Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kabat fizikasi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175.3 Кб
Скачать

1. Қабат физикасы нені зерттейді? Қабат физикасының мақсаты?

Қабат физикасы- қабаттың мұнай жəне газ бергіштік қасиетін өсірудің

физикалық негізін, газды газконденсатты қоспаларды олардың əдістерін, қабат

сұйықтарының құрамын жəне мұнай газ коллекторларының физикалық

қасиетін зерттейтін ғылым.Соңғы жылдары кенорындардың біреуі де қабаттағы жыныстардың физикалық қасиетін, қабат суларын жəне газды анықтамағанша өндірілмейді, себебі мұнай жəне газды кенорындарды өндіру ғылыми тұрғыда қолайсыз. Мұнайлы, газды жəне газоконденсатты шоғырларды пайдалану кеуекті ортадағы үлкен массалы сұйықтардың жəне газдардың сүзілуімен байланысты. Жынысты ортаның, қабат сулардың жəне газдардың қасиеттеріне сүзілудің заңдылықтары байланысты, соған орай өнімді коллекторлардың,

скважиналардың дебиті өзгереді. Шоғырды пайдалану мерзіміне байланысты мұнайдың, судың жəне

газдың қабат ішінде орналасуы өзгереді. Соның əсерінен коллектор

жыныстардың, қабат суларының, газдардың жəне газоконденсат ерітінділердің қасиеттері өзгереді. Сондықтан бұл өзгерістер қабат қысымы, температура жəне тағы басқа факторларға байланысты. Курстың маңызды орны кеуекті ортадан мұнай жəне газды физика жəне физика – химия процестер арқылы агенттермен ығыстыру. Бұл материалдар жаңа заманғы мұнайды өсіру жəне қабаттардың газды қайтару əдістерінің теориялық негізі болып келеді.

Қабат физикасы- мұнай мен газ жəне газ конденсат шоғырлары мен кенорындардың алғашқы (табиғи) жағдайдағы жəне оның халық шаруашылығындағы маңызын анықтау мен жер қойнауын тиімді пайдалану үшін игеру процесін бөлшекті зерттейтін ғылым. Бұл анықтамадан қабат физикасы көмірсутектер шоғырлары мен кенорындарды екі түрлі көзқараспен зерттеуге жақын екені көрінеді. Біріншіден, көмірсутек шоғырлары статикалық жағдайда яғни табиғи геологиялық объект ретінде зерттеледі. Бұл зерттеудің мақсаты шоғырды техника-экономикалық бағалау жəне болашақ игеру көрсеткіштері мен геологиялық жүйенің түсініктемесі жəне игеруді жобалау үшін кəсіптік- геологиялық керекті ақпараттар алу. Екіншіден, көмірсутек шоғырлары динамикалық жағдайында зерттейді,

өйткені оларды пайдалану кезінде мұнай, газ жəне су ұңғыма түбіне айдау ұңғымаларына қарай қозғалады. Бұл процесс қозғалысының ерекшелігі шоғырдың геологиялық құрамымен (статикалық жағдайдағы құрамы) жəне игеру жүйесінің жобаланған сипаттамасымен байланысты. Басқаша айтсақ, игеруге енгізілген мұнай мен газ шоғыры екі компоненттен тұратын бөлінбейтін бір бүтін болып келеді: геологиялық (шоғырдың өзі) жəне техникалық (игеру жүйесі). Бұл бүтін геологиялық – техникалық кешен деп

аталады(ГТК). Мұнай мен газ жəне газконденсатты зерттеу арнайы бақылауды жəне шоғырды игеруге дайындау процесіндегі ғылыми зерттеулерді жүргізуді

талап етеді.

Сонымен, қабат физикасының мəні қоршаған орта мен жер қойнауын тиімді қолдануды қамтамасыз етіп, бұл қызмет ұйымына тиімді тəсілдерді геологиялық негіздеу мақсатында халықшаруашылығы қызметіне жарату үшін, мұнай мен газ шоғырлары жəне кенорындар туралы ақпараттарды жан-жақты

талдап, қорыту.

Қабат физикасының ерекшелігі, ол басқа да ғылымдардың əдістерімен

алынған теориялық ұсыныстарды жəне нақты деректерді, сондай-ақ өзінің тұжырымдары мен толықтыруларын кеңінен пайдалану арқылы аралас ғылым шеңберіндегі заңдылыққа жиі сүйенеді.

Қабат физикасының мақсаты тау жыныстарының физикалық жəне

коллекторлық қасиеттерін зерттеу негізінде жерасты қазба байлықтарын

пайдалануды арттыру жəне мұнай мен газды шығару жөніндегі неғұрлым

тиімді қызметтің геологиялық негізделуінде келіп тіреледі.

Негізгі мақсаты кенорын қазба байлықтарын барлау мен қорғауды əзірлеу процесінде байқалатын кешенін қамтамасыз ету, мұнай газ немесе конденсат қорын жоғарлату бойынша геологиялық шараларды геологиялық негіздеу, мұнай жəне газ кенорындарын игеру жүйелерін геологиялық негіздеу, мұнай жəне газ, конденсат жəне бағалы ілеспе қоспалардың қорын есептеу, кенішті

кəсіптік – геологиялық моделдеуге кіретін қоспалар қатарына бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]