- •1.Каспий миногасы тіршілік ортасы, түрлері, дене құрылысы
- •2.Қызыл бауыр шұбар бақа тіршілік мекені
- •3.Тасбақалар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай.
- •1. Тынық мұхит миногасы кездесетін жері, қоректенуі, сыртқы пішіні
- •2. Кәдімгі тасбақаның түрі, мекен ететін жері
- •3. Жолақ кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1. Теңіз миногасының ішкі және сыртқы құрылысы
- •2. Құрбақалар тұқымдасына жалпы сипаттама
- •3. Торлы кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1.Дөңгелек ауыздылардың систематикалық топтары
- •2.Дала тасбақалары қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •3. Көлденең жолақты қарашұбар жыландардың мекен ету ортасы.
- •2.Қолтырауындар отрядына жалпы сипаттама
- •3.Айдаhарлар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
2.Дала тасбақалары қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
Дала тасбақасы - Среднеазиатская черепаха - Agrionemys horsfieldi Gray, 1844.
Түршелер құрамайды. Оңтүстік Қазақстанда өмір сүреді - Кас-пий маңынан Алакөлге дейін, құмды жэне сазды шөлдерде, си-ректеу мэдени аймақтарда 3-4 ай белсенді. Күндіз
тіршілігін жасайды. Өсімдік жегіш. 2 салым салады әрқайсысында 1-4 жұмыртқадан бар. Кәсіпшілік маңызы бар.
дала тасбақасы, Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі. Ортаазиялық тасбақа деп те атайды. Аналығының ұзындығы 20см, салмағы 2,5кг, аталықтары кішілеу. Сүйекті сауыты қауіп төнген кезде басы мен аяқтарын жинап жасырынуға ыңғайлы. Ол құрлық тасбақаларын жыртқыштардан жақсы қорғайды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тасқа лақтырып , сауытын жаруға машықтанған. Сауыты қатпаған кезде , жас құрлық тасбақаларын қарғалар да шоқып тастайды. Жағындағы мүйізді қаптары өсімдіктермен қоректенуге мүмкіндік береді. Құрлық тасбақалары не бары 3-4 ай, наурыздың соңынан маусымның соңына дейін, көбіне күндіз белсенді, қалған уақыттарында құмға 2м тереңдікке дейін көміледі де, ұйқыға кетеді. Сәуірде шағылысады. Аналығы сәуір-мамыр айлары аралығында екі рет 1-4 жұмыртқасын жердегі шұңқырларға салады. Олар көбіне құстар мен жыртқыштардың қорегіне айналады, сондықтан шөлде тасбақа жұмыртқасының қабығын көптеп кездестіруге болады. Жұмыртқаны жарып шыққан жас тасбақалар өз бетінше тіршілік етеді Дала тасбақалары – шөпқоректі жануарлар. Түрлі өсімдіктердің жапырақтары мен жемістері олардың ағзасына қажетті ылғал да, азық та болады. Шөлейттегі өсімдіктер қураған кезде олар ін қазып ап, жаздық ұйқыға кетеді. Ал көктем мен жаздың басы – тек бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер үшін ғана емес, дала мен шөлейттің басқа да жабайы күллі мекендеушілері үшін ең жайлы уақыт. Қазақстанның шеті мен шегі жоқ кең даласында олар сансыз көп, сан түрлі өсімдіктері де орасан мол …
3. Көлденең жолақты қарашұбар жыландардың мекен ету ортасы.
Көлденең жолацты қарашұбар жылан — Поперечнополоса-тый полоз - Coluber karelini Brandt, 1838.
түршесінен Қазақстанда бары C.kkarelini Каспий мен Аралдың арасында, Қызылқүмда және Мойынқұмда таралған. Онда олар сазды, қүмды шөлшерде, тау етектерінде жэне тауда мекендейді. 6-7 ай белсенді. Ыстық кезде ымыртта және түнде, қалған уақытта күндіз тіршілік етеді. Мерзімінде бір рет 4-9 жұмыртқа салады. Негізінен кесірткелермен, сиректеу - майда кеміргіштермен қоректенеді. Улы емес. Экологиялық маңызы бар.
БИЛЕТ №5
1. Қазақстанда қандай дөңгелек ауыздылардың тұқымдастықтары бар
ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАР -КРУГЛОРОТЫЕ - CYCLOSTOMATA
Отряд Миногатэрһділер - Миногообразные — Petromyzoniformes
Тұқьшдастьщ - Семейство: Миногалар - Миноговые -Pelrotnyzonidae
Тыньщ мүхит миногасы — Тихоокеанская минога - Lamperta japonica
Каспий миногасы - Каспийская минога - Caspiomyzon wagneri (Kessler, 1870).
Каспий теңізі алабында жэне Жайық өзенінде кездеседі Өткінші түр. Майда көбейеді, уылдырығын өзендердің құмайт және малта тас жерлеріне шашады. Өсімталды-ғы38мың уылдырыққа дейін. Толық өзгеріспен дамиды. Тоғышар қоректенуші емес. Үзындығы 55 см-ге дейін. Кәсіптік түр. Саны азаюда. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Тыньщ мүхит миногасы — Тихоокеанская минога - Lamperta japonica (Martens, 1868).
Ертіс жэне Тобыл өзендерінде кездесуі мүмкін Өткінші түр. Толық өзгеріспен дамиды. Негізінен тоғышарлық ету-мен қоректенеді. Ұзындығы 43 см-ге дейін. Кәсіптік құлы шамалы.
Сібір миногасы - Сибирская минога—Lampetra kessleri (Anikin, 1905).
Ертіс өзенінде және оның салаларында мекендейді Жергілікті түр. Судың температурасы 13-15°С болғанда ма-мыр-маусым айларында көбейеді. 5-6 жыл толық өзгерумен дами-ды. Дернәсілдері детритгермен жэне балдырлармен қоректенеді, ересектері іс жүзінде қоректенбейді. Дернәсілдерінің ұзындығы 25 см-ге дейін, ересектерінікі одан 2-3 см кем. Кәсіптік түр емес.
Каспий миногасы[1](Caspіomyzon wagnerі) – миногатәрізділер отрядының миногалар тұқымдасының жалғыз түрі.
Каспий тeңізі су алабының Әзірбайжан және Солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Күре, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді.
Су электр станциялары салынғанша Еділмен Калинин қаласына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу өзеніне, Терекпен Баксананың сағасына, Күремен Мцхета қ-на дейін өрлеген.
Ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 200 г-дай болады.
Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа (кейде 1) және құйрық қанаты болады. Қапшықтәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен (жеті-жетіден) ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің артында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген «тіс» деп аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды.
Көбеюі мен дернәсілдік уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі құртқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін теңізге қайтады, теңізде 2 жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады.
Еті өте дәмді және майлы (31 – 34%) болғандықтан көп ауланған. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, *Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мүхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде олар-ды 500 м терендіктен де кездестіруге болады. Көпшілігінде балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен (4-сурет) қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.
