- •Билет №1 Отбасындағы асыл адамдар
- •Билет №2 Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі
- •Билет №3 Отбасы тәрбиесі
- •Билет №4 Үлкенді сыйлау – ұлылық
- •Билет №5 Қазақ отбасындағы бірінші талап
- •Билет №6 Қазақ – қонақжай халық
- •Билет №7 Дастарқан – отбасының дарқандығы
- •Билет №8
- •Билет №9 Портрет деген не?
- •Билет №10 Қылқалам шебері
- •Билет №11 Көркемсурет галлереясы
- •Билет №12 Мұражай
- •Билет №13 Қазақстан мұражайлары
- •Билет №14 м. Әуезов мұражайы
- •Билет №15 ғ. Мүсіреповтыің мұражайы
- •Билет №16 Қазақстанның мұражай ісі
- •Билет №17 Телевидение
- •Билет №20 Радиохабар
- •Билет №21 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
- •Билет №22 Емтиханға дайындық
- •Билет №23 Менің арман мектебім
- •Билет №24 Мамандық таңдау
- •Билет №25 Емтихан алдындағы күн
Билет №16 Қазақстанның мұражай ісі
Мұражай – табиғи-тарихи материалдық және рухани мәдениеттердің ескерткіштерін, сонымен қатар ағартушылық және дәріптеу қызметіндегі заттарды жинау, тану, сақтау және пайдалану ісімен айналысатын мекеме.
Мұражай ісіндегі ерекше бағыт – инфрақұрылымдар, оның дамуы мен мемлекеттік қолдау көрсетуі; мәдениетті даму бағдарламасын мұражай ісінің құрылымдарымен, әдістерімен жасау мен оны жүзеге асыру болып табылады.
Бүгінгі күні республикада тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың белсенді жетекшісі саналатын түрлі профильдегі 154 мұражай жұмыс істейді.
Мұражайлардың есептік-сақтау және жаңалау жұмыстарының жоғарғы ғылыми деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлемнің барлық мұражайларындағы ереже, талаптар мен жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған «Мұражай құндылықтарын есепке алу мен сақтау бойынша нұсқау» жасалды.
Республика мұражайларының қызметкерлерінде жинақтау қызметінің,
экспонаттарды ғылыми өңдеудің, сақтаудың, жөндеудің зор тәжірибесі
жинақталған. Мұражайларда суреттердің, сызбалардың, мүсіндердің,
металдар мен жұмсақ металдардың, қор сақтау мен фотозертханасы бар. Бұл
мұражайларда жаңғыртуға жататын экспонаттар қарастырылып,
жаңғыртудың нәтижелері қабылданатын Жаңғырту кеңестері жұмыс істейді.
Арнайы мамандандырылған мұражай журналы шығады. Журналдың
бірінші нөмірі – «Қазақстан мұражайлары – Музеи Казахстана» 202 жылдың
желтоқсанында басылып шықты. Республиканың мұражай өңірінің айрықша
оқиғасы Халықаралық кеңестердің Ұлттық комитеті мекемесі болды.
Билет №17 Телевидение
Бүгінгі телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ-қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі түсті теледидарды пайдалану көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде бұл орайда радиг мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Телехабарларды түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны пайдалану үрдісі пайда болды. Бұл да үлкен жетістік. Сонымен бірге жаңадан жер серігі және кабельдік телевидениенің жүзеге асуы – соның айғағы. Бұл радио мен телевидение көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік-танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады.
Билет №18
Қазақстан телеарналары
«Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты.
«КТК» телеарнасы 1991 жылдан бастап жұмыс істейді.
«Хабар» агенттігінің алматылық филиалы «Хабар» телернасы 1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды.
«31 арна» хабарларының таратылуы 1998 жылы 12 сәуірінен басталды.
Билет №19
Бүкіл дүние жүзілік теледидар күні
Әлем елдерінде телехабар тарату соғыстан кейін шетелде де тез қайта қалпына келтіріле бастады. Англияда теледидар хабарларын тарату 1946 жылы, Еуропаның қалған елдері мен Жапонияда 1952-53 жылдары қайта қалпына келтірілді. Германияда теледидар хабарлары 1952 жылы 21 желтоқсанда басталды. Прага теледидарының бірінші хабары 1953 жылы 1 мамырда берілді, ал келесі жылы КСРО-ның техника көмегінің арқасында Еуропаның басқа да елдерінде телехабарлар тарату басталды. Бастапқыда телекөрермендердің саны аз болды. Мысалы, Германияда 1954 жылы бар-жоғы 4000 теледидар болды. Жапонияда хабарларды 1953 жылы 886 теледидар қабылдады, олар негізінен шетелдік өндірістің өнімдері еді. Алайда 2-3 жылдан соң, радиотехникалық аппаратура өндірісінің тәжірибесі бар елдердің барлығында теледидар шығару жолға қойылды, ал теледидар антенналары бүкіл дүние жүзі қалалары мен ауылдардағы ғимараттардың шатырларынан тұрақты орын ала бастады.
1958 жылы 8 наурызда Алматы телестудиясы эфирде өз жұмысын бастады. Дикторлар көрермендерді екі тілде Қазақ теледидарының алғашқы беташар қадамымен құттықтады. Сол кезеңде Алматыда – 4000, ал облыстарда 1007 теледидар болды.
