
- •1.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Морфема, оның түрлері.
- •3. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Қосымша, оның түрлері.
- •3. Бүгінді ертең жеңеді (ғ.С.). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.
- •1.Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Көптік жалғау және көптік категориясы.
- •1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •2. Септік жалғау және септік категориясы.
- •1.Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық және көлемдік септіктер.
- •1.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Сын есімнің шырай категориясы.
- •3. Көрмес – түйені де көрмес (мақал).
- •1.Негізгі грамматикалық ұғымдар.
- •2. Есімше, оның мағынасы мен түрлері.
- •1.Етіс категориясы, оның түрлері мен мағынасы.
- •2. Салт-сабақтылық категориясы.
- •1.Сөздерді таптастыру принциптері.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •1.Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы
- •2. Етістіктің грамамтикалық категориялары.
- •Одағайдың грамматикалық сипаты.
- •Сын есім категориясы.
- •1.Модаль сөз және модальдылық мағына.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
- •1.Шақ категориясы.
- •1.Рай категориясы.
- •1.Сан есімнің семантикалық топтары.
- •2.Етістік түбірдің ерекшеліктері.
- •1.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.
- •Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
- •2.Қосымшалардың жіктелуі.
- •1.Модификациялық жұрнақтар.
- •2.Сөз формасы, оның түрлері.
- •1.Лексика-грамматикалық категориялар мен таза грамматикалық категориялар.
- •1.Жалғаулар, олардың түрлері, ерекшеліктері.
- •1.Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.
- •1.Қазақ тіл білімінің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.
1.Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелітері бар. Біріншіден,бұл сөздер айналадығы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарына, есту арқылы және көру арқылы әр түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Екіншіден,еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен тіркесіп немесе қайталанып келіп қолданылады.Еліктеу сөздер айналадағы құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастары бейнелі түрде дәл жеткізудің бір құралы болып табылады. Сондықтан да еліктеу сөздер көбінесе көркем әдебиетте жиі қолданылады.
2. Грамматикалық және көлемдік септіктер.
3. Тапсырма. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі. Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына беріле ме? Мәтіннің ішінен көрсетіңіз.
Жасыл орманда бір сұр үкі өмір сүріпті. Үкі жалқаудың жалқауы екен. Тіптен бір ағаштан екінші ағашқа ұшуға да ерініпті. Ол жылы күндердің бірінде жапырақтардың арасындағы ағаш бұтағында қалғып отырады.
Осы кезде қасына ала тоқылдақ ұшып келіп, ағашты тоқылдата бастады.
Оянып кеткен үкі ұйпа-тұйпа қанаттарын сілкіп қалып:
- Сен,тоқылдақ, тоқылдап маған неге маза бермейсің?- дейді жақтырмай.
- Мен тамағымды тауып жатырмын ғой, - дейді таңырқаған тоқылдақ.
- Басқа жер таппадың ба? Бұл жерден аулақ кет!- деп үкі дауыс көтереді.
- Барлығымыз еңбек етіп жатырмыз. Тек сен ғана ұйықтап отырсың. Тым болмаса, өзіңе ұя салып алмайсың ба?! – деді де тоқылдақ ұшып кетті.
1.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
Одағай – адамның әр түрлі көңіл-күйін, соған байланысты шығатын дыбыстық ишаратты және төрт түлік малға, үй хайуандарына аранайы шақыра айтылатын сөздер.Одағай сөздер таңырқау, қуану,шаттану,ұнату,ренжу,түңілу,өкіну,шошыну,жекіру, күрсіну сияқты көңіл-күйлерін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады.Одағайлар сөйлемде басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейді, сондықтан сөйлем мүшесі де болмайды. Синтакситік жағынан оқшау сөзге жатады.
3. Тапсырма. Сөздерді үш бағанға бөліп жазыңыз:
Сөздер, сөздік, үйіміз, баян етті, айта алмады, келе жатыр, барғысы келеді, айтса игі еді, тым сұлу, аса қызыл, келе бер, айта сал, келе алмау, келген жоқ, кітаптың, жастық шақ, қызыл кітап, қайтатын, жазған, әңгіме қылды.
Сөздің синтетикалық формалары |
Сөздің аналитикалық формалары |
Сөз формасы бола алмайтын сөздер |
1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
Қазіргі қазақ тілінде етістік – ең күрделі сөз табының бірі.Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан,сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қызметтерінен байқалады. Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды,процесті,әртүрлі өзгеріс,құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.