- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
1. Кәсіби сөздерде
А. сөздер болады
2. Кәсіби сөздер көркем әдебиетте, ғылыми әдебиеттер мен оқу құралдарында
Б. жаргон сөздер деп аталады
3. Белгілі бір әлеуметтік топтар арасында ғана қолданатын сөздер
В.белгілі бір стильдік мақсатта қолданылады
4.Лебізде қолданысы жағынан шектеулі
Ғ. Г. әдейі сөздердің мәнін алмастырып, құпия атаулармен ақпарат алысу үшін жұмсалатын сөздер
5. Жаргондар адамдардың мамандығына, жас мөлшеріне, қоғамдағы орнына, қызығушылығына т. б.
Ж. ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады
6. Арготикалық сөздер – шартты түрде ұйымдасқан адамдар өзгелерге түсініксіз болу үшін
З. сөздер қылмыстық топтар арасында болады
7. Терімсөздің негізгі ерекшелігі
Д. аймақтық шек болады
8. Арготикалық сөздер
И. байланысты болуы ықтимал.
Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ғалым-физиктер Ф.Жолио-Кюри Э.Резерфорд, Н.Бор және тағы басқа ғалымдар атомдық ғылымды жылдам дамыту мақсатында өздерінің күшін біріктірді. Физик ғалымдар адамдарға пайда әкелу мақсатында, бейбітшілікке, прогреске қызмет ету мақсатында жұмыс істеді. Хиросима, Нагасаки трагедиясынан кейін ғалымдар қауіпті қаруға тыйым салу мақсатында әр түрлі қалаларда қарсылық митингісін өткізе бастады. Адамзатты құтқару мақсатында ғалымдар өздерінің ойлап тапқандарын өздері жоюға шешім қабылдады.1957 жылы атом энергиясын бейбіт пайдалану мақсатында халықаралық агенттік құрылды.
Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
1. Ғалымдар қоршаған ортаның одан әрі қарай ластануын тоқтату үшін және қалдықтар мөлшерін азайту үшін жаңа технологиялар жасауда.
2. БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтар арасында ынтымақтастықты дамыту үшін және қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау үшін құрылды.
3. Барлық прогрессивтік күштер Жерде бейбітшілікті сақтау үшін күштерін біріктіру керек.
4. Дау-жанжалдарды реттеуге жаңа жол табу үшін барлық күшті салу қажет.
5. Планетадағы соғыс ошақтарын жою үшін бейбітшіл күштер қажетті шараларды қолдануда.
(қолдау, дамыту, азайту, тоқтату, сақтау, жою)
1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
Сөз әдебі
Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірбие алмасады. Ал олар адамдардың өзін – өзі ұстауы, мінез – құлық, жүріс – тұрыс, киім киюі сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Адамдар арасындағы қарым – қатынас моральдік нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.
Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның “сіз” бен “ сен” сөзінің орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл – күйіне тікелей әсер етеді.
Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуге интонация, дауыс ырғағы да зор рөл атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы, интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп, жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер береді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өрісінің деңгейін көрсетеді.
Жаңа сөздер
әдеп – этикет
сөз – зд.речь
пікір алысу – обмен мнениями ( опытом )
өзін – өзі ұстау – владеть собой
мінез – құлық – характер
өре – интеллект
жүріс – тұрыс – поведение
кішіпейілділік – вежливость
майда сөз - вежливые слова
ырғақ- ритм
мәнерлі – выразительно
әсер – впечатление
деңгей – уровень
шұбарламау – не искажать
2.Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
Кішіпейіл, жарасымды, ерекшелік, мәнерлі, жұмсақ, өре, тіршілік, көңіл –күй.
3. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіз? Антонимін атаңыз.
4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Күнделікті тіршілік, пікір алысу, тәжірибе алмасу, адаманың мәдениеттілігі, ілтипат көрсету, әдеп сақтау.
5. Мәтіннің 3- абзацын қайталап оқып, тірек сөздер мен сөз тіркесін табыңыз. Осы абзацқа күнделікті өмір көріністерінен мысал келтіріңіз.
6. Мәтіндегі сыпайылық танытатын сөздер мен қаратпа сөздер тізіміне тағы қандай сөздер қосар едіңіз?
7. Сөздерге тиісті жалғауларды жалғап сөйлем құрастырыңыз.
Адам, кездесу, әр түрлі, адам, күнделікті тіршілік.
Сөйлеу, әдеп, қалыптасу, норма.
Жағымды, әсер ету, көңіл – күй, сөз, адам.
Сөйлеу, интонация, рөл атқару, зор, дауыс ырғағы.
Таза сөйлеу, көрсету, адам, өре, шұбарламай тіл.
1. Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
