүргізеді.

«суық» абсцесспен, секвесторлармен, жыленкөздермен асқынған кезде оперативті ем қолданады. Операцияның көлемі және сипаты жеке сәйкесінше қарастырылады. Инцизия, некроэктомия, бассүек трепанациясы, абсцесстің ашуы, оның қабырғасын сылуы жасалады. Диплоэның зақымдалуы кезінде және сүйектің сыртқы пластинкасының зақымдалуы кезінде некроэтомия жасалады. Бас сүйктің ішкі жағы зақымдалған кезде трепонация, жұмсақ және қатты грануляцияланаған тінді алып тасталынады. Сүйектің алып тасталынған бөлшегін протездермен алмастырады.

Туберкуледы паротиттің емі ауырлық дәрежесіне байланысты. Жедел ағымында туберкулезге қарсы терапия қолданады, 10% изониазида и рифамицина ерітіндісімен сілекей өзекшелерін шаяды. Ремиссия кезінде комплексті ем қолданады, галантамин калия йодидімен электрофарез жасайды.

Егер безде абсцесс жайлмалы түрде болса, резекция тағайындалған.