- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
Сөз қуған бәлеге жолығады,
... қуған қазынаға жолығады. Білім арзан, ... қымбат.
Көп ойнасаң ... боласың,
Көп ойласаң ... боласың. Көп ... білмейді,
Көп ... біледі.
... – білім азығы,
... – ырыс қазығы. Ағайын тату болса ... көп,
Абысын тату болса ... көп.
Қажетті сөздер: білу, ат, жол, оқыған, бала, ана, дана, білім, ақыл, тоқыған, оқу, ас.
9. Еңбекке, өнер-білімге, үлгі-өнегеге, тәлім-тәрбиеге байланысты білетін мақал-мәтелдер жазыңыз.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
Жүсіппек Аймауытов 1889 жылы Семей облысының Қызылтау ауылында дүниеге келген. Ол Керекудегі мектеп – интернатта, Семейдегі мұғалімдер семинариясында білім алған.
Ж. Аймауытов психология саласында алты кітап жазған. Оның «Психология» атты оқу құралы осы саладағы қазақ тілінде жазылған құнды еңбектерінің бірі. Бұл кітаптың бірінші саласында психология ғылымының екі мың жылдық тарихынан біраз мәлімет береді. Ал екінші тарауында адамның жан – дүниесін, мінез – құлқын зерттеу әдістерін айтады. Бақылау анкета, әңгімелесу, тәжірибе әдістері туралы түсінік береді.
Бесінші тарауда эмоция мен сезімі, адамның бет әлпетіндегі ым, т.б. қазақ өмірінен алынған қызықты деректер арқылы жазылған. Ал психологиялық ғылыми категориялар ойлау мен сөйлеу, ұғым мен сөз, елестету мен ұғым т.б. психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі.
Түйсік пен қабылдау, ынта, ес пен елес, қиял мен шығармашылық мәселелері – алтыншы, сегізінші тараулардың бас тақырыптары.
Оның «Жан жүйесі мен өнер таңдауы (Мәскеу, 1962) еңбегі психологиялық зерттеу әдістерінің нәтижесі негізінде жазылған. Ж. Аймауытов мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір тумысынан берілетін ерекшеліктерін (темперамент, нышан т.б.) ескеру қажеттілігін, бұл жерде кісі өзін – өзі басқарып, жеке басын жетілдіру керектігін айтады.
Ж. Аймауытовтың психологиялық еңбектері ұлттық психологиялық терминдердің қалыптасып, жүйеге түсуіне негіз болған.
Жаңа сөздер
Сала – отрасыль
Әдіс – метод
Тәжірибе – эксперимент
Жан дүние – внуттенний мир
Бет әлпет – облик
Ым – мимика, жест
Елестету – представлять
Қабылдау – восприятие
Ынта – желание
Ес – память
Қиял – воображение
Нышан – знак
Тумысынан берілетін – передаваемое от рождения
Ескеру – учитывать
2. Сұрақтарға жауап беріңіз
а) Ж. Аймауытов кім?
ә) Ж. Аймауытовтың қандай еңбектерін білесіз?
б) Қандай еңбегін оқыдыңыз?
в) Мақал – мәтелдер туралы не білесіз?
3.Мына кестені мәтінде кездесетін психологиялық терминдермен толықтырыңыз, оларды есте сақтаңыз.
Жан дүниесі
.....
....
Адамның
....
....
4. Мәтінде кездесетін мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір туыстан берілетін ерекшеліктерін ескеру қажет, адам өзін – өзі басқарып, жеке басын жетілдіру керек деген тіркестердің мәнін түсіндіріңіз.
5. Төмендегі сөздерге тиісті жалғауларды жалғап, сөйлем құрастырыңыз.
Ж. Аймауытов, білім алу, мұғалім семинариясы, Семей.
Кітап, адам, екінші тарау, әдіс, айту, зерттеу, жан – дүние, мінез – құлық.
Кітап, бұл, психология ғылымы, тарихы, мәлімет, беру, екі мың, жыл.
9 апта
1. Мәтінді оқып,сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз
