Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Perizat_Erbolova_kursovoy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.37 Кб
Скачать

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектеп химия курсында Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқытудың маңызын айқындау. Д.И.Менделеев ұсынған химиялық элементтердің периодтық жүйесі элементтің периодтық жүйесі, элементтің атом құрылысы, күрделі заттар қосылыстарының құрамы мен қасиеттері және жоғары оксидтердің оларға сәйкес келетін гидроксидтердің, ұшқыш қосылыстарының қасиеттері туралы мәлімет береді. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы табиғаттың дамуы мен бірлігін көрсететін бірден-бір заң екенін ұғындыру.

Зерттеудің мақсаты: Периодтық заң және атом құрылысы теориясын мектептегі химия курсының ғылыми негізі ретінде қарастыру. Химия курсындағы периодтық заңның орны мен маңызы. Периодтық заң мен атом құрылысын оқыту әдістерінің сипаттамалары. Атом құрылысы теориясының мектептегі химия курсындағы орны, маңызы. Тақырыптардың мазмұны. Периодтық заңды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндірудің ерекшеліктері. Тарихилық принципінің жүзеге асырылуы. Периодтық заңның маңызын түсіндіру тәсілдері.

Д.И.Менделеев периодтық заңының мектеп химия курсының ғылыми негізі ретінде қолданудың тиімділігі мен педагогикалық шарттарын анықтау. Химия курсында Д.И.Менделеев периодтық заңының мәнін ұғынып, түсінуге, қабылдаған білім негізін іс жүзінде қолдана білуге икемдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Мектеп химия курсында Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқытудың маңызы;

  2. Оқушыларды перидотық заңды оқып – үйренуге әзірлеу;

  3. Орта мектеп химия курсында периодтық заң және периодтық жүйе материалдарын ойдағыдай игеру;

  4. Химияны оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық және дербес қабілеттерін дамыту;

  5. Периодтық заңның оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын айқындау;

    1. Д.И. Менделеев периодтық жүйенің негізін қалаушы ғалым.

Дмитрий Иванович Менделеев 27 қаңтарда (8 февраля) 1834 жылы Тобольск қаласында Иван Павлович Менделеев (1783-1847) жанұясында дүниеге келді. Әкесі Тобольск гимназиясының директоры және танымал ұстаз болатын. Жанұяда Дмитрий он жетінші бала болып туылды. Жастайынан бұғанасы қатпай жатып жетім болып қалды. Дмитрий Иванович Менделеев жастайынан табиғатты сүюге, еңбек етуге талпынған шын талант иесі. Д. И. Менделлевтің анасы –Мария Дмитриевна. Анасы бар өмірін балалаларына арнаған, өздігінен сауаттанған адам.

Д.И. Менделлевтің балалық шағы декрабристер көтерілісімен тұспа – тұс келді. Әкесі Дмитрий Иванович Менделеевтің қайтыс болуы ұлы ғұламаның балалық шағына қатты әсер етті. Менделлевтің әлемге танымал болуына бірден – бір жол салған атасы В. Д. Корнильев болатын. Ол ғалымдар еңбектері мен көркемәдебиетті кітаптарын оқуға , білімге ұмтылуға тәрбиеледі. Д.И. Менделеев гимназияда алдыңғы қатарлы шәкірттер қатарында болды.

Д.И. Менделеевтің ғылым жолындағы өрлеу жылдары.

(1847—1859 жылдар аралығындағы Менделеевтің өмірі)

1847ж —Тобольскую гимназиясында оқуға қабылданады.

1855ж — жылы Санкт-Петербург қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмамдады.

1855ж —Симферополь қаласындағы ер балалар гимназиясының жаратылыстану саласындағы ғылым негіздерінің жетекші мұғалімі қызметін атқарды.

1855—1856ж.ж —Одессе қаласындағы Ришельевск лицейде жетекші мұғалім қызметін атқарады. .

1856 жылдары —Ол « Кремниий қосылыстарының құрлысы » тақырыбындағы диссертацисын жоғары дәрежеде қорғап , осы жетістігі нәтижесінде Петербург қаласында «Силикатты қосылыстардың құрлысы », « Кристалды формалы заттардың изоморфты байланысы» атты кандидаттық диссертациясы Д. И. Менделеевті 1856жылы 10 қазанда «химия магистрі» ғылыми дәрежесін алуына негіз болды.

1857 жылы 9 қаңтарда Д. И. Менделеевке Санкт – Петербург қаласының императорлық университетінің химия кафедрасының доценті атағы берілді.

1857—1890 жылдар аралығында Санкт-Петербург қаласының императорлық университетінде оқытушы қызметін атқарды.

1865 жылы — Химия технологиясының профессоры атағын иеленді.

1867 жылы — Жалпы химия ғылымының профессоры атағын иеленді . Сонымен қатар — екінші кадет корпусында химия пәні бойынша дәріс берді.

1863—1872 жылдары —Санкт-Петербург технологиялық институтының профессоры атағын иемденді.

1863—1872 жылдары Санкт-Петербург технологиялық институтында химия лабораториясының меңгерушісі және сонымен бірге инженерлік академия мен ущилищелерде қызмет етті.

1859—1861 жылдары ғылыми іс – сапармен Гейдельберг қаласына барды.

1859жылы – Д. И. Менделеев химия ғылымын жетілдіре зерттеу мақсатында Еуропаға жолдама алды.

Д. И. Менделлев ғылым жолында заттардың ішкі құрлысын, бөлшектерін, байланысу тәртібін, агрегаттық күйін экспериментті түрде жете зерттеп, теориялық деректер мен дәйектерді нақты дәлелдермен көрсете білді.

Гейдельберг университетінің ғылыми орталығында шетел ғалымдары Бунзен, Г. Кирхгоф, Г. Гельмгольц, Э. Эрленмейер Дж. У. Гиббсом бірге жұмыс жасап, Р. Бунзенаның ұқыпты, тамшылату негізінде жасалған зертханалық лабораториясында ғылыми зерттеулер жасады және сонымен қатар ұлы ғалым жалға үй алып заттарды тазарту және бөлуге арналған жеке лабораториясында өз бетінше зерттеулер жүргізді.

Д. И. Менделлеев – ұлы талант иесі.

Д. И. Менделлеев ғылымның әр түрлі салалары бойынша: химиядан, физикадан, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды. Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.

Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігін алғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзі 1878 жылы Париж қаласында А. Жиффар жасаған көлемі 3600 м³ үлкен әуе шарымен көкке ұшты. Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды.

Менделеев Дмитрий Иванович (1834-1907) Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы Д. И. Менделеев жасады. Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды. Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеевоны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодтысистемасын да жасады. Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды. Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағызғылыми болжам болды. Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын. Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзөі әуе шарымен көкке ұшты. Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменіңжобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды. Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады. Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды, әуеде ұшу ісіне де көңіл аударды... Оның Толық шығармалар жинағы қалың-қалың жиырма бес томнан тұрады. Ол дүние жүзінің көптеген елдерінің академиялары мен ғылыми қоғамдарына құрметті мүше болып сайланды. Бір күні Бобловада (Менделеевтің имениесі) шаруалар Менделеевтен: «Дмитрий Иванович, сенің егінің қалайша осылай бітік болып шықты. Бұл өзі саған біткен талант па, әлде бақыт па, осыны түсіндірші бізге?»- деп сұрайды. Сонда Менделеев оларға күлімсірей қарап: «Әлбетте, талант, бауырларым!» - деп жауап беріпті. Шынында да, ол ешқандай асырып айтпаған еді. Оның әрбір ісі нағыз таланттың, талант болғанда да үздіксіз еңбекпен еселенген толассыз таланттың туындысы болатын. Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]