- •1.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Морфема, оның түрлері.
- •3. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Қосымша, оның түрлері.
- •3. Бүгінді ертең жеңеді (ғ.С.). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.
- •1.Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Көптік жалғау және көптік категориясы.
- •1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •2. Септік жалғау және септік категориясы.
- •1.Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық және көлемдік септіктер.
- •1.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Сын есімнің шырай категориясы.
- •3. Көрмес – түйені де көрмес (мақал).
- •1.Негізгі грамматикалық ұғымдар.
- •2. Есімше, оның мағынасы мен түрлері.
- •1.Етіс категориясы, оның түрлері мен мағынасы.
- •2. Салт-сабақтылық категориясы.
- •1.Сөздерді таптастыру принциптері.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •1.Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы
- •2. Етістіктің грамамтикалық категориялары.
- •Одағайдың грамматикалық сипаты.
- •Сын есім категориясы.
- •1.Модаль сөз және модальдылық мағына.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
- •1.Шақ категориясы.
- •1.Рай категориясы.
- •1.Сан есімнің семантикалық топтары.
- •2.Етістік түбірдің ерекшеліктері.
- •1.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.
- •Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
- •2.Қосымшалардың жіктелуі.
- •1.Модификациялық жұрнақтар.
- •2.Сөз формасы, оның түрлері.
- •1.Лексика-грамматикалық категориялар мен таза грамматикалық категориялар.
- •1.Жалғаулар, олардың түрлері, ерекшеліктері.
- •1.Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.
- •1.Қазақ тіл білімінің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.
1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі – семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін,болу себебі мен мақсатын,т.б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияның жоқтығы.Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады.Шырай жұрнақтары кейбір мекен үстеулеріне де, сын-қимыл үстеулеріне де жалғанады.Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді.
2. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
Бір заттың екінші бір затқа меншікті, тәуелді, қатысты болуы – тілдегі ақаиқат құбылыс.Бұндай заттар арасындағы меншіктілік – тәуелділік қатынас қандай тілде болса да бар.Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей,біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын -нікі,-дікі,-тікі қосымшалы сөздің тіркесуі арқылы беріледі. Осы арқылы яғни жақ түрлеріне байланысты тәуелділік грамматикалық мағыналар жиынтығы парадигмалық жүйе болып табылатын белгілі грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан.Тәуелдік мағына белгілі бір жаққа және иеленуші ілік септіктегі сөздің жекеше я көпще тұлғасына қарай оңашалық немесе ортақтық мәнге байланысты тәуелденуші сөздің жекеше я көпше тұлғаларында сөздің соңғы дауысты –дауыссыз, ал буынының жуан-жіңішкелігіне қарай мынадай тұлғалар арқылы беріледі:
1-жақ:-ым,-ім,-м және –ымыз,-іміз,-мыз,-міз;
2-жақ:анайы –ың,-ің,-ң және (-лар,-дар,-тар)-ың(-лер,-дер,-тер)-ің сыпайы –ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз және(-лар,-дар,-тар,)-ыңыз(-лер,-дер,-тар)-ы,
3-жақ:-ы,-і,-сы,-сі, және (-лар,-дар,-тар)-ы(-лер,-дер,-тер)-і
3. Тапсырма. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма. Сөйлемдегі сөздердің грамматикалық мағыналарын анықтап, қандай грамматикалық формалар арқылы беріліп тұрғанын көрсетіңіз.
1.Жігіттің түсін айтпа, Ісін айт (мақал).
2.Өтпес пышақ қол кесер (мақал).
1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
Шылаулар – семантакалық сипаты жағынан лексикалық мағынасы жоқ, белгілі бір сөздердің жетегінде жүріп, оған әр түрлі, грамматикалық мағына үстейтін сөздер.
Сөтіп,шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылқтары бар:
1.Шылаудың толық мағынасы болмайды.
2.Сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
3.Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра,сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.
4.Шылаулыр түрленбейді және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды.Шылаулар – лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінде туған көмекші сөздер.
2. Септік жалғау және септік категориясы.
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп,өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену жүйесінің бірі – септік жүйесі. Көптік, тәуелдік жплғауларының әрқайсысы өз ішінде бір – біріне қайшы мәндес мағыналардың жиынтығынан тұратын бір ортақ категориялық мағынаны білдірсе, септік жалғау ондай ортақ категориялық мағынаны білдіре алмайды. Септік жалғау түрлерінің басын біріктіріп,зат есімнің түрлену парадигмасының бір категориялық түрі етіп отырған – септік жалғауларының мағыналық ортақтығынан гөрі қызметтік,мағыналық- қызметтік қасиеті.Сондықтан да септік жалғау категориясын анықтағанда, көбіне оны «сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып,селбестіріп тұратын» тұлға және «сөздердің жалғаулырды қабылдау өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды»немесе «септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады»деп те анықтайды.Септік жалғауларына зат пен оның іс-әрекеті, я зат пен заттың арасындағы субъектілік,объектілік,меншіктілк-қатыстық, мекендік-мезгілдік,көлемдік, амалдық-құралдық, себеп-мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп,заттық мін үтеп тұратын түрлену тұлғасы деген анықтама беруге болады.
3. Тапсырма. Нольдік форма грамматикалық мағына білдірудің қай тәсіліне жатады? Төмендегі мысалдардан нольдік формадағы сөздерді анықтап, грамматикалық мағынасын көрсетіңіз.
1.Ата балаға сыншы (мақал)
2.Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында (мақал).
3.Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер (С.Сейфуллин).
4.Сонда батыр жөнелді,
Екі арыстан тең өлді (Махамбет).
