Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_s__1179_az_t_PIP_mamnd_konspekt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.2 Кб
Скачать

Даму және тәрбие

Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр.

Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендер) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес,жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

Адамның белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталды. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертабыс, жаңашылықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналды.

Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінің ашылуына осының бәрі баланың дамуының нәтижелігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы.

Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күш.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланаң қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.

Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын-ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы.

Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И.Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін «жөнді универсалды уақыты» керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.

Жаңа сөздер

Даму-развиваться

маңызды -важное

түрлендіру -развивать

үлес-доля

үздіксіз-непрерывный

бөлшектер-части

дарын-талант

қозғалыс-движение

ретсіз-беспорядочно

озыңқы-опережающий

3. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын атаңыз ?

ә) Педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында не жатыр?

б) Адамның белсенділігі неге бағыталады?

в) Жеке тұлғаның белсенділігі неден көрініс табады?

г) Жеке тұлғаның дамуы үшін не қажет?

д) Жеке тұлғаның қалыптасуына қандай заңдылықтар әсер етеді ?

е) Н.И.Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін не қажет?

4.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрыңыз.

Жеке тұлға, дамуы, маңызды фактор, тәрбиенің орны, баса айтқанда, адамды қоршаған орта, тәрбиенің әсері, пассивті объектісі, адамның белсенділігі, қоршаған өмір, ықпал ету, қайта құру, әлеуметтік белсенділік, қоғамдық өмір, ғылыми жаңалық, өнертабыс, жаңашылықтың бастауы, қозғаушы күш.

5.Мына қанатты сөздердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық.. Абай.

Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені ең дұрыс жол. В.Г.Белинский

6. Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз.

  1. Мәтінді оқыңыз, мағынасын түсініңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]