Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік емтихан. ос.маман жа сратар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.06 Кб
Скачать

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқытудың тиімділігі

Тіл үйрету – күрделі іс болғандықтан, әр сабақта ең тиімді, ең қолайлы деген тәсілді таңдай білу, баланың тіл үйренуге деген талпынысын оятып, қызығушылығын тудыра білу – әр ұстаздың қолынан келе беретін шаруа емес. Ол тіл үйретуші мұғалімнен өмір бойы талмай ізденуді, өз ісіне адал болып, тынбай еңбектенуді қажет етеді. Сондықтан тіл үйретуші ұстаз әр сабағында жаңашыл педагогикалық технологияларды қолдана отырып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуы керек. Білім беру де – білім алу сияқты «инемен құдық қазғандай» аса қиын да жауапты іс. Мұғалім бір сәтке де өз ісіне немқұрайлы қарамауы керек. Әсіресе, өзге тілді шәкірттерге қазақ тілін үйретуде тер төгіп жүрген ұстаздарға мұны естен шығармағаны абзал. Бір сөзбен айтқанда, «ізденісін тоқтатқан» мұғалімнің сапалы білім беруі мүмкін емес. Бұл жөнінде әдіскер-ғалым Қ.Қадашева мынадай тұжырым жасайды: «Оқытушы сабақта тіл үйренушінің үнемі іздену қабілетін арттыратын ең қажетті сабақ үлгілерін ұсынып, уәждеме тудыратын әдістерде ұтымды қолдануға әрекет жасауы керек».

Әр сабақ айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім сияқты әрекеттерден тұратындығы белгілі. Қазіргі кезде тіл үйретуде заманауи технологияларды қолданбай сабақ өткізу мүмкін емес. Мұғалім әр сабақта тиімді деп саналған әдіс-тәсілдерін әртүрлі көрнекі құралдар көмегімен жүзеге асырады. Соның ішінде соңғы жылдары қолданысқа кеңінен енгізіліп келе жатқан интерактивті тақтаның тіл үйретуде мұғалімге тигізер көмегі зор. Тіл үйретуші әр мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдердің ішінде бастауыш сынып оқушыларына түрлі дидактикалық ойындар ойнату, суретпен жұмыс, интерактивті тақтаны, үнтаспа, диктофонды пайдалану, сурет арқылы ауызша, жазбаша түрдегі бақылау жұмыстары, тест алу, түрлі деңгейдегі жарыстар, сайыстар ұйымдастыру, т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Тіл үйрену сол тілді біруге, күнделікті өмірде басқа адамдармен қатынас жасауда, өз ойын басқаға жеткізуде құрал ретінде пайдалана алу үшін жетік меңгеруге қол жеткізуде тіл үйренушіден де, тіл үйретуші ұстаздан да ыждағаттықты, қажырлылықты талап етеді. Тілді үйренемін деген адамның сол тілді үйренуге деген қызығушылығы мен табандылығы, ал тіл үйретуші ұстаз тарапынан тіл үйретудің бала ұғымына қолайлы жолдары мен амал-тәсілдерін жете меңгеруімен қатар оны тиімді пайдалана білу шеберлігі қалыптасуы қажет. Тілді үйренемін, өз ісімнің жақсы нәтижесін көремін деген оқушыға қойылар талап та күшті. Ол үшін тіл үйретуші ұстаз мына жайттарды үнемі есте ұстағаны жөн болады:

1) оқушының жас ерекшелігіне сай таңдалып алынған бағдарламамен жұмыс істеу;

2) берілген бағдарлама аясынан шықпай, тар шеңберде қалмау, әр сабақты жан-жақты ізденіспен өткізу;

3) әр оқушының тіл меңгеруге деген қабілетін, ерекшелігі мен ынтасын ескере отырып, олардың әрқайсына қолайлы да тиімді әдіс-тәсілді таңдай білу;

4) өтетін материалдың оқушы меңгеруіне тым ауыр немесе жеңіл болмауын қадағалай отырып, соған лайықты жұмыс түрлерін таңдай білу:

5) шығармашылық іс-әрекеттерді іске асыру арқылы баланың жеке, дербес дамуына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдай білуіне мүмкіндік жасау;

6) оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығын оята білу, оқушыны жалықтырып жіберетін бір сарынды сабақ өткізу тәсілдерінен аулақ болу;

7) оқушы қызығушылығын арттырып отыру үшін жан-жақты ізденісте болу, әр сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді қарастырып отыру;

8) өзі таңдаған тәсілдердің ең тиімдісін қолдана отырып, оқушы білімін таразылау, сөйтіп, өзін-өзі жетілдіріп отыру;

9) сабақта жаңа технологияны, көрнекі құралдарды, оқушы қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді таңдай білу;

10) оқушыны жеке тұлға деп танып, оған тек тіл үйренуді мақсат етпей, сабақтың тәрбиелік мәніне назар аударып отыру;

11) оқушыларға ұстаздың өзі сөз саптау мәнерімен, киім киіс, жүріс-тұрысымен үлгі болуға тырысу, яғни, бір сөзбен айтқанда, ұстаз деген атқа барлық жағынан лайықты бола білу;

12) оқушыға үлкен құрметпен қарай отырып, әр оқушымен қалай қатынас жасау керектігін жете қадағалау, соған лайықты әрекет ету.

Әр тарау аяқталған соң, қорытынды бақылау жұмыстары арқылы ол тест түрінде немесе диктант түрінде болсын, оқушы білімі тексеріледі. Алайда бұл бақылау жеткіліксіз. Мұнымен қоса, ауызша әр оқушының қанша сөз меңгергендігін тексеру үшін сөздік минимум тапсыру, ол сөздерді тақырып аясында қолдану мүмкіндігі қадағаланып, жеке дәптерге әр оқушының өтілген материалды меңгеру деңгейі көрсетіліп отырса, оқу жылының соңында немесе әр тоқсан соңында тіл үйренушінің тілді меңгеруге байланысты өсу немесе құлдырау деңгейін анықтап, салыстырып отыру керек.

Алайда, тіл үйренушіден үнемі ізденісті, сергектікті, жинақылықты, кезең-кезеңмен ілгері басып отыруды талап етеді. Тіл үйренуші шәкірттің бірте-бірте сөздік қорын молайта отырып, сол сөздерді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануына мүмкіндік туғызу керек.

Тіл үйретуде тиімді де қолайлы әдістердің бірі – сұрақ-жауап әдісі. Бұл әдіс бастауыш сыныптардан бастап қолданылады. Бастауыш сыныпта тақырып бойынша жаңа сөздерді өткеннен кейін заттың атын білдіретін сөздерге «не?», ал адам және мамандық атауларына «кім?» деп сұрақ қоя білуді үйретеміз. Сонымен заттың атауларымен қатар заттың санын, түсі мен көлеміне, т.б. сапалық ерекшелігіне оқушы назарын аударта отырып, «неше? қанша? қандай?» деген қарапайым сұрақтарды игеруге көңіл бөлеміз. Бірте-бірте сұрақты күрделендіріп, сөз тіркесін қалай құру керектігін меңгерте бастаймыз.

Сұрақ қою арқылы оқытуда зат атауларын жалаң меңгертпей, сұрақты күрделендіріп қоя отырып, жауап аламыз. Бұл ретте топпен де, жеке оқушымен де жұмыс жүргізіледі. Сабақта тақырыпқа сай түрлі суреттерді пайдалануға болады. Мәселен, отбасы мүшелерін І жақта менің есімдігі арқылы қалай айтатынымызды (І жақ, есімдік терминдерін қолданбай-ақ) түсіндіріп (№1 кесте арқылы) болған соң, №2 кестені (тірек-сызба) пайдалана отырып, отбасы мүшелері жазылған тұсқа отбасы мүшелерінің суреттерін кезек-кезек қою арқылы оқушыларды тәуелдік жалғауын менің деп өз отбасы мүшелері туралы айтқанда отбасы мүшелері атауларына

-м, -ым, -ім жалғауларының бірін қолдану керектігін ұғындыруды мақсат ете отырып, жұмыс жүргіземіз. Үш жақтың (менің, сенің (сіздің), оның) жалғауларына жеке-жеке тоқталып, түбірдің жуан-жіңішкелігіне көңіл бөліну керек. Үшінші жақта түбірдің соңы дауысты дыбысқа аяқталса, -сы, -сі, жалғанатындығын, ал түбірдің соңы дауыссыз дыбысқа аяқталса, -ы. -і жалғаулары жалғанатынын тірек сызбалар арқылы түсіндіру керек.

Сұрақ қою әдісін қолданғанда сұрақты үнемі мұғалім қоймай, оқушылардың өздеріне де қойғызып, алмасып отырған тиімді. Сұрақ қою әдісі арқылы әр оқушыға өз отбасы жайлы шағын әңгіме құрғызуға болады.

Әр тақырыпты өткенде қарапайым сұрақтар арқылы оқушының тілін жаттықтырып, ауызша, жазбаша түрде қисынды ойлау қабілетін дамытуға күш саламыз. Сұрақ қоя отырып, сабақтың жеңіл, қарапайым өтуіне көңіл бөлу керек. Сонда ғана балалар тілді үйренуге белсене кіріседі әрі ұяң, жасқаншақ деген баланың өзі ешқандай қорқынышсыз жұмыс істеуге дағдыланады.

Бұл жұмыстарды тек ауызша жүргізбей, тілді меңгерту бес әрекет арқылы жүзеге асатын болса, солардың барлығын дерлік қамти отырып, жан-жақты түсіндіруі тиіс. Алдымен жаңа сөздермен таныстырамыз. Жаңа сөзді тақтаға жазып, мағынасын түсіндіріп, аудармасын жасаған соң, оқу сөздігімен жұмыс жасаймыз. Оқу сөздігінің аса маңызды ерекшелігі – оның кешенділігі. Қолданыстағы маңызды да қажетті көптеген сөздіктердің ішінен оқушы бір ғана сөздікті пайдаланатынын ұмытпайымыз керек. Түсіндірме, этимологиялық, орфографиялық, орфоэпиялық, энциклопедиялық және тарихи, жиелілік және фразеологиялық, т.б. барлық сөздіктерде жинақталып, шоғырланған барлық материалдар оқушыға осы бір ғана сөздікте берілуі тиіс. Ал мұндай сөздіктің көлемі шектеулілігін ескерсек, оған енетін сөздерді сұрыптау жан-жақты жүргізілгенде ғана сөздіктің кешенділігін қамтамасыз етуге болады. Яғни жаңа сөзді алып жан-жақты талдау жасау керек. Мәселен, танысып жатқан жаңа сөздің синонимі болса, синонимін тауып, омонимі болса, омонимін тауып, түсіндірмелі сөздіктен оның беретін бірнеше мағынасын ашып түсіндіріп, сөздің шығу тегіне, яғни этимологиясына тоқталып, орфографиялық заңдылықтарға сүйеніп, дұрыс жазылуына көңіл бөліп, орфоэпиялық заңдылықтарға сүйеніп, дұрыс айтылуын ескеріп, жан-жақты жұмыс жасау керек. Сонымен қатар жаңа сөздерге сұрақ қойдыра отырып, ол сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құратуға болады. Ол сөз тіркесін, сөйлемдерді тақтаға жазып, талдап отырса, сабақтың тиімділігі артады. Оқушыны жаңа сөздермен таныстыру барысында үнемі оқу сөздігімен жұмыс жасап отырса, оқушының сөздік қоры молайып, тілді үйренуге деген құштарлығы артады.

Оқу сөздігімен жұмыс мынадай үлгіде жүргізіледі («Біржан-Сара айтысы» тақырыбы, 7-сынып):

Аударма сөздікпен жұмыс:

Өңделіп –переработан

Қайта – занова

Намыс – гордость

Қойылды – был поставлен

Негіз – основа

Адамгершілік – человечность

Бағыт – направление

Синонимдер сөздігімен жұмыс:

Намыс – намысқор, намысшыл, намыскер, намысқой, намысты

Адамгершілік – адамшылық, адамдық, гуманизм

Бағыт – бағдар, беталыс, бет, жол

Түсіндірмелі сөздігімен жұмыс:

Қайта – тағы да, қайтадан, қайыра

Намыс – 1.адамгершілік, ар, абырой. 2.ұят, ождан

Негіз – бір нәрсенің түп-төркіні, тегі

Адамгершілік – қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты білдіретін моральдық ұғым.

Бағыт – 1.беталыс, бағдар. 2.ауысп. ұстанған жолы, бағыт, бағдар

Диалектологиялық сөздікпен жұмыс:

Қайта (Орал, Жән.) рет

Бағыт (Гур., Маңғ.) тұрақтылық

(Алм., Еңб.) уақыт

Орфоэпиялық сөздікпен жұмыс:

Қайта – қайта

Намыс – намыс

Негіз – негіз

Адамгершілік – адамгершілік

Бағыт – бағыт

Тағы бір ескеретін жайт – сұрақ қоюды қарапайым сұрақтардан бастап, күрделендіріп отыру керек. Қарапайым сұрақтарды әбден меңгермейінше, күрделі сұрақтарды тез, ұтымды меңгеруге қол жеткізе алмайды. Тіпті оларды жаттап алған күнінің өзінде ол сұрақтарды күнделікті өмірде жатық пайдалана отырып, ауызша басқалармен тілдік қатынас, яғни күнделікті тілдік қоланысқа енгізу арқылы қазақ тілінде жатық сөйлеуде қиындықтарға тап болады. Нақтырақ айтқанда, оқушы сұрақ қоя алмайтын болса, өзге адамның қойған сұрақтарына жауап беруде де қателіктерге ұрынып отырады. Сұрақ қоя білу деген сөз – айтылған ойды түсініп, оған өз бетінше қазақ тілінде жауап бере алады деген сөз.

Сұрақ қоюға үйретуде алғашқы кезеңдерде қарапайым, қысқа жай сөйлемдер беріп сұрақ қоюға жаттықтырамыз. Сонан соң сөйлемдерді күрделендіріп, сөйлем аясын кеңейтіп береміз. Бұл жұмыстарға әбден жаттыққан соң, шағын мәтіндер беріп, мәтін құрамындағы әр сөйлемге сұрақ қойдыра отырып талдатамыз. Мәтін құрамындағы әр сөйлемге сұрақ қоя білген оқушы өз бетінше сөйлем құруға дағдыланады. Ондайда тақтадағы сөйлемдердің жасалу жолдары үлгі ретінде алынады. Жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай қадам жасай отырып, дамыта оқытамыз, тіл үйренуде әр оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік жасаймыз.

Дамыту арқылы жұмыс жасағанда тапсырманы бірте-бірте күрделендіріп, қиындата түсу керек. Сөйлем аясын кеңейтуде сөздердің қайталанбауы жөнінде қатаң талап қойылады. Бұл жерде қазақ тілінің сөзге бай тілдер қатарына жататындығы туралы айта отырып, әр сөздің синонимін, антонимін, омонимін, т.б. қолдану керек екендігін ескертіп отырған жөн. Бұл оқушылардың сөздік қорының молаюына, түрлі сөздіктермен жұмыс істеуіне жол ашады.

Сұрақ қою тәсілі арқылы тіл үйретуде тапсырмаларды түрлендіріп отырған жөн. Мысалы, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыру, лепті сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыру немсесе керсінше. Ертең біз тауға саяхатқа барамыз – Ертең сендер қайда барасыңдар? Алайқай, әжем ауылдан келді! – Кеше әжем ауылдан келді. Марат, есікті жапшы – Ол Мараттан есікті жабуын өтінді.

Сұрақ қою тәсілі арқылы тіл үйретуде ойын түрлерін де қолдануға болады. Мәселен, «Даналық ағашы» ойыны. Ойын шарты: Шағын мәтін беріледі (өтіліп жатқан жаңа тақырыпқа байланысты). Оқушылар мәтінді тез оқып шығады. Сонан соң әр оқушы мәтін бойынша бір-бір сұрақтан жазып, сандықшаға салады. Ойынды жүргізуші оқушы не мұғалім сандықшадағы сұрақтарды араластырып, бір-бірден алып оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беруі керек. Сынып оқушыларының барлығы қамтылу керек.

Сұрақ қойдыра отырып тіл үйретудің пайдасы:

1) әр оқушы өздігінен ізденеді, мұғалім тек бағыт-бағдар беруші.

2) қарапайым сұрақ қоюды меңгере отырып, оқушы әр жұмыс түрлерін ешкімнің (мұғалімнің, сыныптасының, досының) көмегінсіз жүзеге асыруға ұмтылады;

3) тіл үйренуді баяу қабылдайтын оқушының өзі аз дегенде 3,4 сатыдан тұратын сөйлем құрауға шамасы келетін болады;

4) тіпті тақтада орындалып жатқан дайын сөйлемдерді көшіріп отырған оқушының өзі сөздерді бірнеше рет жазу арқылы сауатты жазуға қол жеткізеді, бір сөз болсын есінде қалады:

5) сұрақ қоя білген оқушы оқулықтағы дайын диалогты жаттап келіп айтумен шектелмей, өз бетінше диалог құрайды немесе сол диалогтағы ойды ары қарай жалғастыра алатын болады;

6) сыныптағы оқушылар сауатты жазуға дағдыланады;

7) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін еске сақтайды, әрі сөйлем ішіндегі сөздерді дұрыс байланыстыратын болады;

8) сауатты жазуға үйрене отырып, дұрыс сөйлей білуге дағдыланады, өз бетімен жұмыс істеу барысында оқушының қисынды ойлау қабілеті дамиды;

9) сыныптағы әр оқушы жеке, жұппен және топпен жұмыс істей білуге дағдыланады;

10) сұрақ қоя білуге үйрете отырып, септік, жіктік, тәуелдік, көптік жалғауларын оңай меңгеруіне жағдай жасаймыз.