Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_s__1179_az_t_PIP_mamnd_konspekt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.2 Кб
Скачать

4. Аудармасын табыңыз.

1. Ел тұрсын, кешегі жиында бетімізге былш еткізіп, жарып айтқан жатты терге.

А. Жених и в гробу не улежит, если калым отдавать начал

2. Жалғыз ақыл жақсы, бірақ екеу болса бекем болар.

Ә. И с правого и с виноватого будешь драть, и никто тебя судить не посмеет.

3. Абай өз жүрегінің аттай тулап қаққан дүрсілін естіді.

Б. Стоит рискнуть малым ради большого.

4. Шырағым Абай, қарындасқа қайырымы бар бала...

В. Насильно мил не будешь.

5. Өлі-тірісін берген соң, ол жігіт жата ма?

Г. Своя ноша не тянет.

6. Ақ деп те жейсің, қара деп те жейсің.

Ғ. Мягкость не слабость.

7. Бастан құлақ садақа.

Ж. Свет мой, Абай... я услышал, что ты добр к сородичам.

8. Жүрекке әмір жүрмейді.

З. Сердце Абая громко стучало.

9. Өзім дегенде өгіз қара күшім бар.

Д. Один ум хорошо, а два – еще лучше.

10. Ұяңдық жасықтық емес.

И.Не только свои – чужие вчера бросили нам грязь в лицо.

1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.

Зейін

Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бағытталып жинақталуын айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбыластарын анығырақ тану үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бағытталып, жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды құбылыстарды жақсылап, толығырақ қабылдау мүмкін болмас еді.

Зейінді екі түрге бөлуге болады: ерікті және еріксіз. Ерікті зейін-адам әдейілеп алдына мақсат қойып жігерін жұмсамаса да, дүниедегі заттардың әсері арқылы өздігінен пайда болады. Ерікті зейін-көбінесе адамның қызығуымен байланысты.

Ал еріксіз зейін - адамның жігерін жұмсап, алдына саналы түрде мақсат қоюды керек етеді. Еріксіз зейін - пайда болу үшін адам зейінін әдейілеп заттарға, болмысқа бөліп отыруы керек. Адамда ерікті зейін болмаса, жақсылап еңбек те ете алмайды, оқуды да жақсылап ұға алмайды.

Жаңа сөздер:

бағытталу-направляться

еріксіз-непроизвольное

ерікті-произвольное

жұмсау-применять

әсер-влияние

ұғу-понять

саналы түрде-сознательно

4. Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құрыңыз.

Сыртқы дүние заттары, дүниедегі заттардың әсері, адамның қызығуы, зейінін аудару, көңіл бөлу.

5. Төмендегі сөздерге сын есімнің салыстырмалы шырайының жұрнақтарын жалғап сөз тіркесін құрыңыз.

Анық, жақсы, толық

6. Дүние сөзінің синонимдерін атаңыз.

7. Берілген етістіктерді қалай рай формасында жіктеңіз.

Еңбек ету, бағыттау, ұғу, қабылдау.

8. Мәтіннің мағынасын түсініп, 2, 3, абзацтарға мысал келтіріңіз.

9. Төмендегі сөз тіркестері бойынша зейін сөзінің қандай мағыналарда жұмсалатынын анықтаңыз.

1)зейінді бала

2)оның бар зейіні оқуда

3)зейін аудару

10. Тақырыпқа сай психологиялық 10 терминдерді жазып, есте сақтаңыз.

11. Жоғарыда мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың қандай шырайда қолданылып тұрғанын анықтаңыз.

12. Мәтінді аударыңыз, мазмұнын баяндаңыз.

1. Мәтінді оқып, түсінігіңізді айтып беріңіз.

Қабілет

Қабілетсіз адам болмайды, тек әркімнің қабілеті әр түрлі деңгейде болады. Қабілеттіліктің өлшемі белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін қабілет дейміз. Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын жалпы қабілет деп аталады.

Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық, т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.

Адам кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мұны нышан дейміз. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейміз. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Мысалы, 9 жасар Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын болған. Шопен 11 жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Қабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А.М.Горький «талантты өсіретін нәрсе-істі сүюің» деп бекер айтпаған.

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуына мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың бейімділігін дамытып отыру оның дамуына, ақыл-ой қабілетінің әр қилы, тек оны үнемі жан-жақты дамытып отыру қажет.

Жаңа сөздер

өлшем-мера

зейінділік-внимательность

бақылағыштық-наблюдательность

зеректік-сообразительность

тапқырлық-находчивость

мүмкіндік-возможность

өзгешіліктер-особенности

ана құрсағында- в утробе матери

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Қабілет деген не? Оның қандай түрлері бар?

2) Нышан қай уақытта пайда болады?

3) Таланттың дамуы неге байланысты?

4) Бейімділік дегенді қалай түсінесіз?

5) Алуан-алуан жүйрік бар. Әліне қарай шабатының дегенді қалай түсінесіз?

6) Қабілетті жолдастарыңыз бар ма? Оларды неге қабілетті деп ойлайсыз?

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып, мәнін түсініңіз.

Жеке қасиеттер, жеке салалар, арнаулы қабілет.

5.Мына сөздердің синонимін табыңыз.

Қабілеттілік, қолайлы, орай, әрекет.

6.Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз:

...-оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Адам қабілеттілігі ....тек оны үнемі ... дамытып отыру қажет.

8.Мәтіннен психологиялық терминдерді көшіріп жазып, есте сақтаңыз.

9.Мәтіннің 2-абзацын қайталап оқып, тірек сөздер мен сөз тіркесін табыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]