- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
Әдептілік
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата – ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым – қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережесін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол – біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата – ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі. Отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым – қатынас әдептілікке негізделсе, жан – жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. Адам ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік – өзіңді әр түрлі жағдайда мінез құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді – өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым – қатынасы сыпайы бола түседі.
Жаңа сөздер
Қадірлеу – ценить, уважать
Ізет көрсету – оказать уважение
Өз тарапынан – со своей стороны
Лайық – соответствующий
Жарасымды қарым қатынас – взаимные отношения
Жеміс – плод
Үлгі – пример
Құдірет – могушество
Негізделу – основываться
Қапаландыру – огорчать
Ең әуелі – сначало
Ыңғайсыздық – неудобство
Айналасындағы – в окружений
2. Сұрақтарға өз бетіңізше жауап беріңіз.
1. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз?
2. Оның ішінде сізге қайсысы ұнайды?
3. Салт-дәстүрлердің адам психологиясының қалыптасуына әсері бар ма?
4. Эстетикалық норма мен эстетикалық талап деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
5. Мысал келтіріңіз.
3. Төмендегі сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолын анықтаңыз.
Әдептілік, сыпайылық, тәртіптілік, жарасымдылық, қамқорлық, адамгершілік, ыңғайсыздық.
4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып, мәнін түсініңіз.
Ізет көрсету, жек көру, жақсы көру, қастерлі қасиет, сөз жарыстыру, өзіңді ұстай білу, көңілге қарай білу.
5. Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі............
Әдептілік адам бойында бірден ...............
Адамдар арасында қарым – қатынас әдептілікке негізделсе ......
Әдеп адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға ....
6. Мәтіннен психологиялық терминдерді көшіріп жазып, есте сақтаңыз.
7. 1) Мәтінде сіз келіспейтін пікір бар ма?
2) Сіздің ойңызша әдепті адам қандай болуы керек?
Өзімізді байқап көрейік!
1- оқиға
Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатыр. Белін жаза алмайды, басын көтеріп жолға қарауға шамасы келмей келе жатыр. Сіз оған қарсы кездестіңіз. Не ойлайсыз? Не істейсіз ? Не дейсіз?
2- оқиға
Сіз автобуста отырсыз, бір әжей кірді. Әрине тұрып орын бересіз. Әжей қуанып алғыс айтады. Отырғызып жатып сіз байқамай артыңыздағы адамды итеріп қалдыңыз, не аяғын басып алдыңыз. Ол адам ашуланып шу көтерді. Кім қандай сөз айытты ? Кім не істеді ? Мұның аяғы немен бітті деп ойлайсыз ?
