Қазақ әдебиеті
1. Ахмет Йасауидің еңбегін көрсетіңіз. A) «Жұмжұма сұлтан». B) «Музыканың үлкен кітабы». C) «Даналық кітабы». D) «Түркі сөздерінің жинағы». E) «Құтты білік». |
2. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз. A) «Елім-ай». B) «Қызғыш құс». C) «Керей, қайда барасың?». D) «Алаң да алаң, алаң жұрт». E) «Өзен». |
3. Әсет Найманбаевтың туған жерін көрсетіңіз. A) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Күлтөбе-Маманай ауылы. B) Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы, Бақты ауылы. C) Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл ауылы. D) Ақмола облысы, Көкшетау уезіне қарасты №5 ауыл, Сандыбай бұлағы. E) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе ауылы. |
4. «Бақытсыз Жамал» романының авторын белгілеңіз. A) Міржақып Дулатов. B) Жүсіпбек Аймауытов. C) Спандияр Көбеев. D) Мұхамеджан Сералин. E) Сұлтанмахмұт Торайғыров. |
5. «Невада-Cемей» халықаралық қозғалысына жетекшілік еткен ақынды белгілеңіз. A) Олжас Сүлейменов. B) Фариза Оңғарсынова. C) Мұхтар Шаханов. D) Тұманбай Молдағалиев. E) Қадыр Мырза Әли. |
6. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз. A) О.Бөкей. B) М.Шаханов. C) Ш.Мұртаза. D) Ә.Нүрпейісов. E) І.Есенберлин. |
7. Аңыз кейіпкерін көрсетіңіз. A) Қорқыт, Асан қайғы, Махамбет. B) Жиренше, Әз-Жәнібек, Сырым. C) Қарашаш, Қожанасыр, Алдар Көсе. D) Доспамбет, Сүйімбике, Майқы. E) Аяз би, Ер Тарғын, Ер Төстік. |
8. "Алпамыс батыр" жырындағы әйел образын табыңыз. A) Құртқа. B) Гүлбаршын. C) Ақжүніс. D) Назым. E) Баян. |
9. С.Көбеев «Ыбырайдың өлімі менің оқытушы боламын деген ынта-ниетімді біржолата баянды етіп бекітті»,- деген пікірінде кім туралы айтып отырғанын табыңыз. A) Әкесі. B) Ағасы. C) Ы.Алтынсарин. D) Ыбырай болыс. E) Құрдасы, досы. |
10. Абай қай медреседе оқығанын анықтаңыз. A) Ахмет-Риза медресесі. B) Мамания мектебі. C) Медресе Расулия. D) Уәзифа медресесі. E) Медресе Ғалия. |
11. Ақан серінің саятшылық тақырыбына жазған өлеңін табыңыз. A) “Сырымбет” B) “Мылтық пен мергеншілік” C) “Ақ көйлек” D) “Құлагер” E) “Жайықтың ақ түлкісі” |
12. Сәкеннің басқа атпен жасырынып жүрген кезінде жазылған өлеңін табыңыз. A) “Тау ішінде”. B) “Біз”. C) “Аспанға ұш”. D) “Жел қайықта”. E) “Жолдастар”. |
13. Жамбылдың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналған өлеңін табыңыз. A) “Зілді бұйрық”. B) “Екі дүние айқасты”. C) “Отан әмірі”. D) “Отанды сүй”. E) “Шағым”. |
14. «Оқуға ұғымды, ерекше талапты момын қара бала болашақ заманның белгісіз бір жарығына осы абақты ішінде сенген көңілмен күн санап ер жетіп келе жатты». М.Әуезовтің осылай аяқталатын туындысын табыңыз. A) «Түнгі сарын». B) «Шатқалаң». C) «Намыс гвардиясы». D) «Қилы заман». E) «Қараш-Қараш оқиғасы». |
15. Бұл бостандық көктен бізге келмеді, Ешкім бізге сыйлап оны бермеді,- деген өлең жолдары С.Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз. A) ’’Майға сәлем’’. B) ’’Сұлушаш’’. C) ’’Бостандық’’. D) ’’Колхозды ауыл осындай’’. E) ’’Малшының мақтанышы’’. |
16. Ғабиден Мұстафин кейіпкерлерін белгілеңіз. A) Рабиға, Күлпаш. B) Жомарт, Мейрам. C) Толғанай, Толағай. D) Мамыр, Пүліш. E) Бақтығұл, Тектіғұл. |
17. Адам мен оның өмір сүру жағдайларын шын күйінде көрсетудің қалай аталатынын табыңыз. A) Романтизм. B) Сыншылдық. C) Өткенді сынау. D) Реализм. E) Постмодернизм. |
18. Шумақтағы бунақ санын анықтаңыз. Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің. Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім, Бура бұлттар - бусанып терлегенім. A) 1. B) 2. C) 5. D) 4. E) 3. |
19. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» өлеңіндегі «Қаф тауы» деген ұғымның мәнін ашып көрсетіңіз. A) Алтай таулары. B) Ертегіде кездесетін тау. C) Белгісіз атау. D) Арабиядағы тау. E) Кавказ таулары. |
20. «Еңлік – Кебек» поэмасынан алынған мына жолдарды кім айтқанын белгілеңіз. «Әдейі іздеп бармасаң, кез боларсың, Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың. “Сақтыққа қорлық жүрмес” деген бар ғой, Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың». A) Жуантаяқ Тоқтамыс. B) Кебек. C) Нысан абыз. D) Қойшы. E) Еңлік. |
21. Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайтын А.Байтұрсыновтың мақаласын көрсетіңіз. A) «Қазақ өкпесі». B) «Қазақша оқу жайы». C) «Оқу жайы». D) «Тәні саудың жаны сау». E) «Қазақтың бас ақыны». |
22. І.Жансүгіров «Қысқаша өмірбаянда» өзі көрсеткендей, 1916 жылдың неліктен ерекшеленетінін табыңыз. A) Қара жұмысқа түседі. B) Еңбек жолын бастайды. C) Абайдың өлең жинағы қолына түседі. D) Алғашқы өлеңі жарияланады. E) Әсет ақынмен танысады. |
23. ...Домбырамды қолға алам. Өлең кірген түсіне, Жөргегінде мен болам, - үзіндісі кімнен алынғанын анықтаңыз. A) Жамбыл. B) Сүйінбай. C) Сәкен. D) Біржан. E) Құлмамбет. |
24. М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының алғашқы кітабы қай жылы жарыққа шыққанын белгілеңіз. A) 1949 ж. B) 1943 ж. C) 1945 ж. D) 1942 ж. E) 1944 ж. |
25. Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегі» қандай пьеса екенін табыңыз. A) Музыкалы драма. B) Опера. C) Ауыр трагедия. D) Водевиль. E) Күлдіргі комедия.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
