Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый тест Салықтық жоспарлау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
475.14 Кб
Скачать

«Салықты жоспарлау» пәнінен тест сұрақтары

1. Ғылыми іс-тәжірибенің ерекше түрі және салықтық іс-әрекеттің стратегиялық шешімдер әзірлеуден құралған жоспарлау не деп аталады:

а) салықтық жоспарлау

б) бюджеттік жоспарлау

в) ағымдық жоспарлау

г) кешендік жоспарлау

д) стратегиялық жоспарлау

2. Салықтық жоспарлау қандай түрде кездеседі:

а) болжамдар жасау, бағдарламалар жобалары, жоспарлау

б) жоба түрінде

в) зерттеу түрінде

г) бағдарламалар түрінде

д) стратегиялық жоспарлау

3. Салықтық жоспарлаудың негізгі пәні:

а) іс-тәжірибені, жүзеге асыратын шараларды анықтап белгілейді

б) болжамдарды, жоспарларды құрып өзгертеді

в) бағдарламаларды әзірлейді

г) болжамдарды әзірлейді

д) жүзеге асыратын шараларды бекітеді

4. Салықтық жоспарлау моделінде басқару обьектісінің жағдайын қалай көрсетеді:

а) мемлекет, сала немесе аймақтың қазіргі жағдайына талдау жасалынып, баға беріледі

б) мемлекет жағдайына талдау жасалынады

в) жеке тұлғалардың жағдайына талдау жасалынады

г) заңды тұлғалардың жағдайына талдау жасалынады

д) резидент заңды тұлғалардың жағдайына талдау жасалынады

5. Салықтық бағдарламалар дегеніміз:

а) экономикалық, өндірістік, техникалық іс-шаралардың жүйесі

б) халық шаруашылығын үнемді пайдалану

в) жоспарлар жүйесі

г) үй шаруашылығын үнемді пайдалану

д) салықтарды төмендету шаралары

6. Экономикалық, өндірістік, техникалық іс-шаралардың жүйесі не деп аталады:

а) салықтық бағдарлама

б) салықтық жоба

в) салық ставкасы

г) салық обьектісі

д) салық субьектісі

7. Олар экономиканың белгілі бір саласының даму стратегиясын әзірлеуге және іс-әрекетін, негізгі жолдарын анықтауға бағытталған, бұл:

а) салықтық бағдарлама

б) салықтық жоба

в) салық базасы

г) салық обьектісі

д) салық субьектісі

8. Салықтық бағдарлама дегеніміз:

а) экономиканың белгілі бір саласының даму стратегиясын әзірлеуге бағытталған

б) жоспарлаудың қорытынды кезеңі

в) болжаудың қорытынды кезеңі

г) салық обьектісі

д) салық субьектісі

9. Салықтық бағдарламалардың қанша функциясы бар:

а) 6

б) 12

в) 13

г) 14

д) 15

10. Салықтық жоспарлау қандай түрде кездеседі:

а) болжамдар жасау, бағдарламалар жобалары, жоспарлау

б) жоба түрінде

в) болжам түрінде

г) бағдарламалар түрінде

д) жоспарлау түрінде

11. Салықтық жоспарлаудың қорытынды кезеңі не деп аталады:

а) жобалау

б) бағдарлама

в) жоспарлама

г) болжамдау

д) зерттеу

12. Жобалау дегеніміз не:

а) салықтық жоспарлаудың қорытынды кезеңі

б) салықтық жоспарлау

в) салықтық болжамдау

г) болжам түрі

д) салықтық басқару

13. Жобалаудың атқаратын қызметі, бұл:

а) барлық деңгейде болжауға жататын салықтық жоспарды әзірлеу

б) барлық салықтық жағдайды қарастыру

в) салықтарды есептеу

г) салықтарды жинау

д) салықтарды төлеу

14. Салықтық жоспарлаудың жобасы дегеніміз не:

а) басқарылатын субьект бойынша басқару шешімін қабылдау және жүзеге асыру

б) салықтық жоспарлаудың қорытынды кезеңі

в) салықтық жоспарлауды әзірлеу

г) салықтарды есептеу

д) салықтарды төлеу

15. Басқарылатын субьект бойынша басқару шешімін қабылдау және жүзеге асыру не деп аталынады:

а) салықтық жоспарлаудың жобасы

б) салықтық жоба

в) салықтық жоспар

г) болжамдар

д) болжау жасау

16. Салық жоспары дегеніміз не:

а) біртұтас бақылау обьектісінің жағдайын ұзақ мерзім ғылыми негізде болжамдау

б) біртұтас бақылау жүйесі

в) салықтық жоспарлау жобасы

г) біртұтас болжамдар жүйесі

д) біртұтас зерттеулер жүйесі

17. Біртұтас бақылау обьектісінің жағдайын ұзақ мерзім ғылыми негізде болжамдау не деп аталады:

а) салық жоспары

б) салық ставкасы

в) салық базасы

г) салық мерзімі

д) салық тәртібі

18. Болжам дегеніміз:

а) белгілі бір обьектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелдік пікір

б) ғылыми зерттеу обьектісі

в) ғылыми зерттеу субьектісі

г) жобаларды қарастыру

д) болжамдарды қарастыру

19. Белгілі бір обьектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелдік пікір не деп аталынады:

а) болжам

б) жоспарлау

в) бағдарлама

г) жобалар

д)бағдарлама

20. Болжамдарды дайындап, зерттеу процесі:

а) болжау

б) болжам

в) жоспарлар

г) бағдарлама

д)зерттеу

21. Болжау дегеніміз:

а) болжамдарды дайындап, зерттеу процесі;

б) болжам құру;

в) жоспарлар құру;

г) бағдарлама жасау;

д)зерттеу жасау;

22. Жеңiлдiк беру немесе салықты төлеу мерзiмiн өзгертумен өрнектелгендегi салық төлеуден босату формасы қалай аталады:

А) салықтық несие;

Б) салықтық оклад;

В) салық кезеңі;

Г) салық есебі;

Д) салық режимі;

23. Қандай салықтарда төлеу көзiн мемлекеттiң өзi тауар бағасына директивтi тәртiппен үстеме бекiту жолымен қалыптастырады:

А) жанама салықтарда;

Б) тікелей салықтарда;

В) жергілікті салықтарда;

Г) әмбебап салықтарда;

Д) жеке салықтарда;

24. Бұл салықтардың ауыртпалығы тауарларды соңғы тұтынушы – азаматтарға түседi:

А) жанама салықтар;

Б) тікелей салық;

В) монополиялық салықтар;

Г) тыңшылық салықтар;

Д) әмбебап салықтар;

25. Нақты салықтарға жататын салық түрі:

А) мүлiк салығы;

Б) корпоративтi табыс салығы;

В) жеке табыс салығы;

Г) үстеме пайдаға салық;

Д) әлеуметтiк салық;

26. Есептеу субъектiсі мен салықты төлеу тәсiлi бойынша салықтар қалай бөлiнедi:

А) қызметақылы және қызметақысыз;

Б) жай және төтенше;

В) нақты және жеке;

Г) натуралды және ақшалай;

Д) тікелей және жанама;

27. Салық формасына байланысты салықтар қалай бөлiнедi:

А) натуралды және ақшалай;

Б) жеке және нақты;

В) монополиялық, тыңшылық;

Г) жалпы мемлекеттiк және жергiлiктi;

Д) жалпы және мақсатты;

28. Өз субъектісiне байланысты салықтар қалай бөлiнедi:

А) заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың салықтары;

Б) тікелей және жанама;

В) жалпы мемлекеттiк және жергiлiктi;

Г) табиғи және ақшалай салықтар;

Д) жеке және нақты;

29. Қазақстанда қолданылатын аралас салықтарға жататындар:

А) қосылған құн салығы;

Б) корпоративтiк табыс салығы;

В) заңды тұлғалар мүлкiне салық;

Г) жеке табыс салығы;

Д) жеке тұлғалар мүлкiне салық;

30. Территориялық деңгейiне байланысты салықтардың бөлiнуi:

А) мемлекеттiк және жергiлiктi;

Б) жалпы және мақсатты;

В) қызметақылы және қызметақысыз;

Г) активтi және пассивтi;

Д) мақсатты және мақсатсыз;

31. Келесi салықтарда салық бұйымы мен объект салық төлеушiнiң тәртiбi немесе әрекетiне байланысты емес:

А) пассивтi салықтарда;

Б) активтi салықтарда;

В) жеке салықтарда;

Г) мөлшерлiк салықтарда;

Д) қызметақысыз салықтарда;

32. Қызметақысыз салықтар:

А) салық төлеушiнің өзi есептейдi және төлейдi;

Б) салық ескертпесiн алған соң есептеледi және төленедi;

В) жалпы мүлiкке иелiк ету уақыты бойынша белгiлi бiр кезеңде алынып тұрады;

Г) олардың төленуiн оқиғалармен байланыстырады;

Д) олардың өлшемi мемлекет тұтынуына қарап анықталады;

33. Бұл салықтар нақты шығынды жабу қажеттiлiгiнен емес, салық төлеушiнiң салық төлеу мүмкiндiгiне қарап бекiтiледi:

А) мөлшерлi салықтар;

Б) жеке салықтар;

В) активтi салықтар;

Г) бiр реттiк салықтар;

Д) пассивтi салықтар;

34. Тұтас мүлiкке иелiк ету уақытында белгiлi бiр мерзiмдiлiкпен алынатын салықтар:

А) реттелген салықтар;

Б) бiр реттiк салықтар;

В) активтi салықтар;

Г) пассивтi салықтар;

Д) жеке салықтар;

35. Мемлекет қажеттiлігі анықталатын, мемлекет бекiткен салықтың әрекет ету бағыты:

А) салық қызметі;

Б) салық элементi;

В) салық көзi;

Г) салық жеңiлдiктері;

Д) салық ставкасы;

36. Салықтардың келесi қызметі оларды басу мақсатында әрекеттiң қандай да бiр түрiне арнайы салықты енгiзу жолымен жүзеге асырылады:

А) ынталандырмайтын;

Б) тыңшылық;

В) реттеушi;

Г) бақылау ;

Д) қайта үлестiретiн;

37. Төлемақы – бұл:

А) мемлекет меншiгiндегi объектілердi пайдаланғаны үшiн төлем;

Б) заңды елеулi әрекеттердi жасағаны үшiн алынатын мiндеттi төлем;

В) мемлекет сұранысын қанғаттандыру мақсатында ақшалардың қозғалуы;

Г) мәжбүрлi сипатқа ие мемлекет бекiткен төлем;

Д) ақша иесiнен өз еркiмен мемлекетке түсетiн ақшалай төлем;

38. Салық – бұл:

А) белгілі бір обьектілерден төленетін төлем;

Б) заңды елеулi акт жасағаны үшiн мемлекетке төлеу;

В) мемлекет объектілерiн пайдаланғаны үшiн мемлекетке төлем;

Г) заңды елеулi әрекеттердi жасағаны үшiн алынатын мiндеттi төлем;

Д) экономикалық ақша қатынастарын өрнектейтiн жалпы эквивалент;

39. Салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөлiктерi:

А) салық элементтерi;

Б) салық қызметтері;

В) салық түрлерi;

Г) салық әдiстерi;

Д) салыкты бекiту;

40. Салықтардың келесi қызметінің арқасында салық жүйесiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлерiне не қызмет қамтамасыз етiледi:

А) бақылау;

Б) реттеу;

В) қайта үлестiру;

Г) тыңшылық;

Д) ынталандырушы;

41. Салық заңы актілерiмен бекiтiлген салықтық құқық қатынастары қатысушыларының өз мiндеттерiн сақтауын тексеру:

А) салықтық бақылау;

Б) валюталық бақылау;

В) қаржылық бақылау;

Г) бюджеттiк бақылау;

Д) сақтандырғыш бақылау;

42. Салықтың осы қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтiк процестерге әсер ету құралы ретiнде қолдануға мүмкiндiк бередi:

А) қайта бөлу;

Б) бақылау;

В) тыңшылық;

Г) ынталандырушы;

Д) ынталандырмайтын;

43. Салықтарды бекiту, енгізу және алу бойынша мемлекет қызметi:

А) салық салу;

Б) несиелеу;

В) қаржыландыру;

Г) инвестициялау;

Д) сақтандыру;

44. Тек мемлекеттің қаржысымен қамтылатын ұйымдар мен мекемелерге корпоративтік табыс салығын қай ставкамен төлейді?

А) салынбайды;

Б) 5 %;

В) 20 %;

Г) 15%;

Д) 10%;

45. Тең салық салу – бұл:

А) әрбiр салық төлеушiден бiрдей мөлшерде салық алынады;

Б) % түрiнде өрнектелген бiрдей ставка бойынша салық алу;

В) өсiп отыратын ставка бойынша салық алу;

Г) салық базасының өсуi барысында азайып отыратын салық салу;

Д) дұрыс жауаптары жоқ;

46. Әрбiр салық төлеушi салық салынатын базаға үлесi түрiнде өрнектелген бiрдей ставкада салық төленедi:

А) үйлесімді салық салғанда;

Б) үдемелі салық салғанда;

В) тең салық салғанда;

Г) кемімелі салық салғанда;

Д) үлестiк салық салғанда;

47. Салық салғанда салық базасының өсуi салық ставкаларының өсуiн де қарастырады:

А) үдемелі;

Б) кемімелі;

В) үйлесімді;

Г) тепе-теңiнде;

Д) үлестiкте;

48. Салықтардың бұл принципiнiң мәнi мынада, яғни, мемлекет өзiнiң күнделiктi сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады:

А) салықтар созылымдылығы принципi;

Б) салықтар орталықтандыру принципi;

В) салықтар көптiгiнiң принципi;

Г) салықтар дұрыстығы принципi;

Д) салық жүйесiнiң бiрлiк принципi;

49. Салықтық децентрализациялаудың өрнектелуi:

А) ҚР салық жүйесi Салық кодексiмен анықталады;

Б) республикада мемлекет пен әрбiр салық төлеушiге ортақ бiртұтас жүйе бар;

В) Салық кодексiмен қарастырылмаған қандай да бiр салық түрлерi ҚР территориясында болуы мүмкiн емес;

Г) салық жүйесiнiң бiртұтастығы мемлекеттік салық органдарының бiртұтас жүйесiне бекiтiлген;

Д мемлекеттік органдар салықтарды бекiтедi және өзгертедi;

50. ҚР салық жүйесiнiң бiртұтастығы келесiмен өрнектеледi:

А) ҚР мемлекет және әрбiр салық төлеушiге ортақ салықтардың бiртұтас жүйесi әрекет етедi;

Б) мемлекеттік органдар салықтарды бекiтедi және өзгертедi;

В) ҚР салық жүйесi Салық кодексiмен анықталады;

Г) салықтардың барлық негiзгi элементтерi тiкелей Салық кодексiнде анықталған;

Д) ҚР салық органдарының жүйесi республикаға бағынатын бiртұтас орталықтандырылған жүйе;

51. Салық салудың объективтi факторы қалай бөлiнедi:

А) салықтың пайда болуы объективтi түрде мемлекет бюджетiне байланысты;

Б) салық мемлекеттiң табыс алуға тырысуын өрнектейдi;

В) салықтық қатынас үнемi құқық қатынасы формасында болады;

Г) салықты бекiту мемлекеттiң саналы және жiгерлi акті болып табылады;

Д) салық мемлекетпен бекiтiледi;

52. Салықтың құқықтық негiзi ретiнде қабылданады:

А) мемлекет шығарған нормативтi акт;

Б) экономиканы экономикалық реттеу әдiсi;

В) салық қатынасы, экономикалық қатынастың бiр түрi;

Г) ақша қаржыларына мемлекет сұранысы;

Д) мемлекеттiң табыс алуға ұмтылуы;

53. Материалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар болып табылады, өйткенi:

А) ақша қаржыларының салық төлеушiден мемлекеттiк ақша қорларына жылжуы;

Б) олар салық ұстау мен төлеудi өрнектейдi;

В) салық қызметi жүйесiн қалыптастыру мен функциялауға байланысты олар пайда болды;

Г) олардың пайда болу себебi ретiнде қоғамдық дамудың объективтi сұраныстары қатысады;

Д) төлеу нәтижесiнде ақша қаржылары бiр субъектiден екiншiсiне жылжиды;

54. Салықтық қатынас объектiсі ақша қатынастарының бiр түрi ретiнде қатысуы:

А) салық төлемі;

Б) салық ставкасы;

В) салық кезеңі;

Г) салық базасы;

Д) салық мерзімі;

55. Материалдық салықтық қатынастар арқылы қалыптасады:

А) мемлекет табысы;

Б) кәсiпорын табысы;

В) кәсiпорынның қаржы қоры;

Г) бюджеттен тыс қордың табыстары;

Д) кәсiпорынның қаржы ресурстары;

56. Заңды актiлерге сәйкес салық төлеушiлермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін мiндеттi төлем:

А) салық;

Б) несие;

В) қарыз;

Г) қаржылар;

Д) құнды қағаз;

57. Салық ставкасы – бұл:

А) салық салу объектiсiне пайызбен бекiтiлген салық мөлшерi;

Б) заңмен бекiтiлген салық төлеушi;

В) заң бойынша салық салуға жататын нәрсе;

Г) кәсiпорындар арасындағы үстеме бағаны үлестiру әдiсi;

Д) ақшаны пайдалану үшiн төленетiн баға;

58. Салықтардың қандай қызметінің көмегiмен бюджетте ақша қаражаттары жиналып, жалпы мемлекеттiк мәселелердi шешуге бағытталады:

А) қайта бөлу;

Б) реттеу;

В) ынталандыру;

Г) қазыналық;

Д) бақылау;

59. Салықтардың қандай қызметінің көмегiмен мемлекет өндiрiстiң дамуын ынталандырады:

А) ынталандырушы;

Б) реттеу;

В) реттеушi

Г) қазыналық;

Д) бақылау;

60. Кәсiпорынның салық жеңiлдiктерiн заңсыз қолдануы, кешiктiрiп төлеуі немесе салықтарды есептеу мен төлеуге қажеттi құжаттарды көрсетпеуі:

А) салық төлеуден қашу;

Б) салықты жоспарлау;

В) салық ауыртпалығы;

Г) салық ставкасы;

Д) салық базасы;

61. Активтерді және табысты ұтымды орналастыру, қаржыларды инвестициялау мен жинау мәселелері қайсы процестiң кезеңі болып табылады:

А) салықты жоспарлау;

Б) салықты жинау;

В) салықтардан қашу;

Г) салық салуды жүргізу;

Д) салық ауыртпалығы;

62. Табыс шамасына қарамастан бiрдей ставкада барлық салық төлеушiлер төлейтiн салықтар:

А) үйлесімді салық;

Б) үдемелі салық;

В) кемімелі салық;

Г) тең салық;

Д) дифферинциалды салық;

63. Жоғары табыстылығынан, жеке тауарлардан және олардың өндiрiсiне мемлекет монополиялық етуiнен алынатын салық түрлерi:

А) акциздер;

Б) қосылған құн салығы;

В) мемлекеттiк баж салығы;

Г) кедендік баж салығы;

Д) жер салығы;

64. Үшiншi елге қатысты емес бiр жақты тәртiпте немесе өзара қатынас басында бiр мемлекеттiң екiншiсiне беретiн айрықша жеңiлдiктерi:

А) преференциялар;

Б) салық жеңiлдiктері;

В) салық оазистері;

Г) салық баспанасы;

Д) салық ставкасы;

65. Импорттық баж салығы:

А) тариф;

Б) преференция;

В) квота;

Г) акциздер;

Д) лицензия;

66. Тауар бағасын арттырады, өйткенi тауар бағасына немесе қызметке, тарифке үстеме түрiнде қосылады және сатып алушы төлейтiн салық түрі:

А) жанама салық;

Б) тікелей салық;

В) нақты салық;

Г) үйлесімді салық;

Д) үдемелі салық;

67. Төлем қабiлетiн, қоғамдық өндiрiске қатысу және басқа да факторларды ескерiп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару:

А) салық жеңiлдiктері;

Б) салық ставкасы;

В) салық ауыртпалығы;

Г) салық базасы;

Д) салық төлемі;

68. Қандай жағдайда мемлекеттiк бюджет тапшылығы болады:

А) мемлекеттiк шығын табыстан асқанда;

Б) салықтар қысқарғанда;

В) салық өскенде;

Г) мемлекеттiк шығындар өскенде;

Д) мемлекеттiк табыстар өскенде;

70. Тариф – бұл:

А) импорттық баж салығы;

Б) бiрлескен кәсiпорындардан алынатын салық;

В) экспортқа салық;

Г) акциздiк жинау;

Д) сәндiк бұйымдарға салық;

71. Салықты жоспарлау – бұл:

А) салық мiндеттемелерiн заңды қысқарту әдiстерi;

Б) кейбiр салықтарды төлеуден қашу;

В) айыппұл төлемеу үшiн барлық салықтарды дер кезінде төлеу;

Г) табыс мөлшерiн төмендету;

Д) шығын мөлшерiн төмендету;

72. Протекционистiк (сүйемелденген) тарифтарды қорғау аргументi:

А) еркiн сауданы ынталандырады;

Б) халықаралық шиеленiстi азайтуға апарып соғады;

В) отандық өнеркәсiптiң дамуын ынталандарады;

Г) тұтыну бағаларын төмендетуге апарып соғады;

Д) тұтыну тауарларына сұранысты арттырады;

73. Қазақстанда автокөліктерге импорттық баж салығының артуына ықпал етедi:

А) отандық өндiрушiлердiң олжасының көбеюi;

Б) шетелдiк өндiрушiлер олжасының көбейюi;

В) шетелдiк автомобильдерге сұраныстың артуы;

Г) еркiн сауданы ынталандыру;

Д) автомобильдерге тұтыну бағасын төмендетедi;

74. Кәсiпорындар, азаматтар және мемлекет арасында табыстарды үлестiру әдiсi:

А) салық салу;

Б) несиелеу;

В) қаржыландыру;

Г) инвестициялау;

Д) жоспарлау;

75. Табысқа немесе мүлікке салынатын салықтар:

А) тікелей салықтар;

Б) жанама салықтар;

В) нақты салықтар;

Г) үдемелі салықтар;

Д) үйлесімді салықтар;

76. Салық мiндеттемесiне уәкiлеттi субъект ретiнде қатысады:

А) мемлекет;

Б) кәсiпорындар;

В) қаржы институттары;

Г) салық төлеушiлер;

Д) салық агенттерi;

77. Құқық бұзудың субъективтi жағынан негізгі элементi болып табылады:

А) салықтық құқық бұзу;

Б) салықтық жоспарлау;

В) салықтық реттеу;

Г) салықтық болжау;

Д) салық салу;

78. Салық кодексi салық төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң келесi тәсiлдерiн қарастырады:

А) салықтың төленбеген мөлшерiне өсiм қою;

Б) салықты төлеу қолма-қол ақшасыз түрде төленедi;

В) банктiк есептер бойынша шағын операцияларының жалғасуы;

Г) салық төлеушiнiң салық қарызы есебiнен мүлiктi иемденуi;

Д) салықтың төленбеген мөлшерiне өсiм қоймау;

79. Салық заңында қарастырылған салық мiндеттемесiн iске асыру бойынша әрекеттi жасау ережесi, бұл:

А) салық мiндеттемесiн орындау тәртiбi;

Б) салық мiндеттемесiн қамтамасыз ету тәсiлi;

В) салық мiндеттемесiн орындау формасы;

Г) салық мiндеттемесiн орындау орны;

Д) салықтарды алу әдiстерi;

80. Салық салу саласында осы арқылы мемлекет өз қызметтерін iске асыратын амалдар мен тәсiлдер:

А) мемлекеттің салық қызметiн жүзеге асыру;

Б) мемлекеттiң салық саясаты;

В) салықтарды ұстау тәсiлдерi;

Г) салықтық қатынастарды реттеу типтерi;

Д) салықтық қатынас субъектiлер мен объектiлері;

81. Мемлекеттiң салық қызметiн жүзеге асырудағы негiзгi әдiсi болып табылады:

А) нормативтi актiлердi шығару;

Б) қоғамның жалпы табысын үлестiру;

В) мемлекеттi қаржымен қамтамасыз ету;

Г) кәсiпорының қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз ету;

Д) кәсiпорынның ақшалай ағымдарын басқару;

82. Салық салу объектiсі есебiн жүргiзу әдісі болып табылады:

А) салықты есептеу сатысы;

Б) салық кезеңі;

В) салық ставкасы;

Г) салық жеңiлдiктері;

Д) салық базасы;

83. Қызметақылы салықтарды есептеуде салық төлеушiге қандай құжатты бағыттаумен аяқталады:

А) салық хабарламасы, салық ескертуі;

Б) салық санкциясы;

В) салық декларациясы;

Г) салық хабарлауы;

Д) салық шағымы;

84. Есептеу әдiсiнде салық мiндеттемесінiң пайда болуы негiзiнде не жатады:

А) салық төлеушiде табысқа құқықтың пайда болу фактi;

Б) табысты нақты алу фактi;

В) алып тастауға қатысты шығынды нақты жүзеге асыру фактi;

Г) натуралды өрнекте салықты бекiту фактi;

Д) салық төлеушiге салық хабарландыруын бағыттаудың аяқталу фактi;

85. Кассалық әдiсте салық салудың пайда болу негiзiнде не жатыр:

А) табысты нақты алу фактi;

Б) салық төлеушiде табысқа құқықтың пайда болу фактi;

В) шығынды жүзеге асыру мiндеттемесiнiң пайда болу фактi;

Г) кәсiпорының максималды табысын алу фактi;

Д) ақша айналымын жасау фактi;

86. Кемiтуге қатысты нақты табысты алу немесе шығынды жүзеге асыру фактi келесi салықты есептеу әдiсi негiзiнде жатыр:

А) кассалық;

Б) есептеу;

В) экстрополяция;

Г) баланстық;

Д) салықты есептеу;

87.Салықты есептеудiң келесi әдiсi ақша қаржылары мен материалдық құндылықтардың iс жүзiнде қозғалуына негiзделген:

А) кассалық;

Б) есептеу;

В) динамикалық;

Г) аналитикалық;

Д) баланстық;

88. Мемлекеттiң салық төлеушiден салықтық төлем сомасын мәжбүрлi түрде алуы не болып табылады:

А) салық төлеу тәсiлi;

б) салықты есептеу әдiсi;

В) салық төлеушiнiң салықтық базасы;

Г) салық есептеу формасы;

Д) салық салу принципi;

89. Өздiгiнен салық төлеудiң негiзгi тәсiлi:

А) декларация негiзiнде;

Б) өздiгiнен салықты есептеу мен төлеу жолымен;

В) бiр реттiк талонды алу жолымен;

Г) патенттi алу жолымен;

Д) төлем көзiнен салықты ұстап қалу;

90. Мұндай салық салу арнайы салық режимi негiзiнде әрекет ететiн жеке тұлғаларға қатысты қолданылуы мүмкiн:

А) бiр реттiк талон немесе патентті алу жолымен;

Б) декларация негiзiнде;

В) хабарлама негiзiнде;

Г) өздiгiнен салықты есптеу жолымен;

Д) төлем көзiнен салықты ұстап қалу;

91. Келесi салықты оны төлеу салық бұйымын құрайтын бұйымдармен жүредi, әдетте өндiрiлген өнiммен төленеді:

А) натуралды;

Б) қолма-қолсыз есептеу;

В) ақшалай;

Г) ұлттық валютамен;

Д) шетелдiк валютамен;

92. Салық несиесi – бұл:

А) салықты төлеу мерзiмiнiң өзгеруiн өрнектейтiн жеңiлдiк;

Б) салық салудан салық салудың жеке бұйымдарын шығарып алу;

В) салықтық базаны қысқарту;

Г) салық салу субъектiлерiн қысқарту;

Д)салық салу объектiлерiн қысқарту;

93. Салық көзi – бұл:

А) салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары;

Б) салық заңымен бекiтiлген салық салу объектiлерi;

В) мемлекеттiк меншiктi пайдаланғаны үшiн мемлекетке төлеу;

Г) заңды іс-әрекеттердi жасағаны үшiн алынатын мiндеттi төлем;

Д) заңды елеулi іс-әрекеттердi жасағаны үшiн мемлекетке төлем;

94. Соның есебiнен салық төлеуге болатын салықтың негiзгi көзi:

А) табыс;

Б) амортизациялық аударым;

В) несиелiк ресурстар;

Г) негiзгi капитал;

Д) айналым қаражаттары;

95. Салықтың келесi көзi тек мәселенiң қысқа мерзiмде шешiлуiн бередi:

А) заемдық қаржылар;

Б) табыс пен пайда;

В) жинақ пен қор;

Г) айналым қаражатарының қоры;

Д) негiзгi құралдар;

96. Макроэкономикалық деңгейде салық төлеудiң негiзгi көзi ретiнде қатысады:

А) ұлттық табыс;

Б) жалпы iшкi өнiм;

В) жалпы ұлттық өнiм;

Г) ортақ қоғамдық өнiм;

Д) еңбекақы қоры;

97. Әрекетi немесе қаржыларынан табыс алынатындарға төленетiн салық:

А) тікелей салықтар;

Б) жанама салықтар;

В) қызметақылы салықтар;

Г) қызметақылысыз салықтар;

Д) үдемелі салықтар;

98. Салық маңызы мен қызметi туралы ғылыми бiлiм және ұғымдардың жүйесi, мемлекеттiк қаржы қызметiндегi олардың ролi:

А) салық теориясы;

Б) салық саясаты;

В) салықты реттеу;

Г) салық ставкалары;

Д) салықты бақылау;

99. Мүлiк салығы бойынша жекелеген жағдайлардағы салық төлеушiлер:

А) сенiмгер басқарушы немесе жалға алушы;

Б) мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылатын ұйым;

В) зейнеткерлер;

Г) резидент емес заңды тұлғалар;

Д) жалға алушы;

100.Салық төлеушi салық төлеуден қашқан жағдайда салық органдары қандай тәсiлге жүгiнедi:

А) салықты мәжбүрлi түрде алу;

Б) декларация негiзiнде;

В) салық ескертуі негiзiнде;

Г) бiр реттiк талонды алу жолымен;

Д) өздiгiнен салықты есептеу жолымен;

101. Салық суверинитетi – бұл ...

А) салықтарды бекiтуге және енгізуге мемлекеттiң айрықша құқы;

Б) салық элементiн бекiту туралы тиiстi құқық актiн қабылдау;

В) мемлекеттiң өзiне қажеттi ақша қаржыларын алуын қамтамасыз ету;

Г) мемлекет бекiткен салық әрекетiнiң бағыты;

Д) мемлекет пайдасына ақша қаржыларын қайта үлестiру құралы;

102. Салық салудың бұл принципi мынамен өрнектеледi, яғни салық төлеу бойынша мiндеттi осы салықтар салық кодексiмен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады:

А) салық кодексiнiң басқару принципi;

Б) салықтарды бекiткендегi заңдылықтың сақталу принципi;

В) салық салудың максималдылық принципi;

Г) салық салудың тепе-теңдiк принципi;

Д) шындық принципi;

103. Салық салудың шындық принципi болып табылады:

А) салық салудың экономикалық принципi;

Б) салық салудың заңды принципi;

В) салық салудың үнемдi принципi;

Г) салық салудың қолайлы принципi;

Д) салық салудың анықталу принципi;

104. Салық салудың келесi принципiне сәйкес әрбiр адам өз табысына сай мемлекеттi қолдауға қатысуы қажет.

А) шындық принципi;

Б) анықталу принципi;

В) қолайлылық принципi;

Г) үнемдiлiк принципi;

Д) тиiмдiлiк принципi;

105. Салық салудың келесi принципiне сәйкес салық жинау ең төменгі шығындарда жүргiзiлуi қажет:

А) үнемдiлiк принципi;

Б) өлшемдiлiк принципi;

В) қолайлылық принципi;

Г) шындық принципi;

Д) анықтылық принципi;

106. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi салықтардың меншiктi салмағы қандай:

А) 70%;

Б) 78%;

В) 80%;

Г) 75%;

Д) 50%;

107. Бұл салықтар – тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы алынады:

А) жанама салықтар;

Б) тікелей салықтар;

В) нақты салықтар;

Г) жеке салықтар;

Д) жалпы салықтар;

108. Бұл салықтарда тек табысы ғана емес, сонымен қатар салық төлеушiнiң қаржылық жағдайы да ескерiледi:

А) жеке;

Б) нақты;

В) жалпы;

Г) жанама;

Д) арнайы;

109. Бұл салықтар мүмкiндiктерден сыртқы белгiлерiне қарап алынады, яғни салық салуда салық объектiсі назарға алынады:

А) нақты;

Б) жанама;

В) жеке;

Г) жалпы;

Д) арнайы;

110. Объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша ерекшеленедi:

А) табысқа және тұтынуға салынатын салық;

Б) жалпы және арнайы салық;

В) нақты және жеке;

Г) тікелей және жанама;

Д) мемлекеттiк және жергiлiктi;

111. Салықтарды алудың келесi тәсiлiнде салықты есептеу мен алу табыс келтiру нормалары көрсетiлген салық алынатын объектiлердi тiркеу негiзiнде жүзеге асырылады:

А) кадастрлық;

Б) нормативтi;

В) декларация бойынша;

Г) патент негiзiнде;

Д) куәлiк негiзiнде;

112. Салық алудың келесi тәсiлiнде салық төлеушi табыс мөлшерiн, қажеттi жеңiлдiктердi, шегерімдерді көрсетедi және салық сомасын есептейдi:

А) декларация бойынша;

Б) патент негiзiнде;

В) кадастрлық негiзiнде;

Г) табыс алу көзiнен;

Д) куәлiк негiзiнде;

113. Салықтарды алудың осы тәсiлiнде салық табыс алу кезінде төлеушiнің жұмыс iстейтiн заңды тұлғаның есепшiсi есептейдi және аударады:

А) төлем көзiнен салық ұстау;

Б) кадастрлық негiзiнде;

В) декларация бойынша;

Г) куәлiк негiзiнде;

Д) патент;

114. Салық қайсы тәсілмен кәсiпкерлiк қызметтiң түрлерiне рұқсат беру негiзiнде төленедi:

А) патент негiзiнде;

Б) кадастрлық негiзiнде;

В) төлем көзiнен салық ұстау;

Г) декларация бойынша;

Д) шегерудi анықтау көзiнен;

115. Iс жүзiнде салық ауыртпалығы түсетiн жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушiлер, яғни мемлекет азаматтары:

А) салық тасымалдаушылар;

Б) салық субъектiсі;

В) салық объектiсі;

Г) салық көзi;

Д) салық алу бiрлiгi;

116. Салық объектiсін өлшеу бiрлiгi:

А) салық алу бiрлiгi;

Б) салық ставкасы;

В) салық объектiсі;

Г) салық субъектiсі;

Д) салық тасымалдаушысы;

117. Бұл ставкалар табыс мөлшерiне қарамастан салық алу бiрлiгiне абсолюттi жиынтықпен бекiтiледi:

А) қатаң ставка;

Б) проценттiк ставка;

В) тең ставка;

Г) жоғарылатылған ставка;

Д) төмендетілген ставка;

118. Салық алудан толығымен босатылатын салық объектiсінiң ең аз бөлiгi:

А) салық алынбайтын минимум;

Б) салықтық төсу;

В) салықтық сынақ;

Г) салық жеңiлдiктері;

Д) преференциялар;

119. Салық бойынша заңмен бекiтiлген жеңiлдiк жарайтын уақыт мерзiмi:

А) жеңiлдiк кезеңi;

Б) салық кезеңi;

В) салық алу кезеңi;

Г) салық мерзімі;

Д) төлем мерзімі;

120. Салықтардың келесi түрлерi тауар алмастырғанда, тапшылық болмаған жағдайда тұтынушыға таңдау құқығын қалдырады:

А) жанама салық;

Б) нақты салық;

В) тікелей салық;

Г) жеке салық;

Д) арнайы салық;

121. Алып келiнген, сыртқа шығарылатын, сондай-ақ транзиттi тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар:

А) баж салығы;

Б) мемлекеттiк баж салығы;

В) акциздер;

Г) қосылған құн салығы;

Д) жеке табыс салығы;

122. Бағаға енетiн және сатып алушы төлейтiн тауарлардың салықтары:

А) акциздер;

Б) мемлекеттiк баж салығы;

В) жер салығы;

Г) мүлiк салығы;

Д) әлеуметтiк салық;

123. Оларды өзi арнайы қасиеттерiнде монополиялық жоғары бағасы мен тұрақты сұранысы күшiндегi тауар өндiрушiлер төлейдi:

А) акциздер;

Б) қосылған құн салығы;

В) жер салығы;

Г) әлеуметтiк салық;

Д) мүлiк салығы;

124. Келесi төлем төленетiн қызмет тiзiмi заңды және жеке тұлғалар мүддесi үшiн жасалатын әрекеттердi iздену арыздарын қамтиды:

А) мемлекеттiк баж салығы;

Б) қосылған құн салығы;

В) төлем;

Г) баж салығы;

Д) тұтыну салығы;

125. Салық төлеуден қашу себептерi:

А) елеулi салық ауыртпалығы;

Б) салық заңының айқындығы;

В) салық қызметiн ұйымдастырудағы артықшылықтар;

Г) субъектiлердiң алдын-ала салық мөлшерiн төлеуi;

Д) салық жеңілдіктері;

126. Келесi салықтар бойынша салықтардан қашу оларды салық алу ерекшелiктерiне бола қиындатылған:

А) жанама салық;

Б) тікелей салық;

В) жеке салық;

Г) әлеуметтiк салық;

Д) жалпы салық;

127. Табыстарға салық салу бойынша қашуға тән сипаттамасы болып табылады:

А) табыс мөлшерiн төмендетiп көрсету;

Б) салық қызметтерiне өзгертiлген мәлiметтердi беру;

В) салық заңын сақтамау;

Г) салық бақылауын ұйымдастырудағы кемшiлiктер;

Д) “көлеңке экономикаға өту”;

128. Бюджет табыстарын қалыптастырудың тұрақты көзi ретiнде қаржылардың түсу түрi:

А) бекiтiлген салық;

Б) реттеушi салық;

В) тұтынуға салық;

Г) табысқа салық;

Д) жанама салық;

129. Мемлекеттiң өзi бекiткен салық салу ережелерi мен принциптерiн бұзуы:

А) салық тәртiбiнiң бұзылуы;

Б) салық механизмi бұзылуы;

В) салық ауыртпалығы;

Г) салық жеңiлдiктерi;

Д) салық режимi;

130. Салық жиналуының жалпы мөлшерiнiң бiрлескен ұлттық өнiмге қатынас ретiнде анықталатын көрсеткiш:

А) салық ауыртпалығы;

Б) салық тәртiбiн бұзу;

В) салық жүгi;

Г) салық шексiздiгi;

Д) салық механизмi;

131. Салықтың қай қызметі арқылы әлеуметтiк топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтiк тепе-теңдiктi ұстап тұрады:

А) қайта бөлу;

Б) қазыналық;

В) бақылау;

Г) ынталандырушы;

Д) түсiрушi;

132. Әлеуметтiк салықтың объектiсі болып табылады:

А) жұмыс беруші төлейтін табыстар;

Б) кәсiпорын табысы;

В) материалдық шегеру;

Г) таза табыс;

Д) жинақтау қоры;

133. Нарықты экономика мен мемлекеттiң салық саясатының негiзгi мақсаты болып табылады:

А) бюджеттiң кіріс бөлiгiн қаржы ресуртарымен қамтамасыз ету;

Б) тиiстi норматив актiлерiн қабылдау;

В) мемлекеттiң қаржы ресурстарын қайта үйлестiру;

Г) экономика реттегiшi ретiндегi салықты пайдалану;

Д) экономикалық процестерге әсер ету;

134. Олар қайтарымды сипатқа ие мемлекеттiң шартты және уақытша табыстар ретiнде қатысады:

А) заемдар;

Б) салықтар;

В) шығындар;

Г) қаржылар;

Д) гранттар;

135. Мемлекеттiң салықтық әрекетi процесiнде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалардың жиынтығы:

А) салық құқығы;

Б) салық бақылауы;

В) салық режимі;

Г) салық механизмi;

Д) салық жүйесi;

136. Корпоративтiк табыс салығы бойынша төлем көзiнде салық салынатын табыстардың түрлерi:

А) салымдар бойынша сыйақы;

Б) алименттер;

В) Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстар;

Г) лотереядан алған ұтыстар;

Д) стипендиялар;

137. Салықтың материалдық белгiсi болып табылады:

А) салық төлеушi белгiлi бiр соманы мемлекетке мiндеттi түрде беруi;

Б) қоғамдық жиынтық өнiмдi мемлекетке бөлiп беру;

В) салық төлеу кезiнде меншiк формасы ауысады;

Г) құқыққа сәйкестiк мәнi ақша айыру салық қаржы төлеуi;

Д) салық төлеу қайтарымсыз ақшаны өндiрiп алуды бiлдiредi;

138. Белгiленген салық қандай салық мiндеттемесін туғызады:

А) заңды;

Б) материалдық;

В) экономикалық;

Г) қаржылық;

Д) ақшалай;

139. Салық – бұл кімнің белгiленiмі болып саналады:

А) мемлекеттiң;

Б) салық төлеушiнiң;

В) салық комитетiнiң;

Г) салық агентiнiң;

Д) уәкiлетті органдардың;

140. Заңды iс-әрекеттердi жасау және уәкiлеттi мемлекеттiк ұйымдардың құжаттарын беру үшiн қандай төлем алынады:

А) мемлекеттiк баж;

Б) мемлекеттiк алым;

В) салық;

Г) төлем;

Д) мiндеттi аударым;

141. Анықталған құқықтық мәртебенi бергенi үшiн қандай төлем алынады:

А) алым;

Б) төлем;

В) салық;

Г) баж;

Д) айыппұл;

142. Белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыру құқығын бергені үшiн алынған төлем:

А) алым;

Б) төлем;

В) салық;

Г) баж;

Д) айыппұл;

143. Ағымды салық кезеңi үшiн ҚР-дà тұрақты болатын жеке тұлға деп танылу үшiн жеке тұлға кемiнде ҚР-да неше күн болуы тиiс:

А) 183;

Б) 180;

В) 181;

Г) 184;

Д) 185;

144. Салық пәнi дегенiмiз не:

А) салық объектiсiнiң материалдық көрсетiлуi;

Б) салық бiрлiгiнiң материалды түрi;

В) заңды дәйек, пайда болған заңмен салық мiндеттерi келiседi;

Г) салық объектi өлшенген параметрi заңмен бекiтiлген ;

Д) салық объектiсiнiң материалдық емес көрсетiлуi;

145. Салық масштабы қандай элемент:

А) заңмен бекiтiлген салық пәнiнiң өлшеу параметрi;

Б) салық объектiсiнiң материалды түрi;

В) заңды дәйек пайда болған заңмен салық мiндеттерi келiседi;

Г) салық пәнiнiң сандық мәнi;

Д) сандық пәнiнiң сапалық мәнi;

146. Салық пәнiнде бiрлiк салық салу санын көрсететiн көрсеткiш қалай аталады:

А) салық базасы;

Б) бiрлiк;

В) салық ауыртпалығы;

Г) салық қысымы;

Д) салық жеңiлдiктерi;

147. Түрлi субъектiлер табысының бiр бөлігі мемлекет пайдасына өтедi. Бұл салықтардың қай қызметi:

А) қазыналық;

Б) реттеу;

В) қайта бөлу;

Г) ынталандыру;

Д) бақылау;

148.Салықтардың қандай белгiсiне қарай салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi.

А) салық салу объектiсiне байланысты;

Б) қолдануына қарай;

В) салық салу ортасына қарай;

Г) экономикалық ерекшелiктерiне байланысты;

Д) салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай;

149.Салық салынатын табыстың өсуiне сәйкес ұдайы өсiп отыратын салық ставкалары:

А) үдемелi салық;

Б) үйлесімді салық;

В) кемімелі салық;

Г) тікелей салық;

Д) жанама салық;

150. Салық төлеушiнiң белгiлi бiр салық объектiсiнен төлейтiн салық сомасы салықтың қай элементi:

А) салық төлемі;

Б) салық жеңiлдiктерi;

В) салық төлеу мерзiмi;

Г) салық объектiсi;

Д) салық субъектiсi;

151. ҚР-да салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болуы салық салудың қай принципi:

А) салық салудың әдiлдiгi принципi;

Б) салық заңдарының жариялығы принципi;

В) салық салудың айқындылығы принципi;

Г) салық жүйесiнiң бiртұтастығы;

Д) салық салудың мiндеттiлiгi принципi;

152. Салық салудың мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi жариялануға тиiс. Бұл қай принцип:

А) салық заңдарының жариялығы принципi;

Б) салық жүйесiнiң бiртұтастығы;

В) салық салудың әдiлдiгi принципi;

Г) салық салудың айқындылығы принципi;

Д) салық салудың мiндеттiлiгi принципi;

153. Түзетiлген жылдық жиынтық табыстан шегерiмдерден асып түсуi:

А) залал;

Б) табыс;

В) зиян;

Г) аванс;

Д) шығыс;

154. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiлерге корпоративтік табыс салығы бойынша қанша пайыз көлемінде салық салынады:

А) 10%;

Б) 30%;

В) 15%;

Г) 20%;

Д) 16%;

155. Адвокаттар мен нотариустардың табыстарына қанша пайыз көлемінде салық салынады:

А) 10%;

Б) 30%;

В) 15%;

Г) 20%;

Д) 16%;