Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_s__1179_az_t_PIP_mamnd_konspekt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.2 Кб
Скачать

Білім беру

Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.

Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру өте күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, онда педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық т.б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бір жағынан, өзара айырмашылығы, ал екінші жағынан, бір-бірімен ұштасып жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру ісінің негізі – жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой-өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады. Жастардың орта және жоғары дәрежелі мамандыққа ие болуы немесе өндірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты, біртекті, процесс: біріншіден, оқытушы оқушыға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдарын бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Осыған орай, мұғілім оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгендіктен рухында тәрбиелеуге көмектеседі.

Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту бірінен-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары.

Жаңа сөздер

Айтулы-прославленный, известный

парапар-равный

қойнауында-ложбине

жинақтау-собранный

борыш-долг

ғаламдық-вселенная

адамзат-человечество

кеңістік-пространство

қолдану-употреблять

жаппай-массовый, всеобщий

ой-өріс-кругозор

іскерлік-деловитость, толковость

дағды-привычка

тәуелді-зависимый

3. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Білім беру дегеніміз не ?

ә) Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген кім?

б) Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты ма?

в) Білім беру қандай мәні бар нәрсе?

г) Халыққа білім беру ісінің негізі – жалпы орта білім бе?

д) Оқыту – білім берудің негізгі жолы ма?

е) Негізгі педагогикалық ұғымдар неге байланысты?

4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:

1.Сізге таныс қандай есімдер аталды?

2.Аталған есімдерден қайсысын көбірек білесіз?

3.Өзіңізге таныс есімдер туралы қосымша әңгімелеңіз.

5. а)Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

ә)Мәтінді мағыналық жағынан бөлімге бөліңіз,ат қойыңыз,жоспар құрыңыз.

б)Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркесін жазыңыз.

в)Жоспарларыңыз бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]