
- •І. Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығының бастапқы кезеңі
- •1.1. Әбіш Кекілбаевтың жазушылық жолындағы сындарлы кезең
- •Іі. Әбіш Кекілбаев шығармаларының тақырыптық сипаты
- •2.1. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары
- •2.1. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ................................................................................................................2
І. Әбіш Кекілбаев өмірі жолы мен шығармашылығының бастапқы кезеңі...... 4
1.1. Әбіш Кекілбаевтың жазушылық жолындағы сындарлы кезең................... 4
ІІ. Әбіш Кекілбаев шығармаларының тақырыптық сипаты................................8
2.1. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары....................................................... 8
2.2. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар...............................16
Қорытынды..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................30
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Жазушы шығармаларымен танысу, мемлекеттік және қоғамдық қызметімен таныса отырып, Әбіш Кекілбайұлының біз білмейтұғын қырлары мен сырларының әлі де көп екендігін ұғамыз. Оның әрбір шығармасының мағынасы өте терең әрі оқырманның жанын баурап алардай екендігін ұғыну оңай. Әрбір жазған еңбегі мен әрбір атқарған қызметінің тиянақты болғандығы анық. Жазушының еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты жазушы жадынан тыс қалған емес.
Әбіш Кекілбайұлы көптеген сыйлықтардың иегері және лауреаты. Тағайындалған сыйлықтары мен лауреат атақтары тек қазақ жерінде ғана емес, шетелдерде де ерекше құметпен тапсырылған болатын. Оны тек қазақ елі ғана емес, онымен қоса орыс, неміс, түрік және т.б. елдерде жазушы, көрнекті қаламгер әрі бірден-бір саясаткер деп таниды. Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік және қоғамдық-саяси белсенділігінің рөлі ерекше бағаланады. Осынау ерен еңбек иесі жазушы Әбіш Кекілбаев шығармаларын тану, жұмыстың өзектілігіне жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу;
Әбіш Кекілбайұлы шығармаларына шолу жасау;
Еліміздің тәуелсіздігіне дейінгі жылдардағы Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметтерін қарастыру;
Әбіш Кекілбайұлының шығармаларының тақырыптық сипатын анықтау;
Ғылыми жаңалығы: Бұл тақырыпты зеттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философ, жазушы, қаламгер, сыншы, драматург, қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі Әбіш Кекілбайұлының сегіз қырлы, бір сырлы бойындағы қасиеттерін оқып біліп, байқадым. Сондай-ақ Ә. Кекілбайұлының ерекше қасиетерінен басқа да, ерекшеліктерін білдім, атап айтқанда:
1. Әбіш Кекілбайұлың халықаралық интеллектуалдық әлеумет бойынша әлемнің ең ойшыл 100 адамы санатында;
2. Немістің «Фуль унд Вельт» баспасының дүниежүзіне танымал 200 үздік қаламгердің ең таңдаулы 50-нің қатарында;
3. Әбіш Кекілбаев еңбектері тек қазақ тілінде ғана емес, әлемнің 14 тілінде жарық көріп, бірнеше мың данамен тараған;
4. Егемендік алған жылдардан бері Әбіш Кекілбайұлы көптеген ғылыми-танымдық, зерттеу еңбектері жарық көрді;
5. Саясат, мәдениет пен тарихтың өзекті мәселелерінен көптеген мақалалары жарыққа шықты;
6. Қырғыз Республикасының қайраткері, неміс және түрік ұлттарының көрнекті қаламгері;
8. Көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері;
9. Ақтау қаласындағы Әбіш Кекілбайұлына арналған мұражай;
10. Ә. Кекілбаев еңбектері жан-жақты зерттеле келе, қоғам қайраткері ретінде және көрнекті қаламгер ретінде танылған саяси тұлға екендігі сараланып бір тұжырымға келтірілді.
Зерттеу объектісі: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ойы, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтері.
Зерттеудің құрылымы: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси ой-пікірлері атты жұмыс екі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығының бастапқы кезеңі
1.1. Әбіш Кекілбаевтың жазушылық жолындағы сындарлы кезең
Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, философ, сыншы, драматург, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызда алар орны ерекше.
Адам баласы дүниеге келерде бәрі бірдей сияқты. Өсе келе әр түрлі мінез – құлық бітеді. Ерен ақылды, туасы шешен, ойшыл, нағыз ақын, хас жазушы, азамат, қайраткер болу барлығына бұйырмайды. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев 1939 жылдың 6 желтоқсанында Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Мырзаайыр деп аталатын жерінде дүниеге келген. 360 әулиенің жері атанған бұл мекенде Әбіш Кекілбайұлы кіндік қаны тамғандықтан оны ерекше құрмет тұтады. Сол кездегі соғыс салдарынан ел тартқан көп қиындықтар Әбіш Кекілбайұлының жан дүниесіне ерекше із қалдырған еді. Әкесі Кекілбай екінші дүниежүзілік соғыста қаза болады. Анасы Айсәуле оның осы күнге жетуіне бірден-бір себепші. Отбасында жағыз бала, екі әпкесімен сол жылдардың салқын ызғарымен өседі. Әкесінің орнын білдірмеуге тырысқан Әбіш анасының қолғабысы болды. Екі апкесінің бірі мектепке баратын, ал екіншісімен Әбіш кейде қалатын еді. Сол замандардағы кездескен көп қиындықтарды жеңе білген ол жас кезінен әдеби шығармаларға өте бейім болатын. Ең алғашқы «Екпінді егін сала ма?» атты көлемді мақаласы сол кездегі «Сталин жолы» газетінде жарық көрді. Мақаланың кемшіліктері жан-жақты талқылана отырып, бірнеше тармақтан тұратын қаулы қабылданған болатын. Ол қаулы ел көлемінде жүзеге асты. Мектеп қабырғасынан зерек өскен Әбіш Кекілбайұлының болашағы кемел еді. Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Оңды мектебін тамамдап, университет қабырғасына аяқ басады. 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін жақсымен бітіріп шығады. Университет табалдырығында оқуға, ізденіске өте құштар ол өз замандастары Мұхтар Мағауин, Төлек Тілеуханов сынды замандастарымен бірге жан-жақты ізденісте еді. 1960 жылдары елді қызықтыратын бірден-бір мәселе ел мәселесі болатын. Сол жылдары Әбіш Кекілбайұлы өз замандастарымен бірге ел тағдыры, жер тағдыры терең толғандыратын. Жасырын әдебиеттерді жиі оқу арқылы, тіл мен ел тарихын, есімдері ұмытылуға айналған ерекше тұлғаларды еске ала отырып ой бөлісу, өз замандастарымен бірге жабулы шындықты ұғынуға ерекше уақыт пен назарды аудару, сол мәселелер оларды бей-жай қалдырмағандығының көрінісі еді.
Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік қызмет саласындағы орны ерекше. Алғаш рет өзінің қоғам қайраткері ретіндегі қызметін 1962 жылы бастаған болатын. Ол кездері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» сияқты газеттердің әдеби қызметкері және бөлім меңгерушісі қызметінен бастайды. Осы жылдары өзінің жарық көрген бірнеше еңбектерінің барлығы дерлік ел, жер, Отан тағдырына байланысты өрбіді. Еңбектері мен мақалалары газет беттерінде жарық көрді. Замандастары әрі әріптестерінің арасында ерекше озығы саналатын. Сол кездердегі әріптестері Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Кәрібай Ахметбекұлы, Оразбек Сәрсенбай, Қалдарбек Найманбай, Кәдірбек Сегізбаев, Қуанышбай Құрманғалиевтер сынды елдің қалаулылары Әбіш Кекілбайұлын ерекше құрметпен айтатын. «Лениншіл жас» газетінің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртазаның айтуынша: «Сол ортада жампоздай болып, Әбіш Кекілбайұлының тұлғасы ерекше тұрды. «Бұйдыраған екі шекелі», толқынды бұйра шашты, тұңғиық терең ойлы көз – осы жігіт тым ерте есейген, жастайынан көсемдікке жаралғандай, қарттың даналығын бала жастан бойына жастанғандай, бай қазыналы етіп, тәңірім терезесін биік жаратқандай әсер қалдырар еді. Қазақ әдебиеті әлемінде Әбіш Кекілбайұлы үлкен биікке көтерілді. Әдебиетте өзгелер байқамаған, өзгелер айта алмаған сөзді айтты. Басқа ұлыс, ұлттардың намысын қорламастан, қазақ рухын асқақтатты. Бояуы көп, бай көркемдікті былай қойғанда, бұл жазушының азаматтық берік тұғырының айғағы»,- дейді [1].
1962-1965 жылдары Әбіш Кекілбайұлы «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінің редакциясында әдебиет-өнер меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жоғарғы оқу орнын жаңа аяқтаса да, ұшқыр ойлы, шеберлігімен жұмысын өте тиянақты атқара білді. Әбіш Кекілбайұлы ел тағдырынан, болып жатқан оқиғалар мен саясаттан ешқашан тыс қалған емес. Оның алғашқы «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» сияқты әңгімелерінен бастап, «Күй», «Шыңырау», «Ханша дария хикаясы» повестері, «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Үркер» романдары, әсіресе туелсіздік жылдарында жазылған публицистикалық шығармалары, «Абылай хан» драмасы Әбіштің тұлпар шабысты жүйрік екенін, көркем сөздің нәзік құпияларын игерген зергер, оқушы көкірегіне ақылдың нұрын құятын ойшылдығын танытты.
Одан кейінгі жылдары мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесі қызметін атқарады. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметін атқарады. Бұдан бертін келе Әбіш Кекілбайұлы көп салаларда қызмет атқарды. Қазақ Комунистік Партиясы Орталық Комтитетінің мәдени бөлімінің нұсқаушысы және сектор меңгерушісі қызметін, Қазақстандық мәдениет министрлігінің орынбасары, Қазақстандық жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы. 1988-1990 жылдары тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы орталық кеңесі президентінің төрағасы қызметіне ұсынылады. Осы жылдары Әбіш Кекілбайұлы бірнеше жерлерге іс-сапармен аттып, тарихи ескерткіштерді қорғау мен тарихи жерлерді жаңғырту мәселелерінде ерекше жұмыстар жасай білді. Маңғыстау өңірінде болған іс-сапарында сол өңірдегі тарихи ескерткіштерге сипаттама бере отырып, олардың елеусіз қалдырылмайтындығы жөнінде баян еткен болатын. Тарихи-мәдени мұра саласында жїрген уақытында Әбіш Кекілбайұлы «Мирас» қорының ашылуынан бастап ерекше таихи мұраларға көз жігін тіге бастады. Оған қоса мұра тану мен мұра зерттеудегі сараңдық төңірегінде де өз ойын анық білдірген болатын. Өз мақсатын жүзеге асыруда Әбіш Кекілбайұлы сол жылдары «Білім» қоғамымен бірігіп, «Тарихи білімдер таратудың апталығын», Мәдениет қорымен бірігіп ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» программасы аумағында арнайы конференция, Архитекторлар одағымен бірігіп «Қала және табиғи-тарихи ая» халықаралық конференциясын, Қазақ телевидениесі, «Қазақфильм» киностудиясы арқылы аталмыш шараларға орайластырған ғылыми-көпшілік фильмдер шығару істерін жїзеге асырған болатын. Сол жылдары ежелгі Тараздың, Жамбыл облысындағы Ақтөбе су қоймасын, Сайрам зиярат орындарын қалпына келтіруге ат салысып, олардың қайта жаңғыруына бастау бола білді. Мәдени-тарихи мұраларды зерттеуді қолға алған Әбіш Кекілбайұлы болашағы жарқын әрі баянды егеменді ел болатынымызға сенімі мол еді.
Тарихи мұраға қамқорлық жасау – тек өткенге ізет емес, ол ең алдымен болашақтың қамын ойлау. Әлеуметтік белсенділікті ауадай қажет ететін тұста Әбіш Кекілбайұлы бабаларымыздың, кїллі қоғамымыздың, тарихымыз бен халқымыздың рухани мерейіне қатысты көптеген іс-шараларды жїзге асыруға ат салысқан азамат.
1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы. Бұл жылдарда жасаған еңбегі де ауыз тола айтарлықтай. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ-Х және ІІІ мың жылдықтың 400-ге жуық ескерткіштерінің қазба жұмыстары арқылы Қазақстанда табылғандығы, Қаратау бойындағы, Арал маңындағы, Қараторғай жағалауындағы, Жезқазғандағы, Алтайдағы Усть-Нарым, Кіші Краснояр, Батыс Қазақстандағы Ырғыз, Қарақұм т.б. ескерткіштері ежелгі заманның бет-бейнесінің көзін ашуда еңбек етті.
«Мәдениетті адам мәдениетті алаламайды, бағалайды, өзгенікі, өзімдікі деп бөлмей, біреуін қолдап, біреуін қорламайды, бәріміздікі деп бәрін де бірдей бағалап, бірдей қорғайды. Қайсысының да тарихы мен сыр-сымбатына жіті їңіліп, терең тїсінуге тырысады. Мәдени плюрализм осылайша орнығады. Ондай өрелі рухани қызметін жақыннан бастап алысқа, өткеннен бастап ертеңге қарай жалғастырады. Өткендегіні бїгінгінің, бїгінгіні – ертеңгінің мұрасы деп біледі. Мұра – ол тек тарихи ескерткіштердің жиынтығы емес, ол адамдардың дәйім кїрделі, дәйім белсенді әрекеттерінің барлық жемісі мен нәтижесі, жеңісі мен тағылымы».
1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. Халқымыздың өзегін өртеген тіл мәселесі бойынша Әбіш Кекілбайұлы көптеген жиындарға қатыса отарып, қазақ тіліне деген мәселенің шешілуінде өз кїшін аямады. Ең басты мәселе – ынтымақ төңірегінде қаншама рет әңгіме өрбітті. Өйткені, сол кездегі ел мүддесі тек көптің күшімен ғана жүзеге асатын шаруа еді. Ал көпті кім-кімнің де көңілінен шыға алатындай жөн пиғыл, жүйелі жосық қана ортақ іске жұмылдыра алады. Барлық нәрсенің болмасын әуел басы татулық пен ынтымақ екендігін ортаға салатын. Көп ұлтты мемлекет өз өрмегін құрайтын әр тіннің бояуының, қанық арқауының ширақ болғанына мейлінше қам жемесе, өзі де ойдағыдай өркендей алмайтыны анық болатындығын атап өткен болатын. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға бел байлаған елдің одақтық парламенттің де алдымен қолға алып, алдымен жүзеге асыруы тиіс ең басты парыздарының бірі. Ол Үшін азаматтық қоғамға азаматтық қорғаныс керек екендігін де жасырмайтын. Ұлтаралық мәселелердің алдын алу үшін ең алдымен сол ұлттар арасындағы келіспеушіліктерді, әділетсіздікке әкелетін, жарасымды қарым-қатынасты үзетұғын оқиғалардың алдын алу керектігін атап өткен еді. Сол кездегі қазақ тілінің толғандырып отырған мәселесінен де алшақ қалмады [1].