- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк _Ақпараттық технологиялар_ факультеті
- •Силлабус
- •Пәнді оқытудың мақсаты
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар;
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау;
- •Желі операциялық жүйелері.
- •Казіргі кезендегі операциялық жүйелерге қойылған талаптар
- •Ядро артықшылық режимінде.
- •4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі;
- •6. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау.
Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
6.1 Негізгі әдебиет
Макарова Н.В. Информатика: Учебник М.: Финансы и ститистика, 1999.
Новиков Ф., Яценко А. Microsoft Office 97 в целом СПб.: BHV. – Санкт-Петербург, 1998
Фокс Дж Программное обеспечение и его разработка М.: Мир, 1985
Брябрин В.М. Программное обеспечение персональных ЭВМ Hаука - М, 2002
Тихомиров Ю.В. Microsoft SQL Server 7.0. СПб.: BHV. – Санкт-Петербург, 1999.
Брукшир Д.Г. Введение в компьютерные науки М.: Издательский дом «Вильямс», 2001
6.2 Қосымша әдебиет
Ивановский С. ОС Unix. Серия книг «Справочное руководство пользователя персонального компьютера» М.: Познава-тельная книга, 2000
Бэнжел Д. Использование Linux М.: Издательский дом «Вильямс», 2003
В.Е. Карпов, К.А Коньков, В.П. Иванников Введение в операционные системы. РАН, 2001
И.О. Одинцов. Профессиональное программирование. Системный подход СПб.: БХВ – Петербург, 2002
Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
Пән бойынша емтихан бағасы аралық бақылау (60% дейін) және қорытынды аттестаттау (емтихан) (40% дейін) бойынша үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталады және кестеге сәйкес 100% дейін мәнді құрайды.
Әріптік баға бойынша бағалау |
Сандық бағалау эквиваленттері |
Меңгерілген білімдердің проценттік мәні |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
1 |
2 |
3 |
4 |
А А- |
4,0 3,67 |
95-100 90-94 |
Өте жақсы |
1 |
2 |
3 |
4 |
В+ В В- |
3,33 3,0 2,67 |
85-89 80-84 75-79 |
Жақсы |
С+ С С- D+ D |
2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 |
70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 |
Қанағаттанарлық |
F Z |
0 0 |
30-49 0-29 |
Қанағаттанарлықсыз |
8 Оқу пәнінің саясаты
«Операциялық жүйелер» пәнін оқу кезінде келесі ережелерді сақтауды өтінеміз:
1. Сабаққа кешікпей келуді.
2. Дәлелді себепсіз сабақ босатпауды, ауырған жағдайда анықтама, ал басқа жағдайларда түсініктеме хат ұсынуды.
3. Студенттің міндетіне барлық сабақтарға қатысу кіреді.
4. Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсыру.
5. Жіберілген практикалық және зертханалық сабақтар оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру.
Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар;
Ақпарат – бұл деректер және оларға сәйкес әдiстердiң әрекеттестiгi
Деректер базасы дегеніміз ДББЖ -ның басқарылуындағы, атауы бар, өзара байланысқан деректердің жиынтығы. Деректер базасы – объектілердің белгілі бір кластарын сипаттайтын ақпарат.
ДББЖ – деректер базасын құруды іске асыратын, оны актуалды жағдайда ұстайтын және түрлі қолданушыларға деректер базасындағы информацияны өз мақсатында қолдануға мүмкіндік беретін программалар кешені.
Деректер банкі дегеніміз бір орталыққа жинақталып, көп мақсатта коллективті түрде деректерді қолдану үшін арнайы түрде ұйымдастырылған деректер базасынан, программалық, техникалық тілдік және ұйымдастырылған әдістемелік жабдықтардың жүйесі.
Метaинформация – деректер базасының құрылымының сипаттамасынан (схемалар мен ішкі схемалар), пәндік саланың моделінен, қолданушылар мен олардың құқықтары туралы ақпараттан, енетін және шығатын документтердің формаларының сипаттамасынан тұрады.
Тілдік жабдықтар – сұрату тілін қолдау немесе деректерді манипуляциялау тілі.
Ұйымдастырушылық- әдістемелік жабдықтар дегеніміз қолданушыларға арналған нұсқаулар, әдістемелік және регламенттік (шектеуші) материалдар.
Программалық жабдықтар – қосымшаларды (приложение) әзірлеудің жабдықтарды
Персонал – дегеніміз деректер банкін жасауды және оның жұмысын осы дамытуды қамтамасыз ететін мамандар. Олар деректер банкінің админстраторы, жүйелік аналитиктер,
жүйелік және қолданбалы программист-операторлар, техникалық жабдықтардың мамандары және т.б
Журнал – ДББЖ-нің қолданушыларына жабық (недоступный), негізгі ДБ-дағы барлық өзгерістер жазылатын ДБ-ның ерекше бөлігі. Журнал әртүрлі екі дискіге жазылады.
ДББЖ-ның ядросы – сыртқы жадтағы деректерді басқаруға, жедел (оперативті) жадтағы буферлерді басқаруға, транзакциялар мен журнализацияны басқаруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес оның оның логикалық түрде мынандай компоненттерін анықтауға болады: а) деректер менеджері; б) буферлер менеджері; в) транзакциялар менеджері; г) журнал менеджері.
Бүтіндікке шектеу – формальді түрде сипатталған ережелердің негізінде деректердің пәндік саласына сәйкестігін қолданудың механизмі.
Деректер құрылымы – қолданушының деректерді бейнелеуге деген көзқарасын сипаттайды.
Қарапайым тип деректері – бұл әрі қарай бөлшектеудің ешқандай мағынасы болмайтын, символдар, сандар тағы басқа элементтер.
Массив (шектелген анықталу облысы бар функция) – бір типті элементтердің қарапайым жиынтығы, бір типті деректер тобымен амалдар орындау құралы.
Жазба (декарттық көбейтінді) - әртүрлі типтегі деректер элементінің жиынтығы.
Атрибут (деректер элементі) – деректер структурасының ең кіші бірлігі. Деректер базасын сипаттау кезінде, әдетте оның әрбір элементіне бірегей ат беріледі. Өңдеу кезінде осы ат бойынша назар аударамыз. Деректер элементін де кейде өріс деп атайды.
Жазба – атрибуттардың аталған жиынтығы. Жазбаларды пайдалану базаға бір рет кіру арқылы бірқатар логикалық байланысы бар деректер жиынтығын алуға мүмкіндік береді. Нақ осы жазбаларды өзгертеміз, қосамыз және өшіреміз. Жазба типі оның құрамындағы атрибуттар арқылы анықталады. Жазба данасы – ол нақты элементтер мәні бар нақты жазбалар.
Топтық қатынас – екі типті жазбалар арасындағы иерархиялық қатынас. Ата-аналық жазба (топтық қатынас иесі) бастапқы жазба деп, ал ұрпақтық жазбалар (топтық қатынас мүшелері) – бағынушы деп аталады.
Пәндік сала дегеніміз – автоматтандыру, басқаруда ұйымдастыру мақсатында зерттелетін нақты болмыстың бөлігі
Сыртқы схема (сыртқы бейнелеу ) дегеніміз – қолданушы орындайтын нақты функцияның тарапынан деректерге қойылатын талаптар.
Концептуальді схема-нақты болмыс туралы қолданушының түсінгінен алынған (проектеровщик ) деректерге қойылатын барлық талаптардың толық жиынтығы.
Ішкі схема дегеніміз – ол деректер базасының өзі.
Концептуальді жобалау – деректреге қойылатын талаптарды жинау, талдау және редакторлеу.
Логикалық жобалау. Бұл деректерге қойылатын талаптарды деректердің ққұрылымына түрлендіру.
Физикалық жобалау -деректерді анықтаудың ерекшеліктерін, қатынаудың әдістерін, т.б.-ды анықтау
Мән– кез-келген танылатын обьект, сол туралы информацияны д.б.-на сақтауымыз қажет. (ол адамдар, түр, түс, мекеме т.б.)
Атрибут– мәні бойынша мәнді түрде мәннің керек экземплярын табуға қажет атрибуттың ең аз жиынтығы.
Ассоциация– көптің көпке түріндегі екі немесе одан да көп мәндердің экземпляры арасындағы байланыс. Ассоциация басқа ассоциацияға қатыса алады. Оның да белгіленуі болады.
Сипаттама – көптің бірге және бірдің-бірге түріндегі мәндер арасындағы байланыс (ассоциацияның ішіне кіреді).
Белгілеу – көптің бірге және бірдің-бірге түріндегі байланыс
Триггерлер -сақталатын процедуралардың бір түрі
Индекстің негізгі қызметі қатынастың кортежіне кілт бойынша тікелей қатынаудың тиімділігін қамтамасыз ету.
Топ- ортақ аты бар қолданушылардың жиынтығы. Бір қолданушы бірнеше топтарға кіруі мүмкін.
Роль- атауы бар привелегияны алып жүруші.
Security- ДББЖ қауіпсізжігін басқару және қолданушы әрекеттерін қадағалау құқығы
ДББЖ-ның ядросы – сыртқы жадтағы деректерді басқаруға, оперативті жадының басқаруға, транзакция мен журнализацияны басқаруға мүмкіндік береді.
Деректер базасының утилиттері деректер базасын жүктеу, босату, статистика жинау, деркетер базасының тұтастығын тексеру және тағы басқа процедураларды орындайды.
Серверлік код (server-side code) – ДББЖ орнатылған компьютерде орындалатын кез келген код.
