- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
3. Мәтінді әңгімелеңіз.
4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында –«Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген. «Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады»- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде: «Тəрбиедегі барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады». «Ешбір жарғы немесе бағдарлама, ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды» - деген К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
«…теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі – медицинадағы тəуіпшілдікпен тең».
1.Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
Дидактика туралы жалпы түсінік
Дидактика – педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didaktikas-оқытушы, didasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке. Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А.Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» деген сұрақтарға жауап береді.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижесі.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады.
Дидактикалық принцип-оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида. Бұл қағидада оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және әдістеріне қойылатын талаптар көрсетіледі. Оқыту принциптері тәрбие мақсаттарына сәйкес келіп, онымен үйлесіп жатуы тиіс. Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламмасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Дегенмен, оқу материалының түріне, олардың өтілу кезеңдеріне қарай дидактикалық принцип ережелерін қолданудың ерекшеліктері болады. Мәселен, оқу мен грамматика қазақ тілі пәнінің бөлімдеріне жата тұрса да, көрнекілік принципі оларды оқытуға өзгеше қолданылады. Ана тілі сабақтарында түрлі сурет, фильмдер көрсетіледі, экскурсиялық бақылау материалдары пайдаланылады, мәнерлеп оқуға маңызды орын беріледі. Ал, грамматиканы оқытуда көбіне кескін, кеспе, кесте және кейбір техникалық құралдар қолданылады.
Жаңа сөздер
Түсінік-понятие әдістер-методы
жүйелі-системный ой-қорытуы-мышление
сипаттамасы-характеристика топтастыру-групировать
нәтижелері-результаты оқыту-учить
ұғымдар-понятие үйлесу-сходиться, совпадение
негізгі-основной ұлғаяды-повышается
болжамдар-обоснование пайымдаулар-обоснование
қағида-теория
3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Дидактикалық теория нені зертейді?
ә) Дидактикалық теорияның құрамына не кіреді?
б) Сипатына қарай қалай бөлінеді?
в) Оқыту теориясы дегеніміз не?
г) Оқыту теориясы нені зерттейді?
д) Дидактикалық принциптерде не баяндалады?
ж) Грамматиканы оқытуда не қолданылады?
з) Теориялық әдістердің ерекшелігі неде?
4.Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.
Қағида, әдістер, жүйелі, қорытуы, сипаттамасы, топтастыру, нәтижелері, үйлесу, ұғымдар, кескін, кеспе, кесте, негізгі, ұлғаяды, болжамдар, пайымдаулар
4.Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1)Дидактикалық құбылыстарды...
2)Оқыту теория ...
3)Әр түрлі құбылыстарға...
4)Сипатына қарай...
5)Теориялық әдістердің басқа...
5.Мәтінді мағыналық жағынан бөлімдерге бөліңіз.
а)Жоспар құрыңыз.
ә)Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
6. Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз.
