Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эконом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.34 Кб
Скачать

9. Техника-экономикалық негіздемелері

Қоғамдық құрылымын реформалаудың динамикалық экономикалық және әлеуметтік процестері, шаруашылықтың нарықтық негізін қалыптастырудағы радикалды қадамдар Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымында, нақтырақ оның құрамдас бөлігі-байланыс қызметтерінің нарығындағы сәйкесті қайта қалыптасуды меңзейді.

Бүгінгі таңда кеңінен қолданылып жүрген байланыс құралдары мен телекоммуникациялық желілердің маңызын айтпаса да түсінікті. Әлемдік тәжірибе телекоммуникация жүйелері неғұрлым қарқынды дамыған сайын, экномика да соғұрлым толығымен көтерілетіндігін растайды. Қазақстан әлемдік экономикаға белсенді түрде еніп келеді, сондықтан да негізгі назарын байланыс пен информатиканың дамуына, технология мен байланыс техникасын жетілдіру мәселелеріне аударды.

Қоғамның дамуы дәрежесі берілетін ақпараттар көлемімен сипатталады. Электрбайланыс мемлекеттік инфрақұрылымның құрамдас бөлігі ретінде халықтың, мемлекетттік басқару, өнеркәсіп, ауылшаруашылығының, байланыс қызметіндегі қорғаныс және қорғау саласы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Байланыс халық шаруашылығының ең қол жетімді саласы болып табылады. Байланыс қызметтерін барлығы да қолданатындығы анық. Өйткені заманаби қоғам ақпараттың жоғары сұранысына ие, осының салдарынан байланыс қызметтеріне деген сұраныстары да үлкен.

Электрбайланыстың қалыптасушы нарықтық қатынастардағы маңызы ерекше. Нарықтық қатынастарға өту байланыс кәсіпорындарының қорлары мен олардың құрылымдық бірліктеріне иелік ету, пайдалану және басқару құқықтары, құқық пен міндеттемелерді, сәйкесінше қаражаттар мен кірістерді бөлу сынды принципиалды мәселелердің шешілуін талап етеді.

«Казахтелеком» Ашық Акционерлік Қоғамы клиенттерді, яғни біздің кең республикамыздың барлық территорияларында байланыс қызметтерін тұтынушыларды телефон, телеграфты және радиохабарламалармен қанағаттандыру қабілетіне ие коммуникацияның қуатты желісіне иелік етеді.

«Казахтелеком» ААҚ-байланыс қызметінің ірі жеткізушісі. Бұл телекоммуникациялық қызметтерінің кең спектрін ұсынатын ірі әрі кеңмасштабты кәсіпорын.

Дипломдық жобалаудың бұл бөлімінде Қарағанды-Жезқазған БТОЖ жобаланатын трассасы үшін техника-экономикалық көрсеткіштерінің есептеулері келтірілген

Байланыс желісі беріліс жылдамдығы 2,5 Гбит/с болатын сандық ағыстарды ұйымдастаруға арналған STM-16 мультиплексорлар негізінде құрылады. Трассаның жалпы ұзындығы 521 км тең. Желі тональді жиіліктің 580 каналдарын қамтамасыз етеді .

Қалааралық байланыстың тұтынушылары кәсіпорындар, халық болып, сондай-ақ каналдардың бір бөлігі мәліметтер беру мен жалға берілетін болады.

Жаңа технологияны енгізудің экономикалық эффективтілігі деп оны қолданудағы экономикалық нәтижелерді айтады. Жаңа техника түсінігі қолданылып жүрген технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру әдістерімен салыстырғанда байланыстың жаңа техникалық құралдарын, өндірістік процестер мен байланыс желілернінің механизация және автоматизация құралдарын, жаңа модернизирленген механизмдер, аспаптар мен конструкцияларды, материалдардың жаңа жақсартылған түрлерін қамтиды.

Жаңа техниканы енгізу эффективтілігі – эффектінің шығындарға қатынасы болып табылады. Жаңа техниканы енгізудің нәтижесі- қоғам үшін қажетті өнім сапасының жақсаруы; оның сапасының, жылдамдығының артуы, берілетін ақпарат пен байланыс сенімділігі, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруы, пайданың өсуі, рентабельділіктің жоғарлауы болып келеді.

Капиталды салымдар маңызды экономикалық көрсеткіш болып келеді, өйткені олар байланыс техникасының жаңа құрылыстары қаншаға түсетіндігін, қанша қаражат жұмсалғандығын көрсетеді.

Капиталды салымдар құрылыс-монтаждау жүұмыстарына жұмсалған шығындарды, құрал-жабдық сатып алуға кеткен қаражатты, транспорт қаражаттары мен құрылыспен байланысты болған басқа да дайындық жұмыстарына жұмсалған шығындарды қамтиды. Құрал-жабдықтарды алаңда орнататындықтан ғимарат құрылысына жұмсалатын шығындар қарастырылмайды.