Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kabat fizikasi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175.3 Кб
Скачать

30. Табиғи газдар қандай күйлерде болады, қанығу қысымы дегеніміз не?

Табиғи көмірсутекті газдар химиялық формуласы CnH2n+2 болатын шекті

көмірсутектер болып саналады. Əдетте, оның негізгі компоненті CH4 метан болып табылады, оның құрамы 98% жетеді. Табиғи газдың құрамына метанмен қатар аса ауыр көмірсутектер де кіреді: С2Н6 этан, С3Н8 пропан, nС4H10 қалыпты бутан, i-C4H12 изобутан, C5H12 пентан жəне т.б., сонымен қатар, көмірсутекті емес көмпоненттер: N2 азот, CO2 қостоқты көміртегі, H2S күкіртті сутегі, He

гелий, Ar аргон.

Табиғи газдар әртүрлі жағдайларға байланысты 3 күйде болады:

1.бос газдар

2.қалдық газдар

3.еріген газдар.

Қабаттық жағдайда көмірсутекті газдар олардың құрамына, қысымына және температурасына байланысты кеніште әр түрлі болуы мүмкін. Газ түрінде сұйық не газ – сұйықтықты қоспа түрінде. Қабаттың көтеріңкі бөлігінде газды телпекте бос газ болады. Мұнай кенішінде газды телпек болмаса, онда кеніштегі барлық газ мұнайда еріп кеткен, бұл газ кенорынды игеру кезінде қысым түскен сайын мұнайдан бөлінеді және ілеспе газ деп аталады. Қабаттық жағдайда барлық мұнайда ерігне газ болады. Қабатта қаншалықты қысым жоғары болған сайын соншалықты мұнайда ергіен газ болады.Кеніштегі барлық газ мұнайда еріген кездегі қысымды қанығу қысымы деп атайды.ОЛ қабат температурасына,и мұнай мен газ құрамына байланысты анықталады. Газды фактор осы қанығу қысымына тәуелді болады. Газды фактор дегеніміз бір тонна мұнайдағы газдың мөлшері.

Мұнаймен бірге өндірілетін газдар, ілеспе газдар метанның, этанның,пропан – бутанның фракцияларынан және газды – бензин қоспасынан тұрады. Метан мөлшері 35 -85 пайыз аралығында өзгереді. Ауыр көмірсутектер ілеспе газда 20 -40 пайыз.

Майлылық коэффициенті дегеніміз ауыр көмірсутектерд сомасының метанға қатынасы.

Құрғақтылық коэффициенті дегеніміз метанның ауыр көмірсутектерге қатынасы.

Шоғырда əр түрлі жағдайлардың болуы кезінде мұнай мен газдың физикалық жай-күйі. Көмірсутектері олардың құрамы, қысымы жəне температурасына қарай шоғырда түрлі жан-күйлерінде газ тəріздес, сұйық немесе газды сұйық қоспалары түрінде болады. Газдың мөлшері көп болуы кезінде құрылымының жоғарлаған бөлігінде газды бөрік ретінде орналастырады. Бұл кезде мұнайдың бу түріндегі сұйық көмірсутектері бөлігі газ фазасында ұсталынады. Қабаттағы жоғары қысыммен газдың тығыздығы шамасы бойынша жеңіл көмірсутекті сұйықтың тығыздығына жуықтайды. Мұндай жағдайларда көмірсутектерінің кейбір мөлшері сұйытылған (сығылған) газда сіңіп кетеді. Нəтижесінде мұнай сұйытылған газда ашық қалудың едəуір дəрежесінде көрінеді. Егер, шоғырдағы газ мөлшері мұнай көлемімен салыстырғанда аз, ал қысымы жеткілікті мөлшерде жоғары болса, газ мұнайға толықтай сіңіп кетеді, онда газды мұнай қасиеті бір кезеңді жəй-күйде жатады (сұйық).

Сондықтан, мұнай газдың жатысы жəне сандық арақатынасы жағдайларына қарай шоғырлар келесідегідей бөлінеді:

таза газды;

газ конденсатты;

газ-мұнайлы (үлкен газды бөрік жəне мұнайлы жұрынмен);

мұнайлы (ілеспе газдың əртүрлі құрамымен)

АҚШ-тың газ-мұнай кəсіпшілігі əдебиетінде көмірсутектерінің шоғырлары газконденсаттық фактордың шамасы, шығарылатын сұйық көмірсутектерінің тығыздығы, түсі бойынша шартты түрде газды, газконденсатты немесе газ-мұнайлы түрлеріне бөлінеді. Газконденсатты факторы алынатын сұйық өнімінн

конденсаттың (м3-дегі газ мөлшерінің қатынасы ретінде анықталады.

Газконденсаттарға тығыздығы 740-780 кг/м3 , əлсіз баяулы немесе түссіз.Газконденсатты факторы 900-1100 м3/м3көмірсутекті сұйықтарды шығаратыншоғырлар кіреді. Майлы газдардың газ конденсатты факторы, 100-180 м3/м3 құрайды, ал конденсат тығыздығы 740 кг/м3-ден кем.

Мұнайдың (м3-де ерітілген газдың құрамы 1000 м3дейін жететіндігін атап өткенабзал. Осы көзқараспен алғанда, мұнайлы газ жəне газ конденсатты кенорындары арасында болатын қатаң шекарасы болмайды. Сондықтан, сұйық жай-күйде қабаттық жағдайларда болатын барлық көмірсутектерін мұнай дегі

санау қажет. Көмірсутектерінің шоғырларын газды, газ конденсатты жəне газ мұнайлы түрлеріне неғұрлым негізді болу үшін көміртектерінің құрамы жəне шоғырдағы жағдайларына əр түрлілігі бойынша өтуші кезеңдік айналушы сипаттамалары пайдаланылады. Көмірсутектері əдетте, жер қабығында тек бос, сұйық немесе газ тəріздес жай- күйінде болады деп саналатын жинақталған көмірсутектерінен мұнай, газ жəне газконденсатты шоғырлар құрылады. Сондай-ақ, қабаттарда қатты күйде болатын газогидратты шоғырлар да бар. Жер қабығында осындай газдың болуы белгілі бір қысымдары жəне

температуралары болуы кезінде сумен қосылып, гидратты құрайтын қасиетімен қамтамасыз етілген. Газогидратты шоғылар табиғи газдың қарапайым кен орындары үшін қолданылуынан көптеген айырмашылығы бар шоғырлардан физикалық параметрлері бойынша күрт өзгешеленеді. Жер қыртысындағы газогидратты шоғырлардың орналасуы қабаттық сулардың газы жəне минералдану құрамымен жəне жармасының термодинамикалық сипаттамасымен анықталады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]