
- •1.Каспий миногасы тіршілік ортасы, түрлері, дене құрылысы
- •2.Қызыл бауыр шұбар бақа тіршілік мекені
- •3.Тасбақалар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай.
- •1. Тынық мұхит миногасы кездесетін жері, қоректенуі, сыртқы пішіні
- •2. Кәдімгі тасбақаның түрі, мекен ететін жері
- •3. Жолақ кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1. Теңіз миногасының ішкі және сыртқы құрылысы
- •2. Құрбақалар тұқымдасына жалпы сипаттама
- •3. Торлы кесірткелер қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •1.Дөңгелек ауыздылардың систематикалық топтары
- •2.Дала тасбақалары қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
- •3. Көлденең жолақты қарашұбар жыландардың мекен ету ортасы.
- •2.Қолтырауындар отрядына жалпы сипаттама
- •3.Айдаhарлар қайда мекендейді, қалай көбейеді, қалай қоректенеді, олардың мөлшері қандай?
БИЛЕТ №1
1.Каспий миногасы тіршілік ортасы, түрлері, дене құрылысы
Каспий миногасы[1](Caspіomyzon wagnerі) – миногатәрізділер отрядының миногалар тұқымдасының жалғыз түрі.
Каспий тeңізі су алабының Әзірбайжан және Солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Күре, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді.
Су электр станциялары салынғанша Еділмен Калинин қаласына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу өзеніне, Терекпен Баксананың сағасына, Күремен Мцхета қ-на дейін өрлеген.
Ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 200 г-дай болады.
Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа (кейде 1) және құйрық қанаты болады. Қапшықтәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен (жеті-жетіден) ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің артында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген «тіс» деп аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды.
Көбеюі мен дернәсілдік уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі құртқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін теңізге қайтады, теңізде 2 жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады.
Еті өте дәмді және майлы (31 – 34%) болғандықтан көп ауланған. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, *Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
2.Қызыл бауыр шұбар бақа тіршілік мекені
Қызыл бауыр шұбар бақа-Қазақстандағы құйрықсыз қосмекенділер отряды,дөңгелектілер тұқымдасының жалғыз өкілі. Арқасы жасыл немесе қара дақтары бар сұр түсті, құрсақ жағы қаракөк дақтары бар қызғылт не ашық қызғылт түсті, дене пішіні кішілеу бақа (ұзындығы 3-5см). Еуропада кең таралған. Қазақстанда тек Жайық өзенінің аңғарында кездеседі. Мұнда ол ағынсыз сулар, ұсақ шұңқырлар, бақшалар, тағы басқа жерлерді мекендейді. Су беті өсімдіктері көп, түбі лай жердерді ұнатады. Бұл бақаның бүкіл өмірі суда өтеді, судан тек түнде және таңсәріде шығады. Ешқашан судан алысқа кетпейді. Ең ұзақ,алыс кететін уақыты –күз.Қызыл бауыр шұбар бақаның судан 0,5 км-де қыстайтын шұңқыры болатындығы белгілі. Басқа құйрықсыз қосмекенділерден айырмашылығы-уылдырығын топтамай,жеке-жеке не-2-12 уылдырықтан тастайды,уылдырық тастау уақыты мамырдың басы.Аталықтары осы кезде өздеріне тиіс “уу…уу” не “унк…унк” деген қатты дыбыстарын шығарады, 2-3 рет қайталайды және 2 км қашықтықтан жақсы естіледі. Аталықтары өте ерте шығатын дернәсілдерінің метаморфозы біткенше, маусымның аяғына дейін дыбыс шығарады. Ересектері су жәндіктерімен,ал итшабақтары балдырларымен қоректенеді. Бұл бақаның ерекшілігі –сүтқоректі жануарлардың сілекей қабығын қатты күйдіретін, терісінен улы шырыш бөліп шығарады. Сүтқоректілер мен құстарды шаққанда, олардың тыныс алуын әлсіретіп ,бұлшық еттерін жансыздандырады. Сондықтан қызыл бауыр шұбар бақаны ешқандай аң,құс,балық жемейді.