Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kabat fizikasi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175.3 Кб
Скачать

23.Жапқыш дегеніміз не? Оған қандай таужыныстар жатады?

Жапқыш таужыныстар дегеніміз – мұнай, газ , суды өткізбейтін немесе нашар өткізетін таужыныстар. Олар мұнайлы, сулы, газы қабаттарды бөліп тұратын және изолятор ролін атқарып, шоғырдың сақталып қалуына әсер ететін таужыныстар. Оларға тастұз, гипс, ангидрит, саз, аргиллит жатады.

24.Қабат температурасы?

Қабаттағы мұнайдың, судың, газдың құрамын білу үшін, қабат тәртібін анықтау үшін, жерасты суларының қозғалу динамикасын анықтау үшін, мұнай мен газ кеніштерінің қалыптасу жағдайын табу үшін біз қабат температурасын білуіміз керек. Қабат температурасы ұңғыманы тығындау мен теспелеуге байланысты техникалық жұмыстарда үлкен көмек көрсетеді.

Қабат температурасы – қабаттың жылулық жағдайын сипаттайтын параметр. Қабат температурасы қабат қысымы сияқты қалыпты және аномалиялы болып бөлінеді.

Қабат температурасы қабаттың жатыс тереңдігіне және жер қыртысының геотемпературалық ерекшеліктеріне байланысты.

Ұңғыма температурасын электротермометрмен немесе максимальды термометрмен өлшейді.

Максимальды термометр қабаттағы берілген бір нүкте температурасын ғана анықтайды. Оның негізгі құрамы ол температураны ұзақ мезгіл сақтап тұрады, тек температурасы өте жоғары ортаға түссе ғана бұзылады. Ұңғымаға термометр Яковлевтің лебедкасы арқылы жұқа стальдан жасалған тросс арқылы түсіріледі. Түсірместен бұрын оны жоғары қысымға шыдайтын арнайы темір футляр – гильза ішіне салады. Қабат температурасын анықтау үшін бір интервалда 1 – 2 сағат ұстау керек. Термометрмен қолданған кезде оны соғып алмаудан немесе суытып алмау керек. Егер ауа температурасы ұңғыма температурасынан жоғары болса, онда қабаттың жоғарғы нүктесінен бастап өлшеу керек. Бақылау үшін 1 немесе 2 – 3 термометрді бірге түсірген пайдалы.

Электрлі термометрмен қолдану кішкене ыңғайлы, ол ұңғымаға каротажды сыммен түсіріледі. Бұл кішкене уақыт ішінде ұңғыма температурасының қисығын береді. Электрлі термометрмен шегендеу құбыры түсірілген немесе түсірілмеген ұңғыма температурасын өлшеуге болады. Өлшеу алдында ұңғыма 20 – 25 күн тыныш тұруы керек. Пайдалану мен бұрғылау кезінде бұзылған табиғи температура тәртібі орнына келуі керек, бірақ кәсіптік жағдайларда ұңғыма тоқтағаннан кейін 5 – 6 сағаттан сон температурасын өлшей береді. Бұрғылау процесінде уақытша техникалық жағдаймен тоқтап қалған ұңғымада температураны өлшей береді.

Қабат температурасын анықтау өнеркәсіптік мұнай геологиясында өте маңызды. Мұнай және газ шоғырларындағы қабат температурасының өзгерісі газдың, сұйықтықтың және сыйдырушы таужыныстар көлемінің өзгерісіне әкеледі. Температураның жоғарылауы су мен мұнай тұтқырлығының төмендеуіне және газ тұтқырлығының өсуіне себепкер болады.Температураның өсуі қабат қысымының өсуіне де әсер етеді. Қабат қысымының төмендеуі көмірсутектерді өңдіруді қиындатады және құнды өнімдерден айырылуға әкеліп соғады ( конденсат, тұтқыр мұнай, парафин ), сол себепті мұнай кенорындарын өңдеу жоғары температура жағдайында өтеді. Қабат температурасы туралы нақты мәліметтер ұңғымаларды бұрғылау кезінде керек.

Температура өлшемін геотермиялық саты мен геотермиялық градиентті табу үшін қолданады.

Геотермиялық саты дегеніміз – төмендеген сайын таужыныс температурасының 1 өсу арақашықтығы. Ол мына формуламен анықталады:

G = ;

G – геотермиялық саты;

H – температура өлшенген жердегі тереңдік, м;

h – бірқалыпты температурада болатын қабат тереңдігі, м;

T – H тереңдіктегі температура, ;

t – жер бетіндегі орташа жылдық температура, .

Геотермиялық сатының нақты сипаттамасын білу үшін, ұңғыма бойының барлық қабаттарының температура өлшемдерін білу керек. Бұл өлшемдер қиманың әр бөліміндегі геотермиялық сатыны анықтауға және геотермиялық градиентті анықтауға көмек береді.

Гертермиялық градиент дегеніміз – әр 100 метрге төмендеген сайын температураның өсуін айтамыз.

Г = ;

мұндағы, Г – H тереңдіктегі таужыныстардың температурасы, ;

Торт – осы ауданның жылдық орташа температурасы, ;

h – жылдық температура тереңдігі, м ( мұнай кенорындарында h = 25 – 30 м ).

Геотермиялық саты мен градиент арасындағы байланыс:

Г =

Геотермиялық градиент әр ауданда өзгеше. Магмалық және метаморфтық таужыныстарға қарағанда шөгінді таужыныстарда тереңдеген сайын температураның өсуі жоғарырақ. Шөгінді тыстын орташа геотермиялық градиенті 3 /100м.

H тереңдіктегі қабат температурасы:

мұндағы - = 2000м тереңдіктегі қабат температурасы, .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]