Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_synyp_emtikhan_m_t_nder (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.1 Кб
Скачать

Билет №12 Мұражай

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Мұражай негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топқа бөлінеді: тарихи, көркемөнер мұражайы, «Жаратылыстану» мұражайы», техникалық, «кешенді мұражайлар», мемориалдық мұражайлар.

Мұражай ісінің негізгі бағыттары – мұраларды сақтау, есепке алу, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру, т.б. мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару, т. б. жатады.

Билет №13 Қазақстан мұражайлары

Қазақстанда 1913 жылы – 3,1927 жылы – 9, 1937 жылы – 19, 1939 жылы – 25, 1970 жылы - 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлар саны 154-ке жетті.

Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Ә. Қасттев атындағы республикалық өнер мұражайы (1962), ҚР ҰҒА Археология мұражайы (1973), Кітап мұражайы (1978), Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), Ұлттық валюта мұражайы (1980), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), Президенттік мәдени орталық (2000), Мемориалдық мұражайлар да Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда.Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, Абай-Шәкәрім кешені, Д. Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж. Жабаевтың, С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғазиза мен Ахмет Жұбановтардың, Ш: Уәлихановтың, т.б. мемориалдық мұражайлары. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне:

  • Көрмелер;

  • Экспозициялар ұйымдастыру;

  • Тақырыптық дәрістер;

  • Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу;

  • Мұражайлық басылымдар шығару, т. б. жатады.

Мысалы, қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 астам

көрмелер мен дәрістер өткізілді.

Билет №14 м. Әуезов мұражайы

Бұл – Қазақстан Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту мекемесі.

1963 жылы М. О. Әуезовті мәңгі есте қалдыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы қаулысымен құрылған. Мұражай жазушының соңғы он жыл бойы (1951 – 1967) тұрған үйінде орналасқан. Онда жазушының өмірінен, шығармашылық қызметінен толық мағлұмат беретін аса бағалы тарихи, әдеби материалдарға толы мемориалдық бөлмелер бар. Онда жазушының қолжазбалары, дүние жүзінің 30 тіліне басылған «Абай жолы» эпопеясының нұсқалары қойылған. Мұражайда жазушы-драматургтің қазақ театрымен шығармашылық байланысын бейнелейтін қосымша павильон бар.

Әуезов мұражайы жазушының әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұражайдың негізгі қоры – Әуезовтың өзінің жеке мұрағаты. Мұнда оның шығармаларының түпнұсқасы түгел сақтаулы.

Билет №15 ғ. Мүсіреповтыің мұражайы

1991 жылы қазанның 9-ы күні қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық мұражайы ашылды.

Суреткен артына мол әдеби мұра қалдырды. Мұражайдың ашылуы да осы рухани қазынаны жасаушы жазушы еңбектерін бір жерге жинастырып, онымен халықты жақынырақ таныстыру.

Салтанатқа ақын-жазушылар, мәдениет, өнер қайраткерлері, студенттер мен мектеп оқушылары жиналды. Салтанаттың ашылуы сәтінде композитор Е. Рахмедиев сөз сөйледі. Ақын Әбу Сәрсенбаев жазушының оған сыйлаған заттарын мұражайға тапсырды. Енді мұражай классик жазушының шығармаларын зерттейтін орынға айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]