- •1. Қабат физикасы нені зерттейді? Қабат физикасының мақсаты?
- •2. Шөгінді таужыныстар дегеніміз не? Пайда болуына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?
- •3.Минерализация дәрежесі бойынша қабаттық сулар қандай түрлерге бөлінеді?
- •4.Шөгінді таужыныстар Швецов жіктемесі бойынша қалай бөлінеді?
- •5.Мұнай және газ үшін қандай жыныстар коллектор бола алады?
- •6.Табиғи газдар қандай күйлерде болады, қанығу қысымы дегеніміз не?
- •7.Таужыныстардың гранулометриялық құрамы дегеніміз не? Гранулометриялық анализ?
- •8.Кеуектілік дегеніміз, өлшем бірлігі, түрлері?
- •9.Хемогенді шөгінді таужыныстар дегеніміз?
- •10.Шөгінді сынықты таужыныстар дегеніміз не?
- •11.Гтк дегеніміз не? Қабат физикасының мақсаты?
- •12.Ашық кеуектілік дегенміз не? Екінші кеуектілік?
- •13.Органогенді шөгінді таужыныстар дегеніміз не?
- •14,15 Литологиялық құрамы бойынша коллекторлар қалай бөлінеді? Оларға қандай таужыныстар жатады?
- •16. Таужыныстардың өткізгіштігі? Формуласы?
- •17.Хемогенді шөгінді таужыныстар?
- •18.Мұнай газ қабаттарының тәртіптері?
- •19. Мұнай мен газ қабатының сипаттамасын анықтау үшін қандай қасиеттерді білу керек?
- •20.Өткізгіштік қандай түрлерге бөлінеді?
- •21.Таужыныстардың коллекторлық қасиеттері?
- •22.Қандай қабат суларын білесіз? Судың қаттылығы неше топқа бөлінеді?
- •23.Жапқыш дегеніміз не? Оған қандай таужыныстар жатады?
- •24.Қабат температурасы?
- •Газды, газдыконденсатты және мұнайлы кенорындардағы қабат температурасы мен геотермиялық градиент
- •26.Қанығу дегеніміз не? Қандай қанығулар болады?
- •27.Материалдың негізгі массасының бөлінуіне қарай шөгінді таужыныстар қалай бөлінеді?
- •28.Қабаттың негізгі энергия көздері?
- •29. Таужыныстың иілгіштігі деген не?
- •30. Табиғи газдар қандай күйлерде болады, қанығу қысымы дегеніміз не?
- •31.Кеуектілік дегеніміз не? Кеуектілік коэффициенті қалай анықталады?
- •32.Кеуектілік пайда болуына байланысты нешеге бөлінеді?
- •33.Мұнайлы қабаттар қуыс каналдар көлеміне байланысты қандай топтарға бөлінеді?
- •34.Мұнай дегеніміз не? Мұнайдағы парафинді көмірсутектер туралы не білесіз?
- •35.Парафин құрамы бойынша мұнай қандай топтарға бөлінеді?
- •36.Қандай қуыс каналдарын білесіз? Қандай қуыс каналдарынан мұнай мен газ және су еркін өтеді?
- •37.Қандай қысымдарды білесіз? Қанығу қысымы дегеніміз не?
- •38.Ашық кеуектілік дегеніміз не? Қандай формуламен анықталады? Құм мен құмтастың коэффициенті?
- •39.Таужыныстардың жылулық қасиеттері?
- •40.Қабат тәртібі дегеніміз не? Қатты суарынды тәртіптегі энергия көзі?
- •41.Абсолютті өткізгіштік дегеніміз не?
- •42.Әртүрлі жағдайдағы газдың күйлері? Газды фактор дегеніміз не?
- •43.Таужыныстардың механикалық қасиеттерін атап бер?
- •44.Мұнайдың негізгі фракциялық құрамы туралы не білесіз?
- •45.Газ арынды тәртіптегі негізгі энергия көзі? Мұнайбергіштік коэффициенті?
- •46.Ілеспе газ дегеніміз не? Қандай қысымды қанығу қысымы деп атаймыз?
- •47.Қабат суларының түрлері? Олардың мұнай және газды шығарудағы маңызы?
- •48.Таужыныстың физикалық қасиетін сипаттау үшін қандай өткізгіштікті қолданамыз?
- •49.Мұнайға қанығу дегеніміз не? Оның формуласы? Коллекторлардың статистикалық пайдалы сыйымдылығы дегенміз не?
- •50.Саздардың кеуектілік коэффициенті?
- •51.Газ бойынша өткізгіштікті анықтау формуласы? Өткізгіштік дегеніміз не?
- •52.Жоғары капиллярлы қуыс каналдарының өлшемі?
37.Қандай қысымдарды білесіз? Қанығу қысымы дегеніміз не?
Кеніштегі барлық газ мұнайда еріген кездегі қысымды қанығу қысымы деп атайды.ОЛ қабат температурасына,и мұнай мен газ құрамына байланысты анықталады. Газды фактор осы қанығу қысымына тәуелді болады. Газды фактор дегеніміз бір тонна мұнайдағы газдың мөлшері.
Қабаттың негізгі энергия көзі болып шеттік судың, табандық судың, газды телпектегі газ қарқыны, ерітіндіден газ бөлініп шыққан кездегі мұнайдағы еріген газ қысымы, ауырлық күші, қабат серпімділігі. Бұл күштер бірге немесе бөлек болуы мүмкін. Сонымен мұнайлы қабаттың энергетикалық ресурсы қабаттағы қысымның болуына байланысты. Егер қабат қысымы жоғары болса, әртүрлі жағдайларда энергия қоры көп болады және мұнай кенішін толық пайдалануға болады.
Мұнайлы кенішті игеру процесінде қабат жымының төмендеуі, қабат энергиясының тез төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл жағдайда мұнайды толық шығара алмаймыз. Өйткені энергияның жоқ болуына байланысты қабат бойымен ұңғыма түбіне мұнай ( жылжымайды ) жылжи алмай қалады. Игеруді тиімді пайдалану үшін қабаттағы қысымды немесе оның өзгеру динамикасын білу керек. Қабат энергиясын дұрыс пайдалану үшін осы қабат қысымын реттеп ( регулировка ) отыру керек.
Қабат қысымын жүйелі зерттеу тәжірибе кезінде үлкен роль атқарады, өйткені қабаттың гидродинамикалық сипаттамасы, оны пайдалану немесе қабаттағы сұйықтық пен газ, қабат қысымының өзгеруіне байланысты болады. Нақты бір заңдылыққа байланысты қабат қысымы тереңдеген сайын өседі, ол 0,8 – 1,2 атмосфера аралығында өзгереді.
Қабат қысымы дегеніміз – қабат флюидтерінің өзін сыйдырушы таужыныстарға көрсететін қысымы. Қабат қысымы – өнімді қабаттың энергетикалық мүмкіндіктерін анықтайтын маңызды факторлардың бірі.
Қабат қысымын статикалық тепе – теңдік орнаған кездегі сұйықтықтың биіктігі арқылы анықтауға болады:
Р
= h
g
r
мұндағы, h - теңдестірілген қабат қысымындағы сұйықтық биіктігі, м;
r - ұңғымадағы сұйықтық тығыздығы, кг/м3;
g – еркін түсу үдеуі, м/с2.
Қабат қысымының қалыптасуына гидростатикалық қысым, резервуарлар көлемінің өзгеруі нәтижесінде қалыптасатын мұнай мен газ шоғырларының қалдық қысымы ( архимед күші ) қатысады. Сонымен қатар алғашқы, динамикалық қысымдар ажыратылады.
Кенорындарды игеру кезінде келесідей қабат қысымдарын білуіміз керек:
Қабат қысымы – көрші ұңғымадағы езілу жағдайы әсер етпеген қабаттың кейбір нүктесіндегі қысым.
Түптік қысым – ұңғыма түбіндегі қысым.
Статикалық қысым – қысым таралуы бітіп қабатта тұрақты тепе – теңдік жағдай пайда болған кездегі қысым.
Динамикалық қысым – игеру кезіндегі қабат қысымы, яғни қабатта әртүрлі жұмыстар жүргізіліп жатқан кездегі қысым.
Алғашқы қысым – бірінші ұңғыма мен қабатты ашқан кезде белгіленген қысым.
Күнделікті қысым – бір мерзімдегі игеру процесіндегі қабатта белгіленген қысым.
Гидростатикалық қабат қысымы дегеніміз – қабат бойымен қозғалатын судың гидростатикалық әсерінен пайда болатын қабат қысымы. Бір абсолютті деңгейдегі қабат қысымы мен гидростатикалық қысымның айырмашылығын қалдық қабат қысымы дейді.
Шартты гидростатикалық қысыммен салыстырғанда қабат қысымы қалыпты және аномалиялы қысым болып бөлінеді. Қалыпты қысым қабаттың жатыс тереңдігімен тікелей байланысты және әрбір 10 метр сайын 0,1 МПа – ға өседі. Ал гидростатикалық қысымнан айтарлықтай өзгеше қабат қысымын – аномалиялы қабат қысымы деп атаймыз.
Егер gradp > 0.013 болса, қабат қысымы гидростатикалық қысымнан жоғары, ал gradp < 0.008 болса, қабат қысымы гидростатикалық қысымнан төмен болып саналады.
Гидростатикалық қысымнан жоғары қабат қысымы тектоникалық қозғалыстармен байланысты, сол себепті мұндай қысым тектоникалық белсенділігі және шөгінді түзілу жылдамдығы жоғары аймақтарға ( Солтүстік Кавказ, Әзірбайжан, Орталық Азия, Карпат алды ) тән. Бұл аймақтарда гидростатикалық қысымнан жоғары қабат қысымы өте аз тереңдіктерде де байқалады. Қабат қысымының градиенті 0,017 – 0,025 МПа және одан жоғары.
Гидростатикалық қысымнан төмен қабат қысымы сирек кездеседі. Мұндай қысымның болуы геологиялық даму процесінің белгілі бір сатысында қабат суының жетіспеушілігіне әкеліп соқтырған жағдайлардың болуы. Мысалы таужыныстардың қайта кристалдануы немесе сілтілену әсерінен кеуектіліктің арту жағдайы.
Қабат қысымы қабаттың созылу ауданы, мұнай мен газ шоғырларының жатыс тереңдігі, сулы горизонттардың қалыңдығы бойынша өзгеріп отырады.
Қабат қысымы тереңдік манометрімен немесе ұңғымадағы қабат флюидтерінің пъезометрлік деңгейімен анықталады. Тереңдік манометрінің өлшеу қателігі 1% - ға дейін.
