- •Билет №1 Отбасындағы асыл адамдар
- •Билет №2 Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі
- •Билет №3 Отбасы тәрбиесі
- •Билет №4 Үлкенді сыйлау – ұлылық
- •Билет №5 Қазақ отбасындағы бірінші талап
- •Билет №6 Қазақ – қонақжай халық
- •Билет №7 Дастарқан – отбасының дарқандығы
- •Билет №8
- •Билет №9 Портрет деген не?
- •Билет №10 Қылқалам шебері
- •Билет №11 Көркемсурет галлереясы
- •Билет №12 Мұражай
- •Билет №13 Қазақстан мұражайлары
- •Билет №14 м. Әуезов мұражайы
- •Билет №15 ғ. Мүсіреповтыің мұражайы
- •Билет №16 Қазақстанның мұражай ісі
- •Билет №17 Телевидение
- •Билет №20 Радиохабар
- •Билет №21 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
- •Билет №22 Емтиханға дайындық
- •Билет №23 Менің арман мектебім
- •Билет №24 Мамандық таңдау
- •Билет №25 Емтихан алдындағы күн
Билет №23 Менің арман мектебім
Менің арман мектебім тыныш көшеде орналаспақшы. Мектептің жанында әдемі бұрқақ, кіреберісі өте ыңғайлы, кең. Мектепте жарық, кең, қазіргі заманғы сай аудио-бейне техникамен жабдықталған сынып бөлмелері болады. Оқу үрдісі тиімді, жетістікті болу үшін әр сынып бөлмесінде керекті әдебиеттермен жабдықталған шағын кітапханалары болады. Оқушы өз бетімен аудио-бейне материалдармен жұмыс істеу үшін лингофон студиясы болмақшы. Сабақтар тек түске дейін болады. Ыңғайлы болу үшін топта алтыдан астам оқушы болмауы керек. Түстен кейін оқушылардың мұғалімнен жеке сабақ алуға мүмкіндігі болады.
Билет №24 Мамандық таңдау
Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жетеді. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу, Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Сөзбен өрнек салатын жазушы болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады.
Осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің, қоршаған ортаның алар орны ерекше. Жастарға болашақта мектептен алған сапалы білім ауадай қажет болатыны анық. Сондықтан да ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ.
Билет №25 Емтихан алдындағы күн
Күні бойы оқулықтармен ғана емес, басқа іспен де айналыс.
Емтиханға арналған киімдерің мен қажетті құрал-жабдықтарыңды дайында.
Таңертең асықпай үлгеретіндей уақытқа қоңыраулы сағатыңызды қойыңыз.
Қандай қорқыныш, қиындықтар болса да, жеңіп, емтиханға сабырлы өзіңе-өзің сенімді баратыныңды көзге елестет.
