Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_synyp_emtikhan_m_t_nder (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.1 Кб
Скачать

Билет №9 Портрет деген не?

Портрет деген не? Адамның адамға қызығушылығы. Портрет дегеніміз модельдің суретшіге сенуі, ал суретшінің модельден жеке адамды, тұлғаны көруі. Осылайша ерекше жағдай тумақ: екі тұлға шынайы қарым-қатынас жасайды. Бұл идеалда ғана. Алайда, ұқсастық проблемасы да бар. Портрет – ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының өзін көруге құмартқандығынан шығар.

Портреттің ерекше басты сипаты – оның түпнұсқасымен ұқсастығы.

Адамның сырт бейнесімен қатар, оның ішкі жан дүниесін де сезе білуіміз керек. Адамның сыртқы бейнесіне қоса , ішкі жан сарайын, мінез-құлқын аша білгенде ғана көрермен шығарманың алдында ұзақ тұрып, сүйсіне қызықтайды. Әсерлі сезімге бөленіп, қиялға беріледі.

Портреттер өзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер – адамның сұлулығын, әдемілігін дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету. Адамдарды күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портреттер деп аталады.

Билет №10 Қылқалам шебері

Е. Сидоркин - кітап графикасы, монументті өнер саласында жұмсы істеген белгілі қылқалам шебері. Оның бүкіл саналы ғұмыры қазақ жерінде, қазақ халқымен тығыз байланыста өтті. Қазақтың дарынды қызы Гүлфайруз Ысмайыловамен отбасын құрған суретші өмірінің соңына дейңн қазақ халқының мәдениетін өркендетуге үлкен үлес қосты. Сондықтан да болар, суретші шығармаларының ең өзекті тақырыбы – қазақ халқының аса бай рухани әлемі.

Сидоркин шығармаларында Абай тақырыбы өзіндік орын алған. Ол ең алғаш рет 1960 жылы М. Әуезовтың көзі тірі кезінде «Абай жолы» романына иллюстрациялар дайындаған еді. Кейіннен «Әлем әдебиетінің кітапханасы» сериясымен 1971 жылы шыққан «Абай жолы» романына арнап суретші литография техникасында иллюстрациялар жасаған.

Бұл еңбегі үшін 1970 жылы Сдоркин ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 1971 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында жасаған Абай мұражайы экспозициясының «Лирика» залына Е. Сидоркин арнайы графикалық фриздер дайындаған еді. Суретшінің осы жұмыстары біздің мұражай қорының мақтанышы деуге болады.

Билет №11 Көркемсурет галлереясы

Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы 1964 жылы құрылды. Бұл – Қазақстанда құрылған екінші көркемсурет мұражайы. Бұған дейін Астанада, Алматыдат Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы болған. Бірақ кеңестік бейнелеу өнерінің Павлодар облыстық мұражайының тарихы бұдан ертерек басталған болатын. Көркемсурет бөліміне қазақтың Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясынан 46 шығарма, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 1963 жылы экспонатқа қойылған ленинградтық суретшілер көрмесінің бір бөлігі берілді. Бұл шығармалар коллекциясының негізі болды. 1965 жылдың басында Целиноград (қазіргі Астана қаласы) қалалық мәдениет басқармасы мәскеулік суретшілердің 103 туындысын берді. Павлодарлық суретшілер де өз туындыларын мұражайға сыйға тартты.

Мұражай 1965 жылы 18 желтоқсанда келушілерге есігін ашты. Қорында сол кезеңде 360 экспонат болды. 1979 жылы мұражай жаңа ғимаратқа көшті, қазір де сонда жұмыс істеп жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]