- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт – өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу – тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
«Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым» тақырыбында топтастарыңызбен пікір алмасыңыз.
8 апта
1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.
Жүйеленген ұлттық дәстүр, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі, іс-әрекетті бақылау, сыры мол дүние, сөздік қор, адамның жан дүниесі
2. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.
Ұстаздық, тәрбиелік, халықтық
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мақал-мәтелдер туралы не білесіз?
2. Мақал-мәтелдерде не туралы айтылады?
3. Қандай мақал-мәтелдер білесіз?
4. Мәтінді оқып, мағынасын түсініңіз.
Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
Халықтық психологияда ғасырлар бойы жинақталып, жүйеленген ұлттық дәстүр, әдет – ғұрып, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі сөз болады. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология деп алатын ғылым саласы айналысады.
Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде мол. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер өте қызықты зерттеу обьектісі болып табылады. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетін бақылау арқылы тұжырымдар жасайды. Олар белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтап, ойлауда маңызды рөл атқарады.
Мақал-мәтелдер – айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы. Олар ұстаздық, тәрбиелік рөл атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа, әрі тұжырымды болады. Сөздер бейнелі, орынды қолданылады. Мақал-мәтелдерден халықтың тіл байлығы көрінеді. Мақал-мәтелдердің бай сөздік қорымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай берілуіне көмегі мол. Адамның жан-дүниесінің тілдегі көрінісі мақал-мәтелдерде жақсы бейнеленген.
Мақал-мәтелдерде оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу т.б. үлгі-өнегелер сөз болады. Өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан оларды әр түрлі тақырыпқа бөлуге болады.
Жаңа сөздер
Жинақталу – собираться
Жүйелену – систаматезироваться
Дәстүр – традицмя
Әдет – ғұрып – обычай
Психологиялық жайт – психологические особенности
Ауыз әдебиеті – устная литература
Іс-әрекет – действие
Бақылау – наблюдать
Ойлау – мышлениесұрыпталған – сортированный
Жиынтық – совокупность
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Этнопсихология ғылымы нені зерттейді?
ә) Мақал – мәтелдер ойлауда қандай рөл атқарады?
б) Мақал – мәтелдердегі сөз қолданысы қандай ?
в) Мақал – мәтелдердің философия, психология ғылымдарымен байланысы қандай?
г) Мақал – мәтелдер туралы не білесіз?
д) Мақал – мәтелдерде не туралы айтылады?
ж) Қандай мақал – мәтелдер білесіз?
3. Берілген сөз тіркестерінің орысша баламасын беріңіз.
Жүйеленген ұлттық дәстүр, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі, іс- әрекетті бақылау, сыры мол дүние, сөздік қор, адамның жан дүниксі.
4. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.
Ұстаздық, тәрбиелік, халықтық
5. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
Мақал – мәтелдерден .........
Мақал – мәтелдерде халықтың..............
Мақал – мәтелдер............
Мақал – мәтелдердегі ақыл кеңестер...............
6. Төмендегі мақал-мәтелдердің қандай тәрбиелік мәні бар?
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ. Дос сыртыңнан мақтар,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ. Дұшпан көзіңе мақтар.
Кісінің көркі киім емес – білім,
Білім арзан, білу қымбат.
7. Мақалдың екінші жартысын табыңыз, тақырыбын анықтаңыз.
1. Жоқтық ұят емес, |
А. Жақсы адам итше қауып айтады. |
2. Жақсы адам тауып айтады, |
Ә. Жылқы құлыннан өсер. |
3. Көп сөйлеген білімді емес, |
Б. Сөйлемесе қайдан туады. |
4. Теңге тиыннан өсер, |
В. Қиын істі бітірер. |
5. Құлаққа кірген суық сөз, |
Г. Дөп сөйлеген білімді. |
6. Сөз сөзден туады, |
Ғ. Тоқтық мұрат емес. |
7. Көп ақылды жиналса, |
Д. Көңліңе барып мұз болар. |
