Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_synyp_emtikhan_m_t_nder (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.1 Кб
Скачать

Билет №5 Қазақ отбасындағы бірінші талап

Қазақ отбасында бірінші әке, содан кейін шеше, бұлар отбасы мектебінің ұстаздары десек болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең басты талап-тілегі – «әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ отбасы үнемі: «Әдепті бол, тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Үнемі отбасында осындай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие бастауы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерінсыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге сыпайылық танытуды үйреткен. Сонымен қатар балаларының ер-азамат болып, халыққа еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Отбасының берекесін сақтап, мейірімділік танытатын – әйел.

Билет №6 Қазақ – қонақжай халық

Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ халқында «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы: «Алланың жіберген сыйы қырық адаммен бірге келуі мүмкін». Сондықтан «қонақпен бірге құт, ырыс, келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс кейін қашып кетеді» деген түсінік бар.

Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Бұл қонақпен келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені.

Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонақты жақсы қарсы алғанн үйді «мырза үй», ал дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң» дейді.

Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар «қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекер айтпаған.

Билет №7 Дастарқан – отбасының дарқандығы

Қымыз – бие сүтінен ашытылып жасалады.

Шұбат – түйе сүтінен жасалатын дәмді, жұмсақ, майлы сусын.

Уыз – малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. Ол өте дәмді әрі қою болады.

Қуырдақ – майға қуырылатын ұсақ ет. Көбінесе, ірі қараның, қойдың майлы етіне өкпе-бауыр қосып қуырады.

Бауырсақ – дастарқанның басты асы. Ұнға сүт, май, жұмыртқа қосып иленеді де, майға қуырылады.

Билет №8

Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың

Әкең мен анаң саған өмір сыйлайды. Олардың есіл-дерті – сен бақытты болса екен деу. Екеуінің денсаулығын сақта, бабын тап.

Сенің адал өмір сүруің, аеңбексүйгіштігің, оқуда маңдай алды болуың, еңбектегі табыстарың – ата- аналарың үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл.

Анаң сен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, таң атырды. Сондықтан да, анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын, беймазалық пен әбігершілікті, қиналыс пен кейістікті көре біл.

Ата мен әке алдында шыншыл бол. Ешкімнің ала жібін аттама! Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат, ризалығын ал.

Сен өзіңнің бірінші жалақыңды алғанда анаңа, әжеңе сыйлық алып бер. Бұл сыйлық – өзің айтар алғыстың белгісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]