- •Билет №1 Отбасындағы асыл адамдар
- •Билет №2 Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі
- •Билет №3 Отбасы тәрбиесі
- •Билет №4 Үлкенді сыйлау – ұлылық
- •Билет №5 Қазақ отбасындағы бірінші талап
- •Билет №6 Қазақ – қонақжай халық
- •Билет №7 Дастарқан – отбасының дарқандығы
- •Билет №8
- •Билет №9 Портрет деген не?
- •Билет №10 Қылқалам шебері
- •Билет №11 Көркемсурет галлереясы
- •Билет №12 Мұражай
- •Билет №13 Қазақстан мұражайлары
- •Билет №14 м. Әуезов мұражайы
- •Билет №15 ғ. Мүсіреповтыің мұражайы
- •Билет №16 Қазақстанның мұражай ісі
- •Билет №17 Телевидение
- •Билет №20 Радиохабар
- •Билет №21 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
- •Билет №22 Емтиханға дайындық
- •Билет №23 Менің арман мектебім
- •Билет №24 Мамандық таңдау
- •Билет №25 Емтихан алдындағы күн
Билет №20 Радиохабар
Радио – сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындарын пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті – әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз жеткізу.
Қабылдағышқа орнатылған ұшындық аралық тербелмелі контур жіберіп – таратушы антеннамен индуктивті байланысқа және онымен резонанстық күйге келтіріледі. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындар арқылы жіберген сигналды қабылдап алады. Радиобайланысты ойлап тапқан – А. С. Попов.
Радиохабар – радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат, жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бір түрі.
Радионың негізгі жанрлары: Ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар, көркем жанрлар. Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орнатылған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.
Билет №21 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Оқу-ағарту жұмысы қазақстанда ерте заманнан басталған. Орта ғасырдың өзінде көптеген медреселер мен мектептер жұмыс істеген.
Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім, әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдірі курстары.
1999 жылы маусымның 7-сінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында көрсеткендей, Жалпы білім беру қазіргі кезеңде үш бастапқы мектеп деңгейінде: бастауыш 1-4 сыныптар), толық емес орта (5-9 сыныптар) және толық орта (10-11 сыныптар) болып сатылай жүзеге асырылуда.
Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрі: белгілі бір пән тереңдетіліп оқытылаты мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда. Қазіргі білім беру міндеттері: жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Билет №22 Емтиханға дайындық
Емтихандар – өмірдегі ең қиын да онша қызықты емес, бірақ бәрібір кездеспей қоймайтын сәттер. Біреулер емтиханды тапсыратындығына сенімді болып, қатты қинала қоймаса, біреулерге емтихан туралы ойдың өзі қорқынышты. Егер біздің берген кеңестерімізді бұлжытпай орындап, жаттығуларды орындасаңыз, емтиханға барарда қатты қуанбасаңыз, қорқыныштың болмауы онда фактор емес. Ғалымдар емтихан алдындағы қатты қорқыныш емес, белгілі бір дәрежедегі толғаныс оқу материалдарын жақсы қабылдап, емтиханды сәтті тапсыруға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеген. Қорқыныш болмаса, белсенділік болмай, дайындық жұмысы өнімсіз болады, ал қатты үрей шексіз белсенділік туғызып, сәтсіздікке әкелуі мүмкін.
Ойыңды қорқыныш, үрей билеп тұрғанда, сабырлы болу қиын. Енді қорқыныш шығаратын ойлар мен олардан құтылу үшін тиімді, құтқарушы ойларға назар аударып көріңіз.
