Биология
1. Денесі бір ғана жасушадан тұратын балдыр A) Спирогира B) Коралина C) Хондрус D) Ламинария E) Хламидомонада |
2. Ұлпа - A) Жасуша мембранасы B) Құрылысы, қызметі бірдей жасушалар мен жасуша аралық заттар жиынтығы C) Қызметі бірдей мүшелер жиынтығы D) Жасуша аралық заттар жиынтығы E) Жасуша орталығы |
3. Тірек-қимыл жүйесіне жатады A) Қаңқа мен бұлшықеттер B) Көз C) Жүрек D) Бұлшықет ұлпалары E) Бауыр |
4. Жүректің өте жұқа, сыртқы қабаты A) Эндокард B) Эпикард C) Қарынша D) Құлақша E) Миокард |
5. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын мүше A) Көкет. B) Асқазан, көлденең жолақты бұлшықет. C) Қабырғааралық бұлшықет. D) Тегіс бұлшықет. E) Сіңірлер. |
6. Ас қорыту жүйесі A) Көмей, өңеш, қуық B) Мұрын қуысы, аңқа, бауыр C) Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек D) Өңеш, өкпе, қуық E) Өңеш, ауыз қуысы, ішек, қуық |
7. Жасушалары жас, ұдайы бөлінетін ұлпа A) Бөліп шығарушы B) Жабын C) Негізгі D) Тірек E) Түзуші |
8. Түйнекті тамырлы өсімдік: A) нарғызгүл (георгина) B) қызылша C) шалқан D) шалғам E) қияр |
9. Ұрықтану дегеніміз- A) тозаңның аналықтың аузына түсуі B) тозаңның өсуі C) тозаң түтігінің тұқымбастамаға енуі D) екі жыныс жасушасының қосылуы E) тозаңның жатын қуысында өсуі |
10. Қарағайдың жапырақтары A) Қылқан B) Тоспа C) Жебе тәрізді D) Ромбы пішінді E) Қабыршақ |
11. Бұршақ тұқымдасының жемісі: A) Жидек. B) Бұршаққын. C) Бұршаққап. D) Дәнек. E) Тұқымша. |
12. Басаяқты былқылдақденелі: A) Каракатица B) Айқұлақ C) Мидия D) Кемеқұрт E) Жүзім ұлуы |
13. Крокодилдер отрядының өкілі: A) Гаттерия. B) Құбылғы. C) Жылан. D) Дала тасбақасы. E) Қолтырауын. |
14. Жүйке жүйесінің шеткі бөлімдері. A) Үлкен ми сыңарлары B) Ортаңғы ми C) Жүйке, түйіндер D) Мишық E) Сопақша ми |
15. Бүйректің сыртқы қыртысы A) Көк түсті B) Бозғылт түсті C) Жасыл түсті D) Қоңырқай түсті E) Қара түсті |
16. ДНК үзінділерін біріктіретін фермент A) ДНК-полимераза B) Пепсин C) РНК полимераза D) Амилаза E) Лигаза |
17. Адамның дене жасушаларындағы хромосома саны A) - 23 B) - 46 C) - 44 D) - 45 E) - 22 |
18. Әр түрге жататын организмдердің хромосомалар жиынтығының бірігуі нәтижесінде пайда болады A) Аллополиплоидия B) Полиплоидия C) Бағытты мутагенез D) Индукциялы мутагенез E) Автополиплоидия |
19. Сыртқы және ішкі құрылыстың ұқсастығы. A) Биохимиялық өлшем. B) Физиологиялық өлшем. C) Морфологиялық өлшем. D) Экологиялық өлшем. E) Генетикалық өлшем. |
20. Күрделі жапырағы бар өсімдік A) Қара бидай. B) Асбұршақ. C) Терек. D) Емен. E) Шырша. |
21. Адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік A) Амеба B) Эвглена C) Арцелла D) Лейшмания E) Дизентерия амебасы |
22. Ядросы бар, ақ түйіршікті қан жасушасы A) Эритроциттер B) Газалмасу C) Лейкоциттер D) Лимфа E) Сұйық плазма |
23. Бұл саңырауқұлақпен зақымдалған астықтың дәні майда әрі жеңіл болады A) Ақ ұнтақ B) Ақ зең C) Тат D) Діңқұлақ E) Қаракүйе |
24. Саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі туралы тұжырымдаманы ұсынған ғалым: A) Ж. Б. Ламарк B) Р. Гук C) Л. Пастер D) К. Линней E) А. Левенгук |
25. Жеке ағзалар мен популяцияларға сан алуан сыртқы орта факторының әсерін зерттейтін экология бөлімі. A) Демоэкология. B) Синэкология. C) Геоэкология. D) Биоэкология. E) Аутаэкология.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
