География
1. Климат жағдайы ыстық елдердің тұрғындарының .... болып келеді. A) терісінің түсі сары және көзі ашық B) жақ сүйектері сопақ және терісі ашық түсті C) танауы қысаң және көздері қысық D) терісінің түсі қара және бұйра шашты E) танауы қысаң және терісінің түсі сары |
2. Өзара күрделі байланысты әрекет ететін табиғат компоненттерінің жиынтығы A) Географиялық қабық B) Табиғат кешені C) Биіктік белдеу D) Географиялық белдеу E) Географиялық ендік |
3. Орталық Қазақстандағы мыс кен орнын ашқан A) Ш.Уәлиханов B) Қ.Сәтбаев C) П.Рычков D) Л.Берг E) И.Мушкетов |
4. Сырдария өзеніндегі су қоймасы. A) Бұқтырма. B) Өскемен. C) Шардара. D) Қапшағай. E) Вячеслав. |
5. Сарқылмайтын табиғи ресурстар A) Топырақ B) Мұнай C) Күн энергиясы D) Табиғи газ E) Көмір |
6. АҚШ құрғақ шекарамен … елдермен шектеседі A) Канада, Ресей, Куба. B) Ресей. C) Куба, Мексика. D) Канада, Колумбия. E) Канада, Мексика. |
7. Нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы: A) параллель B) меридиан C) экватор D) бойлық E) ендік |
8. ... параллельдер полярлық шеңбер деп аталады A) Оңтүстік және солтүстік полюстер. B) 66,5° с.е. және 66,5° о.е. C) 5° с.е. және 5°о.е. D) Экватор. E) 23,5° с.е. және 25° о.е. |
9. Анд тауындағы биік тау шалғындары A) парамос B) пушта C) пампа D) прерий E) полонина |
10. Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған ғалым A) А. Гумбольт B) Н.И. Вавилов C) А. Веспучий D) Ф. Дрейк E) А.И. Воейков |
11. Қазақстандағы ежелгі платформа. A) Сібір. B) Тұран. C) Тарим. D) Шығыс Еуропа. E) Колыма. |
12. Қазақстанның орманды дала зонасының топырағы: A) Қызыл топырақ. B) Қара топырақ C) Қоңыр топырақ D) Сортаң топырақ. E) Тақыр. |
13. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы жеріндегі қорықша A) Зеренді B) Батыс Алтай C) Алакөл D) Рахман қайнары E) Балқаш |
14. Сырдария мен Іленің сағасында, Қаратал өзенінің аңғарында өсірілетін дақыл: A) Күріш. B) Арпа. C) Сұлы. D) Жүгері. E) Бидай. |
15. Орталық Қазақстанда дамыған өнеркәсіп саласы A) ауыр өнеркәсіп B) жеңіл өнеркәсіп C) тамақ өнеркәсібі D) машина жасау E) автомобиль өнеркәсібі |
16. Мұнай мен газдың ең көп қоры бар мемлекеттер A) Парсы шығанағы елдерінде. B) Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде. C) Австралияда. D) Солтүстік Америка елдерінде. E) Латын Америкасы елдерінде. |
17. Көмірді көп өндіретін .... A) Австрия. B) Ұлыбритания. C) Қазақстан. D) Канада. E) АҚШ. |
18. Тоқтағұл СЭС орналасқан өзен A) Вахш B) Мургаб C) Кура D) Нарын E) Аракс |
19. Қытайдың дәстүрлі дақылы A) Сұлы B) Арпа C) Күріш D) Бидай E) Тары |
20. Еуразияда магнолия, лавр, шамшат, емен, лианналар өсетін климаттық белдеу. A) субэкваторлық B) субтропиктік C) қоңыржай D) экваторлық E) тропиктік |
21. Еуразиядағы ежелгі тау: A) Альпі тауы B) Карпат тауы C) Пиреней тауы D) Орал тауы E) Гималай тауы |
22. Тарбағатай тауынан басып алып, Алакөлге құятын өзен A) Көкпекті B) Аягөз C) Үржар D) Жарма E) Жетіарал |
23. Кен-химия өнеркәсібінің орталықтары A) Қаратау, Жаңатас B) Семей, Шымкент C) Павлодар, Арқалық D) Ақтөбе, Атырау E) Ақсу, Екібастұз |
24. Қазақстанның геосаяси жағдайының (ГСЖ) қолайсыз жағы A) Каспий теңізіне ұласуы B) ішкі құрылықтық C) Еуропа Азия ортасында D) Қытай мен Ресей арасында E) әр алуан мәдениет ұштасуы |
25. Зәйтүн майын экспортқа шығаратын Африка елдері A) Замбия, Танзания B) Алжир, Ливия C) Гана, Нигерия D) Габон, Либерия E) Тунис, Марокко
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
