- •1.Каспий миногасы тіршілік ортасы, түрлері, дене құрылысы
- •2.Қызыл бауыр шұбар бақа тіршілік мекені
- •3.Тасбақалар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай.
- •1. Тынық мұхит миногасы кездесетін жері, қоректенуі, сыртқы пішіні
- •2. Кәдімгі тасбақаның түрі, мекен ететін жері
- •3. Жолақ кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1. Теңіз миногасының ішкі және сыртқы құрылысы
- •2. Құрбақалар тұқымдасына жалпы сипаттама
- •3. Торлы кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1.Дөңгелек ауыздылардың систематикалық топтары
- •2.Дала тасбақалары қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •3. Көлденең жолақты қарашұбар жыландардың мекен ету ортасы.
- •2.Қолтырауындар отрядына жалпы сипаттама
- •3.Айдаhарлар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
1. Теңіз миногасының ішкі және сыртқы құрылысы
Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мүхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде олар-ды 500 м терендіктен де кездестіруге болады. Көпшілігінде балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен (4-сурет) қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген.
Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасы-нан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалары жұтқыншақ ішіне ашылады.
Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар, бұл ланцетниктегі эндостильдің қызметін атқарады. Бауырында өті болады, көзі тері-сінің астына жасырынған. Миы басқа органдарымен салыстырғанда үлкенірек деуге болады. Құмқазғыш кейбір белгілерінін, болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құмқазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, сонын, ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2—5 жылдың ішінде айналады.
2. Құрбақалар тұқымдасына жалпы сипаттама
Құрбақа (Bufonidae) — құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидадакездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан. Қазақстанда құрбақаның 3 түрі: кәдімгі Құрбақа (Bufo bufo), жасыл құрбақа (Bufo vіrіdіs) және даната құрбақасы кездеседі. Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі Қүрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құрбақалар денесі кеппеу үшін, күндіз орман төсенішінің астына, тышқандар мен көртышқанның індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшаңмен, т.б. қоректенеді. Індерде, тұрғын үй астында, қоймаларда қыркүйектің аяғы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Наурыздың аяғы — мамырдың басында қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Аталықтары үш, аналықтарытөрт жасында жыныстық жағынан жетіледі. өз. 3 — 5 м-ге жететін уылдырық (1200 — 7000 мыңға жуық) жіпшелерін суға салады. Итшабақ 50 күндей дамып, ұзындығы 30 — 32 мм-ге жетеді. Құрбақалар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Қаңқасы[өңдеу]
Құрбақаның қаңқа негізі арқаны бойлай созылған омыртқа жотасы болып табылады. Омыртқа жотасы бір мойын омыртқасынан, 7 арқа омыртқасынан, бір сегізкөз омыртқасынан және тұтасып кетіп бір сүйекке айналған құйрық омыртқасынан құралады. Мойын омыртқасы негізінен шеміршектен түзілген бассүйекке , ал аяқ сүйектер екі белдеу арқылы омыртқа жотасына жалғасады. Төссүйек, екі бүғана, екі қарға сүйектердің бір шеті омыртқа жотасына, екінші бөлігі ортан жілікке байланысу арқылы жамбас белдеуі түзіледі. Жамбас сүйектер омыртқа жотасына тығыз жабысады да ортан жіліктің қимылдауына мүмкіндік жасап, буын арқылы байланысады. Бақада кеуде торы болмайды, яғни қабырғалары болмағандықтан, төссүйегі арқа омыртқаларына жалғаса алмайды.
Құрбақаның аяқ сүйектері аяқтағы бөліктерге сай келеді. Алдыңғы аяғында тоқпан жілік, кәрі жілік және алақан-саусақ сүйектері, артқы аяғында ортан жілік, асықты жілік және табан сүйектері болады.Бұл сүйектер өзара буын арқылы байланысады.
Бұлшықеттері[өңдеу]
Құрбақаның бұлшықеттері балыққа қарағанда күрделі. Бұл оның құрлықта әр түрлі қимылдар жасап қозғалатынына байланысты. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда бақаның қаңқасындағы бұлшықет 350-ден астам жеке бұлшықеттерден құралады.
Тыныс алуы[өңдеу]
Ересек құрбақа ауадағы оттегімен тыныс алады, ал дернәсілі желбезек арқылы суда еріген оттегін тынысалуға пайдаланады. Оны тынысалу мүшесі- ұяшықтары бар жұқа қабырғалы екі дорбашадан тұратын өкпе. Құрбақа ауаны ішке қарай танау тесіктері арқылы тартқанда ауа ауызға, одан көмекей саңылауы арқылы өкпеге өтеді, бұл кезде танау тесігіндегі қақпақ жабылады. Құрбақаның кеуде қуысы болмағандықтан, тыныс алған кезде ауаны аңқасы арқылы сорып, сыртқа шығарады, сондықтан бақаның алқымы үнемі бүлкілдеп тұрады. Бақалар суда жүргенде терісі арқылы тыныс алады.
Қоректенуі[өңдеу]
Құрбақа ебедейсіз қимылдап, бунақденелілердің дернәсілімен, жорғалап жүретін қоңыз, құмырсқа, кандаламен, басқа да бау-бақша зиянкестерімен қоректенеді. Ол аузына түскен қорегін баяу қимылдайтын тілі арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысына- аңқаға бағыттайды, қорек өңеш арқылы қапшық тәрізді қарынға түседі. Бауырдан бөлінген өт және ұйқыбезінің сөлі қарыннан ішекке түскен қоректі қорытады. Құрбақаның тік ішегі кеңейеді және одан несепағар , жыныс өнімдері шығатын өзектер және қуық ашылып, клоакаға айналады.
Қан айналымы[өңдеу]
Құрбақаның қанайналым жүйесі -екі шеңберлі, жүрегі үш бөліктен , яғни екі жүрекшеден және бір қарыншадан құралады. Ауадағы оттегіне қаныққан өкпедегі таза салатамыр қаны көктамырлар арқылы сол жақ құлақшаға құяды, ал оң жақ құлақша бүкіл денені аралап, көмірқышқыл газға қаныққан көктамыр қанын қабылдайды. Құрбақаның қарыншасында аралас қан болады. Қарынша жиырылғанда ерекше қантамыр арқылы салатамырдағы қан миға, ал қарыншадан шыққан аралас қан бүкіл мүшелер мен ұлпаларға таралады. Бүкіл мүшелерден жиналған қан оң жақ құлақшаға құяды. Қарыншадан басталып, оң жақ құлақшаға құған қан жолы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады. Ал қарыншадан шығып, теріден және өкпеден жиналған салатамырдың қаны өкпеден жүректің сол жақ құлақшасына ораласады. Қанның бұл жолы қанайналымның кіші шеңбері деп аталады. [3]
Қоректенуі[өңдеу]
Құрбақа ебедейсіз қимылдап, бунақденелілердің дернәсілімен, жорғалап жүретін қоңыз, құмырсқа, кандаламен, басқа да бау-бақша зиянкестерімен қоректенеді. Ол аузына түскен қорегін баяу қимылдайтын тілі арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысына- аңқаға бағыттайды, қорек өңеш арқылы қапшық тәрізді қарынға түседі. Бауырдан бөлінген өт және ұйқыбезінің сөлі қарыннан ішекке түскен қоректі қорытады. Құрбақаның тік ішегі кеңейеді және одан несепағар , жыныс өнімдері шығатын өзектер және қуық ашылып, клоакаға айналады.
