Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhanuar_zhauaptary-1.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
653.87 Кб
Скачать

3.Тасбақалар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай.

Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырыменHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%B6%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%83%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80" HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%B6%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%83%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80"жорғалаушыларотрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврларданшыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (текАнтарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық Тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су Тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл Тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.

Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

БИЛЕТ №2

1. Тынық мұхит миногасы кездесетін жері, қоректенуі, сыртқы пішіні

ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАР -КРУГЛОРОТЫЕ - CYCLOSTOMATA

Отряд Миногатэрһділер - Миногообразные — Petromyzoniformes

Тұқьшдастьщ - Семейство: Миногалар - Миноговые -Pelrotnyzonidae

Тыньщ мүхит миногасы — Тихоокеанская минога - Lamperta japonica

Каспий миногасы - Каспийская минога - Caspiomyzon wagneri

Тыньщ мүхит миногасы — Тихоокеанская минога - Lamperta japonica

Ертіс жэне Тобыл өзендерінде кездесуі мүмкін Өткінші түр. Толық өзгеріспен дамиды. Негізінен тоғышарлық ету-мен қоректенеді. Ұзындығы 43 см-ге дейін. Кәсіптік құлы шамалыСыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман, ал миксиндерде басынын, алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен кұйрық бөлімінің шекарасында орналасады да сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады.Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері карапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомер-лерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қапшықтары, ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Ет системасының көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысының аса күрделі Тұлға мен құйрық бөлімдерінің скелеті негізінен хордадаи тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен тұратын қалың кабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның, жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады.Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек плас-тинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесі-гінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады.Миногалардың висцеральдық скелеті жіктелмеген тоғыз желбезек доғасынан тұрады, олар өз ара төрт шеміршек тяжімен байланысады. Осы айтылған шеміршектер системасына арт жағынан шеміршекті жүрек қалтасы жалғасады. Желбезек коробкасының алдыңғы жағынан екі ұлтарақ тәрізді шеміршектер мен көз асты шеміршектері жалғасады, олар түрі езгерген желбезек доғалары болып саналады. Миксиндердің желбезек коробкасы жетілмеген, ол тек қана алғашқы нұсқасы түрінде ғана болады.Ми сауыты мен висцеральдық скелеттің негізгі ерекшелікте-рі: жақтың, ми сауытының болмауы, желбезек доғасының жік-телмеуі және ауыз воронкасында күрделі шеміршекті система-сының болуы т. б. жатады.Ас қорыту органдары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақ-пен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішек-тер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапанда-рының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық корытылуына себепші болады.Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал ұйқы безі же-тілмеген.Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген желбезек пластинкаларынын. болатынын байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығынық екінші жағындағы ішкі желбезек жол-дары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда бо-лады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]