- •Нан пісіру өндірісінің технологиялық жабдықтары.
- •Мөлшерлегіштердің жіктелінуі
- •Қамыр ашыту жабдықтары. Қамыр илеу жабдықтары. Қамыр бөлшектеу жабдықтары.
- •– Сурет. Рмк-60 қамырбөлгіш машинасы;
- •Қамырға пішін беру жабдықтары. Қамырды домалақтау, орау машиналары. Қамыр дайындамаларын толықсыту шкафтары
- •Толықсытуға арналған арнайы шкафтар
- •Макарон өнімдерін кептіру жабдықтары. Олардың жіктелінуі. Макарон өндірісінің технологиялық линиялары.
- •Мөлшерлегіштердің жіктелінуі
- •Мөлшерлегіштердің жіктелінуі
- •Сусымалы өнімдерге арналған салмақтап мөлшерлеуші машиналар
- •Автоматты дискретті жұмыс істейтін салмақтап мөлшерлеуші машина
- •Автоматты үздіксіз жұмыс істейтін салмақтап мөлшерлеуші машина
- •2 Сурет: Үздіксіз жұмыс істейтін автоматты салмақтап мөлшерлеуші машиналар сызбасы.
- •Үздіксіз салмақтап мөлшерлеуші бункелі машина (2 сурет (а))
- •Үздіксіз салмақтап мөлшерлеуші ленталы машина (2 сурет (б))
- •4 Сурет: барабанды араластырғыштар.
- •2.5. Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштар
- •2.6 Периодты жұмыс істейтін араластырғыштар.
- •2.7. Қазіргі заманғы араластырғыш жабдық а9-бсг
2.7. Қазіргі заманғы араластырғыш жабдық а9-бсг
Қазіргі таңда ең көп тараған арластырғышқа А9-БСГ араластырғышы қолданылады. Бұл машина құрама жем лопастты және шнекті араластыру арқылы жұмыс істейді.
7-сурет: Араластырушы машина А9-БСГ
1-аспирационный патрубок; 2-патрубок загрузочный;3 -лопасти спиральные; 4-шнек; 5-цепная передача; 6- мотор-редуктор; 7-вентиль; 8-фильтр; -пневмоклапан; 10-манометр; 1-клапан пневмоцилиндра; 12-пневмоцилиндр; 13-заслонка; 4-окна разгрузочные; 15-днище; 16-корпус.
Тік бұрышты корпусы бар 16, 15 цилиндрлі түбі және тиейтін патрубкасы және 14 шығарушы құбырдан тұрады. Сонымен қатар 12 пневмоцилиндрлі жапқышы бар. Ең негізгі органы болып шнекті білік 4 пен 3 лопастьті біліктері болып табылады. Олар корпустың керегесіне бекітілп орналасқан.
Екіжақтан кіретін шнек 4 және оған концентрлі орналасқан 3 лопасть бір біріне қарама қарсы лоналасқан винттер арқылы жүреді. Және айналу кезінде 6 редукторы арқылы цепті қабылдағыш 5 арқылы интенсивті ингредиенттерді араластырады. Бір циклде (6 минут) өнім 10-12 рет араласады. Қазіргі таңда ең тиімді араластыру жабдығы болып табылады.
Мөлшерлегіштерден кейін бірыңғай қоспа алу үшін оларды араластырады. Қоспаны бірыңғай деп айтуға болады, егер компоненттердің әр түрлі көлемдегі құрамы жалпы қоспадан айырмашылығы болмаса.
Құрама жем зауыттарында араластырғыштардың екі түрі қолданылады. Үздіксіз жұмыс істейтін және периодты жұмыс істейтін.
Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштар
Екі білікті 2СМ -1 араластырғыш. Компоненттерді енгізу мен дайын өнімдерді шығару араластырғыштарда үздіксіз жүреді.
Араластырғыштың екі жартылай білігі 1 жазықтықта түбі жалпақ қаптамада орналасқан. Компоненттер түсетін құбыры бар 6 бетіндегі қақпағы герметикаланып жабылған.
Сурет 1. 2СМ-1 екі білікті араластырғыш. 1 – білік; 2 – қаптама; 3 – қалақшалар; 4 – тісті берілістер; 5 – подшипник; 6 – құбыр;
Әр білікте ұзына бойы пішіні тік бұрышты төрт қатар болып, қалақшалар 3 бекітілген. Қалақшамен біліктің арасында арнайы шайбалар орналасқан. Ол қалақшаны білік осіне қатысты белгілі бір бұрышпен орнатуға мүмкіндік береді. Қалақшалар шахмат тәртібімен гайкамен бұралып бекітілген. Біліктер бір – біріне қарама – қарсы айналғанда қалақшамен компоненттер белсенді араласып, әрі тасымалданады. Егер де білік осіне қатысты 50º бұрышпен, ал ұшінші қалақшасы 20º бұрышпен бекітілсе, онда араласу процесі тиімді болады. Бірінші екі қалақша қоспаны тасымалдаса, ал үшіншісі соған қарсы ағыс құрады.
Периодты жұмыс істейтін араластырғыштар.
СКГ-1 гоизантальді араластырғыш – салмақтап өлшейтін мөлшерлегіштерден кейін өнімдерді араластыру үшін қолданады. Станинада 9 түбі жалпақ ыдыс 1, оның ішінде айналмалы гориантальді қалақшалы білік, компрессор құрылғысы және пневможетек орналасқан.
Сурет 2. СКГ-1 горизонтальді араластырғыш. 1- түбі жалпақ ыдыс; 2,4 – қалақшалар; 3 – фланец; 5 – құбыр ; 6 – пнемоцилиндр; 7 – қақпақ; 8 – бункер; 9 – станина; 10 – электрқозғалтқыш; 11 – редуктор.
Қалақшалы білік ол төрт спиральді қалақша бекітілген 2 (оның екеуі ішінде орналасқан) құбыр. Сыртқы және ішкі қалақшаның орамдарының бағыты бір – біріне қарама қарсы.
Компоненттерді белсендірек араластыру үшін білікте бұру бұрышы реттелетін (білік осіне қатысты) қалақшалар орналасқан . Ыдыс үш қақпақпен жабылған. Алдыңғы қақпақ тасымалдаушы механизмге немесе араластырғыштың бункерге жалғануы үшін фланец 3 орнатылған. Артқы қақпақта араластырғыштың асперация жүйесіне жалғану үшін құбыр 5 орнатылған.
14 - лекция
Ұнды витаминдеу машиналары. Араластырғыштарды есептеу. -Өнімді таразылау, мөлшерлеу машиналары. Өнімді қаптау машиналары
Сурет1 – 1.2.5.14 - электрқозғалтқыштар; 3 – винтті механизм; 4 – конусты араластырғыш; 6 – ысқылап араластырғыш; 7,8 – ағынды ауыстыратын секция; 9 – каркас; 10 – рычагтар жүйесі; 11 – қалта; 12 – карусель; 13 – тарелкалы мөлшерлегіш; 15 – бекіткішті ашатын механизм.
Бидайды ұнға өңдеу кезінде, әсіресе жоғарғы сорттарды, дәннің қауызы, тұқымдық бөлігі, алейрон қабаты және витаминдерге бай В топтары, нәтижесінде ұнда витаминдер аз қалады. Сондықтан ұнды витаминдеу қажеттілігі туады. Мөлшер бойынша сыртына байланысты 1кг ұнға: В1-2-4—мг, В2-4мг және РР-10-60мг. Витаминдерді өте аз мөлшерде енгізеді, алдымен витаминді қоспаны дайындап, онан соң ұн ағынына мөлшерлейді.
Ұнды витаминдеу үшін А5-АУВМ-1 қондырғысын қолданады. Қондырғының қаңқасында тиеуші құрылғы , тарелкалы мөлшерлегіш өнім ағынын ауыстыратын механизм, ысқылау араластырғышы 6, үлкен конусты араластырғыш 4, Бұл механизмдер бір – бірімен автоматтандырылған бір орталықтан басқарылатын, электрлі өлшеу құралдарынан бұйрық алатын, электрмен тізбектеліп жалғанған.
Тиеуші құрылғы ысқылап араластырғышқа витаминдерді порциялап автоматты түрде жеткізу қызметін атқарады. Карусельдерге 12 оңай алынып салынаты сыйымдылығы 1,5л болатын сегіз қалта 11 бекітілген.
Витаминдерді тиеу кезінде рычагтар жүйесі мен электромагниттердің әсерінен қалталар ашылады.
Тарелкалы мөлшерлегіш 13 ұнды витаминделген қоспамен мөлшерлеу үшін қолданады. Мөлшерлегіштің өнімділігі ұнды 25минутта (54-m) кг мөлшерде жеткізуі тиіс, мұндағы: m – бір қалтадағы тиелген витаминдердің массасы. Мөлшерлегіш қозғалысын электрқозғалтқыштан 14 алады. Өнім ағынын ауыстыратын механизінін мөлшерлегіштің 13 астына орнатады. Ол екі секциядан тұрады жоғарғы және төменгі. Жоғарғы секциядан 1 мин аралығында ысқылап араластырғышқа ұн және ашылған қалтадан бір уақытта витаминдер беріледі. Электромагнитпен бекіткіштердің көмегімен ұн ағыны конусты араластырғышқы ауыстырылады.
Төменгі секциядан 7 ұн ағыны қосымша бақылау бөліміне түседі.
Ысқылап араластырғыш 6 автоматты түрде қосылады. Араластырғыштың төменгі бөлігінде білікке бекітілген жұмысшы қылықшылар орналасқан.
Жалпы жұмыс циклі 45 мин созылады.
15 - лекция
Астық өндеу өнеркәсібіндегі өрт қопарылысының қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары. Шаңды қопарылыстан сақтандыру ерекшеліктері.
Нан қабылдау және астық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарындағы өндірістік процесс қоршаған ортаға едәуір әсерін тигізеді. Бұл көрсеткіштер мына бағыттармен сипатталады: ортаға шаң мен улы заттар шығару әсерінен ауаның ластануы, астық өнімдерінің ластануы, өдірістік су және өндірістік шу.
Астық өнімдерін қоспалардан тазалау процессі, оның бетін құрғақ өңдеу, сонымен қатар тасымалдау процессі кезінде, үлкен мөлшерде минералды және органикалық шаңдар бөлінеді. Атмосфераға шаңның бөлінуін және сол кәсіпорынның аумағына қатысты ортаны ластауын болдырмау үшін зауытта аспирация жүйесі қарастырылғын.
Ауа – құрылымы әр түрлі шаң бөлшектерде сенімді тазаланады. Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың ауадағы рұқсат етілетін шектеулі концентрациясы ГОСТ бойынша қарастырылған.
Кәсіпорыннан бөлінетін шаңдардың жалпылама қуатын мына формуламен анықтауға болады:
;
Мұндағы:
M – кәсіпорындағы аспирациялық және
пневмотранспорттық қондырғылармен
бөлінетін шаңдардың жалпылама қуаты,
г/с; Мi
- кәсіпорындағы шаңдарды бөлетін i–ші
аспирациялық және пневмотранспоттық
қондырғылармен бірлік қуаты, г/с; n -
кәсіпорындағы аспирациялық және
пневмотранспорттық қондырғылардың
жалпы саны.
-
аспирациялық және пневмотранспорттық
қондырғылардың бір уақытта жұмыс істеу
коэффициенті.
Шаңдарды бөлетін аспирациялық және пневмотранспорттық қондырғылардың бірлік қуатын келесі формуламен анықтайды:
;
Мұндағы: Mi - шаңдарды бөлетін i–ші аспирациялық және пневмотранспорттық қондырғылардың қуаты, г/с; Zi - i–ші аспирациялық және пневмотранспорттық қондырғылардың ауа құбырындағы ауаның шаңдануы, г/м3; Qi - i–ші аспирациялық және пневмотранспорттық қондырғылардың атмосфераға шығаратын ауа шығыны, м3/с;
- коэффициентін былай анықтауға болады:
;
Мұндағы:
-
i–ші аспирациялық және пневмотранспоттық
қондырғылармен тәулігіне істейтін
жұмыс ұзақтығы, сағ.;
-
кәсіпорынның тәулігіне істейтін жұмыс
ұзақтығы, сағ.;
Атмосфераға шығарылатын шаңның ауадағы қажетті концентрациясына сәйкес жұмысшы аймағындағы шаңның шектеулі концентрациясынан 15 есе, яғни астық шаңы - 60 мг/м3 көп емес, ұн үшін - 100 мг/м3 аспауы тиіс. Нан өнімдерін өңдеу кәсіпорындары үшін өндіріс ғимаратында жұмысшы аймағындағы астық шаңының ауадағы шектеулі концентрациясы - 4 мг/м3, ұн шаңы - 6 мг/м3 аспауы тиіс.
Атмосфералық ауаның ластануынан астық және ұн шаңдары нан қабылдау және астық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында жарылыстың пайда болуына себебін тигізеді. Шаң мен ауа қоспасының жарылысы көбінесе өрттің пайда болуына жеткілікті температура мен энергияның белгілі бір концентрациясына жеткенде пайда болады. Өндіріс ғимаратында ауаның шаңдануы жабдықтардың герметизациясына, аспирацияланған машиналардан ауаны сору режимдеріне, машинадағы жұмысшы органдарының жұмыс режиміне, күйіне, конструкциялық орындалуына байланысты.
Ауаның ластануы астық өнімдерін зиянкестерден химиялық жолмен өңдеу арқылы атмосфераға улы заттардың шығарылуымен де байланысты. Бұл мақсатта қолданылатын препараттар (пестицидтер) қоршаған ортаны (ауа, су, топырақ, астық өнімдері) ластаудың потенциалды көзі болып табылады. Пестицидтердің уы, олардың әсері, астық өнімінде қалатын құрамды мөлшері қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі көзқарасы жағынан қатаң түрде бақыланып отырады. Мысалы газациялау үшін қолданылатын бромды метилдің рұқсат етілген құрамды мөлшері астықта – 35мг/кг, ұнда – 10мг/кг, нанда – 3мг/кг, ал жұмыс аймағындағы ауада 1мг/м3;
