Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Darkhan предзащита.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

1.1.9 Ғаламтор саудасы: Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері

Қазіргі күнде интернет-сауда айналымы жүздеген миллиард долларға жетіп, жылдан жылға жоғары қарқынмен өсу үстінде. Сондықтан бұл салаға аш көздерін көздерін тігіп, арам қолдарын созып отырған алаяқтар да көбейіп келеді. Ғаламтор саудасына қатысы бар қаржы мекемелері мен дүкендер мұндай ұрыларға төтеп беру үшін қыруар ақша шығарып, қауіпсіздік шараларын үздіксіз жетілдірумен айланысады. Бірақ төлем картасы немесе электронды ақша жүйелерінің көмегімен есеп айырысу мейлінше сенімді болғанымен, алаяқтар кіріп кететін тесіктердің барлығы бітеліп болды деуге болмайды

Карта мәліметтерін ешқашан ешкімге айтуға болмайды. «Ешкімнің» қатарына, менің пікірімше, тек PayPal жүйесі ғана кірмейді. Басқа, әсіресе бірінші рет кіріп тұрған сайтарда карта қолданған кезде өте сақ болған жөн. Мүмкіндігінше мұндай сайттарда картаңызды мүлде тіркемей, уақытша карта пайдалану керек. Талай банкілер негізгі картаға қоса уақытшасын да ашуға мүмкіндік береді. Айталық, карта ашқан банкі үш күндік картаға жүз-ақ тенге алады. Әрі оны үйден шықпай-ақ ашасыз. Интернет-дүкен адал болғанмен олардың қолданушыларын аңдып отыратын ұрылар бар екенін ұмытпайық. Картада ақша сақтамаған жөн. Тек төлем жасардың алдында ғана қажетті соманы салып, оны тез жұмсай салу керек. Бос картадан кардерлер ештеңе ала алмайды ғой. Виртуалды карталар тек дебеттік болатындықтан олардан тек бар ақшаны алуға болады. Ал кредит картасына банкі әжептеуір несие береді, сондықтан қараптан-қарап қарызданып қалмайын десеңіз мұндай карталарды ғаламторда мүлде пайдаланбаңыз.  Интернет-сауда қауіпсздігінің бірден бір негізі - компьютеріңіздің гигиенасы. Түрлі вирустар, трояндар, бэкдорлар мен кейлогерлер секілді «жәндіктер» ең алдымен қолданушының құпия мәліметтерін жымқыру үшін жазылатынын анық сондықтанда жоғарды айтылған вирустарды компьютерден аулақ ұсатаған дұрыс.

1.2 Жұмыс интерфейстеріне талаптар

        1. Қолданушы интерфейсі

Жүйе функционалдығы таңдалып болған соң, сенімділік қамтамасыз етілгеннен кейін, барлық бюджет мәселесі қаралып болған соң, программалық жабдықты шығарушылар алдында дизайн және тестілеу проблемасы тұрады. Стандартты қолданушы интерфейсі барлық қолданушы жұмыстың ерекшелігін ескеру керек. Бір облыста жасайтын қолданушыларға жарамды дизайн басқа бір мәселемен айналысатын қолданушыларға келіспеуі мүмкін. Бір классқа келісетін дизайн келесі классқа келіспеуі мүмкін.

Әрбір қолданушыға ыңғайлы етіп жасалған дизайн –ең басты мәселенің бірі. Әрбір қолданушыға, экспертке немесе менеджерге жасалған интерфейс болуы –мақсат. Берілген бес фактор ыңғайлылықты айқындайды:

  1. Оқуға кететін уақыт. Қолданушыға стандартты командалар мен тапсырмаларды оқып үйренуіне қанша уақыт қажет?

  2. Орындалу жылдамдығы. Қаншалықты жүйе тез жұмыс жасайды?

  3. Қолданушы қателігінің жиілігі. Бағдарламамен жұмыс жасағанда қолданушылар қаншалықты жиі қателеседі? Сонымен қатар жіберген қателерді жөндеуге қанша уақыт кететіндігі де жүйе жұмысының тездігін айқындайды.

  4. Программамен жұмыс жасау субъективті бағалануы. «Компьютерлік дүкен үшін Web сайт құру» дипломдық жұмысы қолданушы интерфейсіне қойылатын талаптарға сай жазылған. Оны 1.1 - суреттен көре аламыз.

Сурет 1.1 - «Интернет – дүкен» қолданушы интерфейсі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]