- •1.Каспий миногасы тіршілік ортасы, түрлері, дене құрылысы
- •2.Қызыл бауыр шұбар бақа тіршілік мекені
- •3.Тасбақалар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай.
- •1. Тынық мұхит миногасы кездесетін жері, қоректенуі, сыртқы пішіні
- •2. Кәдімгі тасбақаның түрі, мекен ететін жері
- •3. Жолақ кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1. Теңіз миногасының ішкі және сыртқы құрылысы
- •2. Құрбақалар тұқымдасына жалпы сипаттама
- •3. Торлы кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1.Дөңгелек ауыздылардың систематикалық топтары
- •2.Дала тасбақалары қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •3. Көлденең жолақты қарашұбар жыландардың мекен ету ортасы.
- •2.Қолтырауындар отрядына жалпы сипаттама
- •3.Айдаhарлар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
3. Торлы кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
Торлы кесірпг - Сетчатая ящурка - Eremias grammica (Lichtenstein, 1823).
Түршелерге бөлінбейді. Таралымының солтүстік шекарасы Солтүстік Аралдан Алакөл ойпатына дейін өтеді Оңгүстікке қарай республикамыздың шекарасына дейін мекен-дейді. Жылына белсенділігі 6-7 ай; күндізгі түр. Мезгілінде екі рет салым салады, эр салғанда 3-6 жұмыртқадан салады. Жәндіктер-мен жэне жүлдызқүрттармен қоректенеді. Пайдалы жануар КЕСІРТКЕ(Saurіa) – қабыршақтылардың бір отряд тармағы. Қазба қалдықтары триас кезеңінен сақталған, жыландардың арғы тегі болып саналады. Кесіртке Жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4000-нан астам түрі бар.
Қазақстанда 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, Ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке), 13 туысы, 30 түрі кең таралған. Кәдімгі кесіртке тұқымдасының республикамызда 2 туысы бар:
кесіртке (Lacerta), оған тән белгі – құрсағындағы қабыршақтар ұзынынан қатарласа орналасқан. Танау тесігінің қалқаны жоғары көтерілмеген. Маңдай қалқанында ұзын, терең ойысы болмайды;
кесірт (Eremіas), олардың құрсақ қабыршағы қиғаш қатпарласып орналасқан. Танау тесігі жоғары көтеріңкі келеді, маңдай қалқанында ұзынша ойысы болады.
Бұлардың Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Мысалы, секіргіш кесіртке (Lacerta agіlіs, тұрқы 12 см-дей) республиканың солтүстік бөлігінде, Сауыр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Күнгей Алатауында; тірі туатын кесіртке (Lacerta vіvіpara, тұрқы 7,5 см-дей) Батыс Қазақстан, Ақмола облысында, [[]]да; жүгіргіш кесіртке (Eremіas velox, тұрқы 8,5 см-дей) мен орташа кесіртке (Eremіas іntermedіa, тұрқы 7 см-дей) республиканың оңтүстік аймақтарында; жолақты кесіртке (Eremіas scrіpta, тұрқы 6 см-дей) Каспий маңындағы құмнан бастап, Алакөлге дейін; торлы кесіртке (Eremіas grammіca, тұрқы 10 см-дей) Арал теңізінен Алакөлге дейін таралған.
БИЛЕТ №4
1.Дөңгелек ауыздылардың систематикалық топтары
ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАР -КРУГЛОРОТЫЕ - CYCLOSTOMATA
Отряд Миногатэрһділер - Миногообразные — Petromyzoniformes
Тұқьшдастьщ - Семейство: Миногалар - Миноговые -Pelrotnyzonidae
Каспий миногасы - Каспийская минога - Caspiomyzon wagneri (Kessler, 1870).
Каспий теңізі алабында жэне Жайық өзенінде кездеседі Өткінші түр. Майда көбейеді, уылдырығын өзендердің құмайт және малта тас жерлеріне шашады. Өсімталды-ғы38мың уылдырыққа дейін. Толық өзгеріспен дамиды. Тоғышар қоректенуші емес. Үзындығы 55 см-ге дейін. Кәсіптік түр. Саны азаюда. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Тыньщ мүхит миногасы — Тихоокеанская минога - Lamperta japonica (Martens, 1868).
Ертіс жэне Тобыл өзендерінде кездесуі мүмкін Өткінші түр. Толық өзгеріспен дамиды. Негізінен тоғышарлық ету-мен қоректенеді. Ұзындығы 43 см-ге дейін. Кәсіптік құлы шамалы.
Сібір миногасы - Сибирская минога—Lampetra kessleri (Anikin, 1905).
Ертіс өзенінде және оның салаларында мекендейді Жергілікті түр. Судың температурасы 13-15°С болғанда ма-мыр-маусым айларында көбейеді. 5-6 жыл толық өзгерумен дами-ды. Дернәсілдері детритгермен жэне балдырлармен қоректенеді, ересектері іс жүзінде қоректенбейді. Дернәсілдерінің ұзындығы 25 см-ге дейін, ересектерінікі одан 2-3 см кем. Кәсіптік түр емес.
Каспий миногасы[1](Caspіomyzon wagnerі) – миногатәрізділер отрядының миногалар тұқымдасының жалғыз түрі.
Каспий тeңізі су алабының Әзірбайжан және Солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Күре, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді.
Су электр станциялары салынғанша Еділмен Калинин қаласына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу өзеніне, Терекпен Баксананың сағасына, Күремен Мцхета қ-на дейін өрлеген.
Ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 200 г-дай болады.
Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа (кейде 1) және құйрық қанаты болады. Қапшықтәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен (жеті-жетіден) ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің артында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген «тіс» деп аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды.
Көбеюі мен дернәсілдік уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі құртқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін теңізге қайтады, теңізде 2 жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады.
Еті өте дәмді және майлы (31 – 34%) болғандықтан көп ауланған. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, *Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мүхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде олар-ды 500 м терендіктен де кездестіруге болады. Көпшілігінде балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен (4-сурет) қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.
