Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_s__1179_az_t_PIP_mamnd_konspekt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.2 Кб
Скачать

Оқытуды ұйымдастыру

Оқытудың ұйымдастыру түрі (формасы) дегеніміз – ұстаз бен шәкірттердің арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртіпте жүргізілетін оқу-таным, іс-әрекет процесі. Оқытуды ұйымдастыру оның мазмұны, әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Оқыту – таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы. Оқытуда баланың таным қабілеті дамып, білімді, дағдыны, икемділікті игереді. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті – оқыту процесі бағынатын заңдылықтарды анықтау, ол заңдылықтарды мақсатқа сай қолданудың жолдарын қарастыру. Дидактика ғылым мен техниканың даму дәрежесін, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып білім мазмұнын, икемділік пен дағдының мөлшерін, көлемін анықтау мәселесімен де шұғылданады.

Дидактика философиямен, социологиямен, логикамен, физиологиямен, психологиямен, жеке пәндердің әдістемесімен, кибернетикамен, математикамен т.б. ғылым салаларымен байланысады. Философияның саласы – таным теориясы. Таным теориясы бізді қоршаған дүниені танып-білудің негізгі заңдылықтары мен әдістерін, тәсілдерін, формаларын зерттейді.

Танымның алғашқы баспалдағы – сезім. Сезім тікелей шындықты бейнелеп қабылдайды. Оқытудың принципті ерекшелігі – теория мен практиканың бірлігі. Бұл бірлік тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін байланыста шешуді қамтамасыз етеді.

Оқыту процесі диалектика заңдарына бағынады. (Оған да қарама-қайшылық тән). Педагогтің материалды нақты беруі мен оны әр баланың меңгеруінің, баланың үйреншікті түсінігі мен жаңа, қарапайым ғылыми түсінігінің, баланың білімді игеру мен дамуының арасындағы қайшылықтар оқыту процесіне тән, өйткені қайшылықсыз даму жоқ.

Жаңа сөздер

еркін-свободно сезім-чувства

ұйымдастыру түрі-вид организовывания тұрақты-устойчивый

негізгі міндеті-основная обязаннасть бағыну-подчиняться

дағды-привычка танып-білу-узнать

икемділік-склонность үйреншікті-привычный

баспалдақ-лестница таным-понимание

қамтамасыз ету- быть обеспеченным қайшылықтар-противоречивости

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Оқытудың ұйымдастыру түрі дегеніміз не?

ә) Оқыту дегеніміз не?

б) Дидактиканың негізгі міндеті қандай?

в) Дидактика ғылым мен техниканың даму дәрежесі немен шұғылданады?

г) Таным теориясы нені зерттейді?

е) Оқыту процесі неге бағынады?

4.Берілген сөз тіркестерінің орысша баламасын беріңіз.

Оқу-таным, іс-әрекет процесі, білім беру, таным қабілеті, икемділікті игеру, оқыту процесі, қолданудың жолдары, даму дәрежесі, заңдылықтарды анықтау, қоршаған дүние, жас ерекшелігі, шындықты бейнелеу.

5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ғылыми түсінік, танып-білу, икемділікті игеру, оқыту процесі, қолданудың жолдары, қарама-қайшылықтар.

6.Еңбеке,өнер-білімге,үлгі-өнегеге,тәлім-тәрбиеге байланысты білетін мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жазыңыз.

6 апта

1.Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.

Психологияның даму тарихы

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грекияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.Адам тіршілігінің негізі-қан айналысына ерекшке мән берілді.Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д.XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған еді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.

        Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы - жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктері мен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсінікткерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөліктен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден- өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрселердің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.

        Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:1)адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3)шырынның басымдылығы-қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды.

          Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық  тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар  өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

Психология-сан салалы ғылым. Бұл тақырыпта адам психикасының көріністері жан-жақты қарастырылып, олар өзара байланысты, біріне-бірі әсер етіп отыратын бірыңғай тұтас жан салалары екендігі айтылады. Мәселен кітапты оқу көру мүшесі арқылы, ал қабылдау арқылы текстіні толық түсініп, ол туралы ойлауға, ұғынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей адамның қиялы шарықтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады.

          Психология ғылымының даму тарихы біріне - бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол Аристотельден басталатын жан дүниесінің тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың  ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]