Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_s__1179_az_t_PIP_mamnd_konspekt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.2 Кб
Скачать

6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Оқыту, біріккен іс-әрекеттер, екі жақты, біртекті, білім беру, іскерлік, дағдыға үйреу, ы таным міндеттері, жете түсіну, дағдыны игеру өмірде қолдану, тұтас процесс, іске асыру, теориялық білім, тәрбие беру, ғылыми-материалистік көзқарас, педагогикалық ұғымдар, табиғи байланыс, басты құралдары, өзара айырмашылығы, халыққа білім беру, дұрыс көзқарасы, мәдени деңгейі, нәтижелі еңбек.

7. .Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз.

8.Қорытынды сабақ ретінде.

«ХХғасыр бізге не қалдырды?» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз.

1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.

Оқу үрдісінің мәні

Адамның іс-әрекеттерін белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының өзінде ол адам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің – ойынның, сөйлеу қарым-қатынасының, практикалық іс-әрекеттердің негізінде қалыптасып, шамамен төрт-бес жаста ғана шығады.

Кез келген іс-әрекет – практикалық болсын, сөйлеу жүзінде болсын қайсыбір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-әрекеттер жасауы; қимылдары, жазуы, сөйлеуі т.б. арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті болып табылады. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары – танымдық іс-әрекетінің, кезеңдері кіреді:

  • таным міндеттеріне жете түсіну;

  • жаңа материалды қабылдау;

  • ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;

  • білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;

  • білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;

  • оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.

Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д.Б.Эльконин) бар оқушыны ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.

Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.

Мұғалімнен, «екіліктен қорқып оқу» жағымсыз қылыққа жатады.

Жаңа сөздер

іс-әрекеттері-действия

білімді-умный

дағдылар-обычные

іскерлік- деловитость

мінез-құлық- характер

мәлім-известно

орасан зор-большой

саналы-сознательный

белсенділігі-активность

даму сатысы-разветия стадий

жиынтық-сумма

ұғыну –понимать

жетістіктер-успехи

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Оқу кімдерге тән қасиет?

ә) Кез келген іс-әрекет ненің жиынтығы?

б) Оқу не арқылы жүзеге асады?

в) Ұғыну дегеніміз не?

г) Оқу іс-әрекеті неге итермелейді?

д) Оқушының оқуға деген ықыласын не оятады?

е) Жағымсыз қылыққа не жатады?

4.Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, жасалу жолын анықтаңыз.

Қолдана білу, мінез-құлық, саналы мақсат, даму сатысы, реттей алу, қарым-қатынас, жүзеге асу, құрылымын анықтау, таным міндеттері, материалды қабылдау, жетістіктерін талдау, меңгерту әдістері, ықыласын ояту, сабаққа қызықтыру, пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, білім алу, себепші болу, жағымсыз қылық.

5.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып, мәнін түсініңіз.

Таным міндеттері, жете түсіну,жаңа материалды қабылдау, ұғынып-түсіну, жаңа оқу материалдары, түсініп жинақтау, оқу процесі, дағдыны бекіту, іскерлікті дамыту, практикада қолдана білу, жетістіктерін талдау, дағдысын тексеру, оқушылардың білімі.

6.Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз.

7.Абайдың ақыл, нақыл сөздерін түсініп, жаттап алыңыз.

1.Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің.

2.Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге.

3.Өнер алды-қызыл тіл.

4.Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

5 апта

1.Мәтінді оқып, аударыңыз, мағынасын түсініңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]