Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_521.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Қазақстанның батыс аймағы мекендеген ежелгі тайпа:

A) үйсіндер

B) қаңлылар

C) сарматтар

D) сақтар

E) ғұндар

2. Белгілі орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Йасауидың ұстазы:

A) Махмуд Қашғари

B) Хакім ата

C) Әбу Бәкір

D) Сүлеймен Бақырғани

E) Арыстан баб

3. Орта ғасырда қазақ тайпаларының біртұтас халық болып қалыптасу барысын кешеуілдетті:

A) Монғол шапқыншылығы

B) Араб шапқыншылығы

C) Темір шапқыншылығы

D) Жоңғар шапқыншылығы

E) Ресей шапқыншылығы

4. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінде құрылған облыстар:

A) Шелек, Талғар

B) Сырдария, Жамбыл

C) Ташкент, Отырар, Ферғана

D) Жетісу, Жаркент

E) Сырдария, Ферғана, Самарқан

5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі:

A) Н.Қияшев

B) А.Иманов

C) К.Көкімбайұлы

D) Б.Әшекеев

E) Ә.Жанбосынов

6. Ұлы Отан соғысында жаудың 37 ұшағын атып түсірген ұшқыш:

A) С.Луганский

B) И.Павлов

C) Н.Әбдіров

D) Т.Бигелдинов

E) Л.Беда

7. Қимақ қағанатының құлау себебi:

A) Түргештердің шабуылы

B) Оғыздардың басып кiруi

C) Қидандардың жаулап алуы

D) Қарлұқ шапқыншылығы

E) Қыпшақ хандарының билік үшін таласы

8. Шыңғысхан алғаш бағындырған түркі тілдес хандықтар:

A) Хазар, Қырым

B) Найман, Керей

C) Хорезм, Бұлғар

D) Орта Азия хандықтары

E) Қидан, Татар

9. Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттыра түскен жеңіс:

A) Ташкент қаласының түбіндегі Абдаллах ханды талқандауы

B) Жетісу жерін қайтарып алуы

C) Баба сұлтанды жеңуі

D) Түркістан қаласының түбіндегі жеңіс

E) Сыр бойы қалаларын қайтарып алуы

10. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билікті беру көзделді:

A) Хандық кеңеске

B) Аға сұлтанға

C) Орынбор әкімшілігіне

D) Старшындар тобына

E) Шекаралық сотқа

11. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде құрамына Ақмола, Семей облыстары кірген генерал-губернаторлық:

A) Батыс Сібір

B) Түркістан

C) Астрахан

D) Закаспий

E) Орынбор

12. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өлкені жан-жақты зерттеген дүние жүзіне әйгілі ғалым:

A) Н.Макишев

B) Н.Аристов

C) М.Красовский

D) П.Семенов-Тяньшаньский

E) П.Маковецкий

13. «Салт атты қырғыз» шығармасының авторы:

A) С.Гросс

B) А.Батеньков

C) А.Левшин

D) А.Плещеев

E) Т.Шевченко

14. 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды:

A) Аңшы мылтықтары, балық өнімдері

B) Әскери винтовка, бағалы асыл тастар

C) Мақта, ет, жылқы, түйе

D) Зергерлік бұйымдар, мұнай, алтын

E) Киім-кешек, жанар-жағар май

15. «Алаш» партиясы құрылды:

A) 1915 ж.

B) 1914 ж.

C) 1913 ж.

D) 1916 ж.

E) 1917 ж.

16. Ф.Голощекиннің саясатына қарсы өз пікірін білдірген қоғам қайраткері:

A) І.Құрамысов

B) Ж.Мыңбаев

C) А.Андреев

D) К.Тоғысов

E) М.Айтпенов

17. 1950 жылы Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі:

A) Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты

B) Спасск комбинаты

C) Успен кеніші

D) Өзен мұнай кен орны

E) Риддер қорғасын комбинаты

18. 1960 жылдары кабель зауыты салынған қала:

A) Өскемен

B) Семей

C) Көкшетау

D) Ақмола

E) Талдықорған

19. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті:

A) 1995 жылы

B) 1997 жылы

C) 1996 жылы

D) 1999 жылы

E) 1993 жылы

20. Қызылорда облысында орналасқан неолиттік Сексеуіл тұрағынан табылды:

A) Дән үккіштер

B) Металл қалдықтары

C) Жебе мен садақ

D) Қой мен сиырдың сүйегі

E) Қола орақтар

21. Қазақ хандары Қаратау өңірін өздеріне қаратты:

A) XV ғ. 70-жылдары

B) XV ғ. 60-жылдары

C) XVI ғ. 30-жылдары

D) XV ғ. 90-жылдары

E) XV ғ. 50-жылдары

22. Орта ғасырда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазған саяхатшы:

A) В.Рубрук

B) әл-Марвази

C) әл-Макдиси

D) әл-Омари

E) Петахья

23. «Сібір патшалығы тарихы» еңбегінің авторы:

A) В.Урусов

B) И.Лихарев

C) И.Миллер

D) Д.Гладышев

E) Н.Рычков

24. 1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс:

A) Верный

B) Ертіс

C) Колыван

D) Горькая

E) Ақмешіт

25. Ұлттық қазақ театрына Қазақ Академиялық драма театры атағы берілген жыл:

A) 1936 жыл

B) 1935 жыл

C) 1938 жыл

D) 1939 жыл

E) 1937 жыл

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]