Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhanuar_zhauaptary-1.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
653.87 Кб
Скачать

2. Кәдімгі тасбақаның түрі, мекен ететін жері

Тасбақа - Болотная черепаха - Emys orbicularis

Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытынпластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкінҚұрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық Тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су Тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл Тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген

3. Жолақ кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?

КЕСІРТКЕ(Saurіa) – қабыршақтылардың бір отряд тармағы. Қазба қалдықтары триас кезеңінен сақталған, жыландардың арғы тегі болып саналады. Кесіртке Жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4000-нан астам түрі бар.Қазақстанда 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, Ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке), 13 туысы, 30 түрі кең таралған. Кәдімгі кесіртке тұқымдасының республикамызда 2 туысы бар:

  1. кесіртке (Lacerta), оған тән белгі – құрсағындағы қабыршақтар ұзынынан қатарласа орналасқан. Танау тесігінің қалқаны жоғары көтерілмеген. Маңдай қалқанында ұзын, терең ойысы болмайды;

  2. кесірт (Eremіas), олардың құрсақ қабыршағы қиғаш қатпарласып орналасқан. Танау тесігі жоғары көтеріңкі келеді, маңдай қалқанында ұзынша ойысы болады.Бұлардың Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Мысалы, секіргіш кесіртке (Lacerta agіlіs, тұрқы 12 см-дей) республиканың солтүстік бөлігінде, Сауыр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Күнгей Алатауында; тірі туатын кесіртке (Lacerta vіvіpara, тұрқы 7,5 см-дей) Батыс Қазақстан, Ақмола облысында, [[]]да; жүгіргіш кесіртке (Eremіas velox, тұрқы 8,5 см-дей) мен орташа кесіртке (Eremіas іntermedіa, тұрқы 7 см-дей) республиканың оңтүстік аймақтарында; жолақты кесіртке (Eremіas scrіpta, тұрқы 6 см-дей) Каспий маңындағы құмнан бастап, Алакөлге дейін; торлы кесіртке (Eremіas grammіca, тұрқы 10 см-дей) Арал теңізінен Алакөлге дейін таралған.

БИЛЕТ №3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]