- •Зертханалық жұмыс №1
- •Жұмысты орындауға әзірлік
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3. Сұйықтықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№4. Қатты денелердің тығыздығын анықтау.
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •Бакылау сурактары:
- •№5. Резеңкенің серпімділік модулін (Юнг модулін) өлшеу.
- •Жұмысты орындау тәртібі:
- •№7. Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау.
- •№8. Өткізгіштерді параллель және тізбектей қосу.
- •№6. Электр энергиясының ішкі кедергісін анықтау.
- •Жұмыс істеу тәртібі:
- •№9. Шам қуатының оның ұштарындағы кернеуге тәуелділігін зерттеу.
- •Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№10. Математикалық маятник арқылы еркін түсу үдеуін анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Құрал-жабдықтар:
- •Жұмыстың барысы:
- •№12. Линзаның аралығын және оптикалық күшін анықтау.
Зертханалық жұмыс №1
Гей-Люссак заңын тәжірибеде тексеру
Жабдықтар,
қажетті өлшеулер, өлшеу құралдары
202-суретте жұмысты жүргізуге қажетті
жабдықтар көрсетілген: бір жақ ұшы
дәнекерленген, ұзындығы 600 мм және
диаметрі 8-10 м шыны түтік; биіктігі 600
мм, диаметрі 40-50 мм ыстық су (t ≈ 600С)
толтырылған цилиндр ыдыс; бөлме
температурасындағы суы бар стақан,
пластилин.
Гей-Люссак
заңын тексеру үшін тұрақты қысымдағы
газдың екі күйдегі температурасы мен
көлемін өлшеу және
теңдігінің дұрыстығын тексеру жеткілікті.
Бұған атмосфреалық қысымдағы ауаны
пайдаланып қол жеткізуге болады.
Шыны түтікті ашық жағын жоғары қаратып ыстық суы бар цилиндр ыдысқа батырып, 3-5 мин ұстаңдар. (202-сурет)
Бұл жағдайда ауаның V1көлемі шыны түтіктің көлеміне, ал температурасы – ыстық судың Т1 температурасына тең. Бұл-бірінші күй. Ал енді ауа келесі күйге ауысқанда оның мөлшері өзгермес үшін ыстық суда тұрған шыны түтіктің ашық ұшын платсинамен бекітеміз. Бұдан кейін ол түтікті ыстық суы бар ыдыстан шығарып бекітімен ұшын төмен қаратып, бөлме тмпературасында тұрғна суы бар стақанға батырамыз, содан соң тікелей су ішінде пластилинді алып тастаймыз. Сонда түтіктегі ауаның суынуына қарай ондағы су деңгейі көтеріледі. Түтіктегі судың көтерілуі тоқтағннан кейін ондағы ауаның көлемі V2<V1, ал қысымы р=ратм-рgh тең болады. Түтіктегі ауаның қысымы қайтадан атмосфералыққа тең болуы үшін түтіктегі су мен стақандағы судың деңгейі теңелгенше түтікті
стақанға батыра түсеміз. Бұл түтіктегі ауаның қоршаған ауа температурасындағы
Т2
екінші күйі болады. Бірінші және екінші
күйдегі түтік ішіндегі ауа көлемдерінің
қатынасын, түтіктің ұзына бойының қимасы
барлық жерде бірдей болса осы күйлердегі
түтіктегі ауа бағаны биіктігінің
қатынасымен алмастыруға болады (V1/V2
= Sl1/Sl2
= l1/l2).
Сондықтан жұмыста l1/l2 және
Т1/Т2
қатынасын салыстыру керек. Су бағанының
ұзындығы сызғышпен, температура –
термометрмен өлшенеді.
Жұмысты орындауға әзірлік
Өлшенді |
Есептелді |
||||||||||||||||
l1 мм |
l2 мм |
t1 0С |
t2 0С |
∆0l мм |
∆0l мм |
∆l мм |
T1 К |
Т2 К |
∆oT К |
∆oT К |
∆T К |
l1 l2 |
ɛ1 % |
∆1 |
T1 T2 |
ɛ2 % |
∆2
|
1. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижесінде жазуға қажетті кестесі бар қағаз әзірлеңдер (аспаптық қателік 1-кестенің көмегімен анықталады).
2. Бөлме температурасында суы бар стақан және ыстық су құйылған ыдысты әзірлеңдер.
Экспериментті жасау, өлшеулер нәтижелерін реттеу
1. Шыны түтіктің l1ұзындығын және цилиндр ыдыстағы ыстық судың температурасын өлшеңдер.
2. Түтіктегі ауаны жоғарыда айтылғанға сәйкес екінші күйге келтіріңдер. Түтіктегі ауа бағанының l2ұзындығын және қоршаған ауаның Т2 температурасын өлшеңдер.
3. l1/l2 жәнеТ1/Т2 қатынастарын, осы қатынастарды өлшегендегі салыстырмалы (ɛ1 және ɛ2) және абсолют (∆1 және ∆2) қателіктерін мына формулалар бойынша есептеңдер.
4. l1/l2 жәнеТ1/Т2 қатынасын салыстырыңдар.
5. Гей-Люссак заңының дұрыстығы туралы қорытынды жаса.
Бақылау сұрақтары:
1. Шыны түтікті бөлме температурасындағы суы бар стақанға батырған соң және пластилинді алып тастағаннан кейін түтіктегі су неліктен көтеріледі?
2. Стақандағы және түтіктегі су деңгейлері теңелгенде түтіктегі ауаның қысымы атмосфералық қысымға тең болатыны неліктен?
