
Қр Тұңғыш Президентінің мұражайы
ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында болдың ба?
Иә, болдым.
Мұражай қашан тұрғызылды?
Мұражай 1997 жылдың желтоқсанында тұрғызылған.
Мұражай қайда орналасқан?
Мұражай Президенттің бұрынғы резиденциясында орналасқан.
Мұражайда не бар?
Мұражайда «Өмір ағашы» бар. Ол күш пен энергияның символы.
Экскурсия қай тілде жүргізіледі?
Экскурсиялар үш тілде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Саған мұражай ұнады ма?
Әрине, ұнады.
Алғашқы мұражай
Сен алғашқы мұражай қалай қалыптасқанын білесің бе?
Иә. Алғашқы мұражай қазыналық қор ретінде қалыптасқан.
Мұражайдың қалыптасуына нелер негіз болды?
Көне замандағы коллекциялар.
Ал коллекциялау ісімен кім айналысқан?
Аристотель, Рим патшасы, Юлий Цезарь.
Европада мұражайлар қашан пайда болды?
Тарихи мұражайлар 16-18 ғасырларда пайда болған.
Орталық мұражайдағы экспонаттар
Орталық мұражайдың археологиялық қорында нелер бар?
Түркі жауынгерлерінің қарулары, Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен тауарлар.
Мұражай қорында нелер сақталған?
Тас мүсіндер, тастар, ескерткіштер
Этнографиялық мүліктерді атаңдар.
Ұлттық киімдер, ыдыс-аяқтар, кілем, әшекейлер т. б.
Қандай әшекей бұйымдар жиналған?
Күмістен жасалған әшекей бұйымдар жиналған.
Алматы телевизия мұнарасы
Телевизия мұнарасы деген не?
Радио-телевизия хабарларын тарататын станциялардың кешені.
Ол қай жерде орналасқан?
Көктөбеде орналасқан.
Қанша метр биіктікте?
Ол теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте.
Мұнараның биіктігі қандай?
372 метр.
Ол мұнара пайдалануға қашан берілген?
1984 жылы пайдалануға берілген.
«Хабар» телеарнасы
Қазақстанда қандай телеарналар бар?
Қазақстанда «Хабар», «Қазақстан», «КТК», «31 арна» т. б.
«Хабар» телеарнасы қашан құрылды?
1995 жылы құрылды.
Қандай телеарнаны жиі көресің?
«Хабар» телеарнасын жиі көремін.
Онда қандай хабарлар беріледі?
Мен жаңалықтар тыңдаймын.
«Хабар» телеарнасынан тағы қандай бағдарламалар көресің?
«Бетпе-бет» хабарын көремін
Телевидениенің бағдарламалары
Сен теледидарды жиі көресің бе?
Иә, жиі көремін.
Телевидениенің қандай бағдарламаларын білесің?
Жаңалықтар, мультфильмдер, сериалдар, фильмдер, танымдық бағдарламалар.
Сен теледидардан қандай бағдарлама қарайсың?
Мен жаңалықтар, мультфильмдер қараймын.
Жаңалықтар қай уақытта болады?
Кешкі сегізде болады.
Қандай мультфильм көресің?
«Маша мен аю»
Ұнай ма?
Иә, өте ұнайды.
Радио
Радио деген не?
Сымсыз байланыстың бір түрі.
Радиобайланыстың қасиеті неде?
Әуе толқындары арқылы сымсыз жеткізу.
Радионы алғаш тапқан кім?
А.С. Попов.
Радионың негізгі жанрлары қандай?
Ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем жанрлар.
Радиодан қандай хабарды тыңдағанды ұнатасың?
Музыкалық хабарды тыңдаймын.
Тіл үйрену
Сен қай сыныпта оқисың?
9 «Б» сыныбында оқимын.
Сыныпта қанша оқушы бар?
Жиырма оқушы бар.
Сенің мектебіңде қандай тілдер оқытылады?
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқытылады.
Сендерге шет тілін қай сыныптан бастап оқытады?
Бірінші сыныптан бастап оқытады.
Саған шет тілдерін меңгеру ұнай ма?
Иә, ұнайды.
Менің мектебім
Сен қай мектепте оқисың?
Мен №1 гимназияда оқимын.
Сенің гимназиң қандай?
Біздің гимназия кең, жарық, таза.
Гимназия қандай?
Гимназия қазіргі заманғы техникалармен жабдықталған.
Оқушылар бос уақытында немен айналысады?
Әр түрлі үйірмелерге барады.
Гимназия оқушылары қандай?
Оқушылар ынталы, білімді, тәрбиелі.
Мен гимназиямды жақсы көремін.
Менің ұстазым
Мектептің жаны кім деп ойлайсың?
Мектептің жаны – мұғалім.
Сенің мұғалімің қандай?
Менің мұғалімім сыпайы, білімді, қатал.
Нағыз ұстаз қандай болу керек деп ойлайсың?
Нағыз ұстаз - шәкірттері мен өз ісін сүйген адам.
Сенің мұғалімің саған қалай әсер етеді?
Жүріс-тұрысымен, мінезімен, білімділігімен әсер етеді.
Уақытты бос өткізбе
Емтиханға дайындалмас бұрын не істеуіміз керек?
Дайындыққа жоспар құр.
Қай уақытта дайындалған дұрыс?
Таңертеңгі уақытта дайындалған дұрыс.
Қиын материалды есте сақтау үшін не қажет?
Бірнеше қайтара оқу керек.
Дайындық кезінде үзіліс керек пе?
Үзіліс жасап, демалу керек.
Менің емтиханға дайындалуым
Сен емтиханға қалай дайындаласың?
Алдымен тақырып бойынша көп ақпарат жинаймын.
Содан соң не істейсің?
Жоспар құрып аламын. Қиын материалды бірнеше қайтара оқимын.
Емтихан алдында қалай тамақтанасың?
Жеңіл тамақтанамын.
Жатар алдында не істейсің?
Жаттығулар жасаймын.
Қорқынышты ойлардан қалай арыласың?
Жақсы ойлар ойлаймын.